- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Жүніспаева Айнұр Бауыржанқызы – Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері
- •6 Әкімшілік құқықтың принциптері
- •7 Әкімшілік-құқықтық нормасы
- •14 Әкімшілік құқық нормалары көлемі бойынша неше түрге бөлінеді
- •15 Әкімшілік құқық XIX ғасырға дейін қалай аталып келді
- •Әкімшілік құқықтың принциптері, әдістері
- •Әкімшілік құқықтың негізгі қайнар көздері
- •1. Әкімшілік құқықтық нормалардың түсінігі
- •2. Әкімшілік құқықтық қатынастар түсінігі, құрылымы
- •1. Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері және оның элементтері
- •2.Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі
- •2.Шетел азаматтардың және азаматтығы жоқ азаматтардың әкімшілік құқық мәртебесінің мазмұны.
- •Атқарушы билік органы түсінігі және оның белгілері
- •Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі принциптері, жүйесі.
- •Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
- •2. Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі принциптері:
- •Ведомствалық сұрақтарды шешу тәртібі бойынша:
- •Ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
- •Кәсіпорындардың түсінігі, түрлері және оларды басқару.
- •Мекеменің әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
- •Құқықтық актілерді дайындау, ұсыну, талқылау тәртібін
- •5. Мемлекеттік басқару актілеріне қойылатын негізгі талаптар:
- •Басқару әдістері ұғымы, белгілері.
- •Мемлекеттік басқару аясында мәжбүрлеу және сендіру
- •Тікелей және жанама басқарушылық әсер етуші әдістер
- •Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі.
- •Қадағалау мемлекеттік бақылаудың бір түрі.
- •2. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі.
- •3. Ерекше жағдай режимі
- •4. Соғыс жағдай режимінің мәні және мазмұны
- •Әкімшілік мәжбүрлеудің ұғымы, белгілері
- •Әкімшілік мәжбүрлеу түрлері
- •Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы, белгілері.
- •Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы.
- •Әкімшілік жауаптылық түсінігі, негізгі белгілері
- •Әкімшілік жазалардың түсінігі, түрлері.
- •3. Әкімшілік жуаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән жайлар.
- •5. Әкімшілік жауапкершіліктен босату
- •1. Әкімшілік іс жүргізудің түсінігі мен қағидалары, субъектілері
- •Әкімшілік іс жүргізу сатылары
- •Әкімшілік іс жүргізу түрлері
- •1 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу мәні
- •2 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу қағидалары, сатылары
- •2 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу қағидалары:
Құқықтық актілерді дайындау, ұсыну, талқылау тәртібін
«Нормативтік актілер туралы» Заң және басқа актілер реттейді. Көптеген
мамандардың жұмыстарында (Б.В. Дрейшев, И.Я. Дюрячин, Ю.А. Тихомиров және т.б.) құқықтық актілерді қабылдау процесі мынандай кзеңдерге бөлінеді:
Актіні шығарудың қажеттілігін анықтау
Акт жобасын дайындау
Актіні қарау және қабылдау
Орындаушыларға жеткізу, жариялау.
Актіні шығарудың қажеттілігін анықтау, оның жобасының тұжырымдамасын дайындау мына жағдайларда туындайды:
Ол жағдайда тұрған нормативтік құқықтық актілерде көзделсе;
Жаңа актіге нақты мұқтаждық туындаса.
Басқарудың жаңа құқықтық актілеріне мұқтаждық мына негіздерде анықталады:
Күшіндегі заңнаманың жайына, оның жаңа мәселелерді шешу
мүмкіндігіне талдау жасау,
Басқа актілерді өзгерту қажеттігін анықтауға жаңа актіні қабылдауға
байланысты оларды келісімді жүйеге келтірудің қисынын іздестіру.
Жаңа құқықтық актінің қажет екендігі дәлелді болған жағдайда, оның жобасы дайындалады, қаржы экономикалық негіздеме жасалынады, актінің нақты орындаушылары анықталады.
Жаңа акті шығаруға мыналар ынта білдіре алады:
Мұндай акт қабылдауға өкілетті орган
Төменгі тұрған басқару органы
Басқа мүдделі субъектілер
Басқару құқықтық актілердің реквизиттері:
Форманың аты
Реттеу затын қысқа формада білдіретін тақырып
Қабылданған күні мен орны
Тиісті актіге қол қоюға өкілетті адамның қолы
Күшіне кіру уақыты, қажет болған жағдайда күшінде болу мерзімі
Белгіленген жағдайда тіркеу нөмірі.
5. Мемлекеттік басқару актілеріне қойылатын негізгі талаптар:
1. ҚР Конституциясында, сондай-ақ органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық мәртебесін айқындайтын заңдарда белгіленген өз құзіретіне сәйкес ҚР мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғалары басқарудың құқықтық актісін қабылдауға хақылы.
2. Басқарудың құқықтық актісі белгіленген тәртіпте қабылдануы тиіс. Басқарудың құқықтық актілерінің жобаларын дайындау жоспарлары бір жылға жасалатын ағымды және неғұрлым ұсақ мерзімге жасалатын перспективалық жоспарлар болып бөлінеді және ҚР «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның 2,3-тарауларында белгіленген реттерде жүргізіледі.
3. Басқарудың құқықтық актісі белгіленген нысанда шығарылуы және лауазымды тұлғаның қол қоюымен ресімделуі қажет. Нормативтік құқықтық актілерде мынадай реквизиттер болуға тиіс:
- ҚР мемлекеттік Елтаңбасы;
- актінің нысанына нұсқау (әкімшілік шешім);
- осы нормативтік құқықтық акт реттейтін істі білдіретін тақырып;
- қабылданған жері мен күні;
- актінің тіркеу нөмірі;
- актіге қол қоюға уәкілдік берілетін тұлғаның қолы (ҚР Үкіметінің қаулысына-Премьер-Министр; әкімнің шешімдеріне – әкім; өзге де нормативтік құқықтық актіге – оны қабылдаған (шығарған)органның басшысы қол қояды;
- нормативтік құқықтық актілердің ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуі (жалпыға міндетті маңызы бар, ведомстволық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтры мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілері) оларды күшіне енгізудің қажетті шарты болып табылады;
- елтаңбалы мөр.
№8 Дәріс. Атқарушы билікті жүзеге асырудың әкімшілік-құқықтық
әдістер.
Жоспар:
