- •Қазақ гуманитарлық заң университеті
- •Қазақстандағы ақпараттық технологиялардың дамуы
- •Оглавление
- •1 Елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін сипаттайтын ақпараттық қоғамның индикаторлары
- •1.2 Пошта байланысы
- •2 Ақпараттық технологиялардың нарығы
- •3 Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына саланың әсер етуі
- •3.1 Тиісті саланы дамытудың негізгі проблемалары, үрдістері және алғышарттары
- •4 Саланың дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
1.2 Пошта байланысы
Пошта байланысы жоғары әлеуметтік маңызға ие және Қазақстан Республикасының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының ажырамас бөлігі болып табылады.
Пошта байланысының қазақстандық саласы дамудың кішігірім қарқынын көрсетіп отыр: 2009 жыл ішінде «Қазпошта» акционерлік қоғамымен 13 млрд. теңге сомасындағы табыстар жиынтығы алынды, бұл 2008 жылдың көлемінен 6,4 %-ға кем. Пошта қызметін тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру мен арттыру үшін жеткізу уақыты мен шығындарды қысқарту мақсатында пошта жөнелтілімдерін тасымалдаудың жаңа технологияларын үнемі енгізіп отыру қажет. Бекітілген Параметрлерге сәйкес пошта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтері, жай жазбаша хат-хабарды жіберудің бақылау мерзімі мыналардан тұрады:
Астана, Алматы қалалары және күнделікті тікелей әуе, темір жол және автомобиль арқылы хабарлаулары бар облыс орталықтарының арасында –Д+3 (Д–бұл жай хат хабарды тарату, +3 – қабылдау кезінен жеткізгенге дейінгі пошталық жөнелтімнің өту күні);
Астана, Алматы қалалары және тікелей әуе, темір жол және автомобилдік хабарлаулары бар облыс орталықтарының арасында аптасына 3 және одан да көп күн – Д+4;
қалған облыс орталықтары арасында Д+6;
осы облыстың облыс және аудан орталықтары және облыстың қала, аудан орталықтары арасында –Д+3;
жергілікті пошта жөнелтілімдері –Д+1.
Қазіргі уақытта қолданыстағы пошта хат-хабарларын жіберудің бақылау мерзімдері бойынша сапа параметрлері төзімді. Бірақ тәуелсіздікалудан кейін басталған республиканың экономикасындағы негізгі өзгерістер, сондай-ақ ұсынылатын пошта қызметтері параметрлеріне жаңа әлемдік сапа стандартының пайда болуы Қоғамның пошта желісінде жаңғыртуды талап етеді. Байланыс саласындағы Өңірлік ынтымақтастықтың кезекті отырысында (ағымдағы жылы) Қазақстан бойынша 2012 жылға халықаралық пошта жөнелтімдері үшін жаңа параметрлер –Д+5 талқыланды, бұл бүгінгі күні Қазақстанның пошта саласы үшін қиындық туғызады, ал бірқатар өңірлер үшін қолданыстағы желі және пайдаланатын көлік түрінде орындалмайтын міндет болып табылады.
Ауыл тұрғындарын қаржылық қызметтердің толық спектірімен қамту үшін, 2006-2010 жылдары банктік операцияларды ұсыну және қолма қол ақшаның сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті, күрделі және техникалық жайлылық деңгейі бойынша ҚР Ұлттық Банкінің және Ішкі істер министрлігінің нормативті талаптарына сәйкес келетін, пошта байланысының 380 ауылдық бөлімшелері құрылды. Сондай-ақ 2005 жылдан 2009 жылға дейінгі кезеңде 8,5 мың бірліктен артық сандағы пошталық жабдықты жаңғырту жүргізілді, тозған автокөлік құралдарын ауыстыру жүзеге асырылды, заманауи пошталық вагондар сатып алынды (15 бірлік), хаттарды, сәлем саухаттарды және бандеролдарды жеткізу 69,2 %-ға артылды, кезеңдік баспаларға жазылу 23,7 %-ға артты, қаржы қызметтерінің көлемі 2,5 есе өсті, ауылдық жердегі Интернетке қоғамдық қол жетімділік пункттерінің желісі 115 бірлікке кеңейтілді, ауыл тұрғындарын пошта-қаржылық қызметтердің кеңейтілген ассортиментімен қамту 1,2 есе көбейтілді.
