- •Қазақ гуманитарлық заң университеті
- •Қазақстандағы ақпараттық технологиялардың дамуы
- •Оглавление
- •1 Елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін сипаттайтын ақпараттық қоғамның индикаторлары
- •1.2 Пошта байланысы
- •2 Ақпараттық технологиялардың нарығы
- •3 Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына саланың әсер етуі
- •3.1 Тиісті саланы дамытудың негізгі проблемалары, үрдістері және алғышарттары
- •4 Саланың дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
Қазақ гуманитарлық заң университеті
Қазақстандағы ақпараттық технологиялардың дамуы
Орындаған: Әбужәкіл Е.Д |
|
Тексерген: Абильдина А.А. |
Оглавление
1 ЕЛДІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК ДЕҢГЕЙІН СИПАТТАЙТЫН АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ИНДИКАТОРЛАРЫ 5
1.2 ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ 9
2 АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НАРЫҒЫ 10
3 ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ДАМУЫНА САЛАНЫҢ ӘСЕР ЕТУІ 11
3.1 ТИІСТІ САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ, ҮРДІСТЕРІ ЖӘНЕ АЛҒЫШАРТТАРЫ 13
4 САЛАНЫҢ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ САЯСАТЫН ТАЛДАУ 15
Кіріспе
Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағы ғарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, өндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму деңгейі ел экономикасының бәсекелестікке қабілеттілігіне белгілі дәрежеде ықпал етеді. Экономиканың қазіргі заманғы дамуына кәсіпкерлік сектор, азаматтық қоғам және мемлекеттің өзара әрекетінің деңгейіне сәйкес келуі керек. Қазақстан Республикасында ақпараттық қоғам құрмайынша бұған қол жеткізу мүмкін емес. Республикада ақпараттық теңсіздікті жеңу мен ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық технологияларды кеңінен қолдану бойынша жағдайлар жасалуда.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) - өндірістік үдерістер мен бағдарламалық-техникалық құралдарды жинау, өңдеу, сақтау, тарату, бейнелеу және пайдаланушылар мүддесіне ақпараттарды пайдалану мақсатында жинақталған әдістер жиынтығы.
Интернет - TCP/IP хаттамасында негізделген тұтынушыларға көптеген ақпараттық және бизнес ресурстары мен электрондық поштааға қолжетімділік мүмкіндігін беретін, бірыңғай мекенжай кеңістігі арқылы бір-бірімен байланысқа түскен ғаламдық ақпарат желі.
Интернет-ресурс – тәуелсіз домендік аты бар және Интернет пайдаланушыларға бір веб-сайт шеңберінде жұмыс жасайтын почта, іздеу, ауа-райы, жаңалықтар, форумдар, талқылаулар, дауыс беру сияқты әр түрлі өзіндік қызметтер ұсынатын веб-сайт.
Интранет – қызметкерлердің корпоративтік ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін ұйымдастырудың жергілікті желі немесе ғаламдық желі бойынша қорғалған байланыстар арқылы қамтатмасыз етуге және ішкі корпоративтік ақпараттарды жүйелеуге , сақтауға әрі өңдеуге арналған және Интернет бағдарламалық өнімдері мен технологиясын пайдаланатын таратылған корпоративтік есептеу желісі.
Экстранет (Extranet) - экстранет (Extranet) – компанияның қызметкерлерімен де, сол сияқты басқа компаниялардың уәкілетті пайдаланушыларымен де жұмыс істейтіндердің корпоративтік порталдарын өрістетуде қолданылатын корпоративтік желі;
Жергілікті есептеу желісі - бір немесе бірнеше жақын орналасқан ғимараттар шегінде цифрлық деректерді берудің бір немесе бірнеше дербес жоғары жылдамдықты арналармен беруі біріктірілген компьютерлер тобы және шалғай жабдық.
Сервер - ақпараттық желілерде - ақпаратпен алмасу мақсатында өз қызметтеріне немесе ресурстарына қашықтан қатынауды ұсынатын компьютер немесе бағдарламалық жүйе.
Электрондық почта - компьютерлік желілерде деректер беру желілерінде ақпарат беру тәсілі.
Е-үкімет (электрондық үкімет, ЭҮ) – азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндігін қамтамасыз ету, үкіметтің халыққа көрсететін қызметтерінің сапасын жақсарту және мемлекеттік басқару тиімділігі арттыру мақсатында, заманауи ақпараттық-коммуникациялық құралдардың көмегімен іске асырылатын қоғамдық үдерістерді басқарудың негізгі субъектілерінің арасындағы жаңа өзара қатынастардың, тікелей және кері өзара байланыстардың жүйесі;
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы – «Электрондық үкіметтің» электрондық ақпараттық ресурстары және барлық электрондық қызметтерге бірыңғай байланыс нүктесін рұқсат беретін ақпараттық жүйе.
Электрондық мұрағат – іс жүргізу мақсаттарына сәйкес құжаттарды жүйелеу, мұрағаттау, сақтау және басқару тапсырмаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электронды құжаттардың мұрағаты.
Электрондық сатып алулар – бұл тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетуді сатып алу үдерісіне заманауи АКТ енгізу арқылы сатып алудың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға арналған сатып алу үдерісін қағаз жүзінен электрондық түрге аудару.
Электрондық құжатайналымы - стандарттық түрде компьютерлік бағдарламалар арасында құжаттармен алмасу.
Электрондық комерция – комуникацияның электрондық құралдар көмегімен қолданыстағы байланыс базасында тауарлар және (немесе) қызметтермен алмасу. Электронды қызмет түсінігі «электронды сауда» түсінігіне баламды.
Ақпараттық теңсіздік – ақпарат пен білімді пайдалану және өндіру, сондай-ақ даму үшін АКТ пайдаланудағы қолжетімділік тұрғысынан әркелкі мүмкіндіктер.
Компьютерлік сауаттылық компьютерді және оған қатысты технологияларды тиiмдi пайдалана алу және бiлу ретінде анықталады. Дағдылар диапазоны компьютерде алғашқы жұмыс жасаудан өз кәсiби қызметiнде ақпараттық технологияларды қолдануға дейiнгі деңгейлерді қамтиды.
Компьютерде жұмыс істеуге дағдысы жоқ халық – дербес компьютерде жұмыс істеуде ең болмағанда аздаған тәжірибесі жоқ халықтар.
Бастаушы пайдаланушылар - компьютерде жұмыс істеуге аздаған дағдысы бар (файлдарды көшіре алатын, дискілік құралдармен компьютерлік ойындармен жұмыс істей алатындар) тұлғалар.
Кәдімгі пайдаланушы – офистік бағдарламалық өнімдерде, мысалы, Microsoft Office (Excel, Word) пакеттерімен жұмыс істеуге базалық дағдылары бар тұлғалар.
Тәжірибелі пайдаланушылар – кең таралған бағдарламалар және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуі, мысалы Corel Draw, MS Project, AutoCAD, SPSS және тағы басқа кәдімгі бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстарымен қатар арнайы, мысалы, Basic, Pascal, Java, С++ және тағы басқа бағдарламалау тілдерінде бағдарламалауға қабілеті бар тұлғалар.
Интернет пайдаланушы - Интернет желісіне есепті кезеңде ең болмағанда 1 рет компьютер, ұтқыр телефон, ойын консольдері, цифрлық теледидар және басқа жабдықтар көмегімен кез-келген жерде (жұмыста, үйде, қоғамдық жерлерде және басқа) қосылған тұлға.
Абонент – бұл байланыс қызметін көрсетуге, сондай мақсаттар үшін
абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру кодын берумен шарт жасалған жеке немесе заңды тұлғалар.
Ақпарат қауіпсіздігі – құпиялылығы, қолжетімділігі және бүтіндігі қамтамасыз етілген ақпараттың (деректердің) қорғалған күйі.
