- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Жүніспаева Айнұр Бауыржанқызы – Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері
- •6 Әкімшілік құқықтың принциптері
- •7 Әкімшілік-құқықтық нормасы
- •14 Әкімшілік құқық нормалары көлемі бойынша неше түрге бөлінеді
- •15 Әкімшілік құқық XIX ғасырға дейін қалай аталып келді
- •Әкімшілік құқықтың принциптері, әдістері
- •Әкімшілік құқықтың негізгі қайнар көздері
- •1. Әкімшілік құқықтық нормалардың түсінігі
- •2. Әкімшілік құқықтық қатынастар түсінігі, құрылымы
- •1. Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері және оның элементтері
- •2.Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі
- •2.Шетел азаматтардың және азаматтығы жоқ азаматтардың әкімшілік құқық мәртебесінің мазмұны.
- •Атқарушы билік органы түсінігі және оның белгілері
- •Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі принциптері, жүйесі.
- •Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
- •2. Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі принциптері:
- •Ведомствалық сұрақтарды шешу тәртібі бойынша:
- •Ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
- •Кәсіпорындардың түсінігі, түрлері және оларды басқару.
- •Мекеменің әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
- •Құқықтық актілерді дайындау, ұсыну, талқылау тәртібін
- •5. Мемлекеттік басқару актілеріне қойылатын негізгі талаптар:
- •Басқару әдістері ұғымы, белгілері.
- •Мемлекеттік басқару аясында мәжбүрлеу және сендіру
- •Тікелей және жанама басқарушылық әсер етуші әдістер
- •Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі.
- •Қадағалау мемлекеттік бақылаудың бір түрі.
- •2. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі.
- •3. Ерекше жағдай режимі
- •4. Соғыс жағдай режимінің мәні және мазмұны
- •Әкімшілік мәжбүрлеудің ұғымы, белгілері
- •Әкімшілік мәжбүрлеу түрлері
- •Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы, белгілері.
- •Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы.
- •Әкімшілік жауаптылық түсінігі, негізгі белгілері
- •Әкімшілік жазалардың түсінігі, түрлері.
- •3. Әкімшілік жуаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән жайлар.
- •5. Әкімшілік жауапкершіліктен босату
- •1. Әкімшілік іс жүргізудің түсінігі мен қағидалары, субъектілері
- •Әкімшілік іс жүргізу сатылары
- •Әкімшілік іс жүргізу түрлері
- •1 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу мәні
- •2 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу қағидалары, сатылары
- •2 Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу қағидалары:
Атқарушы билік органы түсінігі және оның белгілері
Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі принциптері, жүйесі.
Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
Негізігі ұғымдар: атқарушы билік органы, Үкімет, министрлік, агенттік, ведомства
1. Атқарушы билік – заңдардың орындалуын, олардың құқықтық нормаларын өмірге енгізумен, мемлекеттік органдардың тоқтаусыз қызметін қамтамасыз ету, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін белгіленген мемлекеттік биліктің тіршілігін көрсететін абстрактілі саяси-құқықтық категория.
Атқарушы билік органы – бұл тиісті құзырет берілген, белгілі бір аумақ шеңберінде қызмет атқаратын және атқарушы өкім етуші қызметті жүзеге асыратын, біршама дербес, құрылымдық жағынан жекеленген мемлекеттік аппараттың бөлігі.
Атқарушы билік органының белгілері:
атқарушы билік органының бірыңғай жүйесінің құрамдас бөлігі
мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері болуы
тиісті құзыреті болуы
мемлекеттік биліктің заңға тәуелді органы
заңдық актілер шығарады
ішкі ұйымдастырылуы, құрылымы болуы
белгілі бір аумақта қызмет атқарады.
2. Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі принциптері:
1) Заңдылық.
2) Халық билігі қағидасы.
3) біртұтас билікті бөлу және өзара тежемелік әрі тепе-теңдік қағидасы.
4) Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінде алқалық және жеке-дара басшылықты дұрыс үйлестіру қағидасы.
5) Жеке (дербес) жауапкершілік қағидасы.
6) Атқарушы билік органдарының жариялылық қағидасы.
7) Жеке адам құқықтарының басымдығы мен кепілдендірілгендік қағидасы.
8) Атқарушы билік органдарының жүйесіне орталықтандыру қағидасы.
Атқарушы билік органдары жүйесі деп бір-біріне бағынышты органдардың өз араларында құзіреттерді бөлу негізіндегі құрылым саналады. Ол жүйеге мыналар кіреді:
Үкімет
Министрліктер, агенттіктер, комитеттер
Жергілікті мемлекеттік басқару органдары
ҚР-сы Үкіметі- республиканың атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкіметтің құрамы: 1) ҚР-ның Премьер-министрі; 2) ҚР-сы Премьер министрінің орынбасары; 3) министрлер; 4) өзге де лауазымды адамдар.
Министрлік- тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республикалық орталық атқарушы органы болып табылады.
ҚР-ның агенттігі- Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқару және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады.
ҚР-ның ҰҚК – республика президенті құратын, тарататын және қайта құратын және Республикалық орталық атқарушы органдарының жүйесіне кірмейтін, Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнайы мемлекеттік орган.
Ведомство - Республикалық орталық атқарушы органы құзыретінің шегінде арнайы атқару және бақылау – қадағалау міндеттерін сондай-ақ саларалық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың ішкі саласына басшылық жасауды жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың (республиканың
маңызы бар қаланың астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган
3. Атқарушы билік органдары мемлекеттердің билік тармағының бір түрін жүзеге асырушы ретінде саналады. Оларсыз мемлекеттік-басқару қызметінің, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес.
Атқарушы органдар әлеуметтік-саяси, әлеуметтік мәдени, шаруашылық және салааралық жалпы басқару, нақты және күнделікті жедел басшылық функцияларын жүзеге асырады.
Атқарушы билік органы заңмен белгіленген тағайындау тәртібінде құрылады.
Атқарушы билік органдарын қызметтік мазмұны мен нақты бағытталған қарай бірнеше түрде саралауға болады.
Қызметінің әкімшілік-аумақтық бөлігіне қарай орталық атқарушы билік органы және жергілікті мемлекеттік басқару органдары болып бөлінеді. Республика деңгейінде өз құзіретін атқарушы билік органдары ретінде Үкімет, министрліктер, агенттіктер және комитеттер саналады.
Жергілікті мемлекеттік басқару органына әкімдік қызметі жатады.
Құзіретінің сипаттамасына қарай атқарушы билік органдары:
жалпы құзіретті, яғни, мемлекеттік басқару қызметінің функциялары мен өкілеттіктері барлық атқарушы билікті жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға таратады. (Үкімет, облыстық әкімдік);
салалық құзіретті, яғни басқару саласында ( білім және ғылым қорғаныс, ішкі істер және т.б.) саласында өздерінің функциялары мен өкілеттіктерін жүргізетін органдар (министрліктер);
салааралық құзіретті, орталық атқарушы органы құзіреті шегінде арнайы атқару және бақылау қадағалау міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың ішкі саласына (аясына) салааралық үйлестіруді не оған басшылықты жүзеге асырады.(Агенттіктер мен комитеттер).
3. Құру тәртібіне қарай атқарушы билік органдары:
ҚР Президенті құратын, ҚР-ның Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес, үкіметті ҚР Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
