- •Лекция 1 «Сөйлеу тілінің жалпы дамымауын жою» курсының мақсаты, міндеттері, объектісі.
- •Лекция 2 Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының деңгейінің сипаттамасы
- •Лекция 3
- •Лекция 4 Тақырып: «Вербалды қарым-қатынасқа түсетін балалардың сөйлеу тілін бақылау мен бағалау (стжд 2,3 деңгей)»
- •Лекция 5 Тақырып: «стжд бар балаларға арнайы балабақша жағдайында жүргізілетін коррекциондық жұмсытың ұйымдастырылуы »
- •Лекция 6
- •Лекция 7 Тақырып: «Мектеп жасындағы сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалармен коррекционды жұмыстың мазмұны»
Лекция 7 Тақырып: «Мектеп жасындағы сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалармен коррекционды жұмыстың мазмұны»
Жоспар:
Мектеп жасындағы сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалармен жүргізілетін коррекционды жұмыстың мазмұны мен ұйымдастырылуы.
Балаларда айқын бейнеленбеген сөйлеу тіл кемістігіне арналған коррекционды жұмыстың мазмұны мен ұйымдастырылуы.
Мектеп жасындағы сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалармен жүргізілетін коррекционды жұмыстың мазмұны мен ұйымдастырылуы
Сөйлеу тіліндегі кемістігі бар балаларды оқытатын мекеменің ортаңғы және кішкі сыныптарында оқитын оқушылардың жазбаша және ауызша сөйлеу тіліндегі ерекшеліктер олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасына байланысты. СТЖД бар балалармен жүргізілген практикалық жұмыстар көрсеткендей, сөйлеу тілі мен коммуникативті мәдениетіндегі ауытқулар тек кіші сыныптарда емес, сонымен қатар білім алудың екінші деңгейіндегі балаларда айқын көрінеді (5-10 сыныптар). Сөйлеу тілінде кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектептегі дифференциалды логопедиялық жұмыс жүйесі жоғарғы сынып оқушыларына сөйлеу және суреттеу тілінде өзгерістерге, қарым-қатынас жасаудағы қиыншылықтарды жеңуге, дыбыс айту кемшіліктерін жоюға, сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық жағын дамытуға, оқу мен жазу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Көптеген осындай оқушыларда сөйлеу тіл формасының есте сақтауы мен елестетуі және т.б. ерекшеліктері байқалады.
СТЖД бар балалар үшін үлкендермен қарым-қатынасқа түсу өте қиын: олармен ешкім қарым-қатынасқа түскісі келмейді, оларға күледі, мазақ қылады және т.б.
Сөйлеу тілі патологиясы бар балалар жалпы білім беретін мекемелердегі оқулықтарды талдағанда қиындықтарға кездеседі.
5 түрдегі сөйлеу тілі патологиясы бар балаларға арналған жазбаша және ауызша сөйлеу тілінің қалыптастыру бойынша коррекционды-дамытушылық жұмыс білім алушылардың жалпы дамуымен тығыз байланысты, қоршаған ортамен танысуға, сауаттылыққа үйренумен, сонымен қатар орыс тілі мен сөйлеу тілін дамытуға арналған сабақтарға сүйенелі
Жалпы білім беретін мектептегі орыс тіл бағдарламасына сүйене отырып, 5 түрдегі арнайы білім беретін мекемеде оқитындардың сөйлеу тілі ерекшеліктерінің дамуына сүйене отырып, коррекционды-педагогикалықәсер етудің міндеттерін құрастыруға болады.
*дыбыс айтудың коррекциясы, анықталуы және құрылуы
*фонематикалық қабылдаудың коррекциясы мен анықталуы
*дыбыстық әріптік анализдеу мен синтездеудің дағдыларын анықтау мен коррекциялау
*сөздік қорды анықтау, жалпылау, коррекциялау
*грамматикалық категорияларды анықтау мен коррекциялау
*жазбаша сөйлеу тіліндегі спецификалық қателерді коррекциялау
*коммуникативті дағдыларды құру мен дамыту
СТЖД бар 5 түрдегі мектептің негізгі контингенті
СТЖД бар балаларды оқыту 10 жылға негізделген. 1-10 класс оқушылары аптасына 2 рет логопедиялық сабаққа қатысу міндетті.
Есту қабілеті қалыпты және сақталған интелектісі бар балаларда СТЖД сөлеу тіліндегі кемістіктің спецификалық көрінісін айқындайды. Қазіргі таңда ПДТ, жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларда сөйлеу тілінің ауыр кемістіктері бар балалар саны көбейді.
Сөйлеу тілі дамымаған балаларда соматикалық әлсіздікпен қатар қозғалу сферасының дамуында дамымаушылық байқалады.
Маңызды және әлі күнге дейін шешілмеген мәселелердің бірі ЖТК бар интелектісі сақталған балалар мен біріншілік интелектуалдық жетіспеушілігі бар балаларды ажырату болып табылады. Бұл ақыл-ойы кем балаларда көбіне сөйлеу тіл ауытқушылықтары байқалуымен сипатталады. Сөйлеу тілінің біріншілік кемістігі ақыл-ойының сақталған функцияларының дамуын тежейді.
5 түрдегі мектепте коррекционды жұмыс көбіне топтарда жүзеге асады, логопед әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру керек.
Балалардың коррекционды дамуына жалпы ықпал жаса үшін логопед мекеменің мұғалімдермен, ата-аналармен, мектеп психологымен, тәрбиешімен қарым-қатынасқа түсуі керек.
Логопедтің қызметтік міндеттері
Мұғалім-логопед оқушығы «зиян келтірме» принципі бойынша, яғни оқушының денсаулығына, намысына зиян келтірмейтінде логопедиялық мәселелерді шешуге көмек көрсету керек.
Мұғалім-логопед оқушы туралы қандай да бір мәліметті, логопедтік немесе басқа диагноздарын құпия сақтау керек.
Уақытылы диагностикалық тексеру жүргізу керек ( жылдың басында жәнне аяғында), логопедиялық документацияны толтырып, бекітілген форма бойынша тексеруге көрсету керек.
Логопед сөйлеу тіліндегі кемістікті жоюға арналған сабақтарды өтуі керек.
Оқу жылының алғышқы апталары (1-15 қыркүйек) 5 түрдегі мектеп оқушыларының жазбаша және ауызша сөйлеу тілін тексеруге, топтар мен топшшаларға бөлуге, жеке сабақтарды қажет ететін оқушыларды іріктеу, әр топқа арналған сабақ жоспарын құрастыруға арналған. Оқу жылының соңғы екі аптасы да оқушылардың жазбаша және ауызша сөлеу тілін тексеруге, динамиканы бақылауға, жыл бойына өтілген логопедиялық жұмыстың нәтижесін анықтауға арналған.
Документация және оны толтыру
СТЖД бар мектептегі мұғалім-логопед коррекционды процесті айқындау үшін келесідей документтер ұсынылады:
Білім алушыларға жүргізілген логоппедтік сабақтар тізімі мен қатысушылар саны
Әр білім алушының сөйлеу картасы
Мектеп директоры бекіткен логопедтің жұмыс уақыты
Мектеп директоры бекіткен оқушылар мен топтардың логопедиялық сабақ кестесі
Логопедиялық жұмыстың күнтізбелік жоспары
Жұмыс дәптерлері
Білім алушылардың психикалық сөйлеу тіліні дамуы туралы қорытынды
Білім алушылардың сөйлеу тілі дамуының динамикасы
Логопедиялық кабинеттің паспорты
Жұмыстың негізгі бағыттары
Дыбыс айту кемшіліктерін коррекциялау
Коррекционды-педагогикалық процесстің І деңгейінде дыбыстардың дифференциациясы мен автоматизациясы бойынша жұмыс жүргізу тиімді. Оқушылар дыбыстарды дұрыс айту дағдылары мен сөйлеу тілі бойынша жұмыс процесі кезінде үйренеді:
Дыбыстарды танып, шатастырмады
Өзінің айтуын естуге
Керекті артикуляциялық позицияны қабылдауды
Дыбысты сөйлеу тілінің әр түрінде қатесіз қолдануды.
Дыбыстаудың коррекциясы көру, есту және тактилді қабылдауға сүйене отырып іске асады. Деңгейлі қойылған дыбыс алдымен сөз, сөйлем, әңгімедегі орнын табу материалында нақтыланады. Дыбыстардың дифференциациясы дәл сол кезектілікте өтеді.
Фонематикалық қабылдаудың дамуы
СТЖД бар балаларға арналған мектептегі оқушыларда бұзылған дыбыстар саны көп болуы мүмкін (10-15 дыбыс). Бұндай кемшіліктер оларда фонематикалық есту қабілетінің қалыптаспауынан болады.
Сөлеу тілінің ауыр кемістігі бар оқушыларда фонетико-фонематикалық зақымданумен қатар, сөз ішіндегі дыбыстар санын анықтауда, сөздің буындық құрылымын анықтауда қиыншылықтар кездесуі мүмкін. Оқушылар өздеріне таныс емес, буындық құрылымы қиын, дауыссыз дыбыстар қатар келген сөздерді айтуға қиналады. Онда йсөздерді айту барысында оқушылар буындарды тастап кетеді немесе керісінше буындарды қосып алады. Арнайы коррекционды жұмыстың көмегінсіз оқушы дыбыстарды өз бетінше ести алмайды. ФФБ үшін коррекционды жұмыс мини-топта жүргізіледі (2-3 адам).
Арнайы мектеп жағдайында осы топтағы балаларды оқытуда келесі міндеттер орындалады:
Сақталған дыбыстарды анықтап бекіту, сонымен қатар, көру, есту, тактилді қабылдауға сүйене отырып қате айтылған дыбысты түзеу;
Аралас дыбыстарды айыра білуді арнайы тапсырмалармен үйрету;
Сөз ішінде дыбыстың орнын табу (сөз басында, ортасында, аяғында), басқа дыбыстар қатарында орын анықтау (нешінші дыбыс, қай дыбыстан кейін айтылады, қай дыбыстың алдында естіледі);
Сөзді буынға бөлуді үйрету.
Балаларда айқын бейнеленбеген сөйлеу тіл кемістігіне арналған коррекционды жұмыстың мазмұны мен ұйымдастырылуы.
Жалпы білім беретін мектептерде лексико-грамматикалық сөйлеу тілінде, фонетикалық сөйлеу тілінде ауытқушылықтары бар балалар кездеседі. Кемістіктер айқын көрінбесе де, олар мектеп бағдарламасын меңгеруге кері әсерін тигізуі мүмкін. Әңгіме сөйлеу тілінде айқын білінбейтін кемшіліктер бар балалар жайлы болып жатыр, және олар логопедиялық көмекке зәру. Бұндай балаларды ерте кезден анықтап, мектепке келген алғашқы күннен бастап білім беруін ұйымдастырудың маңызы зор (Грушевская М.С.).
Анық байқалмайтын сөйлеу тіл кемістігі бар балаларды қыс кезінде анықтаған дұрыс (дәл осы кезде бірінші классқа баратындардың тізімі жасалады). Көктемгі каникулдан алдын логопедтің қатысуымен ата-аналар жиналысы болады. Логопед жалпы білім беретін мектептердегі оқушыларда кездессетін кемістіктерді атап, олардың сабаққа үлгеріміне әсер етуін түсіндіріп кетеді.
Болашақ бірінші класста оқитын оқушылардфң ата-аналары балаларының сөйлеу тілінің диагностикасына қызығуы керек.
Сөйлеу тілін тексеруге жалпылама қабылданған әдістер қолданылады. Тексеруден кейін логопедиялық сабаққа қатысатын оқушылар топтарға бөлінеді
Арнайы білім берудің пропедевтикалық сипаттамасы білім алушылардың туған тілдерінде бағдарламаларды мпңгеруге арналған жағдай жасау қарастырылады. Пропедевтический характер специального обучения предусматривает создание условий, подготкоррекционды білім беру кезінде сөйлеу тілінің барлық формалары жүзеге асуы керек: суреттеу, әңгімелеу, сөйлеу.
Логопедиялық сабақтардың мазмұны 1 класстың программасына сай болуы керек.
Мектеп кезеңі 3 деңгейді қосады. 1 деңгей (1-2 тоқсан) – фонетико-фонематикалық дамымаушылықты коррекциялау. Бұл деңгейдің соңына таман оқушылар дыбысты дұрыс айту керек; сөздің дыбыстық талдауын өткізу; дыбыстардың кезектілігін анықтау керек.
Бірінші деңгейде оқушылар сөйлем құрауды және анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш сұрақтары арқылы сөйлемді анықтауды, заттар мен жануарлар туралы қысқа баяндама әңгіме құрай білу керек.
Барлық жұмыс ауызша түрде өтеді. Дәптерлерде балалар тек сөз, сөйлемдердің схемасын сызады.
2 деңгей (3 тоқсан) - лексико-грамматикалыө сөйлеу тілін дамыту. Барлық тапсырмалар лексико-грамматикалық дамымаушылыққа бағытталған. Сол уақытта сөйлеммен жұмыс істеу, сөзге дыбыстық талдау жсау жұмыстары жүргізіледі.
Оқушыларға келесі тапсырмалар ұсынылады: бүтін тақырыпты сөйлемдерге бөлу; сөйлемдерде тұрлаулы сөйлем мүшелерін табу және т.б. 3 тоқсанның аяғына таман оқушылар 3-4 сөзден тұратын сөйлемді еркін, оңай құрастыру керек.
2 деңгейде алдыңғы деңгей сияқты сөйлеу тілін жалпылама коррекциялауға ұшырайды.
3 деңгей (4 тоқсан) – байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Жұмыстың негізін байланыстыры сөйлеу дағдыларын дамыту кіреді. Оқушылар ауызша сөйлеу тілінде сөйлемді ажырата алады, өз бетінше сөйлем құрай алады. Осы деңгейде бір сарынды әңгімелеуден анық, ашып әңгімелеуге өту сипатталады.
Байланыстырып сөйлеу тілінде келесідей тапсырмалар қолданылады: оқығанды мазмұндау, өлеңдерді айтып беру, жұмбақтарды айту және шешу, ертегілерді айт, тақырып бойынша әңгімелер айту және т.б. Әңгімелеуге сүйеніш болып логопедтің сұрақтары жүреді. 3 деңгейдегі жұмыс кезінде 1-2 деңгейде жүргізілген жұмыстар да жүреді, бірақ синтаксистік деңгейде.
Анық байқалмайтын сөйлеу тілі кемістігін түзеуге арналған жұмыстар барлық оқыту кезеңдерінде сөйлеу тілі толығымен кіреді.
