- •1 Қарағанды жoл бөлімшecінің тexникaлық-пaйдaлaну cипaттaмacы жәнe жұмыc іcтeу көpceткіштepінің тaлдaуы
- •Жалпы жағдай
- •Поездік диспетчер міндетті:
- •1.2 Тірек станциясын таңдау.
- •1.3. То басқару технологиясын әзірлеу принципі
- •1.2 Қарағанды жoл бөлімшecінің тexникaлық cипaттaмacы
- •1.3 Бөлімшенің пайдалану жұмыстары
- •1.4 Бекеттердің техникалық сипаттамалары
- •1.4.1 Жана-Карағанды бекетінің техникалық сипаттамалары
- •Бекет жолдарының тізімдемесі
- •1.4.2 Карағанды бекетінің техникалық сипаттамалары
- •1.4.3 Мойынты бекетінің техникалық сипаттамалары
1 Қарағанды жoл бөлімшecінің тexникaлық-пaйдaлaну cипaттaмacы жәнe жұмыc іcтeу көpceткіштepінің тaлдaуы
Жалпы жағдай
Мемлекеттің, шаруашылық субъекттерінің және халықтың тасымалдаулардағы толық қанағаттануын қамтамасыз ету мақсатында темір жол көлігінде технологияларды жандандыру, тасымалдау құралдарын (локомотивтерді, вагондарды, техникалық жайластыруларды және механизмдерді) және тасымалдау әдісін басқару әдістерін қолданудың тиімділігін жоғарылату бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады [1,2].
Поездардың қозғалысын басқарудың диспетчерлік жүйесі – темір жол көлігінің пайдаланушылық және жүктермен жұмысының маңызды элементі.
Диспетчерлік орталықтандыру маңызды полигонда жұмысты жедел басқаруды бір командир қолында шоғырлауға мүмкіндік береді. Командир өз кезегінде уақытылы қажетті, тиімді шешімдерді, бөліктегі жағдайлар туралы толық ақпаратқа ие болып, вагонағындарының жеделдетілген қозғалуын қамтамасыз ету және қозғалмалы құрамды қолдану үшін қабылдай алады.
Поездік диспетчер кезекшілік кезінде поездар қозғалысының бір ғана басшысы және оған бөлік шектеріндегі вагонағындарын өткізуге қатысатын барлық жұмысшылар жедел бағынады.
Поездік диспетчер міндетті:
-поездардың кестесінің орындалуын, пайдаланушылық және жүк поездарының экономикалық көрсеткіштерін қамтамасыз етуге;
- локомотивті топтардың орнатылған үздіксіз жұмыс уақыттарын бұзуына жол бермей, көліктің техникалық құралдарын максимал қолдану кезінде қозғалыстың берілген өлшемдерін, қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндей етіп бөліктердегі поездардың қозғалыстарын ұйымдастыруға;
-қозғалыс кестесіне және поездарды қалыптастыру жоспарына сәйкес қалыптандыру және жөнелту бойынша тапсырмаларды орындауға шара қолдануға және бекет жұмысын бақылауға;
-поездардың қозғалысы бойынша нұсқаулықты кезекші бекеттерге, қажет болған жағдайда, поезд локомотивтерінің машинисттеріне уақытылы беруге;
-өткеліктер бойынша поездардың тізбектелуін, бекеттердің поездарды уақытылы қабылдауын, жөнелтуін және өткізуін бақылауға,
әсіресе стандартты емес жағдайларда және СЦБ және байланыс құрылғыларының қалыпты жұмысының бұзылуларында;
жолаушылар, ұзынқұрамды, ауырсалмақты және қауіпті, үлкен емес жүктері бар поездарды басқа поездар қуып жетуі және қиылысуы кезінде.
-қажет болған жағдайда бекетке ДС (ДСЗ, ст. ДСП, кезекшіліктен бос ДСП) шақырту мүмкін болмағанда немесе ол болмағанда ауысатын ДСП-ларды бақылауды өз қолына алуға.
Өз жұмысында поезд диспетчері ПТЭ, ИДП, ТРА бекеттерінен алынған көшірмелерді (Қосымша 1), ұзынқұрамды және жоғары ұзындықты поездерді өткізуді ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты (Қосымша 2), қалпына келтіретін поездердің, өрт сөндіруші поездердің, (дрезиналардың), көмекші локомотивтердің қозғалысы бойынша нұсқаулықты (Қосымша 3), апаттық және стандартты жағдайларда поездардың қозғалысымен байланысты жұмысшылардың іс-әрекетінің регламентін (Қосымша 4) басшылыққа алады.
Кезекшілік үрдісінде поезд диспетчері орындалған қозғалыстың кестесін жүргізеді, онда поездардың қозғалысы, бос жұмыс уақыттарын қамтамасыз етулер тіралы мәліметтер, сонымен қатар, бөліктегі қалыпты жұмыстың барлық орын алған бұзылуы және олардың себептері жазылады.
Орындалған қозғалыстың кестесінде көрсетіледі:
-поездардың және поезд локомотивтерінің нөмірлері, машинисттердің фамилиялары, поездардың, сонымен қатар, қткізудің ерекше жағдайларын талап ететін поездардың салмағы және шартты ұзындығы. Поездардың сәйкес әріптері мен индекстері арқылы толықтырылған нөмірлері кестеде осы әріптермен жіне индекстермен белгіленеді;
бөлік бекеттері бойынша поездардың жөнелтілу, келу, өтіп кету уақыты;
-локомотивтерді қолдануы жөніндегі мәліметтер;
-тәуліктің бекітілген периодтары бойынша бекеттердің поезд және бойынша жұмыстары туралы мәліметтер;
-аралық бекеттердің қабылдап-жөнелту жолдарына вагондардың жеке бөліктерінің немесе құрамдардың тоқтап тұруы, оларды тіркеу туралы мәліметтер;
-бөлік және өткеліктер бекеттерінің басты және қабылдап-жөнелту жолдарында контактты желінің кернеуін көрсеткішін;
-жылдамдықтың төмендеуін талап ететін әрекеттегі ескертпелер;
-поездардың қате жолмен қозғалуы;
-қозғалуға қызмет көрсететін өткеліктердің, жолдардың және басқа құралдардың жабылуы.
Поездардың бөліктегі қозғалысы бойынша барлық бұйрықтарды поезд диспетчері бекеттер бойынша кезекшілерге және поезд қозғалысына қатысы бар басқа жұмысшыларға диспетчердің бұйрықтары журналында қажетті жағдайларында тіркелетін бұйрықтар түрінде береді.
Диспетчер бұйрықтарының журналында келесі бұйрықтар тіркелуге міндетті:
-перегондардың немесе олардың жеке жолдарының ашылуы және жабылуы туралы ( оның ішінде кернеуді түсірумен байланысты электрпоездардың қозғалысы үшін);
-екіжолды қозғалыстан біржолды қозғалысқа өту туралы және екі жолды қозғалысты қайта қалпына келтіру туралы;
-сигнализация және байланыстың бір құралынан басқасына ауысу туралы;
-поездардың дұрыс емес жол бойынша жөнелтілуі және уақыттың шектеуі туралы (ИДП 14 бөлімінде қарастырылған ретпен және жағдайларда);
-қауіпті және аса үлкен емес жүктері бар поездардың жөнелтілуі туралы;
-жолаушы, почта-багажды, жүкжолаушы және адам тасымалдайтын поездардың оларды қабылдауға және жөнелтуге тағайындалмаған жолдарға келуі не олардан кетуі туралы;
-кестемен қарастырылмаған поездердің тағайындалуы туралы, олардың өозғалу реті туралы және поездарды кестеден алып тастау туралы;
-автоматты локомативті сигнализацияның дұрыс жұмыс атқармауы кезіндегі поездардың қозғалысы туралы;
-кешігіп келе жатқан жолаушы поездарының өту реті туралы және т.б.
Бөліктегі поездардың қозғалысымен байланысты басқа бұйрықтарды тіркеу поезд диспетчерінің қарауы бойынша орындалады.
