- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Жүніспаева Айнұр Бауыржанқызы – Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері
- •6 Әкімшілік құқықтың принциптері
- •7 Әкімшілік-құқықтық нормасы
- •14 Әкімшілік құқық нормалары көлемі бойынша неше түрге бөлінеді
- •15 Әкімшілік құқық XIX ғасырға дейін қалай аталып келді
- •Әкімшілік құқықтың принциптері, әдістері
- •Әкімшілік құқықтың негізгі қайнар көздері
- •1. Әкімшілік құқықтық нормалардың түсінігі
- •2. Әкімшілік құқықтық қатынастар түсінігі, құрылымы
- •1. Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері және оның элементтері
- •2.Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі
- •2.Шетел азаматтардың және азаматтығы жоқ азаматтардың әкімшілік құқық мәртебесінің мазмұны.
- •Атқарушы билік органы түсінігі және оның белгілері
- •Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі принциптері, жүйесі.
- •Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
- •2. Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі принциптері:
- •Ведомствалық сұрақтарды шешу тәртібі бойынша:
- •Ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
- •Кәсіпорындардың түсінігі, түрлері және оларды басқару.
- •Мекеменің әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
- •Құқықтық актілерді дайындау, ұсыну, талқылау тәртібін
- •5. Мемлекеттік басқару актілеріне қойылатын негізгі талаптар:
- •Басқару әдістері ұғымы, белгілері.
- •Мемлекеттік басқару аясында мәжбүрлеу және сендіру
- •Тікелей және жанама басқарушылық әсер етуші әдістер
- •Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі.
- •Қадағалау мемлекеттік бақылаудың бір түрі.
- •2. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі.
- •3. Ерекше жағдай режимі
- •4. Соғыс жағдай режимінің мәні және мазмұны
- •Әкімшілік мәжбүрлеудің ұғымы, белгілері
- •Әкімшілік мәжбүрлеу түрлері
- •Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы, белгілері.
- •Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы.
- •Әкімшілік жауаптылық түсінігі, негізгі белгілері
- •Әкімшілік жазалардың түсінігі, түрлері.
- •3. Әкімшілік жуаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән жайлар.
- •5. Әкімшілік жауапкершіліктен босату
- •1. Әкімшілік іс жүргізудің түсінігі мен қағидалары, субъектілері
- •Әкімшілік іс жүргізу сатылары
- •Әкімшілік іс жүргізу түрлері
- •1 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу мәні
- •2 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу қағидалары, сатылары
- •2 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу қағидалары:
Әкімшілік мәжбүрлеудің ұғымы, белгілері
Әкімшілік мәжбүрлеу түрлері
Негізігі ұғымдар: әкімшілік мәжбүрлеу, әкімшілік алдын алу шаралары,
әкімшілік жолын кесу шаралары,әкімшілік жазалау шаралары.
1. Әкімшілік мәжбүрлеу арнайы өкілетті субъектінің қоғамдық тәртіппен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында белгіленген процессулдық нысандарда қолданатын, әкімшілік құқықтың нормаларына негізделген техникалық, физикалық материалдық немесе ұйымдастырушылық ықпал жасаудың құралы.
Әкімшілік мәжбүрлеуді сипаттайтын негізгі белгілері:
Мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше түрі
Әкімшілік ықпал етудің барлық шараларын биліктік мәжбүрлеу сипатта
Әкімшілік мәжбүрлеу өзінің мазмұны бойынша жеке басылық, ұйымдастырушылық немесе мүліктік сипаты бар шектеулер
Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілерді іске асыруға бағытталған құқықтық мәжбүрлеу болып табылады.
Әкімшілік мәжбүрлеуді оған уәкілеттік берілген органдар мен лауазымды адамдар ғана қолданады
Әкімшілік мәжбүрлеуді қолдану негіздерінің ерекше заңдық қасиеті болып табылады.
Әкімшілік мәжбүрлеу басқару әдісі ретінде адамдардың санасы мен мінез-құлқына психикалық, материалдық немесе күш көрсету түрінде әсер етеді.
Психикалық мәжбүрлеу – ерікке, эмоцияға әсер етеді.
Материалдық мәжбүрлеу – жеке тұлғаның, лауазымды тұлғаның және заңды тұлғаның ақшалай сомалары мен мүлкі арқылы мінез-құлқына әсер етеді.
Күш көрсету түріндегі мәжбүрлеу шаралары құқыққа қарсы мінез-құлықтың жолын кесе отырып, жеке тұлғаның әрекет бстандығын шектейді.
2. Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары өте көп және олар әр түрлі. Олар қолдану мақсаттары, негіздемелері мен тәртібі бойынша айырылады, бұл оларды топтастыру үшін объективті түрде алғышарт жасайды.
Қоғамдық қатынастың және осы қатынастарға құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаудың объективтік сипатымен айқындалатын құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мақсаттары мен тәсіліне байланысты әкімішлік мәжбүрлеудің барлық шаралары 3 топқа бөлінеді:
Әкімшілік алдын алу шаралары
Әкімшілік жолын кесу шаралары
Әкімшілік жазалау шаралары.
Әкімшілік алдын алу шаралары – адамның қоғамдық және жеке басының қауіпсіздігіне қауіп-қатер туғызатын, құқық бұзушылықтар мен жағдайдың алдын алу мақсатында ранайы уәкілдік берілген субъектінің қолданатын әкімшілік мәжбүрлеу шараларының бір түрі:
Әкімшілік алдын алу шараларын тікелей арналымы мен құқық шектеушілік сипаты бойынша 4 топқа бөлуге болады:
Мүмкін болатын зиянды, қауіпті, тіпті ауыр салдарлары да жиі болатын қауіп-қатерді болдырмау мақсатында қолданылатын шаралар (эпидемиямен зақымданған жерлерде карантин енгізу, шекаралас аумақтарда қауіпті жұқпалы аурулар кенеттен пайда болған кезде мемлекеттік шекара учаскесін жабу т.б.)
Құқық бұзушылықтың, оның ішінде тек әкімшілік теріс қылықтың ғана емес, қылмыстың да алдын алуға бағытталған шаралар (кедендік тексеру, жеке басты анықтайтын құжаттарды тексеру)
Тиісті субъектінің өздерінің міндеттерін орындаудан жалтаруына кедергі келтіретін шаралар (реквизициялау, мәжбүрлеп медициналық куәландыру)
Емдеу-алдын алу деп аталатын мәжбүрлеу шаралары ерекше топ құрады, олардың мақсат міндеті тек қоғамдық қауіпсіздікті ғана емес сонымен бірге қауіпті есі ауысқандарды, нашақорларды жұқпалы ауруларды емдеуді қамтамасыз ету.
Әкімшілік тәртіппен жолын кесу шаралары қоғамдық қатынастарды қауіпсіздіктен, оның құқық бұзушылық немесе өзге әрекеттің не болмаса оқиғаның салдарынан пайда болуына қарамастан қорғаудың құралы болып табылады.
Әкімшілік тәртіппен жолын кесудің алуна түрлі шараларын бірнеше түрлерге топтастыруға болады. Оларға мыналар жатады:
Құқық бұзушының тікелей жеке басына қолданылатын шаралар (құқыққа қайшы мінез-құлықты тоқтатуды талап ету, әкімшілік полицияға жеткізу)
Мүліктік сипаты бар шарлар (дәрімен атылатын аулау қаруын алып қою)
Техникалық сипаты бар шаралар (бұзылған көлікті пайдалануға тыйым салу, техникалық қауіпсіздіктің ережелерін, өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзғандықтан кәсіпорынның жұмысын тоқтату)
қаржылық сипаты бар шаралар (несие беруді тоқтату, бюджеттік қаржыландыруды қысқарту)
медициналық санитарлық сипаты бар шаралар (жұқпалы ауруларды жұмыстан шеттету, сауда немесе тоқтату ксәпорындарынан олардың ластығы үшін пайдалануға тыйым салу)
лицензиялық рұқсат беру жүйесін жұзеге асырумен байланысты шаралар (лицензия беруден бас тарту, лицензияның күшін тоқтата тұру)
арнайы немесе ерекше міндет атқаратын шаралар (дәрімен атылатын қаруды, көден жас ағызатын химиялық заттарды қолдану).
Әкімшілік жазалау шаралары – құқық бұзушылыққа көңіл аударудың нәтижесі ретінде арнайы уәкілдік берілген субъектінің қолданатын әкімшілік мәжбүрлеу шаралары.
№12 Дәріс. Әкімшілік құқық бұзушылық.
Жоспар:
