Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкерлік қызмет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать

4.9.5. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамассыздандырылу картасы

Атауы, авторы, шыққан жылы.

Қолдануға бар (дана)

кітапханада

Кафедрада

1

Алипбеков Н. Бизнесті ұйымдастыру [Мәтін] : оқулык/ Н. Алипбеков, Ж. Ералы, 2008.

2

-

2

Елшібаев Р.Қ. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру: оқу құралы Р.Қ. Елшібаев.- Алматы : Экономика, 2009.

3

-

3

Ресторанный бизнес: управляем профессионально и эффективно/ В.К. Сирый.- Москва : Эксмо, 2010

2

-

4

Жақыпбеков Д.С. Қазақстандық кәсіпорындардағы салық салу, салық есебі мен есептілігін ұйымдастыруАлматы : Экономика, 2009

3

-

5

Керимова У.К. Ұйымда персоналды басқару: оқу құралы [Мәтін] : оқулык- Алматы : Нур-Принт, 2009

4

-

6

Мыңатаев М.М. Нарық жағдайындағы кәсіпорын экономикасы: оқу құралы-Алматы : Экономика, 2011.

3

-

7

Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: [Мәтін] : оқулык : теория, тест сурактары, есептер/2007.

4

-

8

Рахметов Б.А. Кәсіпорын экономикасы:тестілер, есептер, жағдайлар: тәжірибелік құрал- оқулык/ - Алматы : Экономика, 2012.

5

-

4.9.6. «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесіндегі кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәні бойынша дәрістік кешен Глоссарий

Айналым капиталы- тұтыну процесіндегі өнімге толық сіңірілетін және әрбір ауспалы айналым ақша түріндегі түгелдей қайтып оралып отыратын өндіргіш капиталдың бір бөлігі.

Айналым қаржысы-кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың айналым қаржылары өндірістік қор жасауы үшін, аяқталмай қалғанөнім қалдықтарын, дайын өнімдерді, т.б. мүліктерді дайындау үшін және айналыс пен өндірістің басқа қажеттерін өтеу үшін пайдаланылады.

Айналым қорлары-өндірістің бір циклына тугелмен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бір бөлігі. Олардың құны өндірілген өнімге толығымен аударылады, кіреді. Айналым қорларының негізгі элеметтері еңбек заттары, қоймадағы шикізат, негізгі және қосалқы материалдар, отын ыдыс, өндірісте аяқталмай қалған өнім шала фабрикат, арзан және тез тозатын еңбек құралдары, саймандар, алдағы жылдардың шығындары т.б. айналым қорлары кәсіпорынның айналым қаржылар есебінен алынады.

Амортизация – ғимарат, машина, т.б. ұсталуына, тозуына қарай құнын өтеу үшін ауық-ауық ұстап отыратын жарна.

Аренда – жерді, малды, егістікті, кәсіпорынын, оның бөлімшелерінің, құрлысты, техниканы, үйді, мүлікті уакытшанемесеұзақ мерзімге пайдалану үшін жасалған шарт бйынша белгіленген жағдайда жалдап алады немесе жалға береді. Келісілген аренда ақысын төлейді немесе өнімін береі, жұмыс көлемін, қызметтерді орындап түрал\ды, жерді және басқаны жалдап алу – ол жерді және басқаны пайдалану түрі, шаруашылықты жүргізу үшін алады, береді. Жерді және басқа объектілерді өнім өндіру немесе орындалатын жұмыс көлемін ұлғайту үшін соңғы кезде оларды арендаға беруге рұқсат етіледі.

Банкроттық-бұл жекелеген азаматтардың, кәсіпорындардың т.б. өз қарыздарын төлеуге қабілетсіздігін білдіретін ұғым. Банкроттық кәсіпорындардың жабылуына не таралуына әкеліп соқтырады. Банкротқа ұшырағандар қарызды өтеу үшін өз мүліктерінің бәрін сатуға мәжбұр болады. Экономикалық дағдарыс кезінде банкрот етек алып, барлық саланы бірдей банкроттықа ұшыратуы мүмкін, бұл еңбекшілердің тұрмыс-жағдайын нашарлатады, жұмыссыздар санын көбейтеді, т.б.

Демпинг- бәсеке күрес түрлерінің бірі. Негізінен сыртқы рынокторды иелену үшін қолданылады.

Диверсификация- жан-жақты даму. Өндіріс диверсификациясы- бір-бірімен байланысты емес көптеген өндіріс түрлерінің қатар дамып отыруы, өндірілген өнімнің таңдаулы жиынтығының ұлғайып отыруы.

Дивиденд- акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге ұдайы төленетін кіріс, яғни акция иесінің табысы.

Дотация- өндірілген өнім тиімділігі түрлі себептерден төмендеуі салдарынан кәсіпорындарға белгілі бір шығындарының орнын толтыру үшін мемлекет тарапынан берілетін жәрдем ақы.

Еңбек биржасы – бұл жұмысшы күшін, еңбекті алып – сату кезінде жұмысшылар мен кәсіпорындар арасындағы делдалдық қызметті жүйелі атқаратын мемлекеттік мекеме.

Еңбек қарқындылығы- белгілі бір уақыт өлшемі ішінде жұмсалған еңбектің деңгейімен, көлемімен анықталатын еңбек қарқыны.

Жалпы өнім-кәсіпорындар мен халық шаруашылығының жекелеген салаларында белгілі бір мерзім ішінде (ай, тоқсан, жыл) өндірілген өнімнің (жұмыстың) жалпы көлемі, яғни ақшалай көрсетілген жалпы мөлшері.

Жалпы пайда, табыс-кәсіпорынның жалпы табысынан барлық өнімге (жұмысқа) кеткен шығынды алып тастағандағы пайда.

Жүк айналымы- белгілі бір мерзім ішінде тасылған жүктің сандық мөлшері.

Заем, қарыз- белгілі шарт бойынша ақшаны қарызға алуды қамтамасыз ететін қаржы операциясы. Белгілі мерзімге дейін алынған ақша, зат.

Импорт – елдің ішкі нарығына шетелден тауар әкелу.

Инвентаризация- мүлікті, ақшаны түгелдеу, мүліктерді тізімге алу. Мүліктің түгелдігін, дұрыс сақталуын және қаржы сметасының, есеп айырысу тәртібінің дұрыс жүргізілуін бақылаудың және меншік пен қоймадағы мүліктің есепке сәйкестігін тексеріп, түгендеп отыру.

Инвестиция- пайда не табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығының саласына: кәсіпорындарға күрделі қаржының, капиталдың ұзақ мерзімге жұмсалуы.

Инвестициялық саясат- халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайда табу мақсатында ұзақ мерзімді капитал салу. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешу бағытта шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдердің жиынтығы.

Интеграция- кейбір өндіріс бөлімдерінің немесе оның элементтерінің басқа салалармен бірігуі.

Инфляция- ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы. Елдің айналымдағы қағаз ақшасының шамадан тыс көбейіп кетуі салдарынан оның құнсыздануы, яғни ақша айналымының мейлінше тұрақсыз болуы.

Инфрақұрылым- экономиканың дамуы мен адамдардың тіршілік әрекетінің жағдайын жақсартып қамтамасыз ететін салалардың жиынтығы.

Ипотека- қозғалмайтын мүліктерді кепілге алу арқылы банкілердің ұзақ мерзімге беретін ақшалай қарызы.

Кадастр- уақтылы бір жүйеге келтіріп жасалатын керекті объектілерді бағалау тізімі туралы мәліметтер жиынтығы.

Калькуляция- өнімнің, жұмыстың өзіндік құнын шығындардың түр-түрі бойынша есептеу.

Материал сіңіргіштік, материалды көп қажет ету-белгілі бір өнімді өндіруге, жұмысты орындауға кеткен материалдық қорлар шығынын білдіретін көрсеткіш.

Нарық сыйымдылығы- нарықта мүмкіндігінше сатылатын тауар мөлшері. Сұраныстың төлем қабілетіне қарай анықталады.

Негізгі қаржы, құрал, қор-өндірістің неізгі қорға деген суранымы өндіріс көлеміне анықталады.

Негізгі қорлар-кәсіпорынның өдіріс құралы мен еңбек құрал жабдықтары. Өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы пайдалынылатын өндіріс құрал – жабдықтары негізгі қорға жатады.

Негізгі шығындар-өнімді жасайтын технологиялық процесттермен тікелей байланысты шығындар (шикізат, материал, энергия, амортизация, т.б.)

Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.

Өндіріс қуаты-өндіріс құрал– жабдықтарын аса тиімді пайдаланып, еңбек пен өндірісті дұрыс ұйымдастырғанда белгілі бір саланың, кәсіпорының, цехтің тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі түрін шығарудаң жоғары қабылеттілігі, мүмкіндігі.

өндіріс құрал – жабдықтары бағасының бір бөлігі әне қажетті еңбекпен жасалған өнімнің құны кіреді. Олар тауардың жалпы құнын анықтайды. Кәсіпорындардың тауар өндіруге жұмсалған ақшалай түріндегі шығындары сол өнімнің өзіндік құны түрінде әрекет етеді. Өндіріс шығындарының бұл бөлігіне материалдық қорларға және жұмысшылардың еңбекақысына жұмсалатын шығындар жатады. Тауар өндірісі кезіндегі өндіріс шығындары құн түрінде көрініп, іске асады. Оғамдық өндіріс шығындары өндірілген өнімнің құнына тең болады.

Өндіріс циклі, айналымы-еңбек заттарын өнімді әзірлеуден бастап дайын өнім шығарғанға дейін өндіріс процессінде болу мерзімі, уақыты.

Өндіріс шығындары қоғамның өнімдері өндіруге жұмсалған шығындары және кәсіпорындардың тауар өндіруге жұмсалған ақшалай шығындары болып бөлінеді. Қоғамдық өдіріс шығындарына өнімді өндіруге жұмсалған

Өндіріс шығындары-өнім өндіруге жұмсалған нақты және затқа айналған еңбек шығындарының жиынтығы.

Өндірісті интенсивтендіру- қоғамдық өндірісті дамыту бағыты, мұнда өнімнің үстеме өсуі, ұлттық табыстың көбеюі ең алдымен сапаның өзгеруінің, еңбек өнімділігінің артуы, материалды үнемдеп пайдалану, өндіріс қорларын және қуатын пайдалануды жақсарту, күрделі қаржы тиімділігін арттыру, өндіріс пен еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру және халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру нәтижесінде қалыптасады.

Өнім көлемі-жеке бір кәсіпорынның, шаруашылықтын не саланың белгілі бір уақыт ішінде шығырған немесе іспет шығаруға тиісті өнім мөлшері.

Өнім, бұйым-белгілі бір уақыт ішінде тиісті кәсіпорынның, өнеркәсіп саласының шығарған өнімнің жиынтығы.

Сыртқы сауда – бір елдің, республиканың басқа мемлекетке, республикаға тауар шығаруы (экспорт) немесе оны әкелуі (импорт) арқылы жүзеге асырылатын сауда. Сыртқы сауда экспорт пен импорттан құралады. Белгілі кезінде тауарлар экспорттың құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда балансы деп аталады.

Табыс, кіріс, түсім-белгілі бір өнімді өндіру, жұмысты атқарунәтижесінде тиісті кәсіпорындарға, сауда - өнеркәсіп мекемелеріне жән жеке адамдарға түсетін ақшалай табыс немесе материалдық игіліктер.

Ұдайы өндіріс- өндіріс процесінің үздіксіз қайталанып, жаңғыртылып отырылуы.

Тақырып № 1. Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санынаэкономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.

Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтікқұқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.

Ал американдықтар ынтасы зор, шешімді, ұтымды ой пікірлерге бай әрбір адам өз кәсібін бастап, оны дамытуға мүмкіндігі мол мемлекетте тұратындығына қашан да сенімді болған. Іс жүзінде кәсіпкерлікке деген бұл сенім жеке кәсіппен шұғылданатын адамнан бастап ғаламдық конгломератқа дейінгі көптеген көріністерді қамтыды.

19-шы ғасырдың екінші жартысында бастау алып, 20-шы ғасырда жалғасуын тапқан бұл тенденция ақыраяғы үлкен өзгеріске және экономикалық әрекеттің күрделенуіне әкелді. Көптеген салаларда шағын кәсіпорындар талғампаз және ауқатты халық қажет ететін тауарларды тиімді өндіруге мүмыкіндік берді қаржы табуда және өндіріс көлемін ұлғайтуда көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді. Осындай жағдайда көбінесе жүздеген тіпті мыңдаған жұмысшыларды жалдай алатын қазіргі заманғы корпорациялардың маңызы тұрақта түрде өсе түсті.

Қазіргі кезде Америка экономикасында жекеменшік кәсіпорындардан бастап әлемдегі ірі корпорацияларға дейінгі кәсіпорындардың алуан түрлері бар.

“Кәсіп ету” – қандай да бір жаңа істі бастау, орындауға шешім қабылдау, қандай да бір маңызды істі орындауға кірісу.

Әкімшілік – бюрократтық үлгінің орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолындағы реттеуші қызметтерді сақтай отырып, экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген.

Соңғы уақыттарында Қазақстанда кәсіпкерлік дамуда. Кәсіпкерлік жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуәкеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі.

Кәсіпкерлік мәнін “іскерлік” сөзі, оның мазмұнын жақсы ашады. Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында – тек қана экономикалық қызметте ғана емес, шоубизнесте, киноиндустрияда, спортта, әскерде де қажет.

Кәсіпкерлік – іскерлік белсенділік өнері.

Кәсіпкерлік – бұл алдымен ойлау процесі. Біз әр қайсымыз жеке ойлау иесі болғандықтан, осы іскерлік белсенділіктің нақты ауқымындағы әрбір кәсіпкердің табыстары да әртүрлі.

Табыс деңгейі ойлау деңгейін көрсетеді, бірақ бұнын өзі жеткіліксіз көбіне жолы болғыштық та үлкен роль атқарады. Бірақ “жолы болғыштық” ойлай алатындарға, үйренгендерге ғана көмек көрсетеді.

Оқытудың негізгі міндеті – әрбір адамға көмек көрсетуге тырысу.

Кәсіпкерліктегі ойлау, нақты іскерлікті жобалау – кәсіпкердің кезкелген жоспарлаған іскерлік операциялары немесе белсенділігінің бастапқы нүктесі түрінде көрінеді.

Философиялық көзқарас тұрғысынан кәсіпкерлік – жанның ерекше қалауы, іскерлік романтика түрі, адамның өзіне тән мүмкіндігін жүзеге асыру құралы ретінде сипатталуы мүмкін.

Кәсіби мағынада кәсіпкерлік өзінің бизнесін ұйымдастыра алуы және оған байланысты функцияларды жеткілікті, табысты жүзеге асыра алуы ретінде қарастырылады.

Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа болашақты ашты.

Кәсіпкерліктің әлеуметтікэкономикалық маңызы:

Ол нарықтық экономикаға икемділік береді;

Халықтың қаржы және өндірістік ресурстарын тартуға әсер етеді;

Монополияға қарсы әлеуеті бар;

Ғылыми – техниалық прогреске бағытталған алғы шарттарды жасайды;

Нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа әлеуметтік мәселерін шешеді.

Кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономиканың даму негізі.

Бұл міндетті шешуде біршама қиыншылықтар мен психологиялық бөгеулерді жеңу оңайға түспейді.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті дамытудың барлық алғы шарттары жасалған, соның ішінде меншікті жекешелендіру бойынша үлкен жұмыс жүзеге асты. Сол арқылы кәсіпкерлікті дамыту үшін мықты экономикалық негіз жасалды.

Тақырып № 2. Кәсіпкерлік қызметінің мазмұны.

Кеңес Одағының ыдырауымен және халық шаруашылығының реформалар кешені мен құрылымдық қайта құрулар арқылы экономикасы нарықтық қатынастарға өткен бірқатар тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен кәсіпкерлік жаңа күшпен жанданды және халықтың материалдық тұрмыс жағдайының жақсаруының, тұтастай елдің экономикалық өрлеуінің ішкі көзі болды.

Қазіргі уақытта ғалымзерттеушілер кәсіпкерлік проблемаларын әр түрлі жалпы экономикалық баптар тұрғысынан белсеңді қарастыруда: басқару, қолданылатын салық салу жүйелері, атқаратын қызметтері, мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейлерде шаруашылық жүргізуші субъектілерді қолдаудың әр түрлі құралдары, субъектілерді шағын, орташа және ірі кәсіпкерлікке жатқызудың сандық және сапалық бағалау өлшемдерін анықтау, кәсіпкерліктің қызмет атқару жүйелері.

Осы зерттеулер санының көптігіне қарамастан, отандық және шетелдік ғалымдарының еңбектерінде шешілмеген проблемалар әлі де көп. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлердің оныншы форумында, елде жеке кәсіпкерліктің көпшілікпен мақұлданған анықтамаларының болмауын, орташа және ірі кәсіпкерліктің аяғына дейін өнделген сандық және сапалық бағалау өлшемдерінің критерияларының, шағын кәсіпкерліктің соңына дейін ойластырылмаған ұғымдық аппараттарының жоқтығын атап өтті. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің мәнін анынтауда алдымен «кәсіпкерліктің» негізгі түсінігін нактылау қажет ашып және айқындалған орынды.

Кәсіпкерлік экономикалық жүйенің белгілі түрімен байланысты және оның пайда болуына бірнеше маңызды алғышарттарына себепші болды:

  • Азаматық қоғамның және құқықтық мемлекеттің пайда болуы;

  • Дүниеге келгеннен ажыратылмайтын құқықтар мен бостандықтыр кешенімен үйлестірілген, жеке адам санасының қалыптасуы және қоғам мен мемлекет мүддесіне қарсы келетін мүдделер;

  • өзінің қазіргі түсінігінде жеке меншікке ажыратылмайтын құқық санасының қалыптасуы мен нығаюы және сонымен байланысты экономикалық еркіндік немесе экономикалық тандау еркіндігі;

  • меншіктің мемлекеттік биліктен және соған сәйкес экономикалық биліктің саяси биліктен бөлінуі;

  • өмірдің экономикалық, әлеуметтік және саяси сфераларының бөлінуі;

  • нарықтық экономианың пайда болуы және тағы басқалары.

Жоғарыда айтылған алғышарттар өндірістің капиталистік тәсілін сипаттайды және автордың мәләмдеуінше, кәсіпкерлік өндірістің капиталистік тәсілінің өнімі болып табылады.

«Кәсіпкерлік», «кәсіпкер» және «кәсіпкерлік табыс» эволюциясының барлық кезеңдерін талдай отырып, берілген түсініктердің әрбір кезең сайын толықтырылғанын және түрін өзгерткенін айтуға болады. ХIV ғасырдан бастап, Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінің экономикасында натуралды шаруашылықтың тауарлыақшалай қатынастармен біртіндеп, бірақ әйтседе тез ығыстырылуы болды және мұнын бәрі алтын мен күміс түріндегі ақшаның қолда бар қорларының тапшылығы жағдайында өтті. Бұл жағдайларда ақша жеке алынған индивидум мен мемлекеттің тұтастай экономикалық ойының басты тақырыбы болды, өйткені олардың жеткілікті мөлшері өндірушілердің шаруашылық өмірінің бір қалыпты өтуіне және дамуына, демек, мемлекет табысының өсуіне мүмкіндік тұғызады.

Кәсіпкерлік теориясы ғасырлар бойы дамыды, оған классикалық экономикалық теорияға (саяси экономияға), неоклассикалық теорияға, кейнсианстваға, неолиберализмге және қазіргі заманғы экономикалық ілімдерге негізделген әр түрлі бағыттар тән. Әрбір бағыт мектеептер мен ілімдердің алуан түрімен сипатталады.

Берілген дәуірдің экономикалық қызметін жүйеге келтіру өз көрінісін меркантилизмде тапты, оның негізін қалаушы А.Монкретьен, Т.Ман, Р.Кантильон, Ж.Б.Кольбер және тағы басқалары болып табылады. Меркантилизм теориясының мәні келесі ерекшеліктермен сипатталады: алтын және қандай да болмасын қазыналар ел байлығын көрсетеді, олардың келіп түсуі дайын өнеркәсіптік өнімді импорттау арқылы сыртқы саудамен қамтамасыз етіледі. Осындай жағдайларда айналым сферасымен байланысты, өсімқор және көпес кәсіпкерлердің қызметі капитал қорлануының негізгі көздері болып табылады. Осы аралықта көпестердің сауда қызметінің мемлекет үшін мәні зор, оның нәтижелеріне жеке алынған индивидум мен жалпы ұлттың тұрмыс жағдайы байланысты болды. Сонымен, француз ақ сүйегі Антуан де Монкретьен кәсіпкеркөпестің сауда қызметін елге байлықты тартатын насоспен салыстырды.

Сөйтіп, орта ғасыр дәуірінде кәсіпкерлік деп көпестердің сауда, коммециялық қызметін, кәсіпкер деп – саудагерді (көпес) түсінді, ал кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда – бұл ақша түріндегі сыртқы сауда қорлары немесе асыл металдарды және тастарды шығару.

Француз тілінен таралған «кәсіпкерлік» (enttrepeneur) ұғымын экономика теориясына тұңғыш рет ағылшын банкирі, әрі экономисті Р.Кантильон енгізді. Р.Кантильон кәсіпкер деп бағаның тұрақсыздығы мен болашағын болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сату менсатып алу процестеріне қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле білмейтін адамдарды (саудагерлер, шаруалар, қолөнершілер т.б.) аталған. Оның пікірінше, кәсіпкердің басты ерекшелігі ретінде тәуекелшілдік қарастырылады.

Кәсіпкерлік ұғымын зерттеуге алғашқы ден қойғандар «саяси экономияның» ғылымы ретінде қалыптасуының іргесін қалаған физиократия мектебінің өкілдері болады. Аталмыш мектебінің негізін салушы Ф.Кэне (1694-1774), өнім өндіруші фермерлерге әр қашан жоғары баға беріп отырған. Физиократтардың пайымдауынша, жерді жалға алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкер – шаруа қоғамдық саудагерлікте басты роль атқарады. Бұл ғылыми бағытты француздік мемлекеттік қайраткері, әрі экономисті А.Тюрго (17211781) жалғастырған. Ол кәсіпкерлерді үш топқа бөлді: өнім өндіруші (жерді жалға алушылар), меншік иелері (жерді жалға берушілер) және өнім өндірмейтіндер (осы жұмысқа қатысушы қалған адамдардың барлығы). Соңғы топты А.Тюрго тағы да екі топқа бөлді: а) кәсіпкермануфактурашылар, фабрика басшылары және қарапайым қолөнершілер. ә) еңбек ақы алатын қарапайым жұмысшыларға аванс беретін кәсіпкер – капиталистер, яғни тікелей өнім өндірушілер. Ақырында ол кәсіпкер белгілі бір дәрежеде тәуекел етіп ғана қоймайды, сонымен қатар оның белгілі бір дәрежеде басқарушылық қабілеті де болуға тиіс деген түйін жасаған.

Француз экономисті Жан Батис Сей (1767-1832) кәсіпкерді өз есебінен тәуекелімен, өзіне пайда табу үшін өнім шығарушы адам – деп түсіндіреді. Ғалымның ойынша кәсіпкерде тұрақтылық, айналадағы жағдайды сезетін адамдармен түсінісе алушылық қасиеттерімен қатар өндірістің үш факторы – табиғат, еңбек пен капиталды – біріктіріп іске қоса алатын мықты қабілеттілік болуы тиіс.

Неміс ғалымдары М.Вебер (1864-1920) «кәсіпкерлік дегеніміз – іс адам үшін емес, адам іс үшін өмір сүру тәсім» десе, В.Зомбарт (1863-1947) кәсіпкерлікпен сәтті айналысу үшін әр заманның өзіне тән рухы терең сезініп, дөп басып білу керек, тек осылай өткенде ғана кәсіпкерліктің ісі оңға басылады деп түсіндіреді.

Кәсіпкер әрбір мүмкіндікке дұрыс баға беріп, оның көп формасының ішінен жаңа кәсіпорынды ұйымдастыруға ең қолайлысын таңдауы қажет. Қолайлы мүмкіндіктер ресурстарды тиімділігі төмен аймақтардан тиімділігі жоғары аймақтарға ауыстыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде кәсіпкерлік қауіптер, есептелінетін және есептелімейтін формаларда көрінетін, екі бөлікке бөлінеді. Қауіптің бірінші түрі – бұл жай қауіп. Екіншісі – белгісіздік. Егер қауіп нәтижелердің белгілі жинағын болжаса, онда белгісіздік, өндірілген өнім немесе қызметтерге сұраным мен ұсынымның сәйкессіздігімен қамтылған, үнемі өзгеретін нарықтық жағдаймен байланысты. Кәсіпкердің негізгі сипаттамалары сақтық, тәкаппарлық, ұқыптылық, ұстамдық, пайданы алудың пайда болған мүмкіндіктеріне сезімпаздық және ең бастысы, қоршаған ортада болашақта болатын өзгерістерді болжау сияқты белгілермен толықтырылды. Ал кәсіпкерлік пайда, неолибералистер пікірі бойынша, бұл күтілген және нақты түсімдер арасындағы ойда болмаған айырма, ол Й.Шумпетердің (J.Schumpeter) кәсіпкерлік табыс анықтамасына сәйкес келеді. Ғасыр ғалымдарының экономикалық ойларын жүйеге келтіру кәсіпкерлік түсінігін ескішілдікке негізделген бизнестен түбегейлі өзгешеленетін, инновациялық процесс ретінде; кәсіпкерді – қолайлы мүмкіндіктерді іздеестіретін және өз қызметін болжай алатын, жаңашыл ретінде; кәсіпкерлік табысты – бұл тек пайда емес, сонымен қатар үстеме пайда ретінде анықтауға мүмкіндік береді.

XX ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап кәсіпкерліктің проблемалары отандық ғалымдардың және ТМД елдерінің ғалымдарының еңбектерінде кеңінен қарастырылады. Әрине, жүргізілген зерттеулерде кәсіпкерлікке, кәсіпкерге және кәсіпкерлік табысқа ортақ анықтама берілмеген. Сонымен қатар, бірқатар авторлардың айтуынша, зерттеушілердің барлық талпыныстары алғашында сәтсіздікке ұшырайды. Бұл әр түрлі елдердегі кәсіпкерлікті дамытуда мемлекетпен жүргізілетін саясатқа, қойылған зерттеу мақсаттарының әр түрлілігіне, тікелей кәсіпкерліктің даму деңгейіне және тағы басқаларға байланысты. Сонымен бірге, соңғы еңбектерде кәсіпкерлік процесін өзін жаңарту мен өзін ұйымдастырудың синергетикалық модельі ретінде қарастырған. Кәсіпкерлер жұмысты тиімді жүргізу нәтижесінде капиталды жинау мүмкіндігіне ие болады. Өндірістің алдағы дамуы спираль бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен, кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызмет проблемалары ғалымзерттеушілермен ертеректе және әр түрлі варианттарда қарастырылды. Орындалған экономикалық зерттеулер талдауының негізінде, кәсіпкерліктің экономикалық мәнін нақтылап, толықтыруға талпынып, «кәсіпкер»(enterpmeneur) категориясын тұжырымдау қажет. Сөйтіп, әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу мен қорыту кәсіпкердің келесі сипаттамаларын ажыратуға мүмкіндік берді:

  • кәсіпкер – бұл қауып, белгісіздік;

  • кәсіпкер – бұл пайданы және үстеме пайданы, яғни кәсіпкерлік табысты алу;

  • кәсіпкер өндірістің барлық факторларын үйлестіреді: еңбек, жер, капитал;

  • кәсіпкер жаңалықтарға бейім: жаңа өнім мен қызметтергді өндіруге, жаңа әдістерді енгізуге және өткізудің жаңа нарықтарын іздеуге, инновациялық менеджментке; т.б.

  • кәсіпкер – бұл кәсіпкерлік істі жүргізу үшін жігерлі, білім мен ақпараттың белгілі деңгейін меңгерген адам;

  • кәсіпкер, табыс алу мақсатында, жаңа идеялардың болашағын бағалауға, алынған ақпаратты талдауға және нарықтың қалыптасқан коньюктурасы тұрғысынан шешімдерді қабылдауға қабілетті болуы;

  • кәсіпкер кез келген, әсіресе белгісіз жағдайларда бір ғана дұрыс шешімді қабылдауы тиіс.

Кәсіпкердің берілген қабілеттері, кәсіпкерлік процестің барлық сатыларына (өнімді құру сатысы, еңбек өнімін өндіру сатысы, еңбек өнімін тұтыну сатысы) сәйкес бірқатар белгілі функцияларды орындау арқылы жүзеге асады. Ол:

  • сатып алушылардың сұранысын және олардың төлем қабілетін зерттеу бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу;

  • өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ететін, бұйымның белгілі өлшемдері мен сыртқы түрі бойынша техникалық құжаттарды дайындауға;

  • бұйымдардың тәжірибелік үлгілерін дайындауға;

  • өнімді өндіруді барлық қажетті шикізат, материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуге;

  • берілген өнімді өндіру үшін ең жетілген технологиялық процесс пен басқарудың тиімді схемасын таңдауға;

  • халықтың төлем қабілеті едәуір жоғары өткізу нарықтарын анықтауға міндетті.

«Кәсіпкер» түсінігінің ұсынылған сипаттамаларын және оны орындауға тиісті функцияларының тізімін пайдаланып, «кәсіпкерлік» анықтамасын нақтылауға тырысамыз, және де берілген анықтама кәсіпкерліктің әр түрлі формасына қатысты алғанда толық, онда тек сапалық сипаттамаларорын алып, сандық бағалау өлшемдері мен шаруашылық жүргізу субъектілердің ұйымдастыруқұқықтық формаларының болмауы тиіс. Өйткені, кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің сандық сипаттамалары мен ұйымдастыруқұқықтық формалары арнайы қабылданған нормативтіқұқықтық актілермен бекітіледі. Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатында өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін, қауіп пен белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын инновациялық процесс.

Кәсіпкерліктің берілген анықтамасы қазіргі заманғы кәсіпкерліктің табиғатын сипаттайтын шарттармен толықтырылуы және оның кәсіпкерлердің күнделікті қызметінде бағыттаушы болуы керектігін атап өту қажет. Кәсіпкерліктің отандық теориясында қазірге дейін кәсіпкерлік мәнінің нақты анықтамасы жоқ, әдетте ұсынылатын тұжырымдар кәсіпкерлік қызметтің мақсатын көрсетеді немесе кәсіпкерлікті әдеттегі бизнеске теңестіреді. Сонымен, бұл процесті пайданы алу мақсатымен экономиканың әр түрлі аймақтарындағы қызмет ретінде сипаттайтын, кәсіпкерліктің тұжырымдары бизнес пен кәсіпкерлікті теңестіреді, ал жоғарыда келтірілген талдау, кәсіпкерліктің инновацияға негізделген бизнестің ерекше түрі екендігін, оның қызметінің нәтижесі орташа пайданы алу емес, үстеме пайданы, яғни кәсіпкерлік табысты алу болып табылатындығын көрсетеді. Кәсіпкерліктің басқа тұжырымдары оны шаруашылық жүргізудің инновациялық бағыты ретінде сипаттайды.

Кәсіпкерлік процесстегі шаруашылықты жүргізудің инновациялық бағыты ғалымдармен әр түрлі көзқараста түсіндіріледі. Бір ғалымдар, инновация – бұл жаңа өнім, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдістері, жаңа техника және аналогтары жоқ технологиялар деген Й.Шумпетердің пікірін қолдайды. Басқа ғалымдар иммитацияны жеке шаруашылық жүргізуші субъектінің инновациялық бағыты деп санайды, яғни жаңалықтарды белсеңді түрде шеттен алып пайдалану ол үшін инновация болып табылады. Иммитациялық процесті жүзеге асыру тек елде ғана емес,сонымен қатар оның сыртында да пайда болған жаңа идеяларды енгізу бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілермен көрсететін ынталы қызметсіз мүмкін емес. Сонымен қатар, еліктеушілер өз қызметімен жаңашылдарды жаңа ойларды дайындауға итермелейді. Ғалымдардың келесі тобы инновациялық бағыт белгісін «ресейлік экономиканың кәсіпкерліктің субъектілері көздейтіе ақырғы мақсаттарға, әдістер мен тәсілдерге қатыссыз нарыққа ауысуына көмектесудің» факторы ретінде кең түрде қарастырады. Осының нәтижесінде нарықтық қатынасты қалыптастыру мен дамытудың барлық белсеңді қатысушыларын жаңашылдар деп қорытуға болады. Жоғарыда айтылғандарға сүйеніп, оның қазіргі жағдайдағы ісәрекеті мен пайда болуын ескеріп кәсіпкерлікті былайша түсіну қажет:

«Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретің және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзінөзі ұйымдастыру және өзінөзі жаңарту процесі.

Ал кәсіпкер – бұл табысты алу мақсатымен қауіп және белгісіздік жағдайларында жұмыс істейтін, өндірістікшаруашылық қызметтің барлық аймақтарындағы жаңалықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың белгілі деңгейіне ие адам. Өз кезегінде кәсіпкерлік табыс – бұл кәсіпкердің пайдасы (таза табыс)және үстеме пайдасы».

Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің тектілік түсінігіде өлшемдер және мөлшерлік бағалау өлшемдері жоқ, кәсіпкерлік процесс ынтамен, жаңалықпен байланыстырылған, олардың негізгі мақсаты кәсіпкерлік табысты алу. Кәсіпкерлікті, кәсіпкерді және кәсіпкерлік табысты сипаттайтын, негізгі қағидалардың бірдей дәрежеде шағын, орташа және ірі кәсіпкерлікке қатысты екендігін атап кету қажет, бірақ сонымен қатар кәсіпкерліктің әрбір формасының өзіне тән ерекшелігінің болатынын ескереміз.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті жандандыру процесі экономикалық және инвестициялық дағдарыстармен; білікті мамандардың жоқтығымен; нормативтіқұқықтық базаның жетілдірілмеуімен, коррупциямен, тікелей шаруашылықкоммерциялық қызметпен, тұрақты қауіппен, капиталдың тапшылығымен; шаруашылық жүргізуші субъектілердің моральды және табиғи тозған материалдық базасымен байланысты қиын жағдайларда өтуде. Осыған қарамастан Республикада кәсіпкерлік қызметтің алғашқы жемістері бар, бірақ оның көпшілігі сауда мен делдалдық қызметтерде.

Кәсіпкерлік – адамдармен олар құрған бірлестіктерді белсеңді, дербес шаруашылық қызмет. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті шығармашылық күшжігерді жүзеге асыруға, экономикалық ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағытбағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестік, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлықпен жаңашылдық танытуға, ғылымитехникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.

Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар болып табылады:

  • Қазақстанның азаматтары;

  • Шетел мемлекеттерінің азаматтары;

  • Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы, біріккен серіктестер, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, қожалықтар, әр түрлі бірлестіктер, корпорациялар т.б.).

Кәсіпкерлік – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсеңділігі және іскерлігі. Белсеңділік және іскерлік – адамның адамның еркін өмір сүру түрі. Белсеңділік, іскерлік адамдардың мінезқұлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Павловтың классификациясы бойынша адамдардың қандай типтері белсеңді,іскер болар екен? Өздерініз ойланызшы: холерик пе, сангвиник пе, флегматик пе, әлде меланхолик пе? Сан есебінен алғанда белсеңділік өте азғантай энергетикалық шығыннан шамадан тыс энергия шығынына дейін, кейде қоғамдық идеалды іске асыруға дейін бару мүмкін. Мысалы, Париж коммунасы, Ұлы Октябрь социалистік революциясы. Сапа жағынан спонтандық белсеңділік (ішкі себептермен пайда болған, сартқы әсерлерден болмаған), өмірдің шектелген түрі және еріксіз белсеңділік (қайғықасірет шегу), сонымен бірге еркін белсеңділік. Адамдардың белсеңділігі әр түрлі болады: саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери, тарихи, аудандық т.б. болып бөлінеді.

XVI ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды, акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы,1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660 жылы ОстИндия сауда компаниясы, XVII ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бірбірімен баламалап, теңестіріп, қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкерлік – ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды.

Экономикалық ғылымда “кәсіпкерлік қабілеттілік” деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнесте қатынастардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Барлық күш қуатын жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін экономикалық қызметі. Ал кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі парапар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.

Кәсіпорын мүліктерінің қайнар көзі:

  • Кәсіпорын құрылтайшыларының материалдық және ақшалай жарнасы;

  • Өнім, қызметкерден түскен түсіммен пайда;

  • Құнды қағаздар және олардан түскен пайда;

  • Инвестиция және бюджеттік дотация;

  • Қайырымдылық жарнама;

  • Мекемелер мен тұрғындардың көмегі;

  • Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін конкурс, аукцион арқылы сатып алу;

  • Мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін акционерлік қоғам арқылы сатып алу:

Кәсіпорынның функционалдық механизмі. Нарық жағдайында кәсіпорынның әлуеметтікэкономикалық рольі өзгереді: негізгі талап – пайда табу; көп өндірудің орнына, қойма толтыру емес, өткізу; өз бетімен жұмыс істеуді кеңейту; банкроттықты болдырмау т.б.

Өндіріс процесіндегі басты элемент таңдап алынған технология варианты. Тек қана таңдап алынған технология ресурстардың құрылуын айқындайды. Таңдап алынған технология ресурстардың құрылуын айқындайды. Таңдап алынған технология екі көрсеткішпен: өндірілетін өнім бағасымен және оның сапасымен тығыз байланысты.

Тақырып № 3. Кәсіпкерлік қызмет түрлері.

Кезкелген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклының типтік фазаларына байланысты болғандықтан, кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерін бөліп көрсетеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық кәсіпкерлік. Соңғы он жылдықта әлемнің барлық экономикалық дамыған елдерінде кәсіпкерліктің жеке түрі ретінде кеңестік (консалтинг) кәсіпкерлік бөліп көрсетілуде.

Көрсетілген кәсіпкерліктің түрлерінің ішінде әр қайсы бірнеше түрлерге бөлінген. Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауға болады. Мұнда өнімді, тауарларды өндіру, жұмыс, қызметтер көрсету жүзеге асады, белгілі бір рухани құндылықтар жасалады. Бірақ осы қызмет сферасы нарықтық экономикаға көшу кезінде көп, жағымсыз өзгерістерге ыдырады: Шаруашылық байланыстар ыдырады;

Материалдықтехникалық қамтамасыз ету бұзылды; Өнімді өткізу күрт төмендеді; Кәсіпорындардың қаржы жағдайы нашарлады. Кәсіпкер алдымен өндірістік қызмет түрін таңдайды, басқа сөзбен айтқанда, қандай тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндіретінін ойлайды. Одан кейін ол тауарды сатып алатын әлеуетті тұтынушылармен қатынас жасайды. Басқаша айтқанда кәсіпкерлікке маркетингтік қызмет кіреді.

Келісімнің бұл фазасы заңдық жасалуы мүмкін. Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өндіріс факторларын қолданады: жұмысшы, өндірістік қорлар, материалдар, ақпараттар. Бас кезінде өндіріс факторларының біразы кәсіпкердікі болуы мүмкін, ал жетіспейтіні ол бастамас бұрын немесе кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асу процесінде алуға мәжбүр болады. Кәсіпкер өз күшімен орындай алмайтын қызметтер мен жұмыстар қажет болса, онда ол басқа ұйымдар мен адамдарды тартады. Жұмыстар мен қызметтер ақша төлеуді талап етеді. Егер кәсіпкерде бастапқы капитал болмаса, ал ақшасы барлардан қарыз алуға мәжбүр болады. Өндірістік кәсіпкерліктің нәтижесі өндірілген тауардың белгілі көлемін тұтынушыға сатып, оларға ақша түсімін алу. Венчурлық бизнес.

Инновациялық кәсіпкерлік туралы айта отырып, соңғы жылдары кең дамыған венчурлық бизнесті еске салуға болады. Венчурлық бизнес, әдетте тәуекелді бизнес ретінде түсіндіріледі. Бұл технологиялық жаңалық еңгізудің бір түрі. Вечурлық бизнес ғылыми зерттеулердің нәтижесі ғылымды көп қажет ететін, жоғары технологиялық облысты коммерцияландыруға тән, тиімді алу кепілдігі жоқ және тәуекел үлесі жоғары.

Венчурлық фирма дегеніміз, әдетте, алдын ала анықталмаған табыспен, яғни капиталды тәуекел салыммен, жаңа технологияны және өнімді жасаумен енгізумен айналысатын коммерциялық ғылымитехникалық фирма. Коммерциялық кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерлікте негізгі рольді тауарақша, саудаайырбас операциялары атқарады. Бұл сатып алу сату бойынша келісімдер. Өнімді шығаруға қажет өндірістік қорлармен қамтамасыз етудің қажеті жоқ. Коммерциялық келісімді нарықты талдау бастайды, нәтижесінде тауарды сатып алу және сату көлемі, сатып алу бағасы, өткізу бағасы болжанады. Коммерциялық келісім бағдарламасына жатады: Сатып алу операцияларын орындауға, тасымалдауға, тауарды сатуға, жарнама жұмысын және т.б. жүргізуге қызметкерді жалдау; Келесі сату үшін тауарды сатып алу; Тауарды сақтау және өткізу үшін орындар, қоймалар, сауда нүктелерін жалдау; Келісімге тікелей қатыспайтын, бірақ өздерінің ақылы қызметтерін ұсынатын басқа ұйымдар мен адамдардың қызметтері мен алу және ақы төлеу; Келісімді қаржыландыру үшін қарызға ақша қаржыларын тарту және соңынан пайызбен қарызды қайтару; Келісімді жасауға қажет ақпараттарды алу;

Тауарларды тұтынушыға өткізу және түсім алу; Келісімді тіркеу, салық төлеу. Қаржы кәсіпкерлігі. Қаржы кәсіпкерлігінде сатып алу, сату объектісі, ерекше тауар, ақша, валюта, құнды қағаздар. Коммерциялық қызметтің басқа түрлері сияқты, қаржықарыз келісімін құнды қағаздар нарығын талдаудан және әлеуетті тұтынушыларды іздеуге, табуға байланысты маркетингтік қызметтен бастайды. Қаржы кәсіпкерлігінде қызметтің ерекше түрі бөліп көрсетіледі, кәсіпкер құнды қағазды өндіреді, оны сатады, белгілі жағдайда және міндеттемеде қаржы тауары ретінде орналастырады. Оның кәсіпкерлік қызметінің мәні осында. Қаржы кәсіпкерлігі ақпараттарды біраз көздерден алуды талап етеді. Бұл ақшаны, валютаны, құнды қағаздарды әлеуетті тұтынушылар туралы, валюта курсы, қарыз пайызы туралы, қаржы қарыз операцияларын жүзеге асыру шарттары және оларды жасау тәртібі туралы, кәсіпкерге қажет ресурстар көзі туралы мәліметтер. Егер мұндай ақпараттар кәсіпкерде болмаса, ол төлеуге сыртқы көздерден оны алуға және оған ақшалай сыйлық мәжбүр болады. Қаржы келісімінің негізгі бөлігі (тұтынушыға ақшаны, валютаны, құнды қағазды сату) ерекше назарды және мұқият ресімдеуді қажет етеді.

Сатып алушының қаржылық жағдайын мұқият тексеріп, кепілдік мүмкіндігін бекітіп, сатып алушы үшін кепілдік беруге келісуші кепілді анықтау қажет. Кеңес кәсіпкерлігі. “Консультант” сөзі латынның “кеңес беруші” сөзінен шыққан. Өз мамандығының сұрақтары бойынша кеңес беретін, белгілі облыстағы маман. Шетел тәжірибесінде басқару сұрақтары бойынша коммерциялық, ақылы кеңес консалтинг деп аталады. Консалтингтік қызметтер ауызша бір рет айтылатын кеңес түрінде жүзеге асуы мүмкін. Көбінесе олар консалтингтік жоба түрінде ұсыналады және оған келесі негізгі кезеңдер кіреді: Мәселені анықтау (диагностика); Шешімдерді, жобаны жасау;

Шешімдерді, жобаны жүзеге асыру. Жобаның көлеміне байланысты қорытынды кезең бірнеше күннен бірнеше айларға созылуы мүмкін. Кей уақытта клиенттен қатынас бірнеше жыл болуы мүмкін. АҚШта жеке консалтинг саласы – бұл 700 мың адам, ал қызметінің жылдық көлемі 500 млрд. долл. құрайды. Бірде бір күрделі экономикалық және басқару шешімдері экономикасы дамыған елдерде ғана емес, дамушы елдерде де кеңесті қолданусыз қабылданбайды. Делдалдық. Делдалдық кәсіпкерліктің түрі. Делдал тікелей өнім өндірмейді, тауарларды, валютаны, құнды қағаздарды сатпайды, қарызға ақша ұсынбайды, бірақ барлық осы операциялардың жүзеге асуына және сәйкес шарт жасауына ықпал етеді. Делдал көбінесе өндіруші мен тауарды сатушы, бір жағынан сатып алушы, екінші жағынан тұтынушы арасында тұрады, оларды кәсіпкерлік шарттың жасауға біріктіреді. Бизнестің бұл ерекше түрі басқалармен тығыз байланысты, өндірістік, саудакоммерциялық, қаржы кәсіпкерлігінің құраушы бөлігі; өндірістік, сауда коммерциялық, қаржы қарыз сферасындағы делдалдық туралы айтуға болады. Сақтандыру кәсіпкерлігі.

Мемлекеттік міндетті сақтандыру қазір әлеуметтік сақтандыру түрінде сақталды – бұл мемлекеттік зейнет ақымен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру бұл бизнеске жатпайды. Кәсіпкерлікке мүлікті сақтандыру, өмірді және денсаулықты сақтандыру, тәуекелді жауапкершілікті сақтандыру түрлері тікелей жатады.

Кәсіпкерліктің әртүрлерінің үйлесуі. Кәсіпкерліктің барлық түрлері өзара бірі бірімен өте тығыз байланысты, бір түрімен айналыса отырып, еріксіз немесе қызығушылығы бойынша қандай да бір дәрежеде басқасымен кездеседі. Өндірістік кәсіпкерлік коммерциялыққа ұласады, өйткені өндірілген тауарды сату немесе айырбастау қажет. Өндіру сату қаржы операцияларына байланысты, ақша қаржысын талап етеді, сондықтан өндірістік және коммерциялық кәсіпкерлік қаржылықпен тығыз байланысады.

Кей кезде бір кәсіпкерлікте өндіруші, сатушы, қаржыгер тұтас үйлесіп, бірлеседі. Кәсіпкерліктің барлық түрі байланысты және бір біріне кіреді.

Тақырып № 4. Мейманхана, мейрамхана қызмет сферасындағы кәсіпкерлік.

Кәсіпкерлік қатысушы – меншік иелерінің санына байланысты келесі нысандарға бөлінеді: жеке және ұжымдық.

Кәсіпкеріліктің бұл нысандары, өз кезегіндегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі реттейтін кәсіпорынның белгілі ұйымдасытыру құқықтық нысандары шегінде жүзеге асады.

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдасытыру нысаны кәсіпорынның әріптестері арасындағы қатынас және мемлекеттік ұйымдарымен және басқа кәсіпорындармен қатынас туралы белгілі нормалар жүйесі.

Кәсіпкерліктің ұйымдастыруқұқықтың нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға байланысты:

  • Жеке капиталдың болуы немесе оны тарту мүмкіндіктері;

  • Кәсіпкерлік қызметтің сипаты және масштабы;

  • Кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі;

  • Кәсіпкердің жеке тәжірибесі және ұйымдастыру қабілеттері;

  • Нарық жағдайы және басталатын бизнестің көптеген негізгі ерекшеліктері, сонымен қатар осы және басқа кәсіпорын нысандарының қасиеттері.

Ұйымдастыруқұқықтық нысанды таңдау кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет. Оны толығырақ қарастырайық. Заңды тұлғаны құрусыз кәсіпорындар түріндегі жеке нысандар бастамалық жеке кәсіпкерлікке жатады. Жеке кәсіпкерлікте меншік бір жеке тұлғаға жатады. Әдетте жобаны жүзеге асыру жеткілікті ресурстары бар индивидум және шешім қабылдау процесін жеке өзі бақылауға бейім, толық материалдық және заңдық жауапкершілік алуға дайын, фирманың дара иесі болып, жеке кәсіпкерлік нысанын қалайды.

Кәсіпкерліктің осы нысанының артықшылықтары бар, олар тәуелді болмау, ұтқырылық, материалдық қызығушылық және т.б.

Жеке кәсіпкерлік өндірістік секторда шамалы орын алады, көптеген жағадайларда қол еңбегі мен өндірістің әмбебап өнімділігі аз құралдарын қолданады, ҒТП жетістіктерін жеткіліксіз деңгейде пайдаланады. Жеке кәсіпкерлікте капиталды тарту иесінің өзінің жеке қаржысын салуына негізделген?

Жеке кәсіпкер өзінің кәсіпорынының міндеттеріне барлық өзінің жиынтық мүлігімен, жеке меншігімен жауапкершілік алады. Жеке кәсіпкерлікте пайда болған тәуекел оның барлық дәулетіне таралады. Кәсіпкерліктің осы түрінен пайда иесіне тиесілі.

Ұйымдастыруқұқықтық нысанына серіктестікті, қоғамдарды, кооперативтерді жатқызуға болады.

Бірақ үлкен көлемдегі қаржы ресурстарын қалаумен қатар, жеке материалдық жауапкершілік жоғары және тәуекел өседі, сондықтан үлкен жобаларды жүзеге асыру үшін негізінде “меншік иелерінің саны” белгісі бар, ұжымдық кәсіпкерлік нысанын таңдаған жөн.

Ұжымдық кәсіпкерлікте меншік бір уақытта әрбірінің белгілі, үлесі бар және белгісіз үлесі бар (біріккен меншік) бірнеше субъектілерге жатады. Оларға серіктестік, акционерлік қоғам, кооператитерді жатқызуға болады.

Серіктестік екі және одан көп әріптестердің қатысуымен құрылады. Серіктестіктің артықшылығы қосымша капиталды тарту мүмкіндігі және кәсіпорын ішінде әрбір әріптестің білім және қабілеті негізінде мамандануды жүзеге асыру болып табылады.

Осы нысанның кемшілігі: әрбір қатысушы өзінің салымының мөлшеріне байланыссыз тең материалдық жауапкершілік алады; бір әріптестің әрекеті барлық қалғаны үшін, егер олар осы әрекеттерге келіспесе де міндетті болып саналады.

Серіктестіктің қатысушылары екі топқа – толық серіктестік (жауапкершілігі шектелмеген серіктестік) және коммандиттік серіктестер жауапкершілігі шектелген серіктестікке бөлінеді.

Коммандиттік серіктестікте әріптестердің бір бөлігінде шектелмеген, ал бір бөлігінде шектелген жауапкершілік болуы мүмкін.

Қоғам екіден кем емес азаматтар немесе заңды тұлғалардың келісімі бойынша шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында, олардың салымдарын (ақшалай және натуралды түрде) біріктіру жолымен құрылады.

Жауапкершілігі шектелген қоғам (ЖШҚ) қатысушылары оның міндеттері бойынша жауап бермейді. Олар тек енгізген салымдарының құны шегінде жауапкершілік алады. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам қатысушылары өздерінің барлық мүліктерімен жауапкершілік алады.

Ең көп таралғаны акционерлік қоғам (АҚ). Олардың ерекшелігі оларға құнды қағаз – акция шығару жолымен қажет қаржыны тарту құқығы берілген. Акционерлік қоғам қатысушылары оларға тиісті акциялар құны шегінде оның қызметінің нәтижелеріне жауапкершілік алады.

Кооперативтер – мүліктік пай жарналары негізінде біріккен өндірістік және шаруашылық қызмет үшін тұлғалар тобы құрған кәсіпорын.

Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыруэкономикалық нысандарына: концерндер, ассоциациялар, консорциумдар, синдикаттар, картелдер, қаржыөнеркәсіптік топтарды жатқызуға болады.

Концерн – қатысу жүйесі арқылы кәсіпорынды бақылайтын көп салалық акционерлік қоғам. Концерн өзіне еншілес әртүрлі компаниялардың, акцияларының бақылау пакетін алады. Өз кезегінде, еншілес компаниялар басқа акционерлік компаниялардың, (басқа елдерде орналасқан) акциялардың бақылау пакеттерін иелену мүмкін.

Ассоциация – экономикалық еркін кәсіпорындардың, ұйымдардың өз еріктерімен бірігу нысаны.

Ассоциация құрамына белгілі террторияда орналасқан маманданған кәсіпорындар және ұйымдар кіреді.

Ассоциацияны құрудың негізгі мақсаты – ғылымитехникалық өндірістік, экономикалық, әлеуметтік және басқа міндеттерді бірігіп шешу.

Консорциум – ірі қаржы операцияларын бірігіп жүргізу масатында кәсіпкерлердің бірігуі (мысалы, ірі өнеркәсіп жобасына үлкен инвестицияны жүзеге асыру).

Кәсіпкерлердің мұндай бірігуі ірі жобаға қаржы салу мүмкіндігін береді, мұнда ірі салымдар кезінде туатын тәуекел біршама азаяды. Өйткені жауапкершілік қатысушылардың көпшілігіне бөлінеді.

Ғылымитехникалық революция жағдайында консорциумдар жаңа салаларда және әртүрлі салалардың түйіскен жерінде пайда болады, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізуді қарастырады.

Синдикат – бір сала кәсіпкерлерінің арасындағы артық бәсекені жою мақсатымен өнімді өткізуге бірігуі.

Картель – бір сала кәсіпорвндары арасында өнімге баға туралы, өткізу нарығын, жалпы өндіріс көлеміндегі үлесін бөлу туралы қызметтер және т.б. келісімді білдіреді.

Кәсіпкерліктің жаңа ұйымдастыруэкономикалық нысандары қаржылық өнеркәсіптік топтар, ол өнеркәсіптік, банктік, сақтардыру және сауда капиталының, сонымен қатар кәсіпорынның (интеллекттік) парасаттық әлеуетін біріктіру.

Тақырып № 5. Мейманхана, мейрамхана қызмет сферасындағы кәсіпкерліктің ерекшеліктері.

Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді. Олар экономиканы қайта құру қарқынын жедел тездетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге көмектеседі. Шағын бизнестің нақты ролі келісілерде айқындалады:

  • жаңа жұмыс орындарын құрады;

  • жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіреді;

  • ірі кәсіпорындардың қажеттіліктерін өтейді;

  • арнайы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз етеді.

Жаңа жұмыс орындарын құру – шағын бизнес өзімен алып жүретін маңызды факторы. Тұрғындардың негізгі бөлігінің тіршілігін қамтамасыз ететін фактор болып қана қоймай, сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге себеп болатын маңызды фактор. АҚШ –нда 7 млн. шағын фирмалар 100 млн. адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.

Жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіру – шағын бизнес бұл саладағы лайықты қызметі қауіпсіз бритваны, электрондық қол сағатын, вертолеттарды, тот баспайтын құрыштарды, көшіретін аппараттарды және тағы басқалар болып табылады. Мысалға АҚШда шағын бизнес барлық қызметтердің 60% өндірген, барлық өнімдердің жартысын, барлық идея мен жаңа енгізілімдердің жартысына жуығын ұсынады.

Шағын кәсіпорындар тек қана жаңа жұмыс орындары мен тауарларды даярлап ұсынып қана қоймай, сонымен қатар, клиенттердің айрықша қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мысалы, ескі сағаттар мен антиквариаттық тауарларды жөндеуге шағын бизнес икемдірек болады.

Кіші бизнес дамыған ірі компаниялармен бәсекеге түсіп, үлкен жетістіктерге жете алады. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, фирманың іскерлік стратегиясын өзгерту үшін ірі кәсіпорындарға 6 жыл және одан да көп уақыт қажет. Шағын фирмалар үшін бұл мерзім жарты жылдан бір жылға дейін барады. Екіншіден, дәстүрлі саналатындай, технологиялық инновациялар ірі бизнестің саласы. Бірақ статистика бойынша екінші дүниежүзілік соғыстан кейін технологиялық инновацияның радикалды 95%ы кіші бизнес саласынан шықты. Қазіргі кезде шағын фирмаларда инновация мен ашылулар ірі фирмаларға қарағанда 24 есе көп.

Сондықтан, Европалық Қауымдастықтың экономика жеке секторының 15,7 миллион кәсіпорны кіші және орта бизнес кәсіпорындары болып келуі кездейсоқ жағдай емес. Шағын бизнес кәсіпорындары қоғамның дамуына үлкен үлес қоса отырып, жұмыс орнының 70%ын қамтамасыз етті (62млн). Статистика бойынша 16 миллион адам өзіне жұмыс істей бастады, 46 миллион адам жалдамалы жұмысқа тұрды.

Көптеген мемлекеттердің ғалымдары ұзақ уақыт бойы шағын бизнеске анықтама беруге тырысқан. АҚШ Комитет Конгрессі кіші бизнеске 700дей анықтама берген. Шағын бизнесті сипаттау үшін көптеген критерийлер бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмысшылар саны, депозиттер көлемі, пайда көлемі. Олардың кең тарағаны жұмысшылардың саны болып табылады. Германияда шағын бизнеске 1ден 500ге дейін жұмысшылары бар кәсіпорынды жатқызады. Олар төрт категорияға бөлінеді: 20дан 49ға дейін; 50ден 99ға дейін; 100ден 199ға дейін; 200ден 499ға дейін. Германияда жылдық айналымы 3,5нан 11,5 миллионға дейін болатын кәсіпорындар шағын кәсіпорындарға жатады. Жұмыс орындарының үштен екі бөлігін шағын кәсіпкерлік қамтамасыз етеді.

Критерилер

Ірі бизнес

Шағын бизнес

1

Өндіріс және қызмет көрсету саласы

Өнеркәсіп, отынэнергетикалық кешен, энергетика

Өндіріс, сауда, қызмет көрсету саласын қамтамасыз етуші

2

Шығарылатын өнім сипаты бойынша

Жалпылай өндіріс

Ұсақ немесе жекелеген өндіріс

3

Жаңа енгізілімдерге ыңғайлылығы

Инновациялық ашылуларға өте ыңғайлы емес

Іріге қарағанда 24 есеге жаңа енгізілімдер көп

4

Стратегияның өзгеруі

610 жыл

0,51 жыл

5

Қызмет ету аясы

Ірі қалалар мен өнеркәсіптік кешендер

Ірі, сонымен қатар шағын қалаларда

6

Бәсекелік ортаны құруы

Нарықтың ауқымды үлесін қамту есебіне бәсекенің шектелуі

Бәсекелік ортаның күшейтеді

7

К/о тіркеу және қалыптастыру

Әжептәуір қаржылық шығындар және тіркеу процедурасының ұзақтылығы

Минималды алғашқы шығындар мен тіркеушілік талаптар

8

Жаңа жұмыс орындарын құру

Жұмыс орындарын құру қарқыны елеулі түрде төмен

Жұмыс орындар өте тез қарқында құрылады

9

Жұмыс күшін оңтайландыру мүмкіншілігі

Жұмысшылардың тар мамандануы есебінен болмайды

Жұмысшылардың бірінбірі ауыстыра алушылығы нәтижесінде іске асады

10

Басқару құрылымы

Аумақты, айбынды басқару

Басқару аппаратындағы минималды жұмыскерлер саны, икемділігі

11

Басқару жүйесіндегі мүдделерді ұйқастыра білу

Құрылтайшылар мен менеджерлер мүдделерінің сәйкес келмеуінен іске аспайды

Басқару жүйесінде қарамақайшылық кездеспейді

Кесте 1. Ірі және шағын бизнестің салыстырмалы талдауы

Жапонияда шағын және орта бизнес кәсіпорындарының критерийлері заңмен анықталған: өнеркәсіпте, көлік саласында және құрылыста 300 адамға дейін, көтерме саудада 100, қызмет көрсету саласында 50. Заң бойынша жарғылық капитал да шектелген: өнеркәсіпте, құрылыс және көлік саласында 770 мың доллардан аспау керек, көтерме саудада 230 мың доллар, қызмет көрсету саласында 77 мың доллар.

Ресей заңнамасы бойынша кіші кәсіпкерлікке жататындардың жұмыскерлер саны келесідей болу керек:

  • өнеркәсіпте 200 адамға дейін;

  • құрылыста 100 адамға дейін;

  • көтерме саудада 50 адамға дейін;

  • ауылшаруашылықта 50 адамға дейін;

  • ғылым мен өндірістік емес салада 25 адамға дейін;

  • бөлшек саудада 15 адамға дейін.

Қазақстан Республикасының заңы бойынша шағын бизнеске жататын кәсіпорындардың жұмысшылар саны келесідей болу керек:

    • өнеркәсіпте, құрылыс саласында және ауылшаруашылықта 50 адамға дейін;

    • саудада және тұрмыстық қызмет көрсету саласында 30 адамға дейін;

    • көлік және байланыс саласында 25 адамға дейін;

    • ғылым мен инновациялық салада 20 адамға дейін.

Қазіргі заманғы зерттеулерде шағын бизнесті сипаттаудың келесідей критерийлері ұсынылады: бағалы қағаздардың ашық түрде сатылмауы; кәсіпорынның бағалы қағаздардың шектелген көлемін иеленуі; шектелген жауапкершіліктің болмауы; кәсіпорынның негізін қалайтын адамдар тәуекелге бара алатын жаңа заман адамдары; менеджерлер командасының толық болмауы; акционерлердің арасындағы қарымқатынастардың нақты формальды түрде болмауы.

Шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанның шағын бизнесіне келесідей анықтама беруге болады. Бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, шектелген географиялық аймақта жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне иеленетін, негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайтын, басқару ісін осы кәсіпорынның негізін қалаушылар жүргізетін кәсіпорындар шағын бизнеске жатады. Шағын бизнес мемлекет экономикасына қажетті жаңа жұмыс орындарды қамтамасыз етеді. Американ Экспресс мәліметі бойынша, барлық жаңа жұмыс орындар ірі компаниялармен қамтамасыз етілмейді, олар жаңа ғана құрылған шағын фирмалармен бірге пайда болады. Мысалы, 1987 жылы жаңа жұмыс орындарының өсу темпі АҚШтың 7 миллион шағын фирмаларда 500 ірі компаниялардың жұмыс орындарының өсуінен 3 есе көп болған.

Кіші бизнес ірі фирмалардың және компаниялардың жақсы жұмыс істеуі үшін жағымды шарттар қалыптастырады. Мысалы, Жапонияда 50 жылдардан бастап контракт арқылы ірі фирмалардан мамандандырылған шағын фирмаларға берілген жұмыстың көлемі өте тез өскен. 1966 жылмен 1981 жылдары арасында ірі компаниялармен контракт арқылы жұмыс істейтін шағын фирмалардың үлесі 53,5 %дан 65,5 %ға дейін көбейген. Ал, электронды өнеркәсіпте бұл үлес 1981жылы 85,7% ға дейін жетті.

Шағын бизнестің қалыптасуы

Жаңа к/о

бастамасы

Қызмет етуші бизнесті сатып алу

Франчайзингтік қарым-қатынас жүйесі

Жанұялық бизнес

Кесте2. Шағын бизнесті құру жолдары

Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Ол шағын бизнестің серпінді, өндіріп отырған тауардың түрін, ассортиментін тез өзгерту қабілеттілігі, технология және басқа салаларда да жаңалықтар енгізуде икемді болуынан көрінеді. Шағын бизнестің басты ерекшелігі коллективтік еңбекке ұмтылу, жұмыстың максималды жемісті нәтижесіне жету үшін жалпылықтың қызығушылығының болуы.

Қазіргі уақытта көптеген елдердің экономикасы үшін шағын бизнес өте маңызды болып келеді. Шағын бизнес жаңа идеялардың, табыстың, жұмыс орнымен қамтамасыз етудің негізгі көзі және экономика дамуының негізгі кепілі екенін біле отырып, көптеген мемлекеттер оны дамыту үшін маңызды ісшаралар қабылдап, оған максималды түрде қолдау көрсетеді.

Тақырып № 6. Мейманхана, мейрамхана қызмет сферасындағы кәсіпкерліктің даму факторлары.

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы фактордардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.

Кәсіпкерлікті дамыту кез келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру үшін қажет. Кәсіпкерлікті дамыту мынадай сұраққа жауап іздеуі керек: «Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай әсер тигізеді»? Кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында «стратегиялық көзқарассыз» ешқандай даму болмайды.Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. Сондықтан да 1990 жылы мамыр айында Вашингтонда өткен стратегиялық басқарудың халықаралық конференциясының лейтмотиві – «кәсіпкерлер жаңа шаруашылық ойлауды іздестіруде» деп аталды. Онда кәсіпкерлердің ұшқыр мәселелері, экономикаға, ұйымдастыруға, технологияға, өнімге деген жаңа қадам іздестіру туралы толғаныстар қарастырылды.Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады.Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет.Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен – кәсіпорын. Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдыққұқықтық әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдыққұқықтық формасы деп аталады. Нарықтық қатынастарға өтуде халықты кеңінен кәсіпкерлікке тарту қажет. Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзінөзі басқаруы мен олардың экономикалық тәуелсіздігі болуы қажет.

Республикада кәсіпкерлікті дамытуға үлкен мән қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық, қаулылар қабылданған. Алғашқы құжаттардың бірі болып «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» Заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен мазмұны, басты бағыттары мен мақсаттары айқындалады. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдау  дегеніміз – аталған қызметті орындаудағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық, жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады. Республикада «Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту» Қоры құрылып, Президент жарлығымен 1994 жылдың сәуір айында «Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту жайындағы» мемлекеттік комиссия өз қызметін бастады. Жалпы бағыттық ісәрекеттерді жүйелі орындау мақсатында Қазақстан Республикасы кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың 19941996 жж. арналған бағдарламасы жасалынды. Аталған бағдарламаның басты мақсаты – экономикада жеке меншіктік секторын қалыптастыру және дамыту, кәсіпкерліктің инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады. Ел Президентінің «Азаматтар жөніндегі құқығын қорғау туралы» жарлығының қабылдануы мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне зор маңыз бергенін дәлелдейді. Әр жылдың сәуір айында Алматыда өтетін республика кәсіпкерлерінің жыл сайынғы форумында да осы мәселеге көп көңіл бөлінеді. Мұнда кәсіпкерліктің дамуына баға беру мәселесі қаралып, оның нәтижесінде кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілер мен оларды жою бағыттары қарастырылады.

Әрине, кәсіпкерліктің құқықтықұйымдастырушылық негізін құруда әлі де болса шешімін күткен мәселелер айтарлықтай. Оның үстіне лицензия беруші, тексеруші органдардың көптігі, кеден және салық заңдарының жетілмегені, кемшіліктер, несие алудың қиындығы, кәсіпкердің мүддесін қорғайтын органның болмауы, бюрократия кәсіпкерлікті дамытуға елеулі кедергі жасайды. Сондықтан да экономикада кәсіпкерлік субъектілерінің сандық үлесі артса да, одан түсетін салықтық кіріс мөлшері аз. Бюджетке салықтың аз түсуі салық жүйесінің жетілмегені де әсер етеді. Себебі салықтың жоғары болуынан кәсіпкерлер табыстарын жасырады.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай ісшараларды жүзеге асыру қажет:

  • мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;

  • мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;

  • жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;

  • кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру;

  • кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою;

  • тексеруші органдар санын қысқарту;

  • заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, т.б.

Жоғарыда аталған факторлар кәсіпкерлік субъектілерін «көлеңкелі экономикаға», салық төлеуден жалтаруға итермелейді. Қазіргі кезде бизнестегі кризистік процестер оның жүйесіз және хаостық түрде құрылғандығымен айқындалады. Бұл жағдайдың басты себебі – несие алудың жоқтығы ғана емес, сонымен бірге кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясының жоқтығы. Бұл шараның көмегімен шағын және орта кәсіпкерлік нарықта өз арнасын, жаңа нарықтарды, жаңа тауар түрлерін алады, сонымен қатар экономикада бәсекені жақсартады.Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Оның рөлін Адам Смит былай деп бағаланған болатын: «Кәсіпкер өз мүддесін өзі үшін ұтымдылық жағдайды көздейді дей тұрғанмен, ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді». Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықты ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.“Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму жағдайлары мен басым факторлары” елімізде кәсіпорындар қызметіне қолайлы экономикалық ахуал жасау тапсырмалары, кәсіпорын функцияларын ырықсыздандыруға талдау қарастырылады және кәсіпорындардың қызмет ету негізінде заңдынормативтерді жетілдіруге ұсыныстар көрсетіледі.

Қазіргі кездегі халықаралық бизнес ерекшелігі тәуелді барынша төмендетуге ұмтылу. Өз кезегінде тәуекел дәрежесі экономикалық кеңістіктегі бизнес климатынан болады.«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мәліметтері бойынша, Қазақстан кәсіпкерлерінің көпшілігі өз бизнесінің ішкі ахуалына емес айналасына көбірек қарайлайтыны алдыңғы зерттеудің маңызды қорытындыларының бірі болатын, яғни өз ісінің жетістігін бизнесінің ішкі даму әлеуетімен емес көбінесе сыртқы ортамен байланыстырады. Өкінішке орай, осы психология шағын және орта кәсіпкерлік ортада әлі де үстем. Бизнесті жүргізудегі арнайы білім мен дағдының рөлі, қызметкерлерлердің біліктілігін арттыру мәселесі еш бағаланбайтын жағдай қалыптасқан. Кәсіпкерлердің 47% бизнесті жүргізудегі өз білімі мен дағдысын мейлінше жеткілікті деп бағаласа, төрттен бірі біршама жеткілікті деп бағалап отыр. Сонымен қатар сапалық тұрғыдағы зерттеулер кәсіпкерлер мен шенеуніктер арасындағы келіспеушілік жағдайлар бизнес өкілдерінің өз құқықтарын толық білмеуіне байланысты екенін көрсетіп отыр. Тек шағын бизнесте емес, орта бизнесте де маркетинг, қызметкерлерді басқару, бизнескоммуникациялар саласында элементарлық білімсіздік байқалады. Еңбек нарығында сауалнама жүргізілген кәсіпкерлердің басым көпшілігі енжарлық көзқарас стратегиясын ұстанады.

Алайда, оқу тәжірибесімен шыңдалған кәсіпкерлер, көп ретте көзқарастарын да өзгертуде. Сапалы берілген білім кәсіпкерлердің алдағы қызметіне оң әсерін тигізе бастаған. Мысалы, кәсіпкерліктің жедел курсының 2009ж. тыңдаушыларының 82 %, ал 2010ж. тыңдаушыларының 87% оған оң бағасын берді. 2009ж. оқып білім алғандардың үштен екісінің пікірі бойынша жедел курс жұмыс тиімділігінің артуына жақсы мүмкіндік туғызды. Оқып білім алғандардың 54%ның ақшалай түсімі едәуір өсті, 52% ы табысты болды, 55 %да клиенттері қанағаттанушылық білдірді.Жаппай кәсіпкерлік психологияға тоқталар болсақ, ондағы күрт өзгеріс бизнес пен билік арасындағы бейресми, құқық шеңберінен тыс қарымқатынастарды түбегейлі жоюмен тікелей байланысты. Сонда ғана кәсіпкер, өз ісінің табысты болуы ықпалды топтар арасындағы байланыстарымен емес, шығармашылық әлеует, істі сауатты жүргізе білу, тәуекелдерді басқара алу, ең бастысы – үнемі оқыпүйрену және өзінөзі жетілдіруден екендігін сезінетін болады.Қ.Р. ның Статистика Агентігі мәліметтері бойынша 2014 жылы шағын кәсіпкерліктегі белсенді субьектілер саны 755 913, Ақмола 29 581, Ақтөбе 33 294, Алматы 102 584, Атырау 29 545, Батыс Қазақстан 26 021, Жамбыл 36 289, Қарағанды 50 895, Қостанай 38 613, Қызылорда 20 601, Маңғыстау 26 511, Оңтүстік Қазақстан 109 478, Павлодар 28 572, Солтүстік Қазақстан 22 259, Шығыс Қазақстан 68 420, Астана қ. 47 072, Алматы қ. 86 178.

Қ.Р. – да шағын кәсіпкерліктегі белсенді жұмыспен қамтылғандар саны қаңтар бойынша 1851 926 құрады.2014 жылғы 1 ақпандағы шағын және орта кәсіпкерлік секторының құрлымына келетін болсақ, үлес салмақ бойынша белсенді субьектілер саны – 90,5 %; жұмыспен қамтылғандар саны – 102 %2014 1 ақпанға Қ.Р. – да ШОК белсенді субьектілердің саны – 764 247, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 62 807, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 8 334, дара кәсіпкерлер – 527 941, шаруа (фермер) қожалықтары – 165 165.2014 жылғы қаңтардағы ШОК субъектілерімен өнім шығарылымы, млн. теңге есебі бойынша барлығы – 2 554 557, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 667 315, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 702 631, дара кәсіпкерлер – 832 025, шаруа (фермер) қожалықтары – 352 586.Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің мониторингібойынша 2014 жылғы қаңтарда өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда өнім шығарылымы (салғастырмалы бағаларда) 0,3%ға, жұмыспен қамтылғандар саны 2,0%ға өсті, белсенді субъектілер саны 9,5%ға төмендеді.2014 жылғы қаңтарда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнім шығарылымы 630,3 млрд. теңгені құрады. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 69,1%, шаруа (фермер) қожалықтары – 21,6%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 8,2%, орта кәсіпкерліктегі  заңды тұлғалар – 1,1%ды құрады.Қорытындылай келгенде, Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұнның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны. Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жанжақты көмек көрсетуі қажет.

Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазір уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 % құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп – бюрократиялық қысымдар. Осындай және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін жәйт, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. Кәсіпкерлердің 70 % оларды қолдайтын аймақтық бағдарлама туралы хабары жоқ. Мұның өзі әкімдер жұмысы формальді сипатта жүретінін көрсетеді. Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнесжоспар жоқ. Осы себептен банктерде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға асықпайды.

Тұрақты экономикалық жүйеде кәсіпкерлік: динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне бейімделеді, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді. Заңдық құжаттарда көрсетілгендей, кәсіпкерлік өзінің, қарызға алынған және де басқа мүліктері мен құралдар есебінен қызметке қатысушы тұлғалардың бәріне бірдей жақсы нәтиже мен табыс әкелетін ынталы шаруашылық немесе басқадай қызмет түрі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып заңды тұлғалар, Қазақстан және басқа елдердің азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар табылады. Кәсіпкерлер өз ынтасы бойынша өз иелігіндегі мүліктерді пайдалану бойынша барлық шешімдер мен ісәрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар. Кәсіпкерлер қызметінің өрісі, заңға қайшылық етпесе шектелмейді. Республикада кәсіпкерлік құрылымдар құрылған. Олар: Кәсіпкерлер Конгресі, Қазақстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің Одағы, Шағын кәсіпорындар Одағы, т.б. Кәсіпкер азаматтармен, олардың еңбегін қолдану шарт бекіте алады. Бұл кезде оларды сәйкес еңбек жағдайымен, еңбек ақысымен қамтамасыз етуі тиіс, сонымен қатар басқа әлеуметтікэкономикалық кепілдіктер ұсынуы қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 маусымындағы «Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» жарлығында кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік кепілдіктерді қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың лауазым иелерінің жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне негізсіз араласу фактілерін болғызбау мақсаты көзделген. Кәсіпкерліктің орын алар жері – ең алдымен кәсіпорын. Қазіргі өтпелі нарық қоғамында өнеркәсіп ошақтарын оңалту, демеу және қаржылай сауықтыру үрдісі жүргізілуде. Ендігі кезде тұралаған кәсіпорындарды банкроттыққа ұшырату, яғни оның дерменсіздігін белгілеп, таратуға негіз салу маңызды. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде кәсіпорынның мәртебесін иеленбейақ, өздігінен ісқимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алады.

Тақырып № 7. Кәсіпкерлік капиталы және оның құрылуы.

Капиталистік экономикалық қатынастардың дамуы капитал категориясын әрі қарай зерттеуді талап етті: жаңа концепциялар мен ойпікір, тұжырымдардың пайда болуын тіледі.

Жақтаушылары басым көпшілік капиталға берілетін екі негізгі анықтаманы қолдайды: бірінші — капитал деген құралжабдықтар жиынтығы («заттық» концепция), екінші — капитал деген ақша сомасы («монетарлық»). Екі жақ та капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады дейді.

Осымен катар «капиталдар нарығы» деген түсінік бар. Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, осы түсінікке анықтаманың екі варианты болуы ықтимал.

Бірінші вариант. Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі: станоктар, машиналар, ғимараттар т.б. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.

Капиталдар нарығының негізгі субъектілеріне бизнес сферасы және хаусхолд сферасы жатады.

Факторлар нарығындағы капиталға сұраныс — бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Көрініс жағынан Бұл фирманың инвестициялық жобаларына жұмсайтын қаржы құралдары болып табылады.

Өндіріс факторлары нарығында ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолдануға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.

Физикалық капиталдың фирма меншігіне айналуына, немесе, оның уақытша пайдалануға берілуіне байланысты, төлемдер екі түрге бөлінеді: капитал қызметтерінің толымсыздығы (пайдалану бағасы) үшін төлем және капиталдық активтер (сатып алусату бағасы) үшін төлем болып белінеді.

Капитал қызметтерін пайдалану құны капиталдың ренталық (прокаттық) бағалануы болып табылады. Бұл нарықтық котифқа түрін, немесе, фирманың капиталдың бір бөлігін жалға алғаны үшін оның иесіне төлейтін сома түрін алады.

Активтің бағасы капитал бірлігінің қандай уакытта болмасын сату, немесе, сатып алу бағасы болып табылады

Екінші вариант. Қаржы нарығында капитал деп ақша капиталы түсініледі.

Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің кызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлшеді. Ақша нарығы мерзімі бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капиталдар нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына кызмет етеді. Осы нарық өз кезегімен ипотекалық нарықка (кепіддік қарыз куәлігімен операциялар жүргізу) және қаржылық (құнды қағаздармен операциялар жүргізу) нарыққа бөлінеді. Қаржы нарығының субъектілеріне банктер және олардьң клиенттері (ипотека нарығындағыдай), қор биржалары жатады, операциялардың объектілеріне жеке кәсіпкерлердің және мемлекет институттарының құнды қағаздары жатады.

Ақша нарығы мен капиталдар нарығы қарыз капиталының туындысы, екіншілік нарықтар болып табылады. Осылардың әрқайсысының өз инструментарін, яғни айналыста болатын нақты қаржы бағалылықтары болады. Осылардың бірбірінен айырмашылықтары бар және олар төмендегі жағдайлармен байланыста болады:

• статусымен (акция, немесе, облигация);

• меншіктің типімен (жеке, немесе, мемлекеттік);

• ісәрекет ету мерзімімен;

• өтімділік дәрежесімен;

• қауіпқатер сипатымен (банкроттық немесе нарықтық) және қауіпқатер дәрежесімен (қатерлі, аз қатерлі, қатерсіз).

Мысалы, АҚШтың капиталдар нарығының инструментариіне жататындар:

• АҚШ федераддық өкіметшің ұзақ мерзімді саясатын қаржыландыруға тағайындалған казначейлік облигациялар;

• қаржы жүйесі арқылы әлеуметтік бағдарламалардың типтерін қаржыландыру үшін үкіметтщ ерекше рұқсатымен эмитентілген (шығарылған) мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздары;

• жергілікті үкімет органдары шығаратын муниципалдық облигациялар;

• жекеменшіктік фирмалар эмитентеген корпорациялардың акциялары мен облигациялары.

Капиталдар нарығын инвестициялық қорлар нарығы деп жиі атайды. Инвестиция (капиталдық салым) деп құралжабдықтардың және материаддық қойманың (запас) кобеюіне экономикадағы капиталдар өсуіне жасалған шығындар аталады.

Капитаддың жеткізушілері үй шарушалықтары,оны тұтынушылар — бизнестщ фирмалары.

Жеткізушілер мен тұтынушылардың бірбіріне әрекеті көп. Бұлардың байланыстары қаржы жүйесі, коммерциялық банктер, инвестициялық қорлар, брокерлік кеңселер т.б. арқылы жұріп отырады. Олар үй шаруашылықтарының шамалы жинақтарын қаржы құралдардың көп сомаларына айналдырады және оны капиталды тұтынушылар арасында орналастырумен айналысады. Капиталды беру нысаны әр түрлі болуы мүмкін: тікелей жаңадан шығарылған акцияларды жазылғандар арасында тарату түрінде, немесе, заемдық қарыз, корпорациялардың облигациясын сатып алу түрінде және фирмаларға тікелей қарыз беру арқылы. Бұл процесте берілген қаржылар үшін төленетін процент өте маңызды рөл атқарады.

Ісәрекеттерінің қандай мерзімінде болмасын, кәсіпкер инвестициялар жасап отырады, олардың сипаты мен көздері ісәрекеттің кезеңіне тәуелді болады.

Кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде капиталдың алғашқы салымын жасау керек. Старттық (cope) капитал деп өндірістің бастапқы кезеңінде жасалатын капиталдың алғашқы сомасы мен ағымдағы шығындар сомасының жиынтығы аталады. Старттық алғашқы капитал кәсіпорның тіркеуге, банкте есепшот ашуға, ғимарат сатып алуға, немесе оны жалға алуға, ғимаратты жөндеуге, немесе, оны қайта құруға, машиналар, жабдықтар, приборлар, патенттер, лицензиялар сатып алуға жұмсалады.

Ағымдық шығындарға шикізат пен материалдар, жалдау төлемі, жалақы, әлеуметтік қорларға аудармалар және т.б. жатады.

Сөйтіп старттық капитал кәсіпкердің өндірістік қорлар (негізгі және айналыс) сатып алуға жұмсалатын негізгі және айналмалы капиталға қажеттігін, жалақыға, басқаруға жүмсайтын басқа өңдірістік және өндірістік емес шығындарға кажеттігін көрсетеді.

Старттық капиталдьң және кәсіпкердің қаражаттарының орнын жауып, өтеп отыру үшін меншікті (ішкі), немесе, несиелік (сыртқы) құралдар (қаржылар) қолданылады.

Меншікті және несиелік құралдардың көздері факторлардың екі түрімен белгіленеді:

  • объективтік — кәсіпкерліктің ұйымдастыру — құқықтык формасымен, шаруашылықтың және нарықтың конъюнктурасымен, ұлттық экономиканың болмысы және дамуымен, мемлекеттік реттеуші органдарының талаптарымен;

  • субъективтік — кәсіпкерлік қабілетпен, кәсіпкердің жағдайымен және оның жеке мүмкіндіктерімен.

Меншікті қаражаттардың қайнар көздеріне мыналар жатады: негізгі қызметгерден түсетін пайда, қаржылық операциялардан түсетін пайда, жарғылық қор, амортизация коры және т.б.

Несиелердің қайнар көздері: несие мен қарыздар, тұрақты пассивтер және несиелік карыздар.

Қаржы ресурстарының алғашқы қалыптасуы жарғы капиталы жасалып кәсіпорын құрылғанда басталады.

Сырттан қаржыландыру қарыз алу немесе акция шығару арқылы жүреді.

Несие — бұл қарыз капиталының қозғалу нысаны, ол қайтарылып беріледі және иесіне пайда әкеледі.

Қарыз капиталының қайнар көздері:

  • рантьелердің капиталы, яғни кәсіпкерлік қызметпен айналыспай процентке өмір сүретін адамдардың капиталы;

  • көпшілікгің жинақтары; кәсіпкерлік қызмет сферасын өзгерткен адамдардың капиталы; бюджетгік қалыстар;

  • кәсіпорындарының бос капиталы; тауарлық несие түрінде бір кәсіпорнынан екіншіге көшіп отыратын капитал;

  • банкнота шығару нәтижесінде пайда болған капитал. Несиенің болуы өндіріс процесінің үзілмей жүруіне көмекгеседі.

Кәсіпкерлер көбінесе коммерциялық жоне банк несиесін қолданады. Сонымен қатар, несиелер қысқа мерзімді (бір жыл ішінде қайтарылады) және ұзақ мерзімді болады.

Қысқа мерзімді қарыздар жалақы төлеуге, шикізат алуға немесе дайын тауарларды сату үшін, күнделікгі шығындарды етеуге қодданылады. Қысқа мерзімдік несиелердің жиі қолданылатындары:

• коммерциялық несие — бір кәсіпорын екіншіге береді;

• қаржы институтгарынан алынатын несие;

• инвесторлардан алынатын қарыз.

Ұзақ мерзімді қаржыландырудың көзіне бөлінбеген пайда, акциялар мен облигацияларды сату және ұзақ мерзімді қарыздар жатады.

Ұзақ мерзімді заемдар — бір жылдан артық пайдаланатын қаржылар. Бұлар көбінесе қымбат жабдықтар, ғимараттар сатып алу үшін, зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады.

Ірі корпорациялардың көбі облигация шығарудан косымша қаражаттар табады. Облигация — бұл құнды қағаз. Ол оның иесінің белгілі көлемде ақша сомасын кәсшорынға өткізгенін куәлайды. Осы ақша оған белгілі мерзімде қайтарылуы керек және ол оған жылына бір немесе екі рет процент алуына қүқық береді.

Корпорация үшін облигацияларды сату инвестициялар тартудың қолайлы формасы:

Бұның себептері:

• Бұнда несие, бірақ қоғамнан алынатын;

• банкі сияқты, облигацияға процент көбінесе жылына екі рет төленеді (купондық толем);

• ұзақ мерзім, әдетте 10 жыл (кейде 30 жыл) өтеу мерзіміне дейін.

Банкінің несиесінен облигация шығару үнамды, бірақ банкілікпен салыстырғанда бүның проценті жоғары болуға тиісті, өйткені баскаша болса облигацияны ешкім сатып алмайды. Корпорациялардың облигациясы, әдетте номиналына сәйкес сатылатын, борышқорлық қолхат болып табылады.

Акциөнерлік қоғамдар көпшіліктің капиталын акция шығару аркылы өздеріне тартады. Акция — құнды қағаз, ол иесінің ақша сомасын өткізгенін долелдейді және иесіне дивиденд алу қүқын береді және оның иесі сол компанияның басқаруына қатынасуға қүқық алады.

Егер облигацияны иеленушілер компанияның тек несие берушісі болса, акциөнерлер компанияның меншік иелері болады. Бұл жағдай акциөнерлерге директорлар кеңесін сайлауға және табыстарды бөлуге қатынасуға қүқық береді.

Акцияларға ашық жазылудың өзіндік артықшылықтары және кемшіліктері болады.

Артықшылақтар: біріншіден, қаражаттар жинауға көмектеседі;

сатудан түскен қаражаттар өндірістік қуаттарды кеңейтуге жәнр жаңғыртуға, қарыздарды өтеуге, қызметтерді көптарапты еруге және басқа мақсаттарға қолдануға пайдаланылады;

екіншіден, партнерлер мен клиенттерді информациямен қамтиды;

үшіншіден, фирма ішінде акцияларды сату арқылы персоналды ынталандырады;

төртіншіден, акцияларды пайдалану мүмкіндігін береді.

Кемшіліктерге жатқызу да болады:

• басқарудағы бақылау мен икемділіктің төмендеуі;

• акцияларды шығаруға және орналастыруға шығындар жасау;

• нарықаың қысым жасау ықпалы (конъюнктура өзгергенде);

• акциялардың шығарылуын және орналастырылуын ұйымдастыру үшін қабілетті команда күрудың кажеттігі.

Корпорациялардың акция шығару аркылы каржылануы қаржыланудың ең қымбат түсетін жолы болып табылады. Батыс компаниялары бұл жолды өте сирек, қаржылаудың басқа түрі болмаған жағдайда пайдаланады. Қаражат жетімсіз болғандықтан акциялар шығару безнесмендердің басқару қызметіндегі тәуелсіздігін төмендетеді.

Қашан болмасын қаржыланудың түрлері көп болған сайын кәсіпорынның даму мәселелері қиындай береді.

Тақырып № 8. Мейманхана, мейрамхана бизнесіндегі кәсіпкерлік қызметің субъектері.

Қазақстан Республикасының азаматтық заңдылықтарына сәйкес жұмысқа жарамды жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, коммерциялық ұйымдар, шетел азаматтары, азаматтық алмаған тұлғалар, шетелдік ұйымдар кәсіпкерлікпен айналысуға хұқылы. Өз уставының ережелерін орындай отырып, коммерциялық емес ұйымдар да кәсіпкерлікпен шұғылданады. ҚР Конституциясына сәйкес әрбір кәсіпкер өз қабілеті мен білімін заңмен тыйым салынбаған мүмкін кәсіпкерлік ісәрекеттерде толық пайдалануына құқықтары бар.

Бұл конституциялық қағида алғашқы рет еліміздің негізгі заңында бекітіліп, экономикалық еркіндіктің және азаматтардың заңды кәсіпкерлікпен шұғылдануының кепілдігі бола алады. Сонымен, жасы он сегізге толған жеке тұлға бекітілген заңға байланысты жеке өзі немесе заңды тұлға арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға хұқылы. Азаматтық заңдылыққа сәйкес кейбір азаматтарға кәсіпкерлікпен шұғылдануға рұқсат берілмеуі мүмкін. Заңды тұлға ұйымдастырылмаған жағдайда тәртіп бойынша жеке азамат кәсіпкерлік іспен шұғылдану үшін жеке кәсіпкердің куәлігін алуға міндетті.

ҚР МК сәйкес заңды тұлға дегеніміз өз жеке меншігінде мүлкі бар, өз атынан мүлік басқа да, міндеттері мен хұқы бар сот алдында, жауапты ұйымдар. Заңды тұлғалар белгіленген тәртіпке сай мемлекеттік реестрде тіркелгеннен бастап, өзінің статусына (атағына) ие. Кәсіпкерлердің хұқына байланысты жеке және ұжымдық кәсіпкерлер (кәсіпкерлік ұйымдар)болады. Заңдық шарттарға байланысты кәсіпкерлердің мынадай құқықтары бар: заң бойынша рұқсат етілген кез келген кәсіпкерлік түрімен айналысуға болады; кез келген ұйымдық – құқықтық формалары бойынша кәсіпкерлік ісін құруға болады; кәсіпкерлікті жүзеге асыруға қажет кез келген мүлікке иелік жасауына болады; мүлік саны мен көлемі шектелмеген.

Мүліктік жауапкершілік меншік иесінің өзіне жүктеледі, сонымен бірге өз ісін жоспарлап, бизнес – жоспар дайындауға да құқылы; өз бетімен тұтынушыларды таңдауға, өндіріс факторларын, жеткізушілерді таңдауға, заңдылықтарға байланысты кәсіпкерлік келесем шарт жасауға; өз бетімен жұмысшылардың еңбекақысын белгілеуге, еңбек заңына қайшы келмейтін әртүрлі қосымша ақыларды белгілеуге құқылы, тек қана бұл жағдайлар құжаттарда көрсетілуі тиіс; жалдаған жұмысшыларға қосымша демалыс беруге; еңбек заңына сәйкес жұмысшыларды келісім шарт арқылы жалдауға, жұмысқа алуға; белгіленген тәртіпке сай сыртқы экономикалық, сыртқы сауда қызметімен айналысуға, кез келгенбанктен өз есеп шотын ашуға; ҚР билік ұйымдары қабылдаған заңдарға сай қаржылық – несиелік, мүліктік – материалдық, басқа да мемлекеттік қолдау түрлерін пайдалануға; өнім өндіруге, қызмет көрсету, басқа да жұмыстар орындау үшін мемлекеттен тапсырыс алуға, зейнеткерлік, медициналық, әлеуметтік қамсыздандыруға, өз құқықтарын қорғауға.

Жеке тұлғалардың жеке кәсіпкерлер сияқты жоғарыда айтылғандармен бірге, басқа да құқықтары бар: өздері сенім білдірген серіктермен бірге толық серіктестікке қатыса алады; белгіленген тәртіпке сай арбитражды басқарушы (ішкі, сыртқы, конкурс бойынша) бола алады; бағалы қағаздар нарығында брокер бола алады; аудиторлық қызметпен шұғылдана алады. Кәсіпкерлердің міндеті: белгіленген уақытта салық органына, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларды тіркелу; бекітілген заңдылықтарға байланысты белгіленген мөлшерде және уақытында салық төлеу; салық органына табыс туралы декларацияны және басқа да мәліметтерді мезгілінде тапсырып отыру; белгілі заңдылықтар мен нормативті актілерге байланысты бухгалтерлік есеп – қисап жүргізіп отыру және қаржылық – шаруашылық есеп дайындау және оның төрт жыл бойы сақтауын қамтамасыз ету; бухгалтерлік есепте салық органдарының тексеруімен анықталған төмендетіп төленген немесе жасырылған салықтар бойынша түзетулер енгізу; салық туралы заңдар бұзылған жағдайда салық органының талаптарын бұлжытпай орындау; ҚР

Салық кодексіне сәйкес басқа да салықтық міндеттемелерді орындау; Заңдарға сйәкес лицензия алғанда тек қана орындалуы мүмкін істерге рұқсат алу; өндірілген өнімдер, көрсетілген қызметтер белгіленген стандарттарға сай сертификатталған болуы керек; өндіріс және ісәрекеттер қоршаған ортаға, тұрғындардың денсаулығы мен өміріне, тұтынушыларға ешқандай зиян келтірмеуі тиіс; қажетті санитарлық – гигиеналық, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі жағдайлары сақталуы тиіс; кәсіби жұмысшылармен немесе ұйымдармен келісімшарт жасап, оны белгіленген уақытында орныдау; тарау нарығында жасанды монополияға, бәсекелестікке жол бермеу, нарықта үстемдігін көрсетпеу, бәсекелестікті шектейтін келісімдер жасамау; монополиялық баға белгілеу, мемлекет тарапынан баға реттеу заңдылықтарын сақтау; белгіленген тәртіп бойынша шығындар мен табысьарды есептеп отыру; келісімдер мен кәсіпкерлік келісім шарттарды заңдылықтарға сәйкес жүргізу; өз тауарларына ғана тән қасиеттерін жарнамалау; әдептілікке жатпайтын, жалған, өтірік, жасырын жарнамаларға жол бермеу; қаржылық – шаруашылық қызметі туралы мемлекеттік огандарға белгіленген мерзімде және толық статистикалық есеп беріп отыру.

Табысты, алдағы қатарлы кәсіпкер болу үшін қандай қасиеттер болуы қажет деген сұраққа бірден ешкім де жауап бермейді. Бірақ, табысты кәсіпкерлердің даму тарихы арқылы белгілі бір қорытынды жасауға болады. Сонымен, табысты, өркендеуші кәсіпкерлердің мынандай қасиеттері болуы тиіс: өз ісін адал жүргізуі, білімді болуы, мақсаткер, ынталы болуы, басшылық ісіне икемді болу, басқалардың пікірін сыйлау, үнемі оқып, өзін әруақытта жетілдіру, тәуекел етуге дайын болу, сыртқы орталық кедергілерін жеңе білу, көздеген мақсатына жету жолында табанды болу, жоғары жауапкершілік, еңбекқор болу, қажетті әріптестерді өзіне тарта білу, ақыл – ойының коммерциялық қаржылық қорының болуы, заңды түрде өзіне қажеттіні ала білу.

Тақырып № 9. Мейманхана, мейрамхана бизнесіндегі кәсіпкерлік қызметің объектері.

Кәсіпкерлік қызметтің объектілері ретінде адамдар өзінің алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын игіліктерді айтуға болады. игіліктер ретінде материалдық заттар мен объектілер, сонымен қатар белгілі бір тұлғаның қажеттілігін орындау үшін атқарылатын жұмыстары мен қызметтерін айтуға болады. Материалдық игіліктер әрқашанда заттық түрде болады және адамның сезім мүшелеріне әсері арқылы байқалады. олардың қатарына ауа, су, тамақ, киім, тұрғын үй, басқа да заттар мен нысандарды жатқызуңа болады.

Адам өмір сүру барысында қолданылатын материалдық игіліктер, өзара алуан түрлі белгілері бойынша ерекшеленеді. тмендегідей материалдық игілік турлерін атап көрсетуге болады:е қажетті нақты заттарға айналдыра алады. Олар өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болғандықтан сәйкесінше өндірілген материалдық игіліктер деп аталады.

  • табиғи және адамдардың ісәреке

  • жеке және қоғамдық;

  • өдайы өндірілетін және өдайы өндірілмейтін.

Табиғаттың дамуынан ауа, су, жер пайда болады. Бұладамдардың өмір сүру жағдайларың қамтамасыз ететін табиғи материалдық игіліктер. Оларсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Бірақ, адам табиғат туындатқан заттарды өндеу барысында өзіне қажетті наты заттарға айналдыра алады. Олар өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болғандықтан сәйкесінше өндірілген материалдық игіліктер деп аталады.

Жеке, жанұялық, топтық, ассоциацияланған тұтынушыларға арналған табиғи немесе өндірілген материалдық игіліктер тұтынушылық игіліктер деп аталады. Оларға тұрмыстық техника, жиһаз, киім, азықтүлік тағамдары және т.б. жатады.

Инвестициялық материалдық игіліктерге басқа да материалдық игіліктерді өндіру, қызмет көрсету және жұмыстарды орындау үшін қажетті шикізат, машиналар, құралжабдықтар жатады. Мысалы, шикізатты немесе дайын өнімді тасымалдау үшін қажетті автокөлік құралдарын инвестициялық материалдық игіліктерге, ал жанұялық тұрмыста қолданылатынтұтынушылық игіліктерге жатқызуға болады.

Материалдық игіліктердің иесінің сипатына байланысты, материалдық игіліктер жеке және қоғамдық деп екі түрге бөлінеді. Мысалы, жеңіл автомобильбұл жеке игілік. Ал азаматтарды тасымалдауға арналған автопарктің көліктері қоғамдық игілік болып табылады.

Материалдық емес игіліктердің заттық нысаны жоқ. Олар адам үшін көрсетілген пайдалы қызмет немесе орындалған жұмыс нәтижесінің тиімділігіне байланысты. Қызмет көрсету аясы білім беру, медицина, спорт, мәдениет, демалыс және т.б. сияқты қоғамдық өмір сүру аяларының негізін құрайды.

Тақырып № 10. Мейманхана, мейрамхана бизнесінде кадр таңдау.

“Персонал” термині кәсіпорынның еңбек ұжымының құрамдас бөліктерін біріктіреді. Персоналға біз өндірістік немесе басқарушылық операцияларды орындайтын және еңбек құрамдарын пайдаланумен, еңбек заттарын өңдеумен айналысатын барлық жұмысшыларды жатқызамыз. Басқару теориясында жұмысшының мамандығы немесе лауазымына, басқару деңгейіне, жұмысшылар категориясына тәуелді персонал классификациясына түрлі жолдар бар. Персонал негізінен өндірістік персонал (жұмысшылар) және басқарушылық персонал (қызметкерлер) болып бөлінеді. Өндірістік персонал өз алдына негізгі және қосалқы болып, ал басқарушылық персонал – басшылар және мамандар болып бөлінеді.

Жалпы менеджмент теориясында, адамдардың қоғамдық өндірісте қатысуын көрсететін терминдердің жеткілікті саны пайдаланылады: еңбек ресурстары, адам ресурстары, адам факторы, ұйымдастырушылық тәртіп, еңбекті ұйымдастыру, персоналды басқару, кадр саясаты, ұжым, команда, әлеуметтік даму, адам қатынастары және т.б. Негізгі обьект ретінде адамды бөле отырып, олар персоналды басқару проблемасының түрлі аспектілерін және оларды шешу жолдарын ашады.

Адамды басқару мәселесі кіші және ірі фирмалар, коммерциялық немесе коммерциялық емес фирмалар төңірегінде, өнеркәсіптік және қызмет көрсету салаларында маңызы зор. Сондықтан, әрбір кәсіпорында персоналды басқаруға үлкен мән беріледі. Персоналды басқару – адамдармен және олардың кәсіпорын ішіндегі қатынастарымен байланысты болатын менеджменттің бір саласы.

Персоналды басқару персоналмен жұмыстың бір жүйесі болып табылады. Бұл жүйе кадр саясатын, персоналды таңдауды, персоналды бағалауды, персоналды ұйымдастыруды, оның бейімделуі мен оқытылуын және т.б. қамтиды. Жалпы персоналды басқару – ұйымдастыру мақсатына жету үшін қызметшілерді тиімді пайдалануға бағытталған, кәсіпорында жүретін әрекет түрі болып табылады. Персонал жүйе ретінде еңбек ресурстарының жарығы, персоналдың категориялар бойынша бөлінуі, персоналды басқару концепциясының талдауы, персоналмен жұмыс жүйелерінің өзара байланысын және т.б. сұрақтарды қамтып отырады.

Еңбек ресурстарының нарығы – еңбек ресурстарын жалдау, оқыту және пайдалану бойынша әлеуметтікэкономикалық қатынастардың жиынтығы. Персоналмен жұмыс жүйесі – бұл кәсіпорында жұмысшылар мен қызметшілер кадрларын басқарудың принциптері және әдістерінің жиынтығы.

Персоналмен жұмыс жүйесін жасақтау үшін бастапқы мәліметтер: адамдар құқықтарының жалпы деклорациясы; ел Конституциясы; елдің азаматтық кодексі; еңбек жөніндегі заңдар кодексі; кәсіпорынды басқару жүйесі; экономикалық және әлеуметтік даму жоспары.

Кадр саясаты ұзақ перспективаға персоналмен жұмыста басты жолды және принципиалды бағыттарды анықтайды. Кәсіпорында кадр саясаты директорлар кеңесі, әкімшілік және кәсіпорын басшысымен қалыптастырылады.

Персоналды таңдау бос жұмыс орындарын толтыру үшін кадрлар резервін жасауда қамтылады. Персоналды таңдау жұмысшылар категориялар бойынша персоналға деген қажеттілікті есептеу процедурасын, жұмысшылар мен қызметшілерге кәсіби талаптардың нормативті көрінісін, кадрларды кәсіби таңдау тәсілдерін, сонымен бірге бос жұмыс орындарына кадрлар резервін қалыптастырудың жалпы принциптерін қамту керек. Сондықтан, кадрларды таңдаудың басты тапсырмасы жақын арада жаңа жұмыс орындарына орналасып, ішкі мотивация, материалды немесе моральді ынталандырудан шыға, жұмыс түрін ауыстыра алатын адамдар жиынтығын анықтау болып табылады. Персоналды таңдау негізінен кадрларға деген қажеттіліктермен анықталады.

Персоналдың бағалауы жұмысшының бос немесе жұмсалған жұмыс орнына сәйкестігін анықтау үшін жүзеге асырылады. Бос орынды жұмсау кезінде жұмысшының потенциалын, яғни кәсіби білім мен тәжірибесін, өмірлік және өндірістік тәжірибесін, денсаулық және жұмысқа қабілетін және басқа да ерекшеліктерді анықтау маңызды. Потенциалды бағалау нақты жұмыс орнында адамдардың қабілетін қолдану перспективасы жөнінде ойластыруға мүмкіндік береді. Жұмысшының жұмыс орнына сәйкестігінің талдауы белгілі бір уақыт өткенде қажет және еңбек нәтижелерін ескере отырып, шығармашылық потенциал және жеке салымды бірлесіп бағалау жолымен мүмкін.

Персоналды ұйымдастыру олардың потенциалын, жеке салымын жоспарланатын карьера, жас, жұмыс орындарын жұмсау мерзімдерін және кәсіпорынның штаттық кестесінде бос орындардың болуын бағалау нәтижелерінен шыға кадрлардың үнемі қозғалысын қамтамасыз ету керек. Ғылыми негізделген персоналдың ұйымдастырылуы олардың өмірлік қызығушылықтарын ескере отырып, қызметтік карьераның жоспарлануын; жұмысшылар категориялары және кадрлар резервіне тәуелді мақсаты, бәсекелесуі немесе таңдалуының рационалды сәйкестелуін; бағалау нәтижелеріне тәуелді аппарат жұмысшыларының жоспарлы қозғалысын; жұмыс орнын жұмсау мерзімдері және басқару кадрларының жасын анықтауын; жұмыс орнын ғылыми ұйымдастыруын; еңбек шарттары мен төлемін анықтауын жанжақты қарастырады.

Персоналдың бейімделуі – бұл ұжымның, ұйымның ішкі және сыртқы ортаның өзгермелі шарттарына, ал жеке индивидуумдардың жұмыс орнына және еңбек ұжымына бейімделу процесі. Жұмысшылардың бейімделуі бейімделу критериі, сынақ мерзімін ұйымдастыру, жас мамандардың бейімделуі, консультация және оқыту әдістері, адам ресурстарының дамуы секілді негізгі элементтерді қамтиды. Бейімделу қызметшілердің тұрақты жұмысқа орналасуымен аяқталады.

Персоналды оқыту жұмысшылардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерінің өндіріс пен басқарудың осы заманғы деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін арналған. Оқытудың төрт түрі бар: негізгі мамандықты алуды білдіретін жұмысшылар мен қызметшілердің училище, техникум және жоғарғы оқу орындарында дайындығы; оқу орындарында квалификацияны көтеру (орталық, мектеп, институт), яғни жұмысшының негізгі мамандығы бойынша жаңа білімдерді алу; жаңа мамандықты алу үшін персоналдың қайта дайындау; жоғарғы оқудан кейінгі кәсіби білім алу (магистратура, аспирантура, докторантура). Оқытудың көрсетілген түрлерінің өзара әрекеттесуі әрбір жұмысшының білімін үзіліссіз көтеру үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, адамдар саны мен персоналдың кәсібиквалификациялық құрылымы арасындағы сәйкестігін уақытында басқаруға мүмкіндік береді.

Сонымен, персоналды басқару кадр саясатын, таңдау, бағалау, ұйымдастыру, бейімделу мен кардларды оқытуды қамтитын жүйе ретінде қарастырылып, кәспорынның басты нормативтік құжаттарында көрініс табуы керек. Жалпы персоналды басқарудың бірнеше ерекшелігі бар. Персоналды тиімді басқару негізінен кеңседе болатын әртүрлі процедуралар мен ережелерге қарағанда, практикалық қызметке бағытталған. Персоналды басқару шарушылық қызметіндегі мәселелерді, персоналдың дамуын, еңбек жағдайын жетілдіруді, еңбек жағдайын жетілдіруді қолдай отырып, олармен байланысты проблемаларды шешуге басты назар аударады. Сонымен бірге ол жеке қызметшіні жеке тұлға ретінде қарастырып, оның жекелеген қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Әрбір кәсіпорынның, фирманың ұзақмерзімдік стратегиясында адам факторы қашан да ескеріледі.

Персоналды басқарудың мақсаты – кәсіпорын, фирманы басқарудағы жетістіктерге қол жеткізу болып табылады. Сонымен қатар оның жекелеген мақсаттарына мыналар жатады: фирманы жақсы дайындалған қызметшілермен қамтамасыз ету; персоналды басқару бөлімінің саясатын қызметшілерге жеткізу; персоналдың біліктілігін, тәжірибесін, жұмыс істеу қабілеті мен шеберлігін тиімді пайдалану. Фирма басшылары қызметшілерді тиімділікке жетудің көзі деп қарастырған жағдайда ғана осы мақсаттар орындалады.

Персоналды басқару міндеттеріне мыналар жатады: фирмаға алдына қойған мақсаттарына жетуде көмектесу; фирманы жоғары дәрежелі мамандармен қамтамасыз ету; қызметшілердің өз еңбегімен қанағаттануын барынша көтеруге тырысу; қызметшілердің өмір сүру деңгейін көтермелеу; персоналды басқарудың үнемі қызметшілермен байланыста болды; жақсы моральдық климатты сақтауға көмектесу және т.б.

Кәсіпорынның жоғары басқармасында персоналды басқару өмірлік маңызды элементке айналды. Персоналды басқару жалпы басшылыққа және стратегиялық жоспарлауға ену керек деп санайтын фирмалар  саны жыл санап өсуде. Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасының негізін қазіргі уақытта қызметкерлердің жеке тұлға ретіндегі ролінің өсуі, ұйымның алдына қойған мақсатына сәйкес оларды ұйымдастыру және бағыттау жатады.

Тақырып № 11. Мейманхана, мейрамхана бизнесінде кадр орналастыру.

Басшы еңбек ұғымының іс-әрекетін реттеп, ұжымға әлеуметтік әсер етіп отырады. Басшылық ресми қарымқатынас жүйесімен байланысты және ол жоғарғы органдармен тағайындалып, жұмыстан босатылды. Басшы өзінің ісәрекетінде қатаң иерархиялық құрылымға жүктеледі, бағынушыларға сол құрылымда алатын орнына сәйкес қарымқатынас жасайды. Басшылық мәдениеті оның тұлғалық қасиеттеріне байланысты. Басқару тиімді болу үшін басшының тұлғалық қасиеттері биік деңгейде болуы қажет. Басшы тек қана өндіріс емес, сонымен қатар ұйымның, өндіріс пен кәсіпорынның құндылықтарын, дәстүрлерін, нормаларын басқарады. Джордж Ингмидтің зерттеуі бойынша, егер бір басшы ең бірінші құндылыққа – байлықты қойса, онда жұмысшылардың демалыс бөлмелеріне қаражаты жетпейді, ал екінші бір басшы ең биік құндылық – адамгершілік деп ойласа, онда жалақыны көтереді. Басшы әрқашан әділ, таза болуы тиіс. Басшыға қажетті қасиеттер: 1) білімділік 2) өзіне сенімділік 3) ойлау қабілеті 4) адамдарды басқару қабілеті 5) батылдылық 6) көріктілік.

Менеджер дегеніміз қазіргі өндіріс шарттарында – басқару бойынша мамандар. Менеджер түсінігі – бұл тұрақты қызметте отыратын және фирма қызметінің нақты бір түрлері бойынша шешім қабылдау саласында өкілеттіліктерді жүктейтін жетекші немесе басқарушы тұлға. Өзіндік профессионалды қызмет ретінде менеджер өзі істейтін фирма капиталы меншігінен тәуелсіз болып келеді. Менеджер ретінде жұмыс істей отырып, оның қолында фирма акциясы болуы да болмауы да мүмкін.

Менеджер термині кеңінен таралған және ол мыналарға қолданылады:

иелік бөлімшелер немесе мақсаттыбағдарлама топтарының нақты жұмысын ұйымдастырушысына;

жалпы кәсіпорын немесе оның бөлімшелерінің жетекшісіне,

қоластындағыларға көңіл бөлу жөніндегі жетекшісіне,

Дамыған мемлекеттерде қолданылатын саяси, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық күштердің осы менеджерлерге әсер етудің факторлары бар:

1. Стресс, қысым көрсету және белгісіздік көп кездеседі.

2. Дәстүрлі құндылықтар жеке пайымдау мен құндылықтардың өзгеруіне әкеп соғады.

3. Менеджерлерден орындалатын жұмыс мақсатын нақты белгілеу талап етіледі.

4. Әр менеджер тұрақты өз өсуін, дамуын өзі қолдап отыруы қажет.

5. Көп менеджерлер өзінің қол астындағылармен қатынасына жаңа ыңғайды игеруі керек.

6. Менеджерлерден жаңа тәсілдерді тез оқыпбілу және басқаларға көмектесу шеберлігін тез меңгеру талап етіледі.

«Кәсіпкер» терминін ХVІІІ ғасырдың басында өмір сүрген француз экономисі Ришар Контальон енгізген болатын.

Кәсіпкер дегеніміз бұл өнім немесе қызметінің жаңа түрін құру немесе жасау арқылы жаңа ой тастайтын тұлға. Сонымен қатар кәсіпкер қызметі немесе өсімін өедіру үшін бизнес ашудың кейбір тәсілдерін ойлап табады да халықтың әлеуметтік жағдайын көтеріп, өзінің пайдасын ойлайды. Кәсіпкер сөзі жаңа кәсіпорынды ұйымдастырумен немесе жаңа идеяны, жаңа өнімді немесе қоғамға ұсынатын жаңа қызметін әзірлеумен байланысты тәуекелге бас тіккен адамды білдіреді. Кәсіпорындардың немесе ұйымдардың мақсаттарын қалыптастыруға белсенді қатысып, осы ұйымдар қызметінің бастапқы кезінде өздері баскөз болатын барлық кәсіпкерлерді менеджер деп айтуға болады.

Олардың кейбіреуі кәсіпорынды дамытудағы ұзақ қызметінің текбастапқы кезінде ғана емес, сондайақ ұзақ жылдар бойы кәсіпорын жұмысын ілгері бастырып, қызметін жалғастыра береді. Кейбір кәсіпкерлердің жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау сияқты басқаруқызметін тиімді орындауға қабілетбейімі бола бермейді. Бұл өзіңнің жеке ісің болса да, немесе компаниядағы қалыптасқан құрылымында істесең де кәсіпкер болу оңай емес. Ұйымдарда, қоғам да, қаншалықты пайдалы болғанына қарамастан, қандай да бір өзгерістерге қарсыласып бағады. Сондықтан да кәсіпкеліктің философиясы танымға және мәселелерді және ұғынуға бағытталған. Кәсіпкерлік қызметтің маңызды міндеті объектінің (фирмалар, кәсіпорын, жеке кәсіпкерлік) тиімді ісәрекет жасауын қамтамасыз ету болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік жеткізетін кепілдеме бермесе де, соған үміттендіретін шешімдерді жиі қабылдауна тура келеді. Кәсіпкерлік қатер кәсіпкерлік фирмаға қатысы бойынша сыртқы ортадағы болжауға келмейтін белгісіздікке орай объективті негізге ие. Сыртқы орта фирма өз қызметін асыратын объективті экономикалық, әлеуметтіксаяси жағдайларды қамтиды.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу. Бұл мәселені шешу үшін, осы мәселеге қатысты заң болу керек. Бірінші мақсаты – монополия болмау керек. Біздің елде осы мәселені реттеу үшін 2006жылы жеке кәсіпкерлік туралы заң қабылданды. Ал, екінші заң 2007 жылы еңбек кодексіне өзгертулермен қабылданды. Сонымен қатар кәсіпкерлікке әлеуметтік жауапкершілік те болуы тиіс. Бірінші мәселе кәсіпкер тек өзінің ғана пайдасын ойламау керек, өзінің қол астындағы жұмысшысының әлеуметтік жағдайына көңіл бөлуі тиіс. Қазіргі қоғамда әлеуметтік салада кәсіпкерге үлкен жауапкершілік артуда. Әлеуметтік жауапкершіліктің кәсіпкерлікте 3 мағынасы бар:

1) кедейшілік

2) экология

3) тұтынушылық қозғалыс.

Кадрлар-кәсіпорынның, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың квалификациялы қызметкерлерінің негізгі құрамы. Кадрлар дегеніміз кәсіптікбіліктілік, әлеуметтікпсихологиялық, жыныстық, жастық жеке және басқа құрылымдық бөлшектермен сипатталатын кәсіпорын жұмыскерлерінің жиынтығы. Кадрларға тек еңбекке кәсіптік қабілеті және арнайы кәсіптік дайындығы бар жұмыскерлер ғана жатады.

Кадрлар ұғымына кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың білікті қызметкерлерінің негізгі (штаттық) құрамы кіреді. Басқару кадрлары басқарудың бес бағытты саясат жасауды талап ететін басқару қызметінің күрделі бағыты: қамту, оқыту, еңбек ақы, өндірістік қатынастар, денсааулықты қорғау және әлауқат. Кадр саясаты нәтижелі жұмыс күшін жалдауға, жұмыс жағдайын жасауға, жұмысшылар мен басшылықтаң қатынасын жақсартуға бағытталған.

Басқару кадрларының денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелері:

  • буфеттер, дәрігерлік орындар, зейнетақы қорларын ұйымдастыру;

  • заң көмегі және жеке мәселелер бойынша басқа қызметтер;

  • кәсіпорындар туралы және кеңселерді, дүкендерді орналастыру;

  • бақытсыз жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік техникасының жұмысына қатысу;

  • жұмыс істейтіндерге өтемақы төлеу;

  • үзілістер ұйымдастыру;

  • жұмыс күнін жоспарлау, т.б.

Персоналды басқару – ісәрекетінің функционалды ортасы, оның мәселесі – кәсіпорынды керек уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін санада кадрлармен қамтамасыз ету, оларды дұрыс орналастыру және ынталандыру. Ұйымды персоналдыбасқару бойынша негізгі құрылымдық бөлімкадрлар бөлімі болып табылады. Ол кадрларды жұмысқа қабылдау, босату, оқыту, біліктілігін көтеру және қайта даярлау функцияларын атқарады. Соңғы екі функцияны орындау үшін көп жағдайда кадрларды даярлау бөлімі немесе оқыту құрылады. Кадрлар қызметін басқарудағы ұйымдастырушылық құрылымы.

Басқару кадрларының басқару мәселелері мен негізгі талаптарының өзгеруіне байланысты кадр қызметінің мәселелері, функциялары және құрылымы өзгеріс тапты. Қазіргі жағдайда кадрлық қызмет кадрлармен жұмыстың барлығында қарастырушы және үйлестіруші болуы қажет. Ол құрылымдық бөлімшелерде кадрлар саясатын жүзеге асыруда бақылаушы функциясын, еңекақы төлеуді, жұмыскерлерге медициналық қызмет көрсетуді, ұйымдағы әлеуметтікпсихологиялық жағдайды жұмыскерлікті әлеуметтік қорғауды қадағалауы керек.

Кадрлық қызметінің оны құрайтын бөлімшелердің функционалды құрылымын анықтағаннан кейін әрбір бөлімшелердің шешетін мәселелерінің тізімі, олардың функциялары мен ондағы жұмыскерлердің сандық құрамы мен лауазымдық құрылымы, олардың әрқайсысының қызметтік міндеттемелерді, сонымен жұмысты әдістемелік қамтамасыз ету, олардың орындалуын бақылау және қадағалау функцияларын жүргізу мәселелері шешіледі. Басқарудың жоғарғы сатыларында стратегиялық сипаттағы мәселелер шешіледі: кадрлар саясаты тапсырмалары, әдістемелік пен нормативтік материалдарды жасау тапсырмалары қалыптасады, оның орындауына бақылау қойылады және кадрлармен жұмыс істеу бойынша барлық бөлімшелерде жалпы жетекшілік жасайды. Кадрлар бөлімі кадрлық жұмыстардың әдістемелік те, ақпараттық та, үйлестіруші де орталығы емес. Олар құрылымдық жағынан еңбекті ұйымдастыру және жалақы төлеу, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, құқық бөлімдері және басқа да кадрларды басқару функцияларын орындайтын бөлімдерден бөлектендірілген. Көбінесе ұйымдарда әлеуметтік мәселелерді шешу үшін әлеуметтік зерттеу және қызмет көрсету қызметтері өз алдына жеке құрылады.

Жаңа қызметтердің мәселелері ұйымдағы еңек ресурстарын басқару жөніндегі ісәрекеттерді үйлестіру және кадрлар саясатын орындау болып табылады. Басқару кадрларының қорытынды элементтеріне мыналар жатады:

  • жұмыспен қамту-нәтижелі қызметкерлермен қамтамасыз ету;

  • оқыту-қызметкерлердің өздерінің қазіргі міндеттерін орындауын жақсарту үшін тиісті оқыту қуатымен қамтамасыз ету.

  • еңбек ақы төлеу-қабілеттерімен, тәжірибесімен, жауапкершілікпен анықталатын құрылымға сәйкес жоғары еңбек ақысын төлеу;

  • әлауқат-басқа жалданушыларға қарағанда, неғұрлым қолайырақ қызмет пен жеңілдікпен қамтамасыз ету;

  • әлеуметтік демалыс жағдайлары қызметкелер үшін мүдделі және өзара пайдалы.

Тақырып № 12. Кәсіпкерлік қызметінің тиімділігі.

Тиімділік-кәсіпорынның қаржылық қызметінің жалпылама көрсеткіші. Шаруашылықты жүргізудің түпкілікті нәтижелерін пайдадан гөрі неғұрлым толық сипаттайды, өйткені оның шамасы нәтижеліліктің қолда бар және пайдаланылған ресурстармен арақатынасын көрсетеді. Тиімділік көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық қызметін бағалау үшін және инвестициялық саясат пен баға белгілеу үшін қолданылады. Тиімділік көрсеткіштерінің түрлері: өндіріс пен инвестициялық жобалар шығынының тиімділігін (өзін-өзі өтеуді) сипаттайтын көрсеткіштер; сатылым тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер; капитал мен оның бөліктерінің табыстылығын сипаттайтын, активтердің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер. Тиімділіктің осы көрсеткіштерінің бәрі теңгерімдік пайда, өнімді өткізуден алынған пайда мен таза пайда негізінде есептеледі.

Активтердің тиімділігі

Активтердің тиімділігі-кәсіпорынның негізгі қызметінің нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін кешенді көрсеткіш. Кәсіпорын активтерінің 1 теңгесіне шаққандағы қайтарымды көрсетеді:

Активтердің тиімділігі = оперативтік пайда × Активтердің орташа сомасы.

Түрлі факторлардың ықпалын бағалау үшін басқа формуланы пайдалануға болады:

Активтердің тиімділігі = Сатылымның Тиімділігі × Активтердің айналымдылығы.

Осы арақатынасты зерттей отырып, әрбір элементтің нәтижеге әсер ету дәрежесін анықтауға болады. Бұл коэффициенті басшының кәсіпорынды басқарудағы негізгі жұмыс құралдарының бірі болуға тиіс. Кәсіпорын қызметі пайдалылығының аса маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде ол кәсіпорын жұмысының барлық жағын сипаттайтын бүкіл элементтер жиынын біріктіреді. Өзара байланыстарына талдау жасай отырып, теріс ықпал ететін неғұрлым келеңсіз элементтерді бөліп шығаруға, сөйтіп, оларға баса назар аударуға болады.

Жұмсалған шығынның тиімділігі

Жұмсалған шығынның тиімділігі-теңгерімдік және таза пайданың өткізілген немесе өндірілген өнімге жұмсалған шығынның сомасына қатынасы. Кәсіпорынның өнімді өндіруге және өткізуге жұмсалған әрбір теңгеден қанша пайда алғанын көрсетеді. Жалпы кәсіпорын бойынша, оның жекелеген бөлімшелері және өнімнің түрлері бойынша есептелуі мүмкін. Жалпы кәсіпорын бойынша есептелген өндірістік қызмет тиімділігінің деңгейі (шығынның өзін-өзі өтеуі) бірінші қатардағы негізгі үш факторға: өткізілген өнімнің құрылымын өзгертуге, оның өзіндік құнына және өткізімнің орташа бағасына байланысты.

Сатылым тиімділігі

Сатылым тиімділігі-өнімді өткізуден, жұмыстарды орындаудан және қызметтерді көрсетуден алынған пайданың немесе таза пайданың алынған ақшалай түсімге қатынасы. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін: сатылымның бір теңгесінен кәсіпорынның қанша пайда түсуіне қарай анықтайды. Бұл көрсеткіш нарықтық экономикада кең ауқымда қолданылды. Жалпы кәсіпорын бойынша және жекелеген өнім түрлері бойынша есептеледі. Сатылған өнімнің әрбір теңгесінен кәсіпорынның қанша операц. пайда сомасын алатынын, яғни өнімнің өзіндік құны өтелгеннен кейін кәсіпорында қанша пайда қалатынын көрсетеді. Сатылым тиімділігі компания қызметінің аса маңызды қырын-негізгі өнімнің өткізілімін сипаттайды, сондай-ақ тиімділіктің сатылымдағы үлесін бағалайды.

Капиталдың тиімділігі

Капиталдың тиімділігі (табыстылығы)-теңгерімдік (таза) пайданың бүкіл инвестицияланған капиталдың немесе оның жекелеген бөліктерінің: меншікті (акционерлік), қарыз, негізгі, айналым, өндірістік капиталдың, т.б. орташа жылдық құнына қатынасы.

Пайдалану тиімділігі

Пайдалану тиімділігі-келесі жалпыланған критерийлері үнемділігі, зақымдалмағандығы, өнімділігі бойынша бағалауға болатын, жүйенің, құрылғының тиімділігі.

Техникалық эксплуатация тиімділігі

Техникалық эксплуатация тиімділігі-қозғалмалы, жылжымалы құрамды сақтау бойынша шаралар тиімділігі.

Экономикалық тиімділік

Экономикалық тиімділік-жұмсалған еңбек пен шаруашылық істің нәтижесінің арасындағы қатынаспен бағаланатын өндірістің нәтижелілігі.

Жаңа техникалардың экономикалық тиімділігі

Жаңа техникалардың экономикалық тиімділігі-халық шаруашылық нәтижелерді сипаттайтын жаңа құрал-жабдықтарды, құрылғыларды қолданудың абсолюттік немесе салыстырмалы экономикалық тиімділік.

Тақырып № 13. Іскерлік қарым-қатынастар.

Іскерлік қарым-қатынастар-бұл нарық пен ұжымдағы бірлескен қызмет үрдісінде пайда болатын әріптестер, серіктестер мен тіпті бәсекелестер арасында өзара байланыс ретінде танылатын жүйе.

Іскерлік қарым-қатынастарда этикалық ережелер мен нормалардың үш типі бар:

  • қабылданған және қорғалатын ресми заңдар;

  • жалпы адами этикалық нормалар;

  • топтықмінез-құлық нормалары.

Ескертетін бір жайт, этикалық ережелер мен нормалардың бір-бірімен сәйкес болу қажеттілігіне қарамастан, тәжірибе жүзінде олардың арасында ерекшеліктер бар.

Іскерлік қатынас мәдениеті іскерлік сөйлесу мәдениетінен, іскерлік жиналысөткізуден, клиенттерді қабылдау және олармен сқйлесуден, телефон арқылы сөйлесу қабілетінен, іскерлік кештерден, тұсаукесерлерден, киім-кию мен жүріс-тұрыстан, іскерлік жазбаша қарым-қатынастан және факс бойынша іскерлік ақпаратпен алмасу және т.б. тұрады.

Кәсіпкерлік қызмет барысында белгілі бір адамға немесе адамдар тобына шешімдер қабылдауға тура келеді. Бұл жағдайда адамның мінез-құлқына кәсіпкерлік қызметтің жалпы мәдениетіне сай шешілетін мәселелердің сипаты мен іскерлік қарым-қатынасмәдениеті әсер етеді.

Іскерлік қатынас-бұл бірлескен жұмыс нәтижесінде белгілі бір нәтижеге қол жеткізу, нақты міндетті шешу немесе қойылған мақсатты жүзеге асыруды қарастыратын іскерлік ақпарат пен жұмыс тәжірибесінің алмасуын қарастыратын үрдіс. Бұл үрдістің ерекшелігі регламент уақыты, яғни аталған уақытта қабылданған ұлттыө және мәдени дәстүрлермен, тұлғалардың аталған кәсіби тобындағы кәсіби этикалық қағидалармен анықталатын белгілі бір шектеулерге бағыну болып табылады.

Іскерлік қатынас шартты түрде тікелей және жанама болып бөлінеді.

Тікелей қатынастың үлкен нәтижелілігі, эмоционалды әсер ету мен сездіру күші бар, ал жанаманың онда" күшті нәтижесі болмайды. Онда міндетті түрде қандай да бір әлеуметтік-психологиялық механизмдер болады.

Жанама қатынас-бұл әңгімелесу барысында қандай да бір кеңістіктік уақытқа тәуелді болады, яғни хаттар, телефонмен әңгімелесу, іскерлік хаттар және т.б.

Іскерлік қатынастар түрлері:

  • әңгімелесулер;

  • келіссөздер;

  • жиналыстар;

  • қатысулар;

  • көпшілік алдында сөз сөйлесу.

Іскерлік қарым қатынас өоғамдық өмірдің барлық аяларына енуде. Коммерциялық, іскерлік қызметтің барлық меншік нысанындағы және түріндегі кәсіпорынлар, сонымен қатар жеке кәсіпкерлер іскерлік қатынастың дамуына мүдделі болуда.

Іскерлік қатынас құрылымы бес негізгі фазадан тұрады:

әңгімелесудің басталуы;

ақпарат беру;

дәлелдеу;

әнгімелесушінің дәлелдерін мойындау;

шешім қабылдау.

Әңгімелесуді дұрыс бастау үшін төмендегідей жағдайларды ескеру қажет:

  • әңгімелесу мақсатын дұрыс сипаттау;

  • әнгімелесушілерді өзара таныстыру;

  • тақырыптың аталуы;

  • сұхбаттасуды жүргізетін кісіні таныстыру; мәселелерді талқылау тәртібін жариялау.

Әңгімелесуді аяқтау кезінде іс-әрекеттер тәртібі кері болуы керек: сөзді әңгіме жетекшісі алады және ол әнгімелесушіге берумен аяқтайды.

Тақырып № 14. Мейманхана, мейрамхана бизнесіндегі кәсіпкерліктің ұйымдастыру қағидалары.

Кәсіби кәсіпкерлік қағидалары деп кәсіпкерлікте кәсіби табысқа қол жеткізуді көздейтін барлық адамдар басшылыққа алуңа міндетті, кәсіпкерлік бизнестің негізін құраушы элементтерін атайды. Аталған қағидалар объективті сипатқа ие және экономиканың тархи және ұлттық ерекшеліктеріне тәуелсіз, адамдар қызметінің ерекше типі ретінде сипатталады.

Кәсіби кәсіпкерлік бизнес қағидалардың 5 тобы негізінде ұйымдастырылады және дамиды. Оларға мыналар жатады:

1. кәсіпкерлік бағыттаушы қағидалары;

2. кәсіпкерліктің ынтыландырушы қағидалары;

3. кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-мінез құлықтық қағидалары;

4. кәсіпкерліктің эволюциялық қағидалары;

5. кәсіпкерліктің жүйелік қағидалары.

1. Кәсіпкерліклік бағыттаушы қағидаларына бизнестің кәсіпкерлік бейімділігіне сәйкестігі қағидасын және бизнестің бәсекеге қабілеттілік қағидасын жатқызады.

Кәсіпкерлердің өмірде өзіне лайықты орынды іздеуі олардың кәсіпкерлік миссия деп аталатын арнаулы бағытына байланысты. Кәсіпкерлердің өз мисиясын орындацы олардың кәсіпкерлік бәсекеге қабілеттілігің әлеуетіне тікелей байланысты.

Кәсіпкерлік бәсекеге қабілеттіліктің әлеуеті деп кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің бәсекелік артықшылықтары мен кемшіліктерінің арақатынасын айтады.

Кәсіпкерліктің кез келген субъектісінің құрамына мыналар кіреді:

  • кәсіпкерлердің жеке бәсекеге қабілеттілік әлеуеті;

  • кәсіпкерлік фирмалардың институционалдық бәсекеге қабілеттілігін әлеуеті.

Кәсіпкерлік фирмалардың институционалдық бәсекеге қабілеттілігің әлеуеті кәсіпорындардың материалдық және адами ресурстарының жиынтығымен анықталады. Бұл әлеуеттің типтік құрылымы әдетте келесідей міндетті элементтерден тұрады:

  • кәсіпорындардың іскерлік қызметі құралдарының, еңбек заттары мен технологияларының жиынтыңы;

  • құрылған және өткізілуге тиісті тауарлардың, сонымен қатар кәсіпкерлік фирманың қаржы активтерінің жиынтығы;

  • ұйымдастырушылық әлеуеті, оның ішінде фирманың ұйымдастырушылық құрылымы, фирмаішілік менеджменттің деңгейі, аталған фирманың сыртқы коммуникацияларының болуы мен олардың жағдайы;

  • кәсіпкерлік бизнес субъектісінің іскерлік жағымды беделі;

  • кәсіпорын фирма қызметкерлерінің кәсіби қабілеттері;

  • кәсіпорын иелерінің, оның қызметкерлері мен менеджерлерінің іскерлік әлеуетінің болуы;кәсіпкерлік бизнесті күшейтуге және кәсіпорынның іскерлік қызметінің тиімділігін арттыруға деген алғышарттардың болуы.

2. Кәсіпкерліктің ынталандырушы қағидаларына мыналар жатады:

  • бизнестегі табыстылық пен кәсіпкерлер қызметінің нәтижелілігін іскерлік ортада мойындаудың сәйкестілік қағидасы;

  • сәттілікті ұстауға дайындалу қағидасы;

  • мотивтердің алуан түрлілік қағидасы;

  • бизнестегі эгоистік және қоғамдық мүдделерді сәйкестендіру қағидасы.

Кәсіпкерлік бизнестегі ең маңызды түсініктердің бірі кәсіпкерлік жетістік болып табылады. Әр түрлі жағдайларға байланысты жетістіктер төмендегі түрлерге бөлінеді:

  • ағымдық және соңғы;

  • қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді;

  • іскерлікке лайықты және лайықсыз жетістіктер.

Жетістікке жету үшін кәсіпкерге екі бірдей міндетті шешуге тура келеді. Бір жағвнан, ол өз қызметінің қоғами тұрғыдан кең танылуына ұмтылады. Екінші жағынан-ол бәсекелік ортада алға шығуға бар мүмкіндігін жұмсайды.

3. Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-мінез-құлықтық қағидалары бизнесті ұйымдастыруды және кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің сипаттамасын анықтайды. Оларға мыналар жатады:

  • кәсіпкерлік бизнестің үйлесімді логикасының қағидасы;

  • бизнесте бәсеке мен ынтымақтастықты сәйкестендіру қағидасы;

  • мінез-құлықтың стратегиялық, тактикалық және жағдайлық деңгейлерін сәйкестендіру қағидасы.

4. Кәсіпкерліктің эволюциялық қағидаларына мыналар жатады:

  • бизнестің қарапайым нысандарынан күрделі нысандарына қарай сатылы даму қағидасы;

  • нарыққа бағытталңан экономикадағы бизнестің тарихи ерекшелік қағидасы;

  • капиталдың бастапқы қорлану қағидасы.

5. Кәсіпкерліктің жүйелік қағидаларына мыналар жатады:

  • кәсіпкерлік бизнестің жүйелілік қағидасы;

  • интегративті қағидалары негізінде бизнесті тұрақты дамыту қағидасы;

  • бизнестегі орталыққа жинақтау және орталыққа ұмтылу қағидасы;

  • бизнестің ұлттық модельдерінің алуан түрлілік қағидасы;

  • мемлекеттік шекараларды білмейтін, әлемдік жүйе ретіндегі бизнесті қалыптастыру қағидасы.

Тақырып № 15. Мейманхана, мейрамхана бизнесіндегі кәсіпкерліктің құқықтық формалары.

Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз-заңмен және басқа да құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:

  • Шаруашылық серiктестiк;

  • Акционерлiк қоғам;

  • Өндiрiстiк кооператив;

  • Шаруа қожалықтары;

  • Жеке (дара) кәсіпкерлік.

Жоғарыда аталған ұйымдық-құқықтық нысандардың барлығы біздің нарықтық экономикадағы ҚР үшін инновациялық шаруашылық нысандары болып табылады. Өйткені жоспарлы экономикада меншіктің барлығы мемлекет қарамағында болды. Ал нарықтық экономикаға көшу барысында кәсіпорындарды жекешелендіру операцияларының арқасында кәсіпорындардың жаңа ұйымдық-құқықтық нысандары қалыптаса бастады.

Енді нарықтық экономикадағы ҚР кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарын ҚР-ның Азаматтық Кодексіне (жалпы бөлім) суйене отырып талдайық:

Мазмұны

1 Шаруашылық серiктестiк

1.1 Толық серiктестiк

1.2 Сенiм (коммандиттiк) серiктестiгi

1.3 Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк

1.4 Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк

2 Акционерлiк қоғам

2.1 Еншiлес ұйым

2.2 Тәуелдi акционерлiк қоғам

3 Өндiрiстiк кооператив

Шаруашылық серiктестiк

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде өндiрген және алған мүлiк меншiк құқығы бойынша серiктестiкке тиесiлi болады.

Шаруашылық серiктестiктер толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысандарында құрылуы мүмкiн. Толық және сенiм серiктестiгiнен басқа, шаруашылық cepіктестікті бiр тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.

Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттары болып табылады.

Жарғы бiр адам (бiр қатысушы) құрған шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаты болып табылады. Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттарын (жарғы және құрылтай шартын) нотариат куәландыруға тиiс. Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында әрбiр қатысушының үлес мөлшерi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына олар салатын салымның мөлшерi, құрамы, мерзiмi және тәртiбi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына салым салу жөнiндегi мiндеттердi бұзғаны үшiн қатысушылардың жауапкершiлiгi туралы ережелер, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс. Шаруашылық серiктестiк басқа шаруашылық серiктестiктердiң құрылтайшысы болуы мүмкiн.

Шаруашылық серiктестiк бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысымен шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзу шартын жасасуға құқылы.

Құрылтай шартының қолданылуы шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмi қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнен үзiнді-көшiрме қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.

Акционерлiк қоғам қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.

Қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына қатысу үлесiне құқықтар шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнде осы құқықтардың тiркелген кезiнен бастап туындайды.

Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн қалыптастыру, жүргiзу және сақтау тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.

Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқық, санаткерлiк қызмет нәтижесi құқығын қоса алғанда және өзге де мүлiк (Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда) шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салым бола алады.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысанда немесе мүлiктiк құқықтар түрiнде салған салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне барабар сомадан асып кетсе, оның бағасын тәуелсiз сарапшы растауға тиiс.

Шаруашылық серiктестiгiн қайта тiркеген кезде оған қатысушының салымын ақшалай бағалау серiктестiктiң бухгалтерлiк құжаттарымен не аудиторлық есеппен расталуы мүмкiн.

Серiктестiктiң құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берiлген кезден бастап бес жыл бойы серiктестiктiң несие берушiлерi алдында салым бағасы арттырылған сома шегiнде бiрлесiп жауап бередi.

Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлетiн жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтай құжаттарында көрсетiлген барлық мерзiмге есептелген осы мүлiктi пайдалану төлемiмен анықталады.

Салымдарды мүлiктiк емес жеке құқық және өзге де материалдық емес игiлiк түрiнде, сондай-ақ қатысушылардың серiктестiкке қойған талаптарын есептеу жолымен енгiзуге жол берiлмейдi.

Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы барлық қатысушылардың үлестерi және тиiсiнше олардың шаруашылық серiктестiгi мүлкiнiң құнындағы үлестерi (мүлiктегi үлес) жарғылық капиталдағы салымдарына барабар болады.

Шаруашылық серiктестiкке қатысушы серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiн, егер заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, салып қоюға және сатуға құқылы.

Жарғылық капиталға салым салудың тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ жарғылық капиталды құру жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшiн жауапкершiлiк заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында белгiленедi.

Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушiлерiне хабарланғаннан кейiн жол берiледi. Олар бұл жағдайда серiктестiктiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе тиiстi мiндеттемелерiн орындауын және оның зиянды өтеуiн талап етуге құқылы.

Осы тармақта белгiленген тәртiптi бұза отырып жарғылық капиталды азайту мүдделi адамдардың арызы бойынша сот шешiмiмен серiктестiктi таратуға негiз болып табылады.

Шаруашылық серiктестiктiң жоғары органы оның қатысушыларының жалпы жиналысы болып табылады.

Толық серiктестiктен және сенiм серiктестiгiнен басқа, бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiктерде жалпы жиналыстың өкiлеттiгi оның бiрден бiр қатысушысына тиесiлi болады.

Шаруашылық серiктестiкте оның қызметiне күнделiктi басшылық жасайтын және оның қатысушыларының жалпы жиналысына есеп берiп отыратын атқарушы орган (алқалық және (немесе) жеке-дара құрылады). Жеке-дара басқару органы оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкiн.

Серiктестiктiң алқалы органдары ретiнде:

  • басқарма (дирекция);

  • байқаушы кеңес;

  • заң актiлерiнде немесе шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмiнде көзделген жағдайларда басқа да органдар құрылуы мүмкiн.

Шаруашылық серiктестiктiң органдарының құзыретi, оларды сайлау (тағайындау) тәртiбi, сондай-ақ олардың шешiмдер қабылдау тәртiбi Азаматтық Кодекске, заң құжаттарына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгiленедi. Шаруашылық серiктестiгi қаржы есептерiнiң дұрыстығын тексеру және растату үшiн серiктестiкпен немесе оның қатысушыларымен мүлiктiк мүдделер жөнiнен байланысы жоқ аудиторлық ұйымды тарта алады (сыртқы аудит). Шаруашылық серiктестiгiн аудиторлық тексеру серiктестiк бiр немесе бiрнеше қатысушысының талап етуi бойынша солардың есебiнен кез келген уақытта жүргiзiлуге тиiс. Шаруашылық серiктестiгiнiң қызметiне аудиторлық тексерудi жүргiзу тәртiбi заңдармен және серiктестiктiң құрылтай құжаттарымен белгiленедi.

Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың:

  • құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен шаруашылық серiктестiктiң iстерiн басқаруға қатысу;

  • шаруашылық серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға және құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен оның құжаттамаларымен танысуға;

  • таза табысты бөлiсуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай құжаттарының бiр немесе бiрнеше қатысушыны пайданы бөлiсуге қатысудан шеттетудi көздейтiн ережелерi жарамсыз болып табылады;

  • шаруашылық серiктестiк таратылған жағдайда несие берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған серiктестiк мүлкiндегi өздерiнiң үлесiне сәйкес мүлiктiң бiр бөлiгiн немесе оның құнын алуға құқылы.

Шаруашылық серiктестiкке қатысушылар:

  • құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;

  • салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп, мөлшер, әдiстер және мерзiмдер бойынша салып отыруға;

  • шаруашылық серiктестiк коммерциялық құпия деп жариялаған мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.

Шаруашылық серiктестiктер заң құжаттарында белгiленген реттер мен тәртiп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешiмiмен шаруашылық серiктестiктiң бiр түрiнен екiншi түрi не акционерлік қоғамдар немесе өндiрiстiк кооперативтер болып қайта құрылуы мүмкiн.

Толық серiктестiк немесе сенiм серiктестiгi акционерлiк қоғам, жауапкершiлiгi шектеулi немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк болып қайта құрылған жағдайда акционерлiк қоғамның, жауапкершiлiгi шектеулi немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң қатысушысы болған әрбiр толық серiктес толық серiктестiктен немесе сенiм серiктестiгiнен акционерлiк қоғамға, жауапкершiлiгi шектеулi немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке көшкен мiндеттемелер бойынша екi жыл бойы өзiнiң барлық мүлкiмен субсидиялық жауапты болады. Бұрынғы толық серiктестiң өзiне тиесiлi акцияларды (үлестердi) иелiктен шығаруы оны мұндай жауапкершiлiктен босатпайды.

Толық серiктестiк

Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп танылады. Азамат бiр ғана толық серiктестiктiң қатысушысы бола алады. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшылары белгiлейдi, бiрақ ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек. Толық серiктестiктiң ең жоғары органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серiктестiктiң iшкi мәселелерi жөнiндегі шешiм барлық қатысушылардың жалпы келiсiмi бойынша қабылданады. Серiктестiктiң құрылтай шартында қатысушылардың көпшiлiк даусымен шешiм қабылданатын реттер көзделуi мүмкiн. Егер құрылтай шартында оның қатысушыларының дауыс санын анықтаудың өзгеше тәртiбi көзделмесе, толық серiктестiктiң әрбiр қатысушысының бiр даусы болады. Құрылтай шартында қатысушылар алатын дауыс санын олардың жарғылық капиталдағы үлесiне сай белгiленетiндiгi көзделуi мүмкiн.

Толық серiктестiктi басқаруды толық серiктестiктiң атқару органдары жүзеге асырады. Басқару органдарының түрлерi, құрылу тәртiбi және олардың құзыретi құрылтай құжаттарында белгiленедi. Толық серiктестiкке қатысушының қалған қатысушылардың келiсiмiнсiз өз атынан және өз мүдделерi немесе үшiншi жақтардың мүдделерi үшiн серiктестiк қызметi мәнiмен бiртектес мәмiлелер жасасуға құқығы жоқ. Бұл ереже бұзылған жағдайда серiктестiк өз қалауы бойынша мұндай қатысушылардан не серiктестiкке келтiрiлген залалдың орнын толтыруын, не осындай мәмiлелерден тапқан бүкiл пайданы серiктестiкке беруiн талап етуге құқылы. Серiктестiктiң iсiн жүргiзу тапсырылған толық серiктестiктiң органдары барлық қатысушыларға олардың талап етуi бойынша өз қызметi туралы толық ақпарат берiп отыруға мiндеттi. Өкiлеттiгi болмаса да ортақ мүдделер үшiн әрекет жасаған қатысушы, оның әрекеттерiн қалған қатысушылар мақұлдамаған жағдайда, егер өз әрекеттерiнiң арқасында серiктестiк құны жөнiнен серiктестiк шеккен шығындардан асып түсетiн мүлiктi сақтап қалғандығын немесе тиiсiнше сатып алғандығын дәлелдеген жағдайда серiктестiктен өзi жасаған шығындардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Толық серiктестiкке қатысушының өз үлесiн (үлесiнiң бiр бөлiгiн) оның басқа қатысушыларына немесе үшiншi жақтарға қалған барлық қатысушылардың келiсiмiмен ғана беруiне болады. Үлес (үлестiң бiр бөлiгi) үшiншi жаққа берiлген жағдайда сонымен бiрге толық серiктестiктен шыққан қатысушыға тиесiлi құқықтар мен мiндеттердiң бүкiл жиынтығы соған ауысады. Толық серiктестiктiң қатысушысы қайтыс болған ретте қалған барлық қатысушылардың келiсуiмен құқықты мирасқор (мұрагер) серiктестiкке кiре алады. Құқықты мирасқор (мұрагер) қатысушының толық серiктестiк алдындағы борыштары бойынша, сондай-ақ серiктестiктiң үшiншi жақтар алдындағы бүкiл серiктестiк қызметi кезiнде пайда болған борыштары бойынша жауапты болады. Құқықты мирасқор (мұрагер) толық серiктестiкке кiруден бас тартқан немесе құқықты мирасқорды (мұрагердi) қабылдаудан серiктестiк бас тартқан жағдайда оған қатысушы қайтыс болған күнi белгiленген серiктестiк мүлкiндегi үлестiң құқықты мирасқорлық негiзiнде өзiне тиесiлi құны төленедi. Бұл реттерде тиiсiнше құрылтай құжаттарында (жарғысында) көзделген мерзiмде құрылтай шартында (жарғысында) аталған серiктестiк мүлкiнiң мөлшерiне азайтылады, бiрақ ол үш айдан кешiктiрiлмеуге тиiс.

Толық серiктестiктiң қатысушысы оның өзге де қатысушыларына заң құжаттарында немесе құрылтай шартында көзделген мерзiмнен кешiктiрмей ескерте отырып, серiктестiктен кез-келген уақытта шыға алады. Егер қатысушы шығып кеткен уақытта толық серiктестiк сақталып қалса, оның шығып кеткен күнiнде жасалған балансқа сәйкес шығып кететiн қатысушыға серiктестiк мүлкiндегi үлесiнiң салған салымына тең құны төленедi. Қатысушының талабы бойынша және серiктестiктiң келiсуiмен салымды толық немесе iшiнара заттай түрде қайтарылуы мүмкiн. Шығып кеткен қатысушыға оның осы жылы серiктестiкте болған кезеңiнде серiктестiктiң сол жылы алған таза табысының оған тиесiлi бiр бөлiгi де төленедi. Серiктестiкке қатысушының пайдалануға ғана берген мүлкi сыйақы төленбей заттай түрде қайтарылады. Толық серiктестiкке қатысушылар қалатын қатысушылардың бiрауыздан қабылдаған шешiмi бойынша және оған дәлелдi себептер болған жағдайда, атап айтқанда, оның (олардың) өз мiндеттерiн дөрекi бұзуы немесе iс жүргiзу қабiлетсiздiгi байқалған жағдайда қатысушылардың бiреуiн немесе бiрнешеуiн серiктестiктен сот тәртiбiмен шығаруды талап етуге құқылы.

Сенiм (коммандиттiк) серiктестiгi

Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк сенiм серiктестiгi деп танылады. Сенiм серiктестiгiне қатысатын толық серiктердiң құқықтық ережесi және олардың серiктестiк мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi толық серiктестiктiң қатысушылары туралы ережемен белгiленедi. Азамат тек бiр ғана сенiм серiктестiгiнiң толық серiктесi бола алады. Сенiм серiктестiгiнiң салымшысы алғашқы салымын және қосымша жарналарын (салымдарын) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде, әдiс пен тәртiп бойынша салуға мiндеттi.

Сенiм серiктестiгi салымшысының:

  • серiктестiк таза табысының жарғылық капиталдағы өзiне тиесiлi үлесiн құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша алуға;

  • серiктестiктiң қаржылық есеппен танысуға, сондай-ақ оның дұрыс жасалуын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз етудi талап етуге;

  • жарғылық капиталдағы өз үлесiн немесе оның бiр бөлiгiн заң құжаттарында және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша басқа салымшыға немесе үшiншi жаққа беруге құқығы бар. Салымшының өз үлесiн басқа бiреуге түгелдей беруi оның серiктестiкке қатысуын тоқтатады;

  • заң актiлерiнде және құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен серiктестiктен шығуға құқылы.

Сенiм серiктестiгiнің құрылтай құжаттарында салымшының өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.

Сенiм серiктестiгiнің салымшылары үшін осы Кодексте және басқа заң құжаттарында көзделген құқықтардан бас тарту немесе оларды шектеу, соның ішінде салымшылар мен толық серіктердің келісуі бойынша шектеу жарамсыз болады. Егер салымшы сенiм серiктестiгiнiң мүдделерiн көздеп тиiстi өкiлеттiксiз мәмiле жасаса, оның әрекеттерiн серiктестiк мақұлдаған жағдайда мәмiле бойынша ол несие берушiлердiң алдында толық көлемiнде жауап бередi. Егер ол мақұлданбаса, салымшы үшiншi жақтың алдында заңдар бойынша өзiнiң ақы өндiрiп алынатын бүкiл мүлкiмен жеке жауап бередi.

Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы оның қатысушылары салатын салымнан құралады. Шаруашылық үрдiсiнде жарғылық қор өзгертiлуi мүмкiн. Салымшылардың салымдарын есептемегенде, жарғылық капитал толық серiктестердiң сенiм серiктестiгi мүлкiндегi үлесiн белгiлейдi. Жарғылық капиталдың мөлшерiн сенiм серiктестiгiнiң толық серiктестерi белгiлейдi және ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушiлерiне хабарланғаннан кейiн жол берiледi. Несие берушiлер бұл ретте тиiстi мiндеттемелердiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын және өздерi шеккен залалдың орны толтырылуын талап етуге құқылы.

Сенiм серiктестiгiнiң iсiн басқаруды толық серiктестер жүзеге асырады. Сенiм серiктестiгiнiң iсiн оның толық серiктестерiнiң басқару және жүргiзу тәртiбiн олар толық серiктестiк туралы ережелер бойынша белгiлейдi. Салымшылардың сенiм серiктестiгi iсiн басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенiмхат бойынша болмаса, оның атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Сенiм серiктестiгi салымшыларының серiктестiк iсiн басқару жөнiнде толық серiктестердiң әрекеттерiне дау жасауға құқығы жоқ.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк

Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң салымдарды толық қоспаған қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша әрбiр қатысушының салым салмаған бөлiгiнiң құны шегiнде ортақ жауапты болады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың саны шектелмейдi. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жалғыз қатысушы ретiнде бiр адамнан тұратын басқа шаруашылық серiктестiгi бола алмайды. Өзiнiң кез-келген қатысушыларының талабы бойынша жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзiлуге тиiс. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк оған қатысушылардың қабылдаған шешiмi бойынша өз еркiмен қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкiн. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк өзге де шаруашылық серiктестiк акционерлік қоғам немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы.

Жарғылық капиталдың мөлшерiн жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылтайшылары (қатысушылары) белгiлейдi және ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек.

Серiктестiк органдарының құзыретi, сондай-ақ олардың серiктестiк атынан шешiмдер қабылдау немесе әрекет ету тәртiбi Азаматтық Кодекске, заң актiлерiне және серiктестiк жарғысына сәйкес белгiленедi. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретiне мыналар жатады:

  • серiктестiктiң жарғысын өзгерту, соның iшiнде оның жарғылық капиталы мөлшерiн өзгерту;

  • атқарушы органның мүшелерiн (мүшесiн) сайлау (тағайындау) және олардың (оның) өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiктi немесе оның мүлкiн сенiмгерлiк басқаруға беру туралы шешiм қабылдау және осындай беру шарттарын айқындау;

  • серiктестiктiң қаржылық есебiн бекiту және оның таза табысын бөлу;

  • серiктестiктi қайта құру немесе тарату туралы шешiм шығару;

  • серiктестiктiң байқау кеңесiн және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушiсiн) сайлау және өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiк тексеру комиссиясының (тексерушiсiнiң) есептерi мен қорытындыларын бекiту;

  • iшкi ережелердi, оларды қабылдау рәсiмдерiн және серiктестiктiң iшкi қызметiн реттейтiн басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда бекiту;

  • серiктестiктiң өзге де шаруашылық серiктестiктерге, сондай-ақ коммерциялық емес бiрлестiктерге қатысуы туралы шешiм шығару;

  • тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекiту;

  • жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушысынан үлестi мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм шығару.

Серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi ол серiктестiктiң атқарушы органының шешуiне бере алмайды.

Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк

Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн серiктестiк қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп танылады. Қатысушылар жауапкершiлiгiнiң шектi мөлшерi жарғыда көзделедi. Қатысушылардың бiрi банкрот болған жағдайда оның серiктестiк мiндеттемелерi жөнiндегi жауапкершiлiгi, егер құрылтай құжаттарында жауапкершiлiктi бөлудiң өзгеше тәртiбi көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлiнедi.

Акционерлiк қоғам

Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi. Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлерi аталған қорлардың мiндеттемелерi бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген тәртiп пен жағдайларда ортақтасып жауап бередi. Қоғамның барлық акцияларын бiр акционер сатып алған жағдайда акционерлiк қоғам бiр адамнан құрылуы немесе бiр адамнан тұруы мүмкiн, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе. Мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру жолымен құрылған немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады. Заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкiн.

Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi) мен жарғы акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады.

Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарында Азаматтық Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған мәлiметтер болуға тиiс. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары нотариаттық куәландырылуға жатады. Құрылтай шартының күшi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап тоқтатылады. Акционерлiк қоғамның жарғысын бекiту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.

Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi және оны қалыптастыру тәртiбi, сондай-ақ оны ұлғайту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады.

Акционерлiк қоғамның жоғары органы оның акционерлерiнiң жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретi заң актiлерiмен белгiленедi. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi акционерлiк қоғамның өзге органдарына беруге болмайды. Акционерлiк қоғамда директорлар кеңесi құрылады, Азаматтық Кодексте, заң актiлерiнде және акционерлiк қоғамның жарғысында акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi қоспағанда, ол қоғамның қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Заң актiлерiнде және акционерлiк қоғамның жарғысында директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi акционерлiк қоғамның атқарушы органының шешуiне беруге болмайды.

Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген жағдайларда, бiр акционерi бар акционерлiк қоғамда қоғамның жарғысымен директорлар кеңесiн құрмай-ақ акционерлiк қоғамды басқару мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн. Акционерлiк қоғамның атқарушы органы алқалық (басқарма) немесе жеке дара (директор, бас директор, президент) болуы мүмкiн. Ол акционерлiк қоғам қызметiне күнделiктi басшылықты жүзеге асырады және директорлар кеңесi мен акционерлердiң жалпы жиналысына есеп бередi.

Қоғам басқа да органдарының заңдармен немесе құрылтай құжаттарымен белгiленген ерекше құзыретiне кiрмейтiн барлық мәселелердi шешу акционерлiк қоғамның атқарушы органының құзыретiне жатады. Акционерлердiң жалпы жиналысының акционерлiк қоғамның жылдық қаржы есебiн тексеру комиссиясының (тексерушiнiң) қорытындысынсыз бекiтуге құқығы жоқ. Акционерлiк қоғам шаруашылық серiктестiгi немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы.

Еншiлес ұйым

Жарғылық капиталының басым бөлiгiн басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негiзгi ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешiмдерiн айқындай алатын заңды тұлға еншiлес ұйым болып табылады. Еншiлес ұйым өзiнiң негiзгi ұйымының борыштары бойынша жауап бермейдi. Еншiлес ұйыммен жасасқан шарт бойынша (не өзгедей түрде) оған мiндеттi нұсқаулар беруге құқылы негiзгi ұйым онымен осындай нұсқауларды орындау үшiн жасалған мәмiлелер бойынша еншiлес ұйыммен бiрге субсидиарлық жауапты болады.

Негiзгi ұйымның кiнәсiнен еншiлес ұйым банкрот болған жағдайда негiзгi ұйым оның борыштары бойынша субсидиарлық жауапты болады. Егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, еншiлес ұйымның қатысушылары негiзгi ұйымнан оның кiнәсiнен еншiлес ұйымға келтiрiлген зиянды өтеудi талап етуге құқылы.

Тәуелдi акционерлiк қоғам

Егер акционерлiк қоғамның дауыс берушi акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанiкi болса, ол тәуелдi қоғам деп танылады. Басымырақ (қатысушы) заңды тұлға тәуелдi акционерлiк қоғам акцияларының тиiстi бөлiгiн сатып алғаны туралы мәлiметтi заң құжаттарында көзделген тәртiп бойынша дереу жариялауға мiндеттi. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, акционерлiк қоғамдардың бiр-бiрiнiң жарғылық капиталдарында өзара қатысуы әрбiр жарғылық капиталдың жиырма бес процентiнен аспауға тиiс. Бiр-бiрiнiң жарғылық капиталына өзара қатысатын акционерлiк қоғамдар басқа қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысында жиырма бес проценттен артық дауысты пайдалана алмайды.

Өндiрiстiк кооператив

Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады. Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелерi кооператив мiндеттемелерi бойынша Өндiрiстiк кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысында кооператив мүшелерi жарнасының мөлшерi туралы; кооператив мүшелерiнiң құрамы мен жарна қосу тәртiбi және олардың жарналарды енгiзу жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооператив қызметiне оның мүшелерiнiң еңбекпен қатысу сипаты мен тәртiбi және олардың жеке еңбекпен қатысуы жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооперативтiң таза табысын бөлу тәртiбi туралы; кооперативтi басқару органдарының құрамы мен құзыретi және олардың шешiмдер қабылдау, соның iшiнде шешiмi бiрауыздан немесе бiлiктi көпшiлiк дауыспен қабылданатын мәселелер жөнiндегi шешiмдер қабылдау тәртiбi туралы ережелер болуға тиiс. Өндiрiстiк кооперативтiң меншiгiндегi мүлiк, егер кооперативтiң жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мүшелерiнiң пайларына олардың жарналарына барабар бөлiнедi. Кооператив таза табысы оның мүшелерi арасында, егер кооператив жарғысында өзгеше тәртiп көзделмесе, олардың еңбекке қатысуына сәйкес бөлiнедi. Өндiрiстiк кооператив таратылған немесе кооператив мүшесi одан шыққан жағдайда кооператив мүшесiнiң өз пайын бөлiп алуға құқығы бар.

Өндiрiстiк кооперативтi басқарудың жоғары органы оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы болып табылады.

Өндiрiстiк кооперативте кооперативтiң атқарушы органдарының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыратын қадағалау кеңесi құрылуы мүмкiн. Қадағалау кеңесi мүшелерiнiң өндiрiстiк кооператив атынан әрекет жасауға құқығы жоқ.

Басқарма және (немесе) оның төрағасы кооперативтiң атқарушы органдары болып табылады. Олар кооператив қызметiне күнделiктi басшылықты жүзеге асырады және қадағалау кеңесi мен кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына есеп бередi.

Тек кооператив мүшелерi ғана қадағалау кеңесi мен өндiрiстiк кооператив басқармасының мүшесi бола алады. Кооператив мүшесi бiр мезгiлде қадағалау кеңесiнiң мүшесi және басқарма мүшесi бола алмайды.

Өндiрiстiк кооперативтi басқару органдарының құзыретi, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау және кооператив атынан әрекет жасау тәртiбi заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында белгiленедi.

Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының ерекше құзыретiне мыналар жатады:

  • кооператив жарғысын өзгерту;

  • атқарушы, тексерушi органдарды және қадағалау кеңесiн құру мен олардың мүшелерiн керi шақырып алу;

  • кооператив мүшелерiн қабылдау және шығару;

  • кооперативтiң қаржы есебiн бекiту және оның таза табысын бөлу;

  • кооперативтi қайта құру мен таратуды шешу.

Жалпы жиналыстың ерекше құзыретiне заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында басқа мәселелердi шешудi де жатқызуы мүмкiн.

Жалпы жиналыстың немесе кооперативтiң қадағалау кеңесiнiң ерекше құзыретiне жатқызылған мәселелердi олар кооперативтiң атқарушы органдарының шешуiне бере алмайды. Жалпы жиналыс шешiмдер қабылдаған кезде кооператив мүшесiнiң бiр даусы болады.