- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Жүніспаева Айнұр Бауыржанқызы – Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері
- •6 Әкімшілік құқықтың принциптері
- •7 Әкімшілік-құқықтық нормасы
- •14 Әкімшілік құқық нормалары көлемі бойынша неше түрге бөлінеді
- •15 Әкімшілік құқық XIX ғасырға дейін қалай аталып келді
- •Әкімшілік құқықтың принциптері, әдістері
- •Әкімшілік құқықтың негізгі қайнар көздері
- •1. Әкімшілік құқықтық нормалардың түсінігі
- •2. Әкімшілік құқықтық қатынастар түсінігі, құрылымы
- •1. Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері және оның элементтері
- •2.Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі
- •2.Шетел азаматтардың және азаматтығы жоқ азаматтардың әкімшілік құқық мәртебесінің мазмұны.
- •Атқарушы билік органы түсінігі және оның белгілері
- •Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі принциптері, жүйесі.
- •Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
- •2. Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі принциптері:
- •Ведомствалық сұрақтарды шешу тәртібі бойынша:
- •Ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
- •Кәсіпорындардың түсінігі, түрлері және оларды басқару.
- •Мекеменің әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
- •Құқықтық актілерді дайындау, ұсыну, талқылау тәртібін
- •5. Мемлекеттік басқару актілеріне қойылатын негізгі талаптар:
- •Басқару әдістері ұғымы, белгілері.
- •Мемлекеттік басқару аясында мәжбүрлеу және сендіру
- •Тікелей және жанама басқарушылық әсер етуші әдістер
- •Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі.
- •Қадағалау мемлекеттік бақылаудың бір түрі.
- •2. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі.
- •3. Ерекше жағдай режимі
- •4. Соғыс жағдай режимінің мәні және мазмұны
- •Әкімшілік мәжбүрлеудің ұғымы, белгілері
- •Әкімшілік мәжбүрлеу түрлері
- •Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы, белгілері.
- •Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы.
- •Әкімшілік жауаптылық түсінігі, негізгі белгілері
- •Әкімшілік жазалардың түсінігі, түрлері.
- •3. Әкімшілік жуаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән жайлар.
- •5. Әкімшілік жауапкершіліктен босату
- •1. Әкімшілік іс жүргізудің түсінігі мен қағидалары, субъектілері
- •Әкімшілік іс жүргізу сатылары
- •Әкімшілік іс жүргізу түрлері
- •1 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу мәні
- •2 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу қағидалары, сатылары
- •2 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу қағидалары:
Әкімшілік құқық ұғымы, пәні, жүйесі
Әкімшілік құқықтың принциптері, әдістері
Әкімшілік құқықтың негізгі қайнар көздері
Негізгі ұғымдар: Әкімшілік құқық, әкімшілік құқықтық институт.
Әкімшілік құқық – мемлекеттік басқару қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру процесінде пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы.
Әкімшілік құқық – ҚР құқық жүйесінің саласы, ол қоғамдық қатынастардың ерекше топтарын реттеуге бағытталған. Оның негізгі ерекшелігі – мемлекеттік басқару аумағында, яғни ҚР-ның мемлекеттік әкімшілік-аумақтық бөліністерінде атқарушы биліктің жүйесін ұйымдастыру және қызмет етуімен байланысты. Мұндай қатынастар өзінің сипатына қарай әр түрлі және олар әкімшілік құқық пәнін құрайды.
Әкімшілік құқық – атқарушы билікті (мемлекеттік-басқарушылық қызметті) тәжірибелік тұрғыдан іске асырумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын құрайтын ҚР құқық жүйесінің аса маңызды бір саласы
Әкімшілік құқық пәні – әкімшілік құқықтық норманың көмегімен реттелетін қоғамдық қатынастардың жүйесі.
Әкімшілік құқық пәні мемлекеттік атқарушы билік органдарының және мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға қатысты басқа құқық субъектілерінің қызметін реттейтін әкімшілік заңнаманы (мемлекеттік басқару аясында әрекет ететін заңдарды) оқиды және зерттейді.
Әкімшілік құқықтың басқа құқық салалары сияқты өзінің жүйесі бар,
олар бір-бірімен тығыз байланысты әкімшілік-құқықтық нормалар мен институттардан тұрады.
Әкімшілік құқық жүйесі - өзара байланысты әкімшілік-құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы.
Әкімшілік құқықтық институт – басқару қатынастарының сапалық жағынан біркелкі тобын реттейтін біршама бөлектенген әкімшілік құқық нормалардың жиынтығы.
Әкімшілік құқық нормалары реттейтін қоғамдық қатынастардың мазмұнына қарай үш бөлімге бөлінеді. Жалпы сипаттағы басқарушылық қатынастарды реттейтін нормалар, яғни барлық басқаруға ортақ болып саналатын нормалар жалпы бөлімді құрайды; қандай да болмасын басқару салаларындағы қоғамдақ қатынастарды реттейтін нормалар ерекше бөлімді құрайды; әкімшілік-юрисдикциялық қызметте болатын қатынастарды реттейтін нормалар үшінші бөлімді құрайды. Сонымен әкімшілік құқық үш бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім бірнеше әкімшілік-құқықтық институттарды қамтиды.
Әкімшілік құқық принциптері - әкімшілік құқықтың негізіне жататын және оның мәнін білдіретін негізгі идеялар, бастамалар. Әкімшілік құқық принциптерінің түрлері:
Құқық шығару мен құқық қолдану қызметінің демократиялылығы
Унитарлық
Мемлекет пен адамның өзара жауаптылығы.
Адамгершілік.
Заңдылық.
Азаматтың заң алдындағы теңдігі.
Әділеттілік.
Әкімшілік құқық әдісі – басқарушылық қоғамдық қатынастарға қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің жиынтығы.
Құқықтың кез келген саласы міндеттеу, тыйым, ерік беру сияқты қоғамдық қатынастарға реттеушілік ықпал ету тәсілдерін пайдалану.
Ұйғарым – бұл белгілі құқық нормасымен қарастырылған қандай да болмасын заңдылық мағынасы бар, әрекетті жасауға тікелей заңдылық міндетті жүктеу. Демек, қажетті жағдайда қандай әрекет жасау керектігін норма көрсетеді.
Тыйым салу – бұл да ұйғарым, бірақ заңдылық мазмұны бөлек. Оның мағынасы құқық нормасы өзінің адресаттарына байланысты қандай да болмасын әрекеттерді жасамауға тікелей заңдылық міндет жүктейді.
Рұқсат ету – осы нормаларда көзделген заңдылық мағынасы бар әрекеттерді жасауға заңды түрде рұқсат беру немесе оларды жасаудан өз қалауы бойынша бас тарту.
Әкімшілік құқық қайнар көздері – бұл әкімшілік құқықтық нормалар көрінісінің сыртқы нақты нысаны. Оларға әртүрлі мемлекеттік органдардың заңдылық актілері (нормативтік құқықтық акт – уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды тұлғасы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін,тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат), яғни мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік-құқықтық нормалар жатады.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері:
Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, Заңдар;
ҚРПрезидентінің конституциялық заң күші бар Жарлықтары; ҚР
Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;
ҚР Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;
ҚРҮкіметінің нормативтік қаулылары;
ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық
сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;
ҚР министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар
басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің
нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері. ҚР Конституциясының 4-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік құқықтың қайнар көзі ретінде халықаралық шарттар да саналады.
№1 Дәріс. Әкімшілік құқықтық нормалар мен қатынастар.
Жоспар:
