- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Жүніспаева Айнұр Бауыржанқызы – Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері
- •6 Әкімшілік құқықтың принциптері
- •7 Әкімшілік-құқықтық нормасы
- •14 Әкімшілік құқық нормалары көлемі бойынша неше түрге бөлінеді
- •15 Әкімшілік құқық XIX ғасырға дейін қалай аталып келді
- •Әкімшілік құқықтың принциптері, әдістері
- •Әкімшілік құқықтың негізгі қайнар көздері
- •1. Әкімшілік құқықтық нормалардың түсінігі
- •2. Әкімшілік құқықтық қатынастар түсінігі, құрылымы
- •1. Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері және оның элементтері
- •2.Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі
- •2.Шетел азаматтардың және азаматтығы жоқ азаматтардың әкімшілік құқық мәртебесінің мазмұны.
- •Атқарушы билік органы түсінігі және оның белгілері
- •Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі принциптері, жүйесі.
- •Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
- •2. Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі принциптері:
- •Ведомствалық сұрақтарды шешу тәртібі бойынша:
- •Ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
- •Кәсіпорындардың түсінігі, түрлері және оларды басқару.
- •Мекеменің әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
- •Құқықтық актілерді дайындау, ұсыну, талқылау тәртібін
- •5. Мемлекеттік басқару актілеріне қойылатын негізгі талаптар:
- •Басқару әдістері ұғымы, белгілері.
- •Мемлекеттік басқару аясында мәжбүрлеу және сендіру
- •Тікелей және жанама басқарушылық әсер етуші әдістер
- •Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі.
- •Қадағалау мемлекеттік бақылаудың бір түрі.
- •2. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі.
- •3. Ерекше жағдай режимі
- •4. Соғыс жағдай режимінің мәні және мазмұны
- •Әкімшілік мәжбүрлеудің ұғымы, белгілері
- •Әкімшілік мәжбүрлеу түрлері
- •Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы, белгілері.
- •Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы.
- •Әкімшілік жауаптылық түсінігі, негізгі белгілері
- •Әкімшілік жазалардың түсінігі, түрлері.
- •3. Әкімшілік жуаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән жайлар.
- •5. Әкімшілік жауапкершіліктен босату
- •1. Әкімшілік іс жүргізудің түсінігі мен қағидалары, субъектілері
- •Әкімшілік іс жүргізу сатылары
- •Әкімшілік іс жүргізу түрлері
- •1 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу мәні
- •2 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу қағидалары, сатылары
- •2 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу қағидалары:
1. Әкімшілік құқықтық нормалардың түсінігі
2. Әкімшілік құқықтық қатынастар түсінігі, құрылымы
Негізгі ұғымдар: құқықтық норма, гипотеза, диспозиция, санкция. құқықтық қатынас, құқықтық қатынас субъектісі, объектісі, мазмұны.
Әкімшілік құқықтық нормалардың түсінігі мен құрылымы.
Әкімшілік құқықтық нормалар дегеніміз – мемлекеттік органдардың басқару-атқару жұмыстары процесінде пайда болатын, атқару билігі аясында қоғамдық қатынастарды реттеуші, мемлекеттік органдардың актілерінде көрсетілген, мемлекеттік заң шығару және атқару билігінің органдары тағайындаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелері.
Әкімшілік құқық нормалары басқару аясында пайда болатын қатынастарды ұйымдастыруға, реттеуге және жетілдіріп жоғары сатыға көтеруге негізделген.
Әкімшілік құқықтық нормалардың алдына қойған міндеттері:
-мемлекеттік басқару жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің өзара қатынасын реттеу және жөнге салу;
-басқару функцияларына ие субъектілер мен оларға бағынышты, объектілердің заңды талаптарын орындауға қатысты ғылыми тұрғыдан негізделген және мақсатқа сәйкес келетін орынды өзара қатынасын баянды ету;
-басқару қызметінің әр түрлі салаларының байланысын және мемлекеттік органдардың басқа да құқық субъектілерімен өзара әрекеттестігінің (қатынасының) тәртібін белгілеу.
Әкімшілік-құқықтық нормалардың, құқықтың басқа салаларының нормалары сияқты, өзінің бөлімдерінің өзара орналасу тәртібі, яғни құрылымы бар.
Әкімшілік құқықтық норманың құрылымы дегеніміз - оның ішкі құрылысы, негізгі құрамының (бөлшектерінің) өзара байланысының айқын тәртібі.
Әкімшілік құқықтық норманың ішкі құрылысы мынадай бөлшектерден тұрады:
- гипотеза;
- диспозиция;
- санкция;
Гипотеза норманы іс жүзінде асыру шартының сипаттамасы, яғни ережені қолдану шарты. Гипотеза жорамал не болжам түріндегі пікірді білдіреді.
Диспозиция – норма тағайындаған мінез-құлық ережесінің мазмұны.
Санкция – норма тағайындаған мінез-құлық ережесін бұзудың салдары, яғни норманы бұзғаны үшін қолданатын шара. Әкімшілік құқықтық санкциялардың өзіне тән ерекшелігі әкімшілік жолмен ықпал ету әдістерінің, санкция түрлерінің көптігі, сонымен қатар өкілетті органдар мен олардың лауазымды тұлғаларына белгіленген шеңберде берілген ықпал ету шараларын қолданудың мол мүмкіндігі.
Әкімшілік құқықтық нормалардың түрлері.
Әкімшілік құқық нормалары мазмұны бойынша:
1. материалдық (қаржылық) нормалар
2. процессуалдық нормалар болып екіге бөлінеді.
Материалдық нормалар – азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін, атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер. Мысалы: атқарушы билік органдары субъектілерінің қоғамға, тұлғаларға көрсететін заңды түрдегі құзіреті (компетенциясы).
Процессуалды нормалар – мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған материалдық нормаларды жүзеге асыру барысында және мемлекеттік басқару органдарының жаңа нормативті актілерді шығарумен сипатталады. Процессуалды нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы:
а) өзінің тағайындалуымен, яғни материалдық нормалар субъектілерінің әкімшілік құқықтық мәртебесін тағайындаса. ал процессуалдық нормалар олардың орындалуы мен міндеттелуін заңды түрде жүзеге асырады;
б) талап ету, яғни процессуалды нормалар, ең алдымен материалдық нормалардың орындалуын талап етеді;
в) іске асыру, яғни әкімшілік құқықтық материалдық нормалардың қабылдануын, олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.
Процессуалды нормалар материалдық нормалар сияқты классификациялау дәрежесіне байланысты жіктеледі. Мысалы: заңды күшіне байланысты, белгілі бір ортаға, яғни сфераға байланысты және т.б.
Субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістері бойынша нормалар 3-ке бөлінеді:
1. міндеттеуші;
2. тыйым салушы;
3. уәкілдік беруші әкімшілік құқықтық нормалар болып бөлінеді.
Сонымен қорытындылай келе әкімшілік құқықтық нормалар – бұл конституцияда бекітілген белгілі бір қағидалар мен ережелердің жиынтығы. Ал әкімшілік-құқықтық қатынастар – бұл әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелген, мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты, біріншісі мемлекет бекіткен қағидалар мен ережелердің жиынтығы болса, сол ережелер құқықтық қатынастарды реттеп басқарып отырады.
2 Әкімшілік құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік басқару саласында пайда болатын әкімшілік құқықтық нормалармен реттелген қоғамдық қатынастар.
Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері: ҚР азаматы, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлғалар; мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық ұйымдар қызметшілері.
Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерге ие болады.
Әкімшілік құқықтық қатынас объектісі: әкімшілік құқықтық қатынас бағытталған мақсаты оның мазмұнын құрайды, сол бағытталған мақсатқа жету барысында құқықтық қатынастар туындайды.
Заңды фактілер - әкімшілік құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әсер ететін мән-жайлар. Заңды фактілер 2 түрге бөлінеді: оқиға және іс-әрекет.
Оқиға адамдардың еркінен тыс болатын мән-жайлар. Мысалы: адамның туылуы, белгілі бір жасқа толуы; жер сілкінісі, су тасқыны,т.б. Іс-әрекет адамдардың еркімен байланысты.
Іс-әрекет заңды және заңсыз болып екіге бөлінеді.
Әкімшілік құқықтық қатынастардың түрлері. Әкімшілік құқықтық қатынастар байланысы сипаты бойынша - тік және көлбеу болып бөлінеді.
Мазмұны бойынша - материалдық және процессуалдық болып бөлінеді.
Құқықтың функциялары бойынша – реттейтін және қорғайтын.
Заңды фактілерінің сипаты бойынша – заңды іс-әрекеттер туғызатын, заңсыз іс-әрекеттер туғызатын, оқиғалар туғызатын болып бөлінеді.
Қорғау тәсілі бойынша - әкімшілік тәртіппен қорғалатын, сот тәртібімен қорғалатын болып бөлінеді.
Әкімшілік құқықтық қатынастар мен нормалар болмаса қоғамның дамуы мүмкін емес, өйткені әкімшілік құқықтық нормалар бекітілуі арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Ал әкімшілік құқықтық қатынастар тек биліктік өкілеттікке ие болып қоймастан, сонымен бірге әкімшілік құүқық субъектілерінің түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қорғап, құқықтық қатынастарды тұрақтандырады.
№3 Дәріс. Азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесі
Жоспар:
