Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_glava.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
596.94 Кб
Скачать

1.2 Тірек станциясын таңдау.

Тірек орталығының, ТАО (тірек ақпараттық орталығының) қызметкерлерінің міндеттерін ұйымдастырушылық, технологиялық, техникалық және басқа жағынан қамтамасыз ету тірек орталықтарына қойылатын типтік талаптарға сәйкес анықталады.

Тасымалдауларды басқарудың тірек орталығы басқарудың бірегей ұйымдастыру-технологиялық жүйесіндегі бөлімше болып табылады, яғни ««ҚТЖ» ҰК» АҚ тасымалдауды басқару орталығындағы (ТБО)» басқарудың тірек ақпараттық орталығы (ТАО). Тірек орталығы ТБО құрамына оның құрылымдық бөлімшесі ретінде кіреді.

Тірек орталығы (ТО) сызықты ауданның жұмысын жедел басқаруды жүзеге асырады. Басқарудың сызықты ауданының құрамына аумақтық принцип бойынша, сонымен қатар, поезд және маневр жұмысының бірегей технологиясымен байланысты жергілікті жұмысты ұйымдастырудың технологиялық циклының аяқталуы бойынша біріктірілген темір жол бекеттері кіреді. Осындай әр ауданға базалық бекет және онымен жұмыс технологиясы бойынша байланысты бекеттер кіреді.

Тірек орталығы тораптық және аймақтық поездар мен вагондарды жетілдіру, тиеу/түсіру бойынша тапсырмаларды орындау, тораптық және аймақтық поездарды қалыптастыру, басқарудың сызықты ауданының (СА) бекеттеріндегі жергілікті жұмысты ұйымдастыру бойынша аймақтық тасымалдауды басқару орталығының (АТБО) тапсырмаларын орындау үшін арналған.

Әр тірек орталығын ұйымдастырудың мақсаттары:

- басқарудың сызықты ауданында жергілікті жұмысты тиімдендіру;

- тарту және тиеу ресурстарын аймақтық қолдануды қамтамасыз ету;

- СА шектерінде пайдалану шығындарын барынша азайту.

Тірек орталықтары келесі сипаттамаларға тәуелді жіктеледі:

- орындалған жұмыс көлеміне;

- базалық бекеттің жұмысының негізгі тағайындалуы мен сипатына (сұрыптау, жүк, жолаушылар, тасымалдау кешендері (бекеттер, темір жол түйіндері) және т.б.);

- бағынуларға - тораптық, аймақтық, жергілікті, стратегиялық тағайындалған.

Тірек орталығының аумақтық ғимараты, әдетте, базалық бекетте орналасады. Ол АТБО-мен, өзінің СА бекетінің диспетчерлік аппаратымен және бөлімшелердің шаруаларының бөлімдерімен ақпаратты байланысқан [7, 8, 9 ].

Тірек орталығында диспетчерлік қызметкерлердің техникалық және технологиялық қамтамасыз етуін жоспарлайтын және ұйымдастыратын әкімшілік қызметкерлер бар. Тірек орталағының диспетчерлік аппараты диспетчерлерден (орындалатын жұмысқа сәйкес) және бекеттер (парктар) бойынша кезекшілерден тұрады. Тірек орталығының диспетчерлік қызметкерлері кезекті-күндік тапсырманы орындау бойынша сызықты аудандардың барлық бекеттерінің, сонымен қатар, тасымалдау үрдісіне тікелей қатысатын басқа шаруашылықтардың бөлімдерінің (техникалық тексеру пункті, коммерциялық тексеру пункті, вагондық депо, локомативті депо және т.б.) жұмысын жедел басқаруды жүзеге асырады.

Тірек орталығында тасымалдауларды басқарудың үлгілік технологиялық үрдісін ЦД тасымалдауларды басқару департаменті бекітеді.

Тірек орталығында тасымалдауларды басқарудың технологиялық үрдісін, құрамына тірек орталығы кіретін, аймақты басқару орталығының (АТБО) басшысы бекітеді [10, 11, 12].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]