- •Лекция 1 «Сөйлеу тілінің жалпы дамымауын жою» курсының мақсаты, міндеттері, объектісі.
- •Лекция 2 Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының деңгейінің сипаттамасы
- •Лекция 3
- •Лекция 4 Тақырып: «Вербалды қарым-қатынасқа түсетін балалардың сөйлеу тілін бақылау мен бағалау (стжд 2,3 деңгей)»
- •Лекция 5 Тақырып: «стжд бар балаларға арнайы балабақша жағдайында жүргізілетін коррекциондық жұмсытың ұйымдастырылуы »
- •Лекция 6
- •Лекция 7 Тақырып: «Мектеп жасындағы сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалармен коррекционды жұмыстың мазмұны»
Лекция 6
Тақырып: «Мектепке дейінгі балаларда СТЖД жеңу мақсатында логопедиялық жұмысты ұйымдастыру»
Жоспар:
Мектепке дейінгі мекемелерде СТЖД бар балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру.
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауын жеңу мақсатында коррекционды жұмысты ұйымдастырудың принциптері
Мектепке дейінгі сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмысты ұйымдастырудың фрагменттері.
Мектепке дейінгі мекемелерде СТЖД бар балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру.
Логопедиялық сабақтар коррекционды жұммыстың негізгі формасы болып табылады және сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің дамуына және мектепке дайындалуға бағытталған. Осы жұмыстардың негізгі міндеттері:
1. сөйлеу тілін түсінуінің дамуы, баланың нақты елестетуінің мүмкіндіктерін кеңейту үшін айналадағы заттар мен құбылыстарды бақылауға тәрбиелеу; жай сөйлемдерді пайдалануға үйрету.
2. дыбыстарды құрыс айтуға машықтандыру; фонематикалық есту мен қабылдауды дамыту; дыбыстық анализ бен синтездің элементарлы дағдыларды меңгертуге дайындау.
3. балаларға өз ойын айтуды үйрету. Әр түрлі типтегі сөйлемдерді меңгеру дағдысының арқасында балада көргендері туралы өз ойын, суреттегі бейнелерді айтып, мазмұндау дағдысы қалыптасады
Коррекционды білім берудің процессі анық коммуникативті бағытқа ие. Сөйлеу тіл элементтерінің бәрі қарым-қатынас жасауға түсу керек. Балаларды әр түрлі жағдайларда үйренген сөйлеу тілі дағдыларын қолдануға үйрету өте маңызды. Байланыстырып сөйлеу тілі мен лексико-грамматикалық сөйлеу тілін қалыптастырудағы логопед сабақтарының шарттары жалпы мектепке дейінгі мекемедегі сияқты арнайы педагогика саласында да бірдей болуы керек. Логопедке анық:
- сабақтың табырыбы мен мақсаты анықтау;
- балалар белсенді сөйлеу тілінде заттық, етістік, сын есім сөздіктерін анықтау;
- сабақтың тақырыбы мен мақсатына байланысты лексикалық және грамматикалық матеиалды анықтау, балалардың сөйлеу тілі мен психикалық ерекшелігіне сай жеке жұмыс жасау;
- сабақтардың негізгі кезеңдерін көрсету;
- сабаққа әр түрлі жарыс ойындарын қосу;
- программалық материал таңдаған кезде оқушылардың мүмкіншіліктерін ескеру;
-сабақ барысына өткен сабақты қайталау кезеңін қосу керек.
Фронталды логопедиялық сабақ тапсырмалар мен білім беру кезеңінің мазмұнына сүйеніп жасалады.
Балалар логопедтің айтқанын таңдап, берілген тапсырмаларды орындай бастаған кезде, 4-5 адамнан тұратын топ құрылады. Бұл балаларды қарым-қатынасқа түсіп, бірлесіп тапсырма орындауына мүмкіндік береді.
Коррекционды және жалпы дамытушылық тапсырмалар қарастырылады. Жетекші принцип болып әр оқушыға жеке қарау болып табылады.
Білімге деген белсенді зейін оқушылар ойын тапсырмасы кезінде басты рөлде болып, белсенді әрекет еткен жағдайда болады. Ойын балаларда білімділік қызығушылықты және сөйлеу тілінің дамуына әсер етеді.
Сонымен қатар, ойын тез шаршағыш соматикалық әлсіз балаларға көмектеседі. Сол себептен, сабақ ортасында бұлшықет шаршауын басатын динамикалық үзілістер жасалады. Саусақ гимнастикасы, минуттық дене шынықтыру және басқа да ритмикалық сөйлеу тілімен қатар жүретін ойындар ойнатылады.
Әр сабақта берілген дыбысты дұрыс бекітуге арналған (буын, сөз, сөйлем, әңгіме материалдарында), фонематикалық есту қабілетіне, қабылдауына арналған жаттығулар қарастырылған.
Фонетикалық фронталды сабақ бірнеше кезеңнен тұрады, логопед әр кезеңге қысқа нұсқаулықтар береді. Дыбыстарды ажырату үшін әр деңгейде қиынырақ тапсырмалар беріледі. Бұл сабақтардың ерекшелігі бұрын өткен грамматикалық категорияларды қайталау мен бекіту болып табылады.
Сабақтың ұйысдастырылуына көп көңіл бөлу керек. Оқу жылының басынан бастап балалардың ұйымдастыру дағдысын тәрбиелеу керек.
Сабақ барысында қарым-қатынас мотивациясын сақтау маңызды.
Бұған ықпал ететін әр оқушыға немесе ортақ топқа қойылатын сұрақтарды іріктеп алу, сбақ тақырыбын таңдай білу, балаларды қызықтыра алатын әдістемелердің түрлерін таңдауғ ата-ана көмегімен сабаққа қажетті материалды таңдау әсер етеді. Логопед балалардың ортақ қызығушылығын ескереу керек.
Сабақ барысын анықтау кезінде жұмыстың ең қызық сәттерн балалардың шаршау уақытына сәйкестендіру керек.
Дәл осындай кездерде сөйлеу тіліне арналған ойындар қолданған әсерлі.
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, лгопед сабақтарда зейін мен есте сақтаудың дамуына әсер ететін әр түрлі тапсырмалар, ойын түрлерін жиі қолдану керек.
Жалпы тіл кемістігіне арналған коррекционды жұмысты ұйымдастыру принциптері баланың сөйлеу тілінің жағдайы мен олардың жекелей ерекшеліктеріне сүйенеді.
Перспективті ұйымдастыру негізінде келесі принтер бар:
Балалардың сөйлеу мүмкіндіктерімен коррекционды жұмысты байланыстыру;
Жасына сай ерекшеліктері;
Сөйлеу тілі компоненттеріне коррекционды әсер ету;
Материалдың қолжетімді болуы;
Ұсынылған тапсырмалар мен оқу материалының ақырындап қиындатылуы және т.б.
Жалпы тіл кемістігі бар арнайы балабақшаның жоғары тобына арналған логопедиялық сабақтарды ұйымдастырылу фрагменттері:
Қыркүйек
Лексикалық тақырып : «Күз»
Сөйлеу тілін дамыту арналған сабақтар тақырыбы:
«Алтын күз» суретін көріп, талқылау.
«Күз» әңгімесін мазмұндау.
Дыбысталу бойынша сабақ тақырыптары:
Сауттылыққа үйретуге дайындық; сөз,ттерминмен танысу және түсінікті практикалық меңгеру.
Дыбыстар: термин және түсінікпен танысу. «У» дыбысы.
«А» дыбысы
Лексикалық тақырып: «Жемістер»
Сөйлеу тілін дамытуға арналған сабақтар тақырыбы:
1. «Алма» (В.Сутеев) ертегісін мазмұндау
2. Жемістер жайлы суреттеме анықталамарды айту
Дыбысталу бойынша сабақ тақырыптары:
Сауаттылықты меңгеруге дайындау: «м», «мь» дыбыстарын екпінді айту
«у-а»дыбыстарының дифференциациясы
«м», «мь» дыбыстары
Қазан
Лексикалық тақырып: «Көкеністер» сөйлеу тілін дамытуға арналған сабақ тақырыптар:
Дидактикалық ойын «Бақшадағы көкеністерді жинайық»
Көкеністер туралы суреттеме әңгіме құрау
«Бақшадағы жұмыс» сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау
Дидактикалық ойын «Бау-бақша».
Дыбысталу бойынша сабақ тақырыптары:
Сауаттылыққа үйренуге дайындау: дауыссыз дыбыстарды екпінді айту
«и» дыбысы
«п», «пь» дыбыстары
«о» дыбысы
«ф», «фь» дыбыстары
Лексикалық тақырып: «Үй жануарлары»
Сөйлеу тілін дамытуға арналған сабақтар тақырыптары:
«Ауыл» суретін талқылау
Дидактикалық ойын « Кім өзінің мысығы жайында жақсы әңгімелеп береді?»
Дидактикалық ойын «Кішікентайларға өз аналарын табуға көмектес»
«Жануарлар бәсекелесі» әңгімесін мазмұндау
Дыбысталу бойынша сабақ тақырыптары:
Сауаттылыққа үйренуге дайындау: дауыссыз дыбыстарды екпінді айту
«о-у» дыбыстарының дифференциациясы
«т», «ть» дыбыстары
«а, о, и» дыбыстары
«н, нь» дыбыстары
Жалпы тіл кемістігі бар арнайы балабақшаның мектепке дайындық тобына арналған логопедиялық сабақтарды ұйымдастырылу фрагменттері:
Қыркүйек
Лексикалық тақырыбы: «Күз»
Сөйлеу тілі дамуы бойынша сабақ тақырыптары:
Күз жайында суреттема әңгіме құрастыру
Дыбысталу бойынша сабақ тақырыптары:
«а, у, и» дыбыстары
«э» дыбысы. Марапат:
Бірнеше дыбыстарды екпінді айту
Мак-маки сөздеріне дыбыстық анализ жасау
Лексикалық тақырып: «Жемістер»
Сөйлеу тілін дамыту бойынша сабақ тақырыптары:
«Коля мен Толя атасына бақта қалай көмектесті» әңгімесіне заттық-графикалық схема құрау
Схема бойынша әңгіме құрау
Дыбысталу бойынша сабақ тақырыптары:
«к-кь» дыбыстарының дифференциациясы
«т-ть» дыбыстарының дифференциациясы
«л» дыбысы
«ль» дыбысы. Марапат:
Үйрек, бинт, лимон, туфли сөздеріне дыбыстық талдау
Қазан
Лексикалық тақырып: «Көкеністер»
Сөйлеу тілін дамыту бойынша сабақтар тақырыбы:
Көкеністер туралы суреттеме әңгіме құрау
Ертегіні мазмұндау
Дыбысталу бойынша сабақтар тақырыбы:
«д», «дь» дыбыстарының дифференциациясы
«й» дыбысы
«л» - «й» дыбыстарының дифференциациясы
Марапат:
«Бидон» сөзін дыбыстық талдау; «А» әрпі, «Анна», «бак» сөздеріндегі «а» және т.б.
Лексикалық тақырып: «Үй жануарлары»
Сөйлеу тілі дамыту бойынша сабақ тақырыптары:
Мысық туралы суреттеме әңгіме құрау.
Дыбысталу бойынша сабақ тақырыптары:
«ы» дыбысы
«ы», «и» дыбыстарының дифференциациясы
Марапат:
«О» әрпі, «кофта» сөзіндегі «о»; «Е», «е» әріптері.
