Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
++УМК Орта мектепте демонстрациялық экспериментті ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.96 Mб
Скачать

7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары

Тапсырмаларды орындау үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар:

Зертханалық жұмыстың тақырыбы, әдебиеттер тізімі, негізгі жабдықтар тізімі, қондырғылардың сүлбелік кескіні және жүргізілетін тәжірибелердің қысқаша сипаттамасы жазылған арнайы дәптер – жұмысқа рұқсат алудың қажетті шарты болып табылады.

Эксперементті орындаудағы даму қарқынын творчестволық жағын арттыру мақсатында көп тапсырмаларда қажетті жабдықтардың тізімі ғана немесе қондырғылардың принципиалды сүлбелері нақты түсініктемесіз көрсетілген. Демонстрациялық қондырғылардың толық сипаттамасы, жоғарғы бөлімдері мен тақырыптары көрсетілген әдебиеттердің көмегімен, жұмысқа дайындалу барысында құрастырылады.

Жұмысты орындау барысында сіздер құралдардың дұрыс орналастыруды, көрнекті және қайталанбалы нәтижелер алуды, берілген экспереременттің сабақ құрылымыда алатын орнын көрсете алуды және оқушылардың жасауға қажетті қорытындыларын айқындай алуды меңгерулеріңіз қажет.

Рұқсат алған соң құрылғыларды, құрал-саймандарды жабдықтар тізімі бойынша тексеріп алып, жұмысты орындауға кірісулеріңізге болады.

Демонстрациялық эксперементтерді орындаған кезде тәжірибенің әсерлігін, көрнектігілін және айқындылығын бағалап алыңыз. Қажетті жағдайда, мұғалімнің нұсқауымен, тәжірибені топ студенттерінің алдында демонстрациялаңыз.

Бір тәжірбиені демонстрациялап болған соң қондырғыны орын-орнына қойып, келесі тапсырманы орындауға кірісуіңіз қажет.

Жұмысты толығымен орындап бітіргеннен кейін жабдықтар инженерге өткізіледі.

Жұмысты толық тапсыру үшін келесі мәлеметтері бар жазбаша және ауызша есеп берулеріңіз қажет: әдебиеттер тізімі, негізгі жабдықтар тізімі, қондырғының сүлбесі және сипаттамасы, алынған нәтижелерге жасалған талдау, жұмыстық параметрлері, қондырғының ерекшеліктері, осы эксперементтерді жақсарту туралы сіздердің ұсыныстарыңыз, сұрақтарға жауап.

Тақырып 1. «Механика» курсы бойынша демонстрациялық эксперименттер

Жұмыстың мақсаты – орта мектепте механика бөлімін оқыту барысындағы демонстрациялық тәжірбиелердің өткізілу әдістері, қойылу техникасы бойынша білім, шеберлік және дағды алу.

Бұл бөлімде 7 сыныптың «Денелердің өзара әсері», «Жұмыс және қуат», «Энергия», 9 сыныптың «Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс», «Бірқалыпсыз қозғалыс», «шеңбер бойымен қозғалыс», «Ньютон заңдары», «Сақталу заңдары», «Тербелістер мен толқындар» тақырыптары қамтылған.

Жұмысты орындау үшін орта мектепке арналған физика бағдарламасының сәйкесті бөлімдерімен және берілген тақырыптар бойынша қойылатын демонстрациялардың тізімімен танысу қажет. Сонымен қатар орта мектептің оқулықтары бойынша материалдың мазмұндалу ретін оқып үйрену керек.

Сұрақнама:

  1. Инерциялды санақ жүйесіне қатысты қандай кинематикалық шама инвариантты?

  2. А. Эйнштейннің салыстырмалық іліміне сәйкес не абсолютті және не салыстырмалы болып табылады?

  3. Шарлардың немесе арбашалардың үдеуін қалай дұрыс бағалауға болады, бірдей уақыт аралығындағы орын ауыстыру бойынша ма немесе тоқтағанға дейін орын ауыстыру бойынша ма?

  4. «Инерттілік», «инерця» деген не?

  5. 7-ші және 9-шы сыныптарда масса ұғымын енгізу мақсатында сіздер қандай демонстрациялар ұсынар едіңіздер?

  6. Салмақсыздық жағдайда дененің массасын қалай өлшеуге болады?

  7. Центрге тартқыш машинамен айналдыратын майысқақ құрсақтар қандай құбылысты демонстрациялауға арналған?

  8. Неліктен Атвуд машинасында жұмыс жасаған кезде қосымша жүктемелер жеңіл салмақта болуы қажет?

  9. Атвуд машинасының блогындағы үйкелісті қалай теңгеруге болады?

  10. Үдеудің дене массаларына тәуелділігін қалай көрсетуге болады?

  11. Атвуд машинасының жұмысындағы мүлтіктерді қалай жоюға болады?

  12. Ньютон түтікшесінің герметикалы жабулы және ауаның жеткілікті сиретілгеніне сенімді болу үшін не істеу керек?

  13. Үдемелі қозғалыс кезінде дене салмағының өзгеруін қалай көрсетуге болады?

  14. Атвуд машинасында еркін түсуді демонстрациялау үшін қандай массаны ширек алу қажет?

  15. Үйкеліс күшін азайтушы және күшейтуші себеп?

  16. Үйкеліс күшінің табиғаты қандай?

  17. Үйкеліс коэффициенті аудан шамасына, беттесетін беттерге тәуелді ме?

  18. Үйкеліс коэффициентінің физикалық мағынасы қандай?

  19. Оқу жоспарына оқулық кинофильмдердің қандай үзінділерін қосар едіңдер

  20. Бернулли заңы қандай заңның салдары болып табылады?

  21. Бернулли заңын тағы қалай демонстрациялауға болады?

  22. «Тербелістер» тақырыбын өткен кезде шеңбер бойымен айналушы шариктің көленкелік кескінін (проекциясын) демонстрациялаудың қажеттілігі?

  23. Резонанс құбылысына анықтама беріңіз? Бұл құбылысты қалай демонстрациялауға болады?

Негізгі жабдықтар тізімі:

  1. Толқындық құбылыстарды көрсетуге арналған құрылғы

  2. Айналмалы қозғалыс заңдарын көрсетуге арналған аспап

  3. Центргетартқыш жолдың моделі

  4. Импульстің сақталу заңын көрсетуге арналған аспап

  5. Метроном

  6. Тіктеуші бар көлбеу призма

  7. Демонстрациялық трибометр

  8. Ағаш кесек

  9. Жүктер жиынтығы

  10. Демонстрациялық динамометрлер

  11. Секундомер-уақыт датчигі (СЭВ-1М

  12. Ньютон түтікшесі

  13. Максвелл маятнигі

  14. Шарлардың соқтығысуын демонстрациялауға арналған аспап

  15. Гироскоп

  16. Статика жиынтығы

  17. Жабдықталған айналмалы диск

  18. Жабдықталған центрге тартқыш машина

  19. Жабдықталған электр двигатель

  20. Сағатты маятник

  21. Толқындық машина

  22. Стробоскоп

  23. Резонсты демострациялауға арналған аспап

  24. Резонаторлы камертондар

  25. Ньютон заңдарын демострациялауға арналған аспап

Тапсырмалар:

Жаттығу 1. Салыстырмалылық принципі

1. Тыныштық пен қозғалыстың салыстырмалылығын демонстрациялаңыз.

2. Орын ауыстырудың, жылдамдықтың және траекторияның салыстырмалылығын көрсетіңіз. Ол үшін платформаларды, арбашалар, сілтемелер, айналмалы диск, бор, штатив, жүктер, су толтырылған ауа түйіршіктері бар шыны түтікше алыңыз.

Берілген тәжірибелердің сипаттамасымен жоғарыда келтірілген әдебиеттердің келесі сәйкесті бөлімдерінде: (12) жұмыс 8; (13) тәжірибе 12, 13; (14) тәжірибе 1,2,3,4; (15) тәжірибе 20-24 таныса аласыздар.

Жаттығу 2. Инерция құбылысы. Денелердің өзара әсері.

1. Арбаша мен жүктерді пайдаланып инрция құбылысын демонстрациялаңыз.

2. Жүктің төменгі және жоғарғы жағында байланған жіптің сәйкесінше үзілуін негізінде денелердің инерттілігін демонстрациялаңыз.

3. Серпімді пластинаның көмегімен арбашалардың өзара әсерін көрсететін тәжірибені демонстрациялаңыз.

4. Соқтығысқан шарларды бар қондырғының көмегімен жылдамдықтың өзгерісі әрқашанда өзара әсерден болатындығын көрсетіңіз.

5. Таразы, соқтығысу шарлары бар қондырғы және центрге тартқыш машинада «массалары тең емес денелерді» қолдана отырып, массаларды салыстыру әдістерін демонстрациялаңыз.

(12) жұмыс 10; (13) тәжірибе 16, 21; (14) тәжірибе 11,12,13; (5,8) тәжірибе 34-50.

Жаттығу 3. Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс.

1. Денелердің бірқалыпты және бірқалыпты үдемелі қозғалысын демонстрациялаңыз. Ол үшін тамызғыш, страбаскоп, суы бар түтікше, метраном немесе арбашаның горизонталь және көлбеу жазықтықта қозғалуын пайдаланыңыз.

2. Атвуд машинасын, уақыт өлшеуші немесе кинематика және динамика бойынша қондырғыны қолдана отырып, бірқалыпты қозғалыстағы дененің жылдамдығын есептеңіз.

3. Горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дененің ұшу траекториясын демонстрациялаңыз.

4. Денелердің түрлі тректория бойынша құлау уақыты тең екендігін демонстрациялаңыз. (күштердің әсерінің тәуелсіздік принципі).

(12) 9 жұмыс; (13) тәжірибе 13,15; (14) тәжірибе 5; (8) тәжірибе 25-33.

Жаттығу 4. Ньютон заңдары

Ньютон заңдарын тұжырымдап демонстрациялаңыз:

1. Сақина, соқтығысу шарлары немесе арбашаның көмегімен.

2. Ньютонның 2-ші заңын – «Массалары тең емес денелердің» немесе Атвуд машинасында еркін түсу үдеуін анықтаңыз.

3. Ньютонның 3-ші заңын – екі демонстрациялық динамометрдің көмегімен.

4. Ньютон түтікшесінде денелердің еркін түсуін көрсетіңіз.

5. Салмақсыздық құбылысын демонстрациялаңыз.

(13) жұмыс 10,11; (14) тәжірибелер 14,17,6,7,27,29,30; (9) тәжірибе 64-66.

Жаттығу 5. Үйкеліс

1. Трибомертрдің және демонстрациялық динамометрдің көмегімен сырғанау үйкеліс күшін, тыныштық үйкеліс күшін, шайқалу үйкеліс күшін демонстрациялаңыз.

2. Тыныштыө және сырғанау үйкеліс коэффициенттерін анықтаңыз.

3. «Үйкеліс», «Үйкеліс күштері» кинофилімін қарап, талдау жүргізіңіз.

(13) тәжірибе 28,29,30,31; (14) тәжірибе 19,20; (10) тәжірибе 81-90.

Жаттығу 6. Статика

Статика жиынтығын қолдана отырып, демонстрациялаңыз:

1. Күштерді қосу ережесін және тең әсерлі күш құраушылар арасындағы бұрышқа тәуелді екендігі.

2. Жылжымалы және жылжымайтын блоктардың әсері.

3. Демонстрациялық рычаг-сызғыштың көмегімен моменттер ережесі.

4. Тепе-теңдіктің түрлерін және денелердің тепе-теңдік шарты. Ол шшін тепе-теңдік түрлерін көрсетуге арналған құралды және тіркеуші бар көлбеу прзманы алыныз.

(12) жұмыс 12; (13) тәжірибе 26,27; (14) тәжірибе 15,16,36,39; (10) тәжірибе 75-80.

Жаттығу 7. Айналмалы санақ жүйесіндегі қозғалыс

«Жабдықталған айналмалы дисктің» көмегімен келесі демонстрацияларды жасаныз:

1. Центрге тартқыш күштердің пайда болу жағдайларын (аспандағы шарик).

2. Кариолис құбылысы.

3. Фуко маятнигігің моделі.

Бұл жинақтың көмегімен тағыда қандай демонстрациялар көрсетуге болады? (12) 115 бет, 122 бет.

Жаттығу 8. Сақталу заңдары.

1. Әртүрлі маятниктердің (жіпті, серіппелі, Максвелл) көмегімен энергияның сақталу және айналу заңдарын демонстрацияланыз.

2. Бифилярлық аспаға ілінген шарларды, шарлардың өзара әсерін көрсетуге арналған құралды, баллистикалық пистолетті қолданып, немесе қандай да бір басқа тәсілмен импульстың сақталу заңын демонстрациялаңыз.

3. Шариктің ауада қалқуына негізделген Бернулли заңын демонстрациялаңыз.

Жаттығу 9. Тербелмелі жүйе.

1. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалып жатқан шариктің және ілініп тұрған тербелмелі шариктің көленкелік кескінін жарықтандырғыштың, айналмалы дискінің көмегімен демонстрациялаңыз.

2. Жіпті және серіппелі маятниктердің көмегімен еркін және мәжбір тербелістерді көрсетініз. (4) тәжірибе 1,2,3,4,5,6; (6) тәжірибе 18-21.

3. Сағатты анкерлі механизімінің көмегімен автотербелістерді демонстрациялаңыз. (4) 1 тәжірибе 1,2,3,4,5,6,; (6) 6 тәжірибе 65.

4. Резонанс құбылысын демонстрациялаңыз (екі камертонды немесе әртүрлі ұзындықты маятниктердің көмегімен). (7) 1 тәжірибе 8,9,10; (9) тәжірибе 28.

5. Тербелмелі қозғалысты жазудың әртүрлі тәсілдерін көрсетініз. Құмы бар воронканың, бояу жаққыштың, қауырсын қалам мен камертонның және осциллографтың көмегімен жазылуы.

6. Су бетінде сфералық және жалпақ толқындардың пайда болуын, интенференция, дифракция құбылыстарын толқындық ваннаның көмегімен демонстрациялаңыз.

7. Толқындық машинада көлденең және қума толқындарының таралуын демонстрациялаңиз. (7) тәжірибе 31; (4) жұмыс 28.

Әдебиеттер: негізгі [1-15] және қосымша [1.2.3]

Тақырып 2. Орта мектептің «Молекулалық физика» курсының демонстрациялық эксперименттері

ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ – орта мектепте молекулалық физика бөлімін оқыту барысындағы демонстрациялық тәжірибелердің өткізілу әдістері, қойылу техникасы бойынша білім, шеберлік және дағды алу.

Бұл бөлімде 7 сыныптың «Зат құрылымы туралы алғашқы мәлеметтер», «Газдар мен сұйықтардың қысымы», «Жылулық құбылыстар», «Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі», 10 сыныптың - «Молекула-кинетикалық ілімнің негіздері» тақырыптары қамтылған.

Жұмысты орындау үшін орта мектепке арналған физика бағдарламасының сәйкесті бөлімдерімен және берілген тақырыптар бойынша қойылатын демонстрациялардың тізімімен танысу қажет. Сонымен қатар орта мектеп оқулықтары бойынша материалдың мазмұндау ретін оқып үйрену керек:

Сұрақнама:

  1. Қыздырған кезде қатты денелер мен сұйықтардың ұлғаюы бойынша қандай тәжірибелер ең әсерлі болып табылады? Ең қарпайымы ше?

  2. Газдардағы диффузияға арналған демонстрациялардың қайсысы құбылысы төменгі сыныпта, ал қайсысы жоғарғы сыныпта түсіндіруге келеді?

  3. Сұйықтардағы диффузияны бақылау үшін қанша уақыт қажет?

  4. Сіздердің тәжірибелерініздегі қорғасын цилиндр қандай салмақты көтерді?

  5. Броундық қозғалыс дегеніміз не?

  6. Қай кітаптағы, қандай автордың жасалған сипаттамасы сізге көбірек ұнады, неге?

  7. Берілген тақырып бойынша қандай демонстрациялар міндетті түрде көрсетілген болып табылады?

  8. Радиометрдің көмегімен нені көрсетуге болады?

  9. Шыны ыдыстарды от жалынына қыздыру кезінде қандай қауіпсіздік ережелері сақталу қажет?

  10. Қара дене, ақ пен салыстырғанда жылулық сәулелері жақсы шашырататынын және жұтатынын тәжірибеде қалай көрсетуге болады?

  11. Бұл тақырып бойынша демонстрацияларды орындауда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет?

  12. Әдістемелік әдебиеттерде адиабаталық процесс кезіндегі температураны өзгертудің қандай тәсілдері ұсынылған?

  13. Тығынның ыршып шығу тәжірибесінде тұман жақсырақ көріну үшін алдын ала қандай шара жасалуы керек?

  14. Жылулық машиналардың жұмыс істеу принципін мазмұндағанда «Физика 10» 1. Сұйықтағы қысымның тереңдікке байланысты өзгертуін манометрсіз қалай көрсетуге болады? Капсюльсіз?

  15. Газдар үшін Архимед заңын қалай көрсетуге болады?

  16. Гидропарадокс мәні неде?

  17. Бұл жұмыста қолданылатын манометрлердің жұмыс істеу принципін түсіндірініз.

  18. Барометр-анероид ішінен неліктен ауа сорылған?

  19. «Картезиандық сүнгуші» көмегімен денелердің жүзу шартын қалай көрсетуге болады?

  20. Мектепте сынап қолдануға болама?

  21. Осы тапсырманың екінші тәжірибесін демонстрациялаған кезде түбі доңғалақша болып келген колба шыны қолдану керек, неге?

  22. Психрометр жабдықтың қандай түріне жатады?

  23. Авенариус құралының көмегімен эфирдің сындық күйін қалай көрсетуге болады?

  24. Бұл құбылыстар қай сыныпта оқытылады?

Негізгі жабдықтар тізімі:

  1. Қатынас ыдыстар

  2. Паскаль шары

  3. Сұйықтық ашық манометр

  4. Архимед шнлегі

  5. Ареометр

  6. Магдебург табақшалары

  7. Вакуумдық табақша

  8. Шинца насосы

  9. Жылуқабылдағыш

  10. Крукс радиометрі

  11. Сақиналы шар

  12. Броундық қозғалыстың моделі

  13. Су турбинасының моделі

  14. Целиндр

  15. Қорғасын цилиндрлер

  16. Калориметр

  17. Термометр

  18. Газ заңдарын оқып-үйренуге арналған аспап

  19. Шштен жану двигателінің моделі

  20. Барометр-анероид

  21. Капиллярлар жиынтығы

  22. Металдардың жылусыйымдылығын көрсетуге арналған аспап

  23. Микроманометр

  24. Кристалдық торлардың моделі

  25. Ауа шақпағы

ТАПСЫРМАЛАР:

Жаттығу 1. Молекула- кинетикалық ілімнің негізгі жағдайлары.

Молекула-кинетикалық ілімнің негізгі жағдайларын демонстрациялау үшін келесі тапсырмаларды орындаңыз:

1. Қыздыру кезіндегі газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің ұлғаюы (4) 44, 47 бет; (7) 26 бет.

2. Газдар мен сұйықтардғы диффузия (2) 143 бет; (8) 103 бет; (5) 184 бет; (6) 249 бет; (7) 27 бет.

3. Қорғасын цилиндрлердің жабысуы (4) 52 бет; (3) 106 бет; (6) 243 бет; (7 101 бет.

4. Сұйықтағы броундық қозғалысты бақылау.

Жаттығу 2 .Жылудың берілу тәсілдері

Келесі құбылыстарды түсіндіретін тәжірибелерді демонстрациялаңыз:

1. Жылу өткізгіштік (4) 162 бет; (5) 286 бет; (7) 68 бет.

2. Газдардағы және сұйықтардағы конвекция (4) 164 бет; (5) 287 бет; (7) 69 бет.

3. Сәулелену (4) 168 бет; (5) 288 бет; (7) 70 бет.

Жаттығу 3. Механикалық жұмыс жасалған кездегі дененің ішкі энергиясының өзгеруі

Ішкі энергияның өзгеруін демонстрациялаңыз:

1. Ауалық шақпақтың көмегімен (3) 123 бет.

2. Ауаның адиабаталық ұлғаюы кезіндегі (2) 149 бет; (4) 159 бет.

3. Тығынның қайнап жатқан суы бар ыдыстан ыршып шығу арқылы.

4. Қайнап жатқан эфирі бар пробиркадағы айналуы.

5. Төрт тактілі двигательдің жұмысын оның моделінде демонстрациялаңыз.

Жаттығу 4. Газдар мен сұйықтардың қысымы

Атмосфералық қысымның және сұйық ішіндегі қысымның бар екендігін тұжырымдайтын келесі тәжірибелерді көрсетіңіз:

1. Вакуумдық табақшаның астында резеңке шардың үрленуі (4) 94 бет; (6) 233 бет.

2. Магдебург табақшасының көмегімен (4) 110 бет.

3. Капсуль және манометрдің көмегімен Сұйық қысымын (4) 59 бет.

4. Архимед және Паскаль заңдарын демонстрациялаңыз (4) 127, 131, 136; (5) 232 бет

5. Ареометрдің жұмыс істеу принципін демонстрациялаңыз (4) 133 бет.

Жаттығу 5. Газ заңдары. Нақты газдар. Сұйықтар.

1. Сильфонның (ирек ыдыстың) және манометрдің (немесе мановакууметр) көмегімен изотермиялық , изобаралық және изохоралық процестегі P, V, T тәуелділік грфиктерін құрастырыныздар (3) 108- 115 бет.

2. Психрометрдің көмегімен зертханадағы ылғалдылықты анықтаңыз. (3) 141 бет.

3. Сұйықтың төменгі қысымда қайнауын демонстрацияланыз (4) 186 бет; (3)137 бет.

4. Капиллярлық құбылысты демонстрациялаңыз (3) 163, 156 бет.

Әдебиеттер: негізгі [2,3,4-15] және қосымша [2-13]

Тақырып 3. Орта мектептің «Электростатика» курсының демонстрациялық эксперименттері

ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ – орта мектепте молекулалық физика бөлімін оқыту барысындағы демонстрациялық тәжірибелердің өткізілу әдістері, қойылу техникасы бойынша білім, шеберлік және дағды алу.

Бұл бөлімде 8 сыныптың «Электр құбылыстары», 10 сыныптың - «Электр өрісі» тақырыптары еңгізілген.

Жұмысты орындау үшін орта мектепке арналған физика бағдарламасының сәйкесті бөлімдерімен және берілген тақырыптар бойынша қойылатын демонстрациялардың тізімімен танысу қажет.Сонымен қатар орта мектеп оқулықтары бойынша материалдың мазмұндау ретін оқып үйрену керек.

Сұрақнама:

  1. Электростатика бойынша тәжірибе жасаудағы негізгі ережелерді атаңыз?

  2. Электрофор машинасы дұрыс жұмыс істеу үшін қандай шарттарды орындау қажет?

  3. Электрофор машинасының орнына қандай құралды пайдалануға болады?

  4. Электроскоп қалай құрылған?

  5. Электростатикалық өріс сызықтарының проекциясын қалай көрсетуге болады?

  6. Түрлендіргіштің жұмыс жасауына қандай кернеу қажет?

  7. Электрометрдің қызметі.

  8. Электрометрді қалай және не үшін жерлестіреді?

  9. Электрометр қай таңбалы зарядпен зарядталғандығын қалай білуге болады?

  10. «Франклин доңғалағы» деген не? Не үшін қызмет етеді?

  11. Электрометрдің электроскоптан айырмашылығы?

  12. Диэлектрик дегеніміз не? Олардың қандай түрлерін білесіздер?

  13. Электрметр шкалаларының көрінуін қалай арттыруға болады?

  14. Осы жаттығудың 2-ші тапсырмасы қандай формуланы негіздейді? Орта мектептің қай сыныбында бұл материал өткізіледі?

  15. Осы тақырып бойынша құралдардың сақталу ережелері қандай?

Негізгі жабдықтар тізімі:

  1. Электрофор машинасы

  2. Электроскоп

  3. Электростатикалық өрісті демонстрациялауға арналған жинтық

  4. Жоғарғы вольтты түрлендіргіш «Разряд-1»

  5. Жабдықталған электрометр

  6. Электрллік султандар

  7. Электростатикалық гильзалар

  8. Шыны таяқша

  9. Эбонит таяқша

  10. Изоляциялық тұтқаға орнатылған жез түтікше

  11. Изоляциялық тұтқаға орнатылған сынақ шарик

  12. Изоляциялық тұтқаға орнатылған өткізгіш

  13. Кольбе торы

  14. Изоляциялық тұтқаға орнатылған штативтер

  15. Сезгіш таразы

  16. Жиналмалы конденсатор

  17. Сыймдылығы айнымалы демонстрациялық конденсатор

  18. Конденсаторлар батареясы

  19. Конус тәрізді кондуктор

ТАПСЫРМАЛАР:

Жаттығу 1.

1. Бірмезгілде жанасқан денелердің электрленуін көрсетіңіз. Ол екеуі де міндетті түрде диэлектрик болуы қажет пе?

2. Электростатикалық гильзаның, қағаздың көмегімен немесе қандай да басқа тәсілмен электрленген дененің жеңіл денелерді тартуын көрсетіп түсіндіріңіз.

3. Электростатикалық гильзаның көмегімен екі түрлі зарядтардың өзара әсерін көрсетініз.

4. Электрофор машинасының жұмыс істеу принципін түсіндірініз. Оның кондукторларының

арасынан ұшқынның өтуін көрсетініз.

5. Неонды шамның көмегімен электрофор машинасын зарядсыздандыру кезінде электр тогының бар болатындығын көрсетініз.

6. Жоғарғы вольтты түрлендіргіштің жұмысын демонстрациялаңыз.

Жаттығу 2.

1. Электрометрдің жұмысын демонстрациялаңыз және оның әрекетінің принципін түсіндірініз.

2. Жазықтық бетінің қисықтығына байланысты өткізгіштің сыртқы бетінде зарядтардың таралуын көрсетініз. (Кольбе торы, конус тәрізді кондуктор, «Франклин доңғалағының» көмегімен)

3. Әр аттас зарядпен екі электрометрді, таяқшаныің бірін қолданып, немесе басқа тәсілмен электростатикалық индукция құбылысын демонстрациялаңыз.

4. Кулон заңын тұжырымдап демонстрациялаңыз.

5. Конус тәрізді кондуктордың көмегімен «Потенциялдар айырымы» тақырыбына проблемалық демонстрация қойыныз.

Жаттығу 3.

1. «Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер» тақырыбына демонстрациялар көрсетініз:

- зарядтардың металдарда бөлінуі;

- парафин пластинасының бұрылуы;

2. Жазық конденсатордың электр сыйымдылығы тәуелділігін көрсетініз.

3. Айнымалы сыйымдылықты конденсатордың құрылысын түсіндірініз. Бұндай конденсаторлар қай жерде және не үшін қолданады?

Жаттығу 4.

Келесі эксперементалды есептерді шешініздер: № 707, 708, 709, 710, 711, 712, 713, 714, 715, 716 А.П. Рымкевич «Физика есептерінің жинағы» (жасыл)

Әдебиеттер: негізгі [2,3,4-15] және қосымша [2-13]