Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
++УМК Орта мектепте демонстрациялық экспериментті ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.96 Mб
Скачать

9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар

Пәнді зерделеу нәтижесінде студент білу керек: Студент пәнді оқып игеру үшін физиканы және математиканы мектептік деңгейде, жалпы физика, жоғары математика, педагогика және психология курстарын университеттік деңгейде білуге тиіс. Пәнді зерделеу нәтижесінде студент нақты физика есептерінің мазмұнын физиканың жалпы заңдарына қатысты дұрыс бере білуге, білімнің басқа салаларына тиімді қолдануға, жұмыс барысында оқу, анықтамалық әдебиеттерді, түрлі ақпарат көздерін қолдана білуге тиісті. Әртүрлі типті есептерді таңдау, оны шешудің алгоритмін өндеу, компьютерлік модельдеу әдістерін қамтитын қажетті математикалық аппаратты қолдануға дағдылануы қажет. Физика тарихы мәселелеріне, физика саласындағы және оны оқыту әдістемесіндегі жаңа жетістіктерді, физиканы оқытудың дидактикалық қағидаларына және оқытудың инновациялық тәсілдеріне қатысты мәселелерде біліктілігін танытуы керек.

10..Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар Пән бойынша курстық жұмыстар қарастырылмаған.

11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары

Тақырып 1. «Механикадағы салыстырмалық принципі»

Тапсырмалар:

1. Берілген тақырып бойынша реферат дайындау.

2. Тақырып бойынша баяндама жасау (5-10 минут)

СОӨЖ өткізу түрі: жеке аналитикалық іс-әрекет

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар

1. Тақырып бойынша әдебиеттерге шолу жасау.

2. Жоспар құрастыру.

3. Жоспардың барлық бөлімдерінің мазмұнын ашу.

4. Рефератты талапқа сәйкес рәсімдеу.

5. Баяндама дайындау.

Негі:згі әдебиет [1-6]

Қосымша әдебиет: [1-9]

Тақырып 2 «Механика» курсы бойынша демонстрациялық эксперименттер.

Тапсырма

1. Берілген жұмыстың әдістемелік нұсқауымен танысу.

2. Аспаптардың куәлігімен танысу.

3. Зертханалық жұмыс дәптеріне қарастырылатын аспаптардың принципиалды сұлбасы, техникалық параметрлерінен құралатын қысқаша конспект дайындау.

4. Демонстрациялық көрсетілімді жүргізу.

5. Көрсетіліп жатқан физикалық құбылысты түсіндіру.

6. Осы тәжірибені басқада тәсілмен көрсету мүмкіндіктерін қарастыру.

СОӨЖ өткізу түрі: қарастырылып отырған тақырып бойынша физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды көрсетуге дайындау.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар:

1. Тақырып бойынша мектеп оқулықтарындағы теориялық материалмен танысу.

2. Жұмыста қолданылатын барлық аспаптардың құрылысын, жұмыс істеу принципін және іске қосу ережелерін оқып-үйрену.

3. Зертханалық жұмыста берілген демонстрациялық тәжірибелердің сипаттамаларына сүйене отырып, экспериментті орындау схемасын дайында.

4. Аспаптардың сыртқы түрін және құрылысын оқып-үйрен. Өлшеуіш аспаптардың дәлдік класына назар аудар.

5. Ұсынылыған жабдықтардың жұмыс істеу принципімен танысып, берілген демонстрацияда оны қолдану мүмкіндіктерін қарастыр.

6. Демонстрациялау барысында көрсетіліп жатқан физикалық құбылыс және заңдылыққа түсініктеме беру өажет. Тәжірибелер топ алдында көрсетіледі.

Негізгі әдебиет: [2,3,4-15], Қосымша әдебиет: [2-13]