- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Жүніспаева Айнұр Бауыржанқызы – Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері
- •6 Әкімшілік құқықтың принциптері
- •7 Әкімшілік-құқықтық нормасы
- •14 Әкімшілік құқық нормалары көлемі бойынша неше түрге бөлінеді
- •15 Әкімшілік құқық XIX ғасырға дейін қалай аталып келді
- •Әкімшілік құқықтың принциптері, әдістері
- •Әкімшілік құқықтың негізгі қайнар көздері
- •1. Әкімшілік құқықтық нормалардың түсінігі
- •2. Әкімшілік құқықтық қатынастар түсінігі, құрылымы
- •1. Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері және оның элементтері
- •2.Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі
- •2.Шетел азаматтардың және азаматтығы жоқ азаматтардың әкімшілік құқық мәртебесінің мазмұны.
- •Атқарушы билік органы түсінігі және оның белгілері
- •Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі принциптері, жүйесі.
- •Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
- •2. Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі принциптері:
- •Ведомствалық сұрақтарды шешу тәртібі бойынша:
- •Ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
- •Кәсіпорындардың түсінігі, түрлері және оларды басқару.
- •Мекеменің әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
- •Құқықтық актілерді дайындау, ұсыну, талқылау тәртібін
- •5. Мемлекеттік басқару актілеріне қойылатын негізгі талаптар:
- •Басқару әдістері ұғымы, белгілері.
- •Мемлекеттік басқару аясында мәжбүрлеу және сендіру
- •Тікелей және жанама басқарушылық әсер етуші әдістер
- •Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі.
- •Қадағалау мемлекеттік бақылаудың бір түрі.
- •2. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі.
- •3. Ерекше жағдай режимі
- •4. Соғыс жағдай режимінің мәні және мазмұны
- •Әкімшілік мәжбүрлеудің ұғымы, белгілері
- •Әкімшілік мәжбүрлеу түрлері
- •Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы, белгілері.
- •Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы.
- •Әкімшілік жауаптылық түсінігі, негізгі белгілері
- •Әкімшілік жазалардың түсінігі, түрлері.
- •3. Әкімшілік жуаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән жайлар.
- •5. Әкімшілік жауапкершіліктен босату
- •1. Әкімшілік іс жүргізудің түсінігі мен қағидалары, субъектілері
- •Әкімшілік іс жүргізу сатылары
- •Әкімшілік іс жүргізу түрлері
- •1 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу мәні
- •2 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу қағидалары, сатылары
- •2 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу қағидалары:
Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері
№ 3 кесте.
Әкімшілік процестің қағидалары
|
Түсіндірме |
Заңдылық
|
|
Жариялылық
|
|
Объективтілік
|
|
Тараптардың заң алдындағы теңдігі
|
|
Процестің үнемділігімен тиімділігі
|
|
Процесті жүргізудің тәртібін және шешім қабылдауды бұзған лауазымды адамдардың жауапкершілігі
|
|
Процестің мемлекеттік тіл – қазақ тілінде және ресми түрде қолданатын басқа тілдерде жүргізілуі |
|
№ 1 тест тапсырмалары
1. ҚР атқарушылық қызметін кім іске асырады?
А) ҚР Президенті;
В) Прокуратура;
С) Соттар;
Д) ҚР Парламенті;
Е) ҚР Үкіметі.
2. Атқарушы билік органдарының жүйесіне нелер кіреді:
А) ҚР министрліктер, комитеттері және ведомстволары;
В) Мәжіліс, Сенат және Мәслихаттар;
С) Үкімет;
Д) Жоғарғы, орталық және жергілікті атқарушы органдары;
Е) қала, облыс әкімі және мәслихаттар.
3. Үкімет қаулыларының күшін кім жоя алады?
А) ҚР Президенті;
В) ҚР Конституцялық кеңесі;
С) ҚР Үкіметі және ҚР Президенті;
Д) ҚР Парламенті;
Е) ҚР Парламенті мен Конституцялық кеңес шешімі бойынша.
4. Жоғары атқарушы билік органы?
А) облыстық соттар және Республикалық маңызы бар қалалық соттар;
В) ҚР министрлігі, ҚР мемлекеттік комитеттері;
С) ҚР Үкіметі;
Д) облыстық маңызы бар мәлихат;
Е) ҚР Президенті және ҚР Үкіметі.
5. Атқарушы билік органының құзіреті немен анықталады?
А) Конституциямен, заңдылық және басқа да нормативтік актілермен;
В) ҚР ІІМ-мен;
С) ҚР Үкіметінің қаулысымен;
Д) ҚР Парлементінің шешімі бойынша;
Е) ҚР Премьер-министрдің ұсынуы бойынша.
6. Жергілікті мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесіне кіреді?
А) облыстық әкімдік (республикалық маңызы бар қалалар, астана)
В) облыстық әкімдік (қалалық, аудандық әкімдік);
С) облыстық әкімдік, қалалық, қаладағы аудандық басқарма, департаменттер;
Д) облыстық және қалалық әкімдік;
Е) облыстық әкімдік, басқарма, департаментер және бөлімдер.
7. Үкіметтің өкілеттік мерзімі:
А) бес жыл;
В) төрт жыл
С) Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше;
Д) Премьер-министр өкілеттігі біткенше;
Е) 6 жыл
8. Үкімет мүшесіне мынаған тыйым салынады:
А) министр лауазымын алу;
В) конституциялық кеңестің мүшесі болуға;
С) коммерциялық ұйымның басшы органның құрамына кіруге хақы жоқ;
Д) мемлекттік қызметте лауазымға ие болу;
Е) құқық қорғау органдарының қызметкері болу.
9. Атқарушы билік органдарына мына ұстанымдардың қандайы тән?
А) тараптардың теңдігі;
В) төменгі органдардың, жоғары органдарға есептілігі және бақылаулылығы;
С) объективтік ұстанымы;
Д) ҚР азаматтарының құқықтық және әлеуметтік қозғалуы;
Е) ҚР азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
10. Министрлерге қандай нормативтік актілер шығару құқығы берілген?
А) бұйрықтар;
В) жарлықтар;
С) заңдар;
Д) қаулылар;
Е) шешімдер.
№ 2 тест тапсырмалары
1. «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңы қабылданды:
А) 05.04.2003ж.
В) 30.01.2001ж.
С) 18.03.2002ж.
Д) 04.07.2002ж.
Е) 23.07.1999ж.
2. Мемлекеттік наградалармен марапаттауға өкілетті орган (лауазымды тұлға):
А) ҚР Президенті;
В) ҚР Үкіметі;
С) ҚР Парламенті;
Д) Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия;
Е) Сенат төрағасы.
3. Мемлекеттік қызметтің қағидасына жатпайды:
А) Азаматтардың мемлекетік қызметке кіру теңдігі;
В) Кадрлардың ауыспауы;
С) Мемлекеттік қызметтің бақылаулылығы;
Д) Заңдылық;
Е) Жариялылық.
4. Мемлекеттік қызметшілерге көтермелеу шараларын кім қолдана алады
А) Президент
Б) Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер
С) Құқық берілген органдар мен лауазымды адамдар
Д) Әділет органдары
Е) Орталық атқарушы органдар
5. Қызметшілердің теріс қылық жасағаны үшін лауазымдық өкілеттігіне сәйкес тиісті құқық бар тұлғаға қандай жаза қолданылады
А) ешқандай жаза қолданылмайды
Б) қылмыстық жаза
С) негізгі жаза
Д) тәртіптік жаза
Е) азаматтық жауапкершілікке тартылады
6. Тәртіптік жазалардың түрлері
А) жауаптардың барлығы дұрыс
Б) ескерту
С) қатаң сөгіс
Д) сөгіс
Е) атқаратын қызметінен босату
7. Мемлекеттік саяси қызметшіліерді мемлекеттік органдардың арасында , сондай-ақ мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің арасында лауазымдық ауыстыру қалай аталады
А) орын ауыстыру
Б) ротация
С) жоғарылау
Д) қызметтен босатылу
Е) заңды түрде ауысу
8. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу шарасы
А) сөгіс жариялау
Б) алғыс жариялау
С) ескерту
Д) айыппұл салу
Е) қызметтен босау
9. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР-ның заңының құрылымы
А) 9 бөлім 98 бап
Б) 7 тарау 29 бап
С) 11 тарау 38 бап
Д) 3 тарау 25 бап
Е) 7 тарау 30 бап
10. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі қандай негізде жүзеге асырылады
А) конкурс
Б) дауыс беру арқылы
С) Парламент отырысында
Д) тағайындау не сайлау
Е) жасырын дауыспен
№ 3 тест тапсырмалары.
1. Төтенше жағдай құқықтық режимін қамтамасыз ету және төтенше жағдай зардаптарын жоюға қатысу үшін ІІО қызметкерлерін тарту ұзақтығы келесі мерзімнен аспауы тиіс:
А) 1 айдан;
В) 3 айдан;
С) 4 айдан;
Д) 5 айдан;
Е) 6 айдан.
2.Төтенше жағдай режимі кезінде әкімшілік қамауға алу мына мерзімге белгіленеді:
А)10 тәулікке дейін;
В)15 тәулікке дейін;
С) 30 тәулікке дейін;
Д) 2 айға дейін;
Е) 6 айға дейін.
3. Төтенше жағдай уақытында әкімшілік қамаудың мерзімі;
А) 30 тәулік
В) 2 ай
С) 10 күн
Д) 15 күн
Е) төтенше жағдай аяқталғанға дейін.
4. Әкімшілік құқықтық режим
А) жеке және заңды тұлғалардың атқарушы, заң шығарушы сот билігі аясындағы құқықтық режимі
В) дұрыс жауап жоқ
С) жеке және заңды тұлғалардың атқарушы, заң шығарушы билік аясындағы ерекше құқықтық режимі
Д) жеке және заңды тұлғалардың атқарушы билік аясындағы қызметінің ерекше құқықтық режимі
Е) құқықтық және құқықтық емес режимдердің жиынтығы
5. ҚР-ның мемлекеттік шекарасына жататындар
А) барлығы
Б) жер қойнауы
С) әуе кеңістігі шегін айқындайтын сызық
Д) құрғақ
Е) су
6. «Төтенше жағдайлар туралы» заң қай жылы қабылданды
А) 19 шілде 2003 ж
Б) 15 ақпан 2002 ж
С) 8 ақпан 2003 ж
Д) 28 қаңтар 2001ж
Е) 23 шілде 1999 ж
7. Төтенше жағдайды енгізудің мақсаты
А) ҚР-ның конституциялық құрылысын қорғауды қамтамасыз ету
Б) адам мен азаматтың қауіпсіздігін қорғау
С) оны енгізуге себеп болған мән-жайларды жою
Д) адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Е) барлық жауап дұрыс
8. Құқықтық режим құрылымының элементін көрсет:
А) режимнің бағытталу ны саны
Б) режимдік құқықтық құралдар
С) режимдік реттеу субъектілерінің құқықтық мәртебесі
Д) аталғанның барлығы
Е) ұйымдастырушылық-құқықтық кепілдіктер жүйесі.
9. Авария дегеніміз:
А) аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеп соққан жойқын құбылыс
Б) технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтардың ғимараттардың зақымдануы.
С) төтенше жағдайдың пайда болуына әкеп соққан жойқын құбылыс
Д) дүлей зілзала
Е) дұрыс жауап көрсетілмеген
10. Төмендегілердің қайсысы дүлей зілзалаға жатады?
А) жер сілкінісі
Б) табиғи өрт
С) індеттер
Д) көлік авариялары
Е) үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы
СӨЖ.
Жалпы мақсаты - зерттелетін тақырыпты ашық талқылауды, қиындық туған мәселелер бойынша дауласуды және дискуссияға түсуді, текст бойынша жұмыс істеуге үйрену қажет.
Әдістемелік ұсыныс.
1 «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы» курсы бойынша өзіндік жұмыс шеңберінде оқытушымен ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып таңдалған тақырыпты терең оқу.
2. Таңдалған тақырыптарды барлық пәндер жүйесінде маңыздылығын анықтау; қаралатын сұрақтардың өзектілігін, олардың теориялық және тәжірибелік мәнін қоғам өміріндегі рөлін анықтау.
3. Аталған курстың тиісті тақырыптарын оқи отырып, қолданыстағы заңдармен танысу және зерттеу. Қолданыстағы заңдардың өзерістеріне, ресми қабылданған және жарық көрген нормативтік құқықтық актілерге көңіл бөлу.
4. Қолданыстағы заң бойынша автоматтандырылған базадан деректер алу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жинағын пайдалану.
5. Тілі қиын заңдар, терминдер және ұғымдар бойынша оны ұғыну үшін заңдық, қаржылық, экономикалық сөздіктерді пайдалануы, сондай-ақ оқытушыдан кеңес алу қажет.
6. Аталған курсты оқуға заң газеттері мен журналындағы ғылыми жариялымдар көмек береді.
7. Жұмыс жоспарын жеке жасап, аталған курсты жүргізетін оқытушыларға бекіттіру, жұмысты жазу кезінде пайдалану және оқу үшін әдебиеттер тізімін жұмысқа тіркеу.
8. Барлық тізбектелген құжаттарды қажеттілігіне қарай пайдалану, онда барлық статистикалық деректерді, жұмыста қолданылған басқа хабарламаны көрсету арқылы диаграмма, графиктер, кескіндер, кесте салу.
9. Жұмыс текстін ғылыми жұмыстарды хаттастыру бойынша менеджмент сапа жүйесінің талабына сәйкес жасау.
10. Семинар сабақтарында реферат бойынша сөз сөйлеп, оның негізгі қағидаларын қорғау.
11. Әр тақырып, оның негізгі сұрақтарын ашқанда және негізгі зерттелетін ережелерін қорғаған жағдайда жоғары бағаланады.
Мынадай жұмыстарға жоғары бағалар қойылады:
терең дәлелді ашылған тақырыпқа;
құжатты өте жақсы меңгергендігіне, оны жан-жақты талқылап игергеніне, қорытындылар жасауына куәландырушы;
айтылуы бірізді, қисынды және жүйелі мазмұндауға;
дұрыс әдебиеттік тілмен жазылуына;
- пунктуациялық, грамматикалық және орфографиялық қателердің жоқтығының мазмұнға стилистикалық сәйкестігіне.
СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№ |
Тапсырмалардың мазмұны |
Сағат саны |
Тапсыру мезгілі |
Бақылау түрі |
1
|
1. Азаматтардың жолдамалары түсінігі, түрлері. Азаматтардың жолдамаларын жүзеге асыру үрдісі. |
10 |
4-апта |
1) слайд 2) кесте құру 3) конспект
|
2. Атқарушы билік аясында ҚР Президентінің өкілеттіліктерінің жалпы сипаттамасы. |
3 |
|||
3. Атқарушы биліктің орталық органдары, олардың қызметін ұйымдастырудың құқықтық негізі. |
2 |
|||
2 |
1. Кәсіпорындар мен мекемелер туралы заңнама. |
7 |
7-апта |
1) заңдармен жұмыс, 2) баяндама 3) кесте түрінде слайд, |
2. Мемлекеттік қызметке орналасу, аттестация, мемлекеттік қызметтің тоқтатылуы. |
6 |
|||
3. Басқару құқықтық актілерін дайындау және қабылдау тәртібі. Басқару актілеріне қойылатын талаптар. |
7 |
|||
3 |
1. Адам құқығы бойынша уәкілетті органның мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз етудегі ролі. |
7 |
11-апта |
1) ЭССЕ 2) глоссарий 3) тест тапсырмалары |
2. Төтенше, ерекше, соғыс жағдайлары режимдері. 20 глоссарий жазу |
6 |
|||
3. № 8,9,10,11 дәріс тақырыптары бойынша 30 тест тапсырмасын құрастыру |
7 |
|||
4 |
1. Әкімшілік жаза қолдану. |
5 |
14-апта |
1) конспект 2) слайд 3) кесте құру
|
2.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері. |
10 |
|||
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары. |
5 |
|||
|
Барлығы |
75 |
|
|
Аралық бақылау тапсырмалары.
1-аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары.
Басқару ұғымы, мазмұны және түрлері.
Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі әкімшілік құқықтың орны.
Әкімішілік құқықтық нормалар түсінігі, құрылым, оларды жүзеге асыру.
Атқарушы билік және мемлекеттік басқару.
Азаматтар - әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде.
Мемлекеттік қызметке орналасу, аттестация, мемлекеттік қызметтің тоқтатылуы.
ҚР Үкіметі. ҚР Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі
Әкімшілік мәжбүрлеу ұғымы, түрлері.
Әкімшілік жаза түсінігі түрлері.
Басқару актілерін даярлау және қабылдау өндірісі
Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы.
2-аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары.
Әкімшілік процесс ұғымы және түрлері.
Әкімшілік процесстің сатылары.
Әкімшілік іс жүргізудің ұғымы, қағидалары.
Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс жүргізудің жалпы сипаттамасы
Басқару аясындағы заңдылық.
Мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі.
Бақылаудың мәні мен түрлері
Заң шығарушы билік органдарының бақылауы.
Атқарушы билік органдарының бақылауы.
Әкімшілік қадағалау.
Прокурорлық қадағалау.
Төтенше жағдайдың құқықтық режимі.
Төтенше жағдайды енгізудің, ұзартудың, тоқтатудың тәртібі.
Ерекше жағдай режимі.
Соғыс жағдайы режимінің мәні мен мазмұны
Глоссарий
Агрессия - шет мемлекеттің (мемлекеттер тобының не коалициясының) ҚР егемендігіне, аумақтық қол сұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы қарулы күш қолдануы немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы қарулы күш қолдануы немесе оған БҰҰ Жарғысымен сыйыспайтын қандай да болсын асауы.
Азаматтығы жоқ адамдар – ҚР азаматтары емес басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі жоқ адамдар танылады.
Азаматтық әкімшілік құқық қабілеттілігі – азаматтық әкімшілік құқық қатынастарға түсуге мемлекеттің белігленген және қорғайтын мүмкіндігі.
Азаматтың әкімшілік құқық мәртебесі – азаматтық әкімшілік құқық нормаларымен бекітліген субъективтік құқықтарының, заңдық міндеттерінің, жауаптылықтарының кешені.
Алу - адамдарда мемлекеттік қызметке алғанда кадр жинақтаудың бір тәсілі, ол негізінен мемлекеттік қызметкерлердің кадр резервін қалыптастыруда қолданылады.
Атқарушы билік – заңдардың орындалуын, олардың құқықтық нормаларын өмірге енгізумен, мемлекеттік органдардың тоқтаусыз қызметін қамтамасыз ету, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін белгіленген мемлекеттік биліктің тіршілігін көрсететін абстрактілі саяси-құқықтық категория.
Атқарушы билік органы – бұл тиісті құзырет берілген, белгілі бір аумақ шеңберінде қызмет атқаратын және атқарушы өкім етуші қызметті жүзеге асыратын, біршама дербес, құрылымдық жағынан жекеленген мемлекеттік аппараттың бөлігі.
Әкімшілік айыппұл – әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы бөлімнің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін көлемде салынатын ақшалай жаза.
Әкімшілік алдын алу шаралары – адамның қоғамдық және жеке басының қауіпсіздігіне қауіп-қатер туғызатын, құқық бұзушылықтар мен жағдайдың алдын алу мақсатында ранайы уәкілдік берілген субъектінің қолданатын әкімшілік мәжбүрлеу шараларының бір түрі.
Әкімшілік жаза – осыған заңмен уәкілеттік берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.
Әкімшілік жазалау шаралары – құқық бұзушылыққа көңіл аударудың нәтижесі ретінде арнайы уәкілдік берілген субъектінің қолданатын әкімшілік мәжбүрлеу шаралары.
Әкімшілік құқық – мемлекеттік басқару қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру процесінде пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу – бұл мемлекеттік органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға бағытталған және қажетті жағдайларда әкімшілік жазаларды қолданатын әкімшілік процессуалдық нормалармен реттелген қызметі.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы –әкімшілік құқық бұзушылық ретінде нақты қоғамдық қауіпті әрекет ретінде сипаттайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен белігленген объективтік және субъективтік белгілердің біртұтастығы.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың объективтік жағы – бұл құқыққа қарсы іс-әрекетті немесе әрекетсіздігі қол сұғудың нәтижесінғ әркетпен және туындаған салдардың арасындағы себепті байланысын, жасалынған әкімішлік құқық бұзушылықтың орнын, уақытын, жағдайын, тәсілін, қаруы мен құралын сипаттайтын тыртқы белгілері.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың объекті – әкімшілік құқықпен реттелетін және қорғалатын қоғамдық қатынастар (жек адамның құықтары мен бостандықтары, қоғамдық қауіпсіздік, меншік, мемлекеттік және қоғамдық тәртіп, қоғамдық өнеге, ар-намыс, адамның тыныштығы)
Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективтік жағы – бұл адамның жасалынған әрекетке психикалық жағынан қарауын сипаттайтын беліглердің жиынтығы. Оның түйіні кінә болып табылады. Ол қасақана немесе абайсыздық нысанында болады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері – жеке және заңды тұлғалар. Арнайы субъектілер – лауазымды адамдар, әскери қызметшілер, шетел азаматтары. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде ақыл есі дұрыс, 16 жасқа толған адам әкімішлік жауаптылықта болады.
Әкімшілік құқық жүйесі - өзара байланысты әкімшілік-құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы.
Әкімшілік құқық пәні мемлекеттік атқарушы билік органдарының және мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға қатысты басқа құқық субъектілерінің қызметін реттейтін әкімшілік заңнаманы (мемлекеттік басқару аясында әрекет ететін заңдарды) оқиды және зерттейді.
Әкімшілік құқық принциптері - әкімшілік құқықтың негізіне жататын және оның мәнін білдіретін негізгі идеялар, бастамалар.
Әкімшілік құқықтық институт – басқару қатынастарының сапалық жағынан біркелкі тобын реттейтін біршама бөлектенген әкімшілік құқық нормалардың жиынтығы.
Әкімшілік мәжбүрлеу арнайы өкілетті субъектінің қоғамдық тәртіппен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында белгіленген процессулдық нысандарда қолданатын, әкімшілік құқықтың нормаларына негізделген техникалық, физикалықң материалдық немесе ұйымдастырушылық ықпал жасаудың құралы.
Әкімшілік процесс – бұл мемлекеттік басқару аясында оған уәкілеттенген әкімшілік-процессуалдық қатынастар субъектілерінің жеке, нақты істерді шешу жөніндегі әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген қызметі.
Әкімшілік тәртіппен жолын кесу шаралары қоғамдық қатынастарды қауіпсіздіктен, оның құқық бұзушылық немесе өзге әрекеттің не болмаса оқиғаның салдарынан пайда болуына қарамастан қорғаудың құралы.
Әкімшілік іс жүргізу – ерекше әкімшілік процессуалдық тәртіпте жүргізілетін, істі заңға сәйкес толық, жан-жақты шешу мақсатындағы әкімшілік-құқық бұзушылық бойынша істерді қарауға уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың және де оған қатысушы органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық қатынас нысанындағы заңға сәйкес қызметі.
Әкімішлік құқық бұзушылық – жеке адамның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен әкімішлік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі.
Басқару әдістері – әкімшілік құқық субъектісінің қызметін ұйымдастыру, басқару процесінде туындайтын нақты мәселелерді шешу, басқарылатындардың ырқына ықпал ету тәсілдері.
Басқару нысаны – атқарушы органның (лауазымды адамның) өзінің құзыретінің шегінде жүзеге асыратын және белгілі бір салдарлар туғызатын сырт көрінісі бар іс-әрекеті.
Басқарудың құқықтық актісі - бұл басқарушылық қатынасты реттейтін немесе нақты басқарушылық істі шешетін, адресаттың жеке мінез-құлқын анықтайтын,мемлкеттік биліктік шығармашылық сипатқа ие, белгіленген тәртіппен өкілетті орган немесе лауазымды тұлғаның бір жақты тәртіппен шығаратын заңдылық акті.
Ескерту – әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады.
Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың (республиканың маңызы бар қаланың астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
Заңдылық – демократиялық түрде ұйымдастырылған қоғамның өмір сүруі мен дамуының басты нышаны.
Кәсіпорын – бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіру, жұмыс атқару және қызмет көрсету үшін құрылған шаруашылықпен айналысатын субъект.
Кепілдік – әр түрлі құқық субъектілерінің құқықтарын қорғау және жүзеге асыуын қамтамасыз ететін жағдайлар мен құралдарды айтамыз.
Көтермелеу – бұл қызығушылық, сана арқылы адамдардың еркін пайдалы әрекеттерді жасауға бағыттайтын әсер ету тәсілі.
Күш көрсету түріндегі мәжбүрлеу шаралары құқыққа қарсы мінез-құлықтың жолын кесе отырып, жеке тұлғаның әрекет бстандығын шектейді.
Қадағалау мемлекеттік бақылаудың бір түрі болып табылады. Қадағалаудың прокурорлық, әкімшілік және соттық түрлері бар.
ҚР-ның агенттігі- Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқару және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады.
ҚР-сы Үкіметі- республиканың атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Құқықтық режим – заңды нормалармен бекітілген адамдардың белгілі бір қызметін реттейтін жүріс-тұрыс ережелерінің жиынтығы.
Материалдық мәжбүрлеу – жеке тұлғаның, лауазымды тұлғаның және заңды тұлғаның ақшалай сомалары мен мүлкі арқылы мінез-құлқына әсер етеді.
Мәжбүрлеу – қоғам дамуының объективтік қажеттіліктерімен байланысты, мемлекеттік биліктің қасиеті болып табылады, өйткені ол-әрбір әлеуметтік ұйымның қажетті элементі және әрбір биліктің қасиеті.
Мекеме – басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші – мемлекеттік саяси қызметшінің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.
Мемлекеттік басқару – заңдарды орындау барысындағы іс-әрекет, объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен байланысты іс-әрекет.
Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік қызметті жинақтау – мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және кадрларды орналастыру.
Мемлекеттік қызметті өткеру – мемлекеттік қызметтік қатынастардың болуын, өзгеруін және аяқталуын келтіретін заңдылық факторлар жүйесі.
Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен репсубликалық немесе жергілікті бюджеттен тыс ҚР-ның Ұлттық банктің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын ҚР азаматы.
Мемлекеттік саяси қызметші тағайындалуы, босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші
Министрлік- тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республикалық орталық атқарушы органы болып табылады.
Психикалық мәжбүрлеу – ерікке, эмоцияға әсер етеді.
Рұқсат ету – осы нормаларда көзделген заңдылық мағынасы бар әрекеттерді жасауға заңды түрде рұқсат беру немесе оларды жасаудан өз қалауы бойынша бас тарту.
Сайлау - мемлекеттің, халықтың белгілі бір бөлігінің немесе қандай да бір органның тапсырмасы бойынша құзыретті жүзеге асыратын нақты адамдарды ұсыну және сайлау.
Сендіру – бағынысты тұлғаның еркін қалыптастыру немесе өзгерту үшін әртүрлі түсіндіруші, тәрбиелік, ұйымдастырушылық шараларды қолдану.
Соғыс жағдайы – ҚР қарсы агрессияны не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей төнген қатерді болдырмауға немесе тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкімшілік, әскери және өзге де шаралар кешенін көздейтін және ҚР Президенті Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде енгізетін ерекше құқықтық режим.
Тағайындау - саяси мемлекеттік қызметкрелердің мемлекеттік қызметке кіру тәсілдерінің бірі. Саяси мемлекеттік қызметшінің лауазымдық тізідемесін ҚР-ның Президенті бекітеді.
Төтенше жағдай – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ҚР конститутциялық құрылысын қорғау мүдделерінде ғана қолданылатын және мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметіне,азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына, сондайақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін және оларға қосымша міндеттер жүктейтін, ерекше құқықтық режим болып табылатын уақытша шара.
Төтенше режимдер – бұл халықтың өмір тіршілігінің арнайы құқықтық режимі.
Тыйым салу – бұл да ұйғарым, бірақ заңдылық мазмұны бөлек. Оның мағынасы құқық нормасы өзінің адресаттарына байланысты қандай да болмасын әрекеттерді жасамауға тікелей заңдылық міндет жүктейді.
Ұйғарым – бұл белгілі құқық нормасымен қарастырылған қандай да болмасын заңдылық мағынасы бар, әрекетті жасауға тікелей заңдылық міндетті жүктеу. Демек, қажетті жағдайда қандай әрекет жасау керектігін норма көрсетеді.
Ұйым - өзінің басқару органы басшылық ететін және меншігінде
шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болатын әртүрлі саны бар (бірнеше адамнан бірнеше мыңға дейін) қызметкерлер ұжымы.
Шетел азаматтары – ҚР азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар танылады.
Юрисдикция сөзі (латынның «Iurisdictio») сот, сот ісін жүргізу деген мағынаны білдіреді.
Тест тапсырмалары:
1 Әкімшілік құқық курсының жүйесі мыналардан тұрады:
А) әкімшілік құқықтың нысандары мен әдістерінің түсініктері;
В) әкімшілік іс жүргізу құқығы;
С) әкімшілік-құқықтық реттеу механизмі;
D) жалпы және ерекше бөлімдерден;
Е) мемлекеттік басқару ұғымдары және әкімшілік құқықтық қатынастардан;
2 Әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастар
А) ішкі және сыртқы
В) салалық және салааралық
С) негізгі және қосымша
D) мемлекеттік және мемлекеттік емес
Е) Ұйымдық және ұйымішілік
3 Полиция құқығы ғылымының негізгі іргетасын қалаған ғалым?
А) Н. Деламара
В) Р. Моль
С) Л. Штейн
D) И.Н. Платонов
Е) В.Н. Лешков
4 Әкімшілік шарт
А) Нормативтік мазмұны бар әкімшілік құқықтың нормалары қаралған құқық шығарушы субъектілердің арасындағы екі немесе көп жақты келісімі
В) Тарихи қалыптасқан және дағдыға айналған мемлекеттің санкция берген мінез-құлық ережесі
С) Құқық шығарушы құзіретті субхектілер қабылдаған заңдық акт.
D) Әкімшілік-құқықтық мәселелер жөніндегі ғылыми еңбектер.
Е) Нақты заңдық іс бойынша шешім
5 Әкімшілік құқықтың жүйесі
А) Әкімшілік-құқықтық нормалар көрінісінің сыртқы нақты нысаны.
В) Жолдардың тәсілдердің жиынтығы
С) Құқықтық нұсқамаларды бұлтаруды болдырмайтын ықпал ету тәсілі
D) Өзара байланысты әкімшілік-құқықтық институттар мен
нормалардың жиынтығы
Е) Мемлекет басқару аясындағы қатынастар
