Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_glava.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
596.94 Кб
Скачать

Сурет 1.2.1 - Қарағанды жoл бөлімшecінің cұлбасы

1.3 Бөлімшенің пайдалану жұмыстары

Темiржол жұмысының көлемi мен сапасы тасымалдау жұмысының көрсеткiшiмен бағаланады. Темiржол көлiгiнде көрсеткiштер сандық және сапалық болып бөлiнедi. Сандық көрсеткiштер: жөнелтiлген жүктiң саны, жөнелтiлген жолаушылар саны, вагондарға артылған жүк, вагондардан түсiрiлген жүк, жүк айналымы, жолаушылар айналымы. Сапалы көрсеткіштерге жататындар: вагон айналымы, өңделмейтін транзиттік вагондардың тұруы, өңделетін транзиттік вагондардың тұруы, жергілікті вагондардың тұруы, пойыздарды уақытылы жөнелту.

Қарағанды станциясының вагон айналымы 2014 жылға жоспар бойынша 5595 вагонды, ал факт бойынша 5448 вагонды құрайды немесе 2013 жылмен салыстырғанда жоспар бойынша 5656 вагонды құрайды. Бұл диаграмма 1.1 суретте көрсетілген.

1.4 Бекеттердің техникалық сипаттамалары

1.4.1 Жана-Карағанды бекетінің техникалық сипаттамалары

Жана-Карағанды бекеті жүктік болып табылады және орындалатын жұмыс көлеміне байланысты бірінші классқа жатқызылады. Бекет Қарағанды – Сұрыптау – Жарық екіпунктті бөлігінде орналасқан. Жолдардың тізімдемесі1.1-кестеде келтірілген.

    1. Бекет жолдарының тізімдемесі

№ п/п

Жолдың нөмірі

  1. Жолдың мамандануы

Жолдың пайдалы ұзындығы, м

Шартты вагондардағы сыйымдылық

1.

I

Басты, екі бағыттын поездарын қабылдау, жөнелту және өткізуүшін. Жүк және жолаушы «Астана-Экспресс» поездің

1189

82

2.

II

Басты, екі бағыттын поездарын қабылдау, жөнелту және өткізуүшін. Жүк және жолаушы «Астана-Экспресс» поездің

1239

86

3.

3

Қабылдау-жөнелтуші, екі бағыттың жолаушы және жүк поездары және поезд (29 б. шұғылдану) үшін.

1199

83

4.

4

Қабылдау-жөнелтуші, екі бағыттын да жүк поездары үшін.

1196

83

5.

5

Қабылдау-жөнелтуші екі бағытың жүк поездары үшін.

880

60

6.

6

Ендірме және жөнелтуші, тақ бағыттағы жүк поездары үшін.

1020

70

7.

7

Ендірме және жөнелтуші тақ бағыттағы жүк поездары үшін (27 б. шұғылдану) .

952

65

8

8

Тиеу-түсіру

647

43

9.

12

  1. Тиеу-түсіру

196

14

10.

13

Тартатын

241

17

12.

15

Алдын ала сақтаушы

50

3

Сурет 1.3.1 - Жана-Карағанды станциясының схемасы

1.4.2 Карағанды бекетінің техникалық сипаттамалары

Қарағанды станциясы - Қарағанды тасымалдау бөлімшесінің Қарағанды станциясы жұмыс сипаты бойынша жүк станциясына және бірінші класқа жатады. Станция Анар-Мойынты екіжолды учаскесінде орналасқан және аралықтармен шектелген: тақ бағытта - Қарағанды - Майқұдық станциялары, жұп бағытта - Қарағанөзек станциясы. Жанасып жатқан аралықтар жолдардың бірінің күрделі жөндеуі кезіндегі екіжақты қозғалысы бар екіжолды сандық кодалық автоблоктаумен жабдықталған. Станция стрелкалар мен сигналдардың электрлік орталығымен жабдықталған. Қабылдап-жөнелту жолдары мен жүк құрылғыларының орналасуы бойынша Қарағанды станциясы көлденең типті станцияға жатады және екі қабылдап-жөнелту паркі бар: жолаушылық - «А» паркі, жүк - «Б» паркі, ранжирлі «В» паркі, және екі жүк ауданы бар [1].

Сурет 1.4.2 - Қарағанды станциясының схемасы

Станцияға өндірістік және сауда мекемелерінің тоғыз кірме жолы жанасады. «А» жолаушылар паркі жұп және тақ жолаушылар және электр поездарын қабылдауға және жөнелтуге арналған. «А» паркінің бес жолдан тұратын жол дамуы бар: №12, №10, №8, №6, №4, №18-тартымдық жол жолаушылар поездарын құруға және электр поездарының тұруына арналған, №33 -тұйық жол пошталық-жүк вагондарын тиеп-түсіруге және жолаушылар вагондарын электрлі домкрат астына жіберу үшін арналған [1].

«Б» жүк паркі екі бағыттағы жүк поездарын қабылдау, жөнелту және өткізу, жүк құрамдарын тарату үшін мамандандырылған, және де жеті өтпелі (№3, №5, №9, №11, №13, №15, №31) және бес тұйық (№7, №7а, №19, №17, №42.) жолдардан тұратын жол дамуы бар:

- №3, №5, №9, №11, №13 жолдар жұп және тақ жүк поездарын қабылдауға, жөнелтуге және өткізуге арналған;

- №7, №7а жолдар - жүк вагондарын жинауға арналған;

- №15, №31 - жүріс жолдары;

- №19 - тартымдық жол, шығарылатын поездарды және вагон топтарын, оларды жүк аудандарына және кірме жолдарға жіберу үшін таратуға және құруға арналған;

- № 17 - тұйық жол, жүк вагондарының тұруына арналған;

- №42 - тартымдық жол (электрификацияланған), жүк вагондарын №5, №7а, №9, №11, №13 жолдарда құруға арналған.

ЛВЧД-12 қарамағында орналасқан «В» ранжирлі паркі жолаушылар құрамдары мен вагондарды құруға және олардың тұруына арналған. «В» паркінің жеті өтпелі, жеті тұйық, бір тартымдық және екі жалғама жолдан тұратын жол дамуы бар:

- №1, №2, №3, №2а, №5, №6, №7, №8, №9, №10 жолдар жолаушылар құрамдарын және вагондарды құруға және олардың тұруына арналған;

- №37, №38 жолдар - жалғама, «А» жолаушылар паркімен хабарласу үшін арналған;

- №4 жол - жолаушылар вагондарын және құрамдарды жууға арналған;

- №13 жол - санитарлы тұйық;

- №12 жол - жолаушылар поездарын құруға арналған тұйық жол.

Станцияда екі жүк ауданы бар. Станция жүк аудандарының жолдары вагондарды жүк операцияларына жіберуге-жинауға арналған.

- №1 жүк ауданының тоғыз жолдан тұратын жол дамуы бар: №18, №24, №26, №25, №27, №28, №29, №44, №23:

- № 18 жол - контейнерлері бар вагондарды тиеп-түсіруге жіберу үшін немесе контейнерлерді жөндеу үшін арналған;

- №23 жол - қауіпті жүктері бар вагондардың тұруына арналған;

- №25, №26 жолдар - шағын жөнелтулері бар вагондарды тиеп-түсіру үшін арналған;

- №24, №27, №28 жолдар - орташа тонналық контейнерлері бар вагондарды тиеп-түсіруге арналған;

- №29 жол - бүйірлік биік платформасы бар, қауіпті жүктері бар вагондарға арналған тиеп-түсіружол;

- №44 - тұйық жол, ақауы бар контейнерлі вагондарың тұруына және оларды түсіруге арналған.

- №2 жүк ауданының төрт жолдан тұратын жол дамуы бар: №34, №35, №43, №45:

- №34 жол - ауыр салмақты вагондарды тиеп-түсіруге арналған;

- №35 жол - ауыр салмақты және қауіпті жүктері бар вагондарды тиеп-түсіруге арналған;

- №43 жол - үлкен көлемді контейнерлері бар вагондарды тиеп-түсіруге арналған;

- №45 жол - ашық жылжымалы құрамдағы вагондарды тиеп-түсіруге арналған.

Станцияның тақ мойыншасының солтүстік-шығыс жағында №32 тұйық жол орналасқан, ол вагондарды «вагон-автокөлік» тікелей нұсқасы бойынша тиеп-түсіруге арналған жүк паркінің №15 жолына жанасады. Көмірі бар вагондарды түсіруге және жолаушылар вагондарын жөндеуге станцияның тақ мойыншасының оңтүстік-шығыс аймағында орналасқан №57 тұйық тағайындалған. Тұйық жүк көтерімділігі 30 тонна болатын төрт электрлі домкратпен жабдықталған. Тұйықта көмір сақтауға арналған сыйымдылығы 300 тонналық қойма бар. №42 тартымдық жолдың тақ мойыншасында стрелкалы пост орналасқан, ол станция сигнал берушілері үшін тұрмыстық-қызметтік бөлме ретінде пайдаланылады [1].

Станциялық жолаушылар құрылғылары мыналарды қамтамасыз етеді: жолаушыларға қызмет көрсету, жүк қабылдау және тапсыру, жолаушылар поездарын қабылдаумен, жөнелтумен және өткізумен байланысты операциялар, құрамдарды және жеке вагондарды, сондай-ақ жүріс маршруты аяқталған поездарды жабдықтау және олардың тұрағы. Жолаушыларға қызмет көрсету үшін: жолаушылар мекемесі (вокзал), 4 және 6, 8 және 10 жолдар аралығында орналасқан екі жолаушылар платформасы, 12-ші қабылдап-жөнелту жолын бойлай орналасқан перрон, платформа мен перронға сатылап түсетін жаяу жүргінші көпірі, жүк қабылдап-тапсыруға арналған жүк қоймасы бар.

Жолаушылар поездарын сумен жабдықтау үшін 12 және 10, 4 және 6 жолдар аралығында 55 су тарату бағандары бар тарату желісі орналасқан. Құрамдарға техникалық қызмет көрсету, вагондарды жабдықтау және жөндеу үшін техникалық тексеру бекеті бар. Оның мекемесі перронда (жолаушылық қабылдап-жөнелту жолдарының жанында) орналасқан. Ранжирлі (техникалық) парк станцияның тақ мойыншасының оңтүстік-батыс жағында Қарағанөзек аралығының басты жолдарына қатар орналасқан. «В» паркі жолаушылар құрамдарын рейске, тұраққа, құрылуға, жолаушылар вагондарын жабдықтауға және жөндеуге дайындау үшін арналған [1].

Техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін, жолаушыларды дайындау және жабдықтау үшін ранжирлі парктің келесі техникалық жарақтануы бар:

- вагондық-жөндеу жолаушылар депосы;

- қажетті тұрмыстық-қызметтік бөлмелері бар қосымша жолсеріктер мекемесі;

- вагондарды сырттай жууға арналған стационарлы вагон жуу машинасы;

- вагондарды қосатын алты бағаны бар вагондарды электрмен жылыту электр желісі;

- электрмен пісіру желісі;

- механикаландырылған тасымалдау құралдары;

-жолаушылық вагондық-жөндеу депосының тұйық жолдары №12 тартымдық жолға жанасады.

Станция үш маневрлік ауданға бөлінеді:

- 1-ші маневрлік аудан «А» қабылдап-жөнелту паркінің жолдарынан тұрады;

- 2-ші маневрлік аудан «Б» қабылдап-жөнелту жүк паркінің жолдарынан, жүк аудандарының жолдарынан, станцияға жанасып жатқан өндірістік мекемелердің кірме жолдарынан тұрады;

- 3-ші маневрлік аудан ранжирлі парк жолдарын құрайды.

Станциядағы маневрлік жұмыс ЧМЭ-3 сериялы екі локомотивпен жүргізіледі, олар келесі маневрлік аудандарға бекітілген:

- 1-ші локомотив жолаушылар құрамдарын және тіркеме вагондарды «А» паркінен «В» паркіне келу кезінде жинайды, құрамдарды жуады. Жөндеу-жабдықтау тұйығына жіберу үшін құрамдарды таратады және вагондарды іріктейді. Құрамдар мен тіркеме вагондарды жөнелтуге шығарады және транзитті жолаушылар поездары бар вагондарды тіркеу және ағыту бойынша жұмыс жүргізеді;

- 2-ші локомотив «Б» паркінде жұмыс істейді. Вагондарды жүк объектілерінен жинайды, құрамдарды жөнелтуге құрастырады, станцияда вагондары ағытылып немесе тіркеліп келетін құрама поездарды өңдейді.

Вагондарды жүк операцияларына таратуды, іріктеуді және жіберуді жүзеге асырады. Жүрісті қамтамасыз ету және өткізу қабілетін арттыру үшін станция қабылдап-жөнелту поездары мен маневрлік жұмыс маршруттарына кіретін электрлік стрелкалар орталығының аспаптарымен және құрылғыларымен жарақталған. Станцияда шығу, кіру, маневрлік бағдаршамдар орнатылған. Кіру бағдаршамдары діңгекті бесмәнді, басты жолдардан шығатын діңгекті бекітілген [1].

Станция жұмысының көрсеткіштеріне мыналар жатады: вагонайналым, пойыздарды қабылдау, пойыздарды жөнелту, вагонның статикалық жүктемесі, тасымалданатын жүк көлемі, вагондардың жұмыс паркі, тепловоздарды пайдалану паркі мен олардың өнімділігі, жүк тиелген және бос вагондар саны, құраманың бос тұруы және т.б. 1 кестеде соңғы төрт жылдың технико-экономикалық көрсеткіштері келтірілген [1].

Жүк оталарын орындау үшін төменде көрсетілгендер бар:

  1. 30 вагонды жұмыс алаңымен түйіршіктелген шлактарды жүктеуге арналған қондырғы;

  2. 16 вагонды жұмыс алаңымен металлургиялық шлактарды жүктеуге арналған қондырғы;

  3. Бір вагонды жұмыс алаңымен отқа төзімді кірпішті түсіру жүргізілетін УКС қоймасы;

  4. Әкті түсіру цехы, оның жолында әктасы бар вагондар түсіріледі, жұмыс алаңы 12 вагон;

  5. ТЭЦ-2 тұйығында мазутты төгу жүргізіледі, жұмыс алаңы 8 вагон;

  6. №5 мазут қоймасы, бір уақытта 32 вагонға құю жүргізіледі;

  7. Кезекті жабдығының бөлімі, мұнда бір уақытта жабдықтың 6 вагонын жүктеуге болады.

Станцияға 2 кіргізу және шығару локомотивы, граншлак тиеу үшін 1, сонымен қатар айлалық жұмыстарүшін 2 локомотив қызмет көрсетеді.

Локомотивтер рабиобайланыспен жабдықталған.

Кесте 2.1

ТЖКБ-ның негізгі технико-экономикалық көрстекіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2011

жыл

2012 жыл

2013

жыл

2014 жыл

Тасымалданатын жүк көлемі

мың тонна

43730,192

37753,25

37733,214

35236,66

Жүк тасымалының өзіндік құны

1 тонна үшін теңгемен

44,35

57,83

49,21

64,27

Жұмысшылар саны

адам

1254

1230

1119

1088

Тепловоздардың мүліктік паркі

бірлік

62

62

61

58

Кесте 2.1жалғасы

Тепловоздарды пайдалану паркі

бірлік

49,5

46,1

43,6

45,7

Жұмыс паркі тепловозының өнімділігі

мың тонна

865,9

796,5

857,6

771,04

Тепловоздарды жөндеу

бірлік

675

588

579

614

Мүліктік вагондар паркі

бірлік

1819

1829

1804

1780

Вагондарды пайдалану паркі

бірлік

1655

1657

1649

1695

Вагондарды жөндеу

бірлік

1182

1088

1216

1250

Крандардың жұмыс паркі

бірлік

9

8,9

8,6

7,9

Крандарды жөндеу

бірлік

66

51

51

48

Орташа еңбек ақы

теңге

64695

76109

74253

92685

Сурет 2.1 - Қарағанды стансасының тасымалданатын жүк көлемі

Сурет 2.2 - Қарағанды стансасының жүк тасымалыны өзіндік құны

1.4.3 Мойынты бекетінің техникалық сипаттамалары

Мойынты станциясы - жұмыс сипатына қарай телімдік, ал орындайтын жұмыс көлеміне қарай 1-ші класты станция болып табылады. Станция екі: Жамбыл және Қарағанды жол бөлімшелерінің тоғысында орналасқан.

Станциямен түйісетін поездар қозғалысы кезіндегі сигнализациямен және байланыстың негізгі құралдарымен жабдықталған жоларалықтар:

тақ бағытта:

Мойынты-Киік–жолдың бірін күрделі жөндеу кезінде екіншісімен қос бағыттағы қозғалысты ұйымдастыратын біржақты сандық кодты авблокировкамен жабдықталған қос жолды жоларалық. Қозғалыс сигналдар мен АЛС бойынша бұрыс бағытта іске асырылады. І басты жол тақ поездар үшін – дұрыс, ІІ басты жол жұп поездар үшін – дұрыс жол болып саналады.

Мойынты–Шешенқара – жолдың бірін күрделі жөндеу кезінде екіншісімен қос бағыттағы қозғалысты ұйымдастыратын біржақты сандық кодты автоблокировкамен жабдықталған қос жолды жоларалық. Қозғалыс сигналдар мен АЛС бойынша бұрыс бағытта іске асырылады. І басты жол тақ поездар үшін – дұрыс, ІІ басты жол жұп поездар үшін – дұрыс жол болып саналады. [2]

жұп бағытта:

Мойынты–Бүйрек – тұрақты ток көзіндегі рельстік тізбектері бар екі- жақты импульсті- сымды автоматтандырылған блокировкамен жабдықталған жоларалық.

Станция жолдары: қабылдау-жөнелту, сұрыптау, вагондар тұруына арналған солтүстік парктерге біріктірілген.

Қабылдау- жөнелту паркі: 10 қабылдау –жөнелту (І басты, ІІ басты, ІІІ басты, 4-тен 10-ға дейінгі) жолдардан тұрады.

Сұрыптау паркі 7 сұрыптау (11-ден 17-ге) жолынан тұрады.

Солтүстік паркте вагондардың тұратын 7 (18-ден 24-ке) жол бар. 1.1-кестеде станция жолдарының арналуы мен сипаттамасы көрсетілген.

1.1-кесте Станция жолдарының арналуы мен сипаттамасы

жол

Жолдардың арналуы

Ұзындығы, метр

Толық

пайдалы

1

2

4

5

4

Барлық бағыттағы жолаушылар мен жүк поездарына арналған қабылдау-жөнелту жолы

664

593

Барлық бағыттағы жолаушылар мен жүк поездарына арналған қабылдау-жөнелту жолы

341

217

II

Барлық бағыттағы жолаушылар мен жүк поездарын және «Астана-Экспресс» поезын өткізуге, қабылдауға, жөнелтуге арналған басты жол

1006

864

I

Барлық бағыттағы жолаушылар мен жүк поездарын және «Астана-Экспресс» поезын өткізуге, қабылдауға, жөнелтуге арналған басты жол

1137

938

III

Барлық бағыттағы жүк поездарын өткізуге, қабылдауға, жөнелтуге арналған басты жол

1066

871

5

Барлық бағыттағы жүк поездарына арналған қабылдау-жөнелту жолы

1117

981

6

Барлық бағыттағы жүк поездарына арналған қабылдау-жөнелту жолы

976

846

7

Барлық бағыттағы жүк поездарына арналған қабылдау-жөнелту жолы

976

836

8

Барлық бағыттағы жүк поездарына арналған қабылдау-жөнелту жолы

968

842

9

Барлық бағыттағы жүк поездарына арналған қабылдау-жөнелту жолы

968

842

10

Барлық бағыттағы жүк поездарына арналған қабылдау-жөнелту жолы

1047

908

IАП

Тақ жолаушылар мен жүк поездарын өткізуге арналған жол

1978

1912

IIАП

Жұп жолаушылар мен жүк поездарын өткізуге арналған жол

1796

1142

Сұрыптау паркі

11

Барлық бағыттағы жүк поездарын сұрыптау және жөнелту жолы

969

875

12

Барлық бағыттағы жүк поездарын сұрыптау және жөнелту жолы

969

877

13

Ақадыр станциясына бағытталған жүк поездарын сұрыптау және жөнелту жолы

973

860

14

Ақадыр станциясына бағытталған жүк поездарын сұрыптау және жөнелту жолы

973

860

15

Ақадыр станциясына бағытталған жүк поездарын сұрыптау және жөнелту жолы

949

862

16

Ақадыр станциясына бағытталған жүк поездарын сұрыптау және жөнелту жолы

949

862

17

Ақадыр станциясына бағытталған жүк поездарын сұрыптау және жөнелту жолы

848

807

Қабылдау-жөнелту және солтүстік парктер бағыттамалар мен сигналдардың электрлік орталығымен жабдықталған. Парктер сөйлесу колонкалары бар парктік екіжақты байланыспен жабдықталған.

Станция кезекшісі маневрлік локомотивпен, поезд диспетчерімен және поезд құрастырушымен, белгі берушімен, поездарды қабылдаушылармен хабарласу үшін радиобайланысты қолданады.

Тақ алқымда үш бағыттан (Балқаш, Сарышаған, Ақадыр) келетін вагондар легін қайта өңдейтін шағын қуатты механикаландырылмаған дөңес бар.

Дөңесте:

1. № 39 сырғу жолымен біріккен № 25 тарту жолын жалғастыратын №20 жылжу жолы;

2. Дөңестің бір жылжу жолды өркеші;

3. Сұрыптау паркі жолдарының бунақтары:

- № 11,12,13,14 сұрыптау жолдарын қосатын 1-ші бунақ;

- № 15,16,17 сұрыптау жолдарын қосатын 2-ші бунақ;

- № 11,12 жолдар № 33 біріктіру жолы арқылы дөңестің өркешін айналып тақ алқымға шығады.

Сұрыптау дөңесі кезекшісінің жұмыс орны индикаторлы шамдар ілінген және дөңес сызбасы көрсетілген, дөңес бағыттамалары мен сигналдарын басқаратын пульт-манипулятормен жабдықталған. Сызбада бағыттамалар мен бағдаршамдардың нөмірі көрсетілген.

Сұрыптау дөңесі:

- бірінші, екінші, үшінші тежеу позициясында аралық және көздеп тежеуді іске асыру үшін жартылай айқаспалы табантірек лақтырғышпен;

- құрастырушылар бригадасына, вагондар қозғалысы жылдамдығын реттеушілерге қозғалыс маршруты, ағытпалар шамасы мен ерекшелігі туралы хабарландыру, сондай- ақ атқарылатын маневрлік жұмыс туралы нұсқау беру үшін парктік екі жақты байланыспен;

- телефон (АТС) байланысымен, «Айком» радиостанциясымен;

- дөңес кезекшісі поезд құрастырушымен, маневрлік локомотив машинистімен, станция кезекшісімен, сигнал берушілермен хабар алысатын радиобайланыспен;

-сұрыптау паркі алқымының № 201, 203, 205, 207, 209, 211, 213 бағыттамалары электржетектермен және рельс тізбектерімен жабдықталған.

ТЭМ-2 сериялы бір маневр локомотиві жұмыс істейді.

Станцияда жолаушылар мен жүк тасымалына арналған:

- ұзындығы 36 метрлік бір ашық платформа;

- екінші және бірінші жолдар аралығындағы ұзындығы 300 метрлік, төртінші жол бойындағы ұзындығы 250 метрлік аласа ашық жолаушылар платформасы бар.

Станцияның қалыпты жұмыс істеуі үшін парктік екіжақты байланыстың:

-тақ алқымда-20;

-жұп алқымда - 16 колонкасы (барлығы 36) бар.

Станция жолаушылар мен жүк поездарын үш бағытта:

Оңтүстіктен:

Сарышаған станциясынан ( түйіспе бойынша);

Балқаш станциясынан қабылдайды.

Солтүстіктен:

Ақадыр станциясына жөнелтеді.

Мойынты станциясында 2 кірме жол бар: «ТЭК-Казахстан» ЖШС және «Вару Мining» ЖШС. 1.2 – кестеде көрсетілген.

1.2 – кесте «ТЭК-Казахстан» ЖШС және «Вару Мining» ЖШС

Кірме жолдардың атауы

Бағынады

Кірме жолдардың шекарасы

1

2

3

4

1

«ТЭК-Казахстан» ЖШС

№27 жол

Ақадыр жол дистанциясы

-№ 27 жол № 162 бағыттама арқылы № 29 станция жолымен

«ТЭК-Казахстан» ЖШС

№ 6 жол

-№ 6 жол № 307 бағыттама арқылы № 7 станция жолымен;

2

«Вару Мining» ЖШС кірме жолы №41,42,43 жолдар

«Вару Мining» ЖШС

№166 бағыттама арқылы № 29 жолмен ;№ 166 бағыттама бұрмасына

«ТЭК - Казахстан» ЖШС-нің Мойынты станциясының отын қоймасы кірме жолының (№ 6,27жолдар жалпы ұзындығы 476 метр, оның ішінде:

- № 6 жол- толық ұзындығы 172 метрлік, пайдалы ұзындығы 122 метрлік, сыйымдылығы 32 осьті 8 шартты вагондық түсіру жолы; № 6 жолда №307 түйісу бағыттамасынан 145,8 метр қашықтықта орналасқан ұзындығы 12,4 метрлік, сыйымдылығы 4 осьті 1 шартты вагондық ЖЖМ-құюға және құйып алуға арналған эстакада бар.

- № 27 жол - № 162 шектік бағаннан тіреуге дейін, толық ұзындығы 304 метрлік, пайдалы ұзындығы 264 метрлік, сыйымдылығы 72 осьті 18 шартты вагондық түсіру жолы; № 27 жолда ұзындығы 46 метрлік, сыйымдылығы 12 осьті 3 вагондық көмір түсіруге арналған көтерме жол бар.

Кірме жолға вагондар беру жинап алу кезіндегі қозғалыс жылдамдығы 5км/ cағаттан аспайды. Габаритсіз орын -№6 жолдағы құю эстакадасы.

«ТЭК - Казахстан» ЖШС-нің Мойынты станциясының отын қоймасы кірме жолының (№ 6,27жолдар) үстіңгі қабатына Р-43, Р-50 тұрпатты рельстер, 540 дана ағаш шпал төселген. № 307, 162 бағыттамаларда 1\9 маркалы айқаспалар бар.

«ТЭК - Казахстан» ЖШС-нің Мойынты станциясының отын қоймасы кірме жолының (№ 6,27жолдар) аумағы қоршаумен қоршалған, ДРЛ-250 шамдарымен жарықтандырылады. «ТЭК - Казахстан» ЖШС-нің Мойынты станциясының отын қоймасы кірме жолының (№ 6,27жолдар) меншікті маневрлік локомотиві жоқ.

Жылжымалы құрамның № 27 кірме жолдан жылжып кетуінің алдын алу үшін Мойынты электрлік орталығына қосылған № 132 лақтырғыш – ұштама орнатылған. Лақтырғыш ұштама қалыпты «түсірулі» күйге келтірілген. Мойынты станциясының станция кезекшісі № 2 СО лақтырғыш ұштаманың қалыпты күйін басқару пультінің аспабы бойынша бақылайды.

«ТЭК - Казахстан» ЖШС-нің Мойынты станциясының отын қоймасы (№ 6,27жолдар) кірме жолына вагондар беру мен жинап алуды «Локомотив» АҚ-ның Мойынты станциясы беретін маневрлік локомотиві және Мойынты станциясының поезд құрастырушы бригадасы атқарады.

«ТЭК- Казахстан» ЖШС-нің Мойынты станциясының отын қоймасы (№ 6,27жолдар) кірме жолына вагондарды коммерциялық тұрғыда қабылдау мен тапсыру ГУ-46н. «Вагондар беру және жинап алу ведомосында» ресімделеді және станцияның жүк және багаж қабылдап-тапсырушысы мен «ТЭК- Казахстан» ЖШС-нің Мойынты станциясының отын қоймасының жауапты қызметкерінің қолымен расталады. Вагондағы жүктің «Жүктерді бекіту мен орналастырудың Техникалық шарттарына» сәйкессіздігі анықталғанда вагон тасымалға қабылданбайды.

Ауысымды қабылдау-тапсыру кезінде вагондардың техникалық жай-күйін Мойынты станциясындағы ТҚБ-нің вагон қараушысы ВУ-15н. кітапқа жазба толтыра отырып, анықтайды. Кірме жолға тиелімге немесе түсірілімге берілетін вагонның ақауы анықталған жағдайда ВУ-15н. кітапқа ақау сипаты жазылады.

Поезд құрастырушы вагондарды «ТЭК- Казахстан» ЖШС-нің Мойынты станциясының отын қоймасы (№ 6,27жолдар) кірме жолынан жинап аларда көзге көрінетін бүліну мен техникалық ақаулардың ( бөлшектерінің жоқтығын) бар-жоғын сырттай шолып тексереді. Көзге көрінетін бүліну мен техникалық ақаулар жоқ болса, вагондар кірме жолдан станция жолына шығарылады, сол жерде вагон қараушы вагондарға техникалық қарау жүргізеді. «ТЭК - Казахстан» ЖШС-нің Мойынты станциясының отын қоймасының (№ 6,27жолдар) өкілі вагондарды өз жолында қабылдайд және тапсырады. «ТЭК - Казахстан» ЖШС-нің Мойынты станциясының отын қоймасы (№ 6,27жолдар) тарапынан вагондарға техникалық және коммерциялық тұрғыдан наразылық болмаса кірме жол вагондарды қабылдап алды деп саналады.

Автотежегіштерді қосу және сынап-байқау жауапкершілігі:

- «ТЭК - Казахстан» ЖШС-нің Мойынты станциясының отын қоймасы (№ 6,27жолдар) кірме жолынан вагондарды жинап алу кезінде станцияның локомотив-құрастырушы бригадасына;

- «ТЭК - Казахстан» ЖШС-нің Мойынты станциясының отын қоймасы (№ 6,27жолдар) кірме жолына вагондар беру кезінде Мойынты станциясындағы ВЧДЭ-14 ТҚБ-нің вагон қараушысына жүктелген.

«Вару Мining» ЖШС-і кірме жолы (№ 41,42,43 жолдар) №166 бағыттама арқылы № 29 жолмен түйіседі. № 41, 42 жолдар, № 168 СО лақтырғыш-ұштама, №170 бұрмалы бағыттама «Вару Мining» ЖШС-нің, ал № 166 бағыттама бұрмасы Ақадыр жол дистанциясының балансында.

«Вару Мining» ЖШС-і кірме жолының шекарасын көрсететін белгі «Кірме жолдың шекарасы» № 166 бағыттама бұрмасына қарсы шектік бағаншада қойылған.

«Вару Мining» ЖШС-і кірме жолының жалпы ұзындығы 1684,06 метр және 3 жолдан ( № 41,42,43 жолдар) тұрады:

- №41 жол –(шектік бағаншадан №166 бағыттамаға дейін, №168 СО лақтырғыш-ұштамадан № 170 бағыттама арқылы) толық ұзындығы 1180,0 метрлік, пайдалы ұзындығы 1130,0 метр, 32 осьті 80 вагондық тиеу жолы; №41 жолдан №166 бағыттамасына дейін 708,35 метр қашықтықта өткел, 805,3метр қашықтықта шығу қақпасы, 829,2 метр қашықтықта теміржол таразысы, 870,0 метр қашықтықта кен тиеуге арналған №1 фронт орналасқан.

- №42 жол- толық ұзындығы 256,06 метр, пайдалы ұзындығы 225,0 метр, 64 осьті 16 вагондық тиеу-түсіру және вагондардың тұруына арналған жол.

- №43 жол – толық ұзындығы 248,0 метр, пайдалы ұзындығы 205,8 метр, 56 осьтік 14 вагондық құю жолы.

«Вару Мining» ЖШС-і кірме жолға вагондар беру, жинап алу кезіндегі қозғалыс жылдамдығы 15 км/сағаттан аспайды. Габаритсіз орын жоқ. №41 жолдан №166 бағыттамаға дейін 708,5 метр қашықтықта өткел орналасқан.

«Вару Мining» ЖШС-і кірме жолы ДРЛ-500 шамдарымен жарықтандырылған және меншікті маневрлік локомотив жоқ.

Мойынты станциясында келесі операциялар атқарылады:

- поездарды қабылдау мен жөнелту;

- барлық бағыттағы жүк поездарын тарқату мен құрастыру, жүк операцияларына вагондар беру және жинап алу;

- жөндеу жолына вагондар беру және жинап алу, поездарға техникалық қызмет көрсету және коммерциялық қарау жүргізу;

- жүк алушыларға вагондардың келетінін, келгенін және берілетінін хабарлау;

- жүк тасымалға қабылдау, жүк тасымалдау құжаттарын ресімдеу; коммерциялық қарау жүргізу;

- техникалық қызмет көрсету, құрамдарды тарқату мен құрастыру, жөндеу жолдары мен «ТЭК–Казахстан» ЖШС және «Вару Мining» ЖШС кірме жолдарындағы маневрлік жұмыстарды орындау;операциялар аяқталған соң вагондарды жинап алу жұмыстары атқарылады. Вагонағындар сипаттамасы 1.3 кестеде көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]