І. Остеология
1.Маңдайға паралелл бағытта өтетін жазықтық:
А) Горизонталді
+В) Фронталді
С) Сагитталді
D) Вертикалді
Е) Қиғаш
2. Екінші мойын омыртқаның басқа омыртқалардан айырмашылығы
+А) Тістәрізді өсіндісінің болуы
В) Қылқанды өсіндісінің болуы
С) Денесі мен қылқанды өсіндісінің болмауы
D) Қабырғалық шұңқыршаларының болмауы
Е) Денесінің болмауы
3. Кеуде омыртқалардың басқа омыртқалардан айырмашылығы:
А) Тістәрізді өсіндісінің болуы
В) Қылқанды өсіндісінің болуы
С) Денесі мен қылқанды өсіндісінің болмауы
+D) Қабырғалық шұңқыршаларының болмауы
Е) Денесінің болмауы
4.Төстің құрамдық бөліктері:
+А) Тұтқасы
В) Қабыршағы
С) Бетсүйектік өсінді
D) Мойын
Е) Ұшы
5. Семсертәрізді өсінді орналасқан:
А) Тоқпан жілікте
В) Жауырында
+С) Төсте
D) Шынтақ жілікте
Е) Бұғанада
6. Медиалді толарсақ қандай сүйекте орналасқан
А)Тоқпан жілікте
+В) Асықты жілікте
С) Кіші жіліншікте немесе асықты жіліктің шыбығында
D) Жамбас сүйегінде
Е) Ортан жілік
7. Латералді толарсақ қандай сүйекте орналасқан
А)Тоқпан жілікте
В) Асықты жілікте
+С) Кіші жіліншікте немесе асықты жіліктің шыбығында
D) Жамбас сүйегінде
Е) Ортан жілік
8. Анатомиялық мойын мен хирургиялық мойын қандай сүйектерде кездеседі
+А) Тоқпан жілікте
В) Жауырында
С) Жамбас сүйегінде
D) Төсте
Е) Шынтақ жілікте
9. Иық сүйектерінің белдеуіне қандай сүйектер жатады
+А) Жауырын
В) Шүйде сүйек
С) Шеке сүйек
D) Жамбас сүйек
Е) Жоғарғы жақсүйек
10. Аяқ сүйектерінің белдеуіне қандай сүйектер жатады
А) Жауырын
В) Шүйде сүйек
С) Шеке сүйек
+ D) Жамбас сүйек
Е) Жоғарғы жақсүйек
11. Ұршық ойығы қандай сүйекте орналасқан
А) Тоқпан жілікте
В) Бұғанада
С) Жауырында
+D) Жамбас сүйегінде
Е) Сынатәрізді сүйекте
12. Буындық ойық, cavitas glenoidalis, қандай сүйекте орналасқан
А) Тоқпан жілікте
В) Бұғанада
+С) Жауырында
D) Жамбас сүйегінде
Е) Сынатәрізді сүйекте
13. Жауырынның өсінділері:
А) Бізтәрізді өсінді
В) Көлденең өсінді
+С) Акромион
D) Тәждік өсінді
Е) Шынтақтық өсінді (олекронон)
14. Сирақ сүйектері:
А) Тоқпан жілікт
В) Шынтақ жілік
С) Жамбас сүйек
+D) Асықты жілік
Е) Бұғана
15. Рудиментті омыртқалар:
А) Мойын омыртқалары
В) Кеуде омыртқалары
С) Бел омыртқалары
D) Сегізкөз
+Е) Құйымшақ омыртқалары
16. Мисауытқа (бассүйектің милық бөлігі) қандай сүйектер жатады
+А) Маңдай сүйегі
В) Таңдай сүйегі
С) Төменгі жақсүйегі
D) Желбезек
Е) Жоғарғы жақсүйегі
17. Бет сүйектері:
А) Маңдай сүйегі
В) Шеке сүйегі
С) Шүйде сүйегі
+ D) Желбезек
Е) Торлы сүйек
18. Пирамида немесе тастық бөлік қандай сүйекте орналасқан
А) Маңдай сүйекте
В) Шүйде сүйекте
+С) Самай сүйекте
D) Шеке сүйекте
Е) Сынатәрізді сүйекте
19. Мұрынның алдыңғы тесігінің аталуы:
+А) Алмұрттәрізді тесік
В) Хоан тесігі
С) Көзұяның жоғарғы саңылауы
D) Көзұяның төменгі саңылауы
Е) Көру нервінің өзегі
20. Көзұяның жоғарғы және латералді қабырғаларының аралығында орналасқан:
А) Алмұрттәрізді тесік
В) Хоан тесігі
+С) Көзұяның жоғарғы саңылауы
D) Көзұяның төменгі саңылауы
Е) Көру нервінің өзегі
21. Көзұяның төменгі қабырғасы мен латералді қабырғаларының аралығында орналасқан:
А) Алмұрттәрізді тесік
В) Хоан тесігі
С) Көзұяның жоғарғы саңылауы
+ D) Көзұяның төменгі саңылауы
Е) Көру нервінің өзегі
22.Білек сүйектері:
А) Тоқпан жілік
+В) Шынтақ жілік
С) Жамбас сүйек
D) Жарты ай тәрізді сүйек
Е) Бұғана
23. Кеуде торын құрайды:
+А) Төс
В) Жамбас астауы сүйектер
С) Тізе тобығы
D) Бел омыртқалары
Е) Мойын омыртқалары
24. Жамбас астауын құрайды:
А) Төс
+В) Жамбас астауы сүйектер
С) Тізе тобығы
D) Бел омыртқалары
Е) Мойын омыртқалары
25. Ең үлкен дәнтәрізді (сесаматәрізді) сүйек:
А) Өкше сүйегі
+В) Тізе тобығы
С) Қайықтәрізді сүйек
D) Асық сүйек
Е) Жартыайтәрізді сүйек
26. Дененің орталығы арқылы өтіп, оны екі симметриялық жартыға бөлетін жазықтық:
A) фронталдық
B) горизонталдық
C) медиалдық
D)+медиандық
E) латералдық
27. Шеміршек қабығының қатысуы арқылы шеміршектің сыртқы бетінде өтетін остеогенез түрі:
A) эндесмалдық
B) энхондралдық
C)+перихондралдық
D) периосталдық
E) эндоосталдық
28. Шеміршектің ішінде сүйектенетін остеогенез түрі:
A) эндесмалдық
B)+энхондралдық
C) перихондралдық
D) периосталдық
E) эндоосталдық
29.Сүйек қабығы арқылы сүйектенетін остеогенез түрі:
A) эндесмалдық
B) энхондралдық
C) перихондралдық
D)+периосталдық
E) эндоосталдық
30. Мойын омыртқаларының саны:
A) 4
B) 5
C)+7
D) 8
E) 12
31. Кеуде омыртқаларының саны:
A) 4
B) 5
C) 7
D) 8
E)+12
32. Бел омыртқаларының саны:
A) 4
B)+5
C) 7
D) 8
E) 12
33. Сегізкөз омыртқаларының саны:
A) 4
B)+5
C) 7
D) 8
E) 12
34. Көлденең өсінділерінде тесігі бар омыртқалар:
A)+мойын омыртқалары
B) кеуде омыртқалары
C) бел омыртқалары
D) сегізкөз омыртқалары
E) құйымшақ омыртқалары
35. Қабырғалық шұңқырлары бар омыртқалар:
A) мойын омыртқалары
B)+кеуде омыртқалары
C) бел омыртқалары
D) сегізкөз омыртқалары
E) құйымшақ омыртқалары
36. Қаңқаның тозу (кәрілік) белгілері:
A) сүйек табақшалары санының көбеюі
B) сүйек затының (заттегінің) тығыздануы
C) дәнекер тінінің өте көбеюі
D)+сүйек тінінің сиректенуі
E) өсінділердің пайда болуы
37.Түтікті сүйектердің ортаңғы бөлігінің аталуы:
A)+диафиз
B) эпифиз
C) метафиз
D) апофиз
E) диплоэ
38. Түтіктің сүйектердің денесі мен шеттері аралығындағы бөлігі:
A) диафиз
B) эпифиз
C)+метафиз
D) апофиз
E) диплоэ
39. Түтікті сүейктердің шеттерінің аталуы:
A) диафиз
B)+эпифиз
C) метафиз
D) апофиз
E) диплоэ
40. Жауырын құрылысы бойынша:
A) түтікті
B) қалыпсыз C)+жалпақ
D) аралас
E) ауалық
41. Тоқпан жілік құрылысы бойынша:
A)+түтікті сүйек
B) кемікті сүйек
C) аралас сүйек
D) ауалы сүйек
E) жалпақ сүйек
42. Иық белдеуінің сүйег:
A) төс
C)+жауырын
С) тоқпан жілік
E) шынтақ жілік
Е) кәрі жілік
43. Жауырынның буындық ойысының орналасқан жері:
A) жоғары бұрышында
C) төменгі бұрышында
С)+латералдық бұрышында
E) акромионда
Е) құстұмсықтәрізді өсіндіде
44. Жауырын қылқанының орналасқан жері:
A) жоғары бұрышында
C) төменгі бұрышында
С) латералді бұрышында
E) қабырғалық бетінде
Е)+артқы бетінде
45. Иықтық (акромион) және құстұмсықтәрізді өсінділері бар сүйек:
A) төс
C)+жауырын
С) тоқпан жілік
E) шынтақ жілік
Е) кәрі жілік
46. Екі мойны бар сүйек:
A)+тоқпан жілік
B) ортан жілік
C) шынтақ жілік
D) асықты жілік
E) кәрі жілік
47. Дисталдық шетінде 3 - шынтақтық, кәрі жіліктік және тәждік шұңқырлары бар сүйек:
A) жауырын
B)+тоқпан жілік
C) шынтақ жілік
D) кәрі жілік
E) бұғана
48. Қол ұшының (басының) бөліктері:
A)+білезік
B) тілерсек
C) толарсақ
D) ossa pedis
E) апофиз
49. Аяқ ұшының (басының) бөліктері:
A) білезік
B) сирақ
C)+тілерсек
D) fhalanges digitorum manus
E) метафиз
50. Мықын, шонданай және қасаға сүйектерінің бітесіп, жамбас сүйекке айналған жері:
A)+ұршық ойыс аймағы
B) симфиз аймағы
C) құлақтәрізді бет
D) бұдырмақ аймағы
E) қасағалық қыр
51. Бассүйектің милық бөлігінің (мисауыттың) сүйектері:
A)+шүйделік сүйек
B) көзжастық сүйек
C) мұрындық сүйек
D) жоғарғы жақсүйек
E) төменгі жақсүйек
