- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Жүніспаева Айнұр Бауыржанқызы – Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері
- •6 Әкімшілік құқықтың принциптері
- •7 Әкімшілік-құқықтық нормасы
- •14 Әкімшілік құқық нормалары көлемі бойынша неше түрге бөлінеді
- •15 Әкімшілік құқық XIX ғасырға дейін қалай аталып келді
- •Әкімшілік құқықтың принциптері, әдістері
- •Әкімшілік құқықтың негізгі қайнар көздері
- •1. Әкімшілік құқықтық нормалардың түсінігі
- •2. Әкімшілік құқықтық қатынастар түсінігі, құрылымы
- •1. Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері және оның элементтері
- •2.Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі
- •2.Шетел азаматтардың және азаматтығы жоқ азаматтардың әкімшілік құқық мәртебесінің мазмұны.
- •Атқарушы билік органы түсінігі және оның белгілері
- •Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі принциптері, жүйесі.
- •Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
- •2. Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі принциптері:
- •Ведомствалық сұрақтарды шешу тәртібі бойынша:
- •Ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
- •Кәсіпорындардың түсінігі, түрлері және оларды басқару.
- •Мекеменің әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
- •Құқықтық актілерді дайындау, ұсыну, талқылау тәртібін
- •5. Мемлекеттік басқару актілеріне қойылатын негізгі талаптар:
- •Басқару әдістері ұғымы, белгілері.
- •Мемлекеттік басқару аясында мәжбүрлеу және сендіру
- •Тікелей және жанама басқарушылық әсер етуші әдістер
- •Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі.
- •Қадағалау мемлекеттік бақылаудың бір түрі.
- •2. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі.
- •3. Ерекше жағдай режимі
- •4. Соғыс жағдай режимінің мәні және мазмұны
- •Әкімшілік мәжбүрлеудің ұғымы, белгілері
- •Әкімшілік мәжбүрлеу түрлері
- •Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы, белгілері.
- •Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы.
- •Әкімшілік жауаптылық түсінігі, негізгі белгілері
- •Әкімшілік жазалардың түсінігі, түрлері.
- •3. Әкімшілік жуаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән жайлар.
- •5. Әкімшілік жауапкершіліктен босату
- •1. Әкімшілік іс жүргізудің түсінігі мен қағидалары, субъектілері
- •Әкімшілік іс жүргізу сатылары
- •Әкімшілік іс жүргізу түрлері
- •1 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу мәні
- •2 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу қағидалары, сатылары
- •2 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу қағидалары:
5. Әкімшілік жауапкершіліктен босату
Іс-әрекетімен өкінгендігін білдіруіне байланысты әкімішлік жауаптылықтан босату. Әкімшілік құқық бұзушылықты бірінші рет жасаған адам, егер бұл адам құқық бұзушылық жасағаннан кейін келтірілген залалды өз еркімен өтесе немесе құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өзге де ретке келтірсе, судья, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті орган (лауазымды адам) әкімшілік жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылықпен зиян елеусіз болған жағдайда судья, әкімшілік құқық бқзушылық туралы істі қарауға уәкілетті орган әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды, ауызша ескерту жасаумен шектеліп, әлеуметтік жауаптылықтан босата алады.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босалту. Адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін, ал қоршаған ортаны қорғау салаларда әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жасаған күннен бастап 6 ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес.
Әкімшілік жауаптылықтан рақымшылық жасау акітісі негізінде босату. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам әкімшілік жауаптылықтан немесе қолданылған әкімшілік жазадан рақымшылық жасау актісі негізінде, егер ол әкімшілік жаза қолдануды жоятын болса, босатылуы мүмкін.
Жағдайдың өзгеруіне, науқастануға байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекет жасаған адам жағдайдың өзгеруіне, сондай-ақ әкімшілік жазаны орындауға кедергі келтіретін науқасына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылу мүмкін.
Тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату. Бітімгершілікке келу жәбірленуші мен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам қол қойған жазбаша келісім негізінде жүзеге асырылады.
№ 14 Дәріс. Әкімшілік іс жүргізу
Жоспар:
1. Әкімшілік іс жүргізудің түсінігі мен қағидалары, субъектілері
Әкімшілік іс жүргізу сатылары
Әкімшілік іс жүргізу түрлері
Негізгі ұғымдар: әкімшілік іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу өндірісі
1. Әкімшілік процесс – бұл мемлекеттік басқару аясында оған уәкілеттенген әкімшілік-процессуалдық қатынастар субъектілерінің жеке, нақты істерді шешу жөніндегі әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген қызметі.
Әкімшілік іс жүргізу дегеніміз ерекше әкімшілік процессуалдық тәртіпте жүргізілетін, істі заңға сәйкес толық, жан-жақты шешу мақсатындағы әкімшілік-құқық бұзушылық бойынша істерді қарауға уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың және де оған қатысушы органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық қатынас нысанындағы заңға сәйкес қызметі.
Әкімшілік процестің негізгі қағидалары болып мыналар саналады:
1. Заңдылық қағидасы.
2. Объективтілік қағидасы.
3. Заң мен істі шешетін органның алдында әкімшілік іс жүргізу субъектілерінің теңдік қағидасы.ның мағынасы
4. Жариялылық қағидасы.
5. Істі ұлттық тілде жүргізу қағидасы.
6. Процестің үнемділігі және тиімділік қағидасы.
7. Процесс тәртібін бұзғандық және қабылданған акт (шешім) үшін жауаптылық қағидасы.
Әкімшілік процесте субъект (қатысушылар) ретінде мыналар саналады:
ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар.
Мемлекеттік органдар, кәсіпорындар және мекемелер.
Қоғамдық бірлестіктер және мемлекеттік емес ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер
Мемлекеттік қызметшілер.
Қоғамдық бірлестіктер және басқа да мемлекеттік емес құрылымдардың қызметшілері.
2. Әкімшілік іс жүргізу сатылары. Процессуалдық әрекеттер белгілі бір қисынды тәртіппен жүргізіледі. Бұл әрекеттер белгілі бір сатыларға топтастырылады, олар:
Басқарушылық істі (сұрақты) қозғау және оны тергеу соған өкілеттенген мемлекеттік орган (лауазымды тұлға) өкілеттеріне жатады.
Істі қарауды өкілетті орган (лауазымды тұлға) жүзеге асырады.
Іс бойынша шешім қабылдау.
Істі шағымдау және наразылық білдіру.
Шешімді орындау. Аталған сатылар әкімшілік процестің жалпы процестің жалпы сатылары болып саналады. Ол барлық әкімшілік өндірістің түрлеріне тән.
3. Әкімшілік процессуалдық қызметті екі мағынада сипаттауға болады.
Біріншіден, мемлекеттік басқару қызметінің өзі әкімшілік процестің көрінісі ретінде болады.
Екіншіден, материалдық нормалардың санкцияларын қолдану қызметіне әкеп түйістіреді.
Сонымен, әкімшілік процесс екі түрлі топтағы әкімшлік-процессуалдық (өндірісті) іс жүргізуді қамтиды, яғни атқарушы биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға байланысты өкілеттенген органдар мен лауазымды тұлғалар қызметінің процессуалдық жағын көрсететін – юрисдикциялық және рәсімдік (процессуалдық) болып бөлінеді.
Іс жүргізудің әрқайсысы жеке анықталған әкімшілік немесе заңдылық пен мемлекет тәртіпті қамтамасыз ету мақсатындағы сұрақтарды шешудің заңмен белгіленген тәртібін анықтайды. Бірақ юрисдикциялық және рәсімдік іс жүргізуде пәні мен іс жүргізу бағыттарында айырмашылық бар.
Юрисдикция сөзі (латынның «Iurisdictio») сот, сот ісін жүргізу деген мағынаны білдіреді.
Юрисдикциялық іс құқық қорғаушылық сипатта және атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық дауды қарау мен шешуіне қатысты жүргізіледі және олардың қатысушыларының мінез-құлықтарына құқықтық баға беріп, кінәлілеріне мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады.
Рәсімдік іс жүргізуде атқарушы органдар өз құзіреті шегіндеәкімшілік даудың болмауына байланысты, кейбір сұрақтарды шешуде арнаулы рәсімдік ережелерді сақтауға міндетті.
Рәсімдік іс жүргізудің нәтижесі – мемлекеттік мәжбүллеу шараларын қолдану емес, атқарушы билік органдарының белгілі бір рұқсаттарды беру, жеке құқықтық актілерді шығаруының көмегімен басқару органдарының бір қалыпты жұмысы қамтамасыз етіледі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері қамтамасыздандырылады.
№1 Дәріс. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы бойынша іс жүргізу
Жоспар:
