- •Лекция 1 «Сөйлеу тілінің жалпы дамымауын жою» курсының мақсаты, міндеттері, объектісі.
- •Лекция 2 Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының деңгейінің сипаттамасы
- •Лекция 3
- •Лекция 4 Тақырып: «Вербалды қарым-қатынасқа түсетін балалардың сөйлеу тілін бақылау мен бағалау (стжд 2,3 деңгей)»
- •Лекция 5 Тақырып: «стжд бар балаларға арнайы балабақша жағдайында жүргізілетін коррекциондық жұмсытың ұйымдастырылуы »
- •Лекция 6
- •Лекция 7 Тақырып: «Мектеп жасындағы сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалармен коррекционды жұмыстың мазмұны»
Лекция 5 Тақырып: «стжд бар балаларға арнайы балабақша жағдайында жүргізілетін коррекциондық жұмсытың ұйымдастырылуы »
Жоспар:
Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалармен коррекционды жұмыстың ұйымдастырылуы.
Білім берудің бірінші жылында коррекциялық білім берудің мақсаты, міндеті мен мазмұны.
Білім берудің екінші жылында коррекциялық білім берудің мақсаты, міндеті мен мазмұны.
Білім берудің үшінші жылында коррекциялық білім берудің мақсаты, міндеті мен мазмұны.
Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалармен коррекционды жұмыстың ұйымдастырылуы
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін коррекционды-педагогикалық жұмыстың әсері балалардың балабақшада болған кездегі күн тәртібінің, логопед пен тәрбиеші жұмысының, ата-анасының коррекционды жұмысқа араласуының сауатты және нақты ұйымдастырылуына байланысты.
Логопедтің және тәрбиешінің күн тәртібі мен сабақ жоспары баланың жас ерекшелік, сөйлеу тілі, жеке ерекшеліктеріне байланысты жоспарланады.
Оқытудың бірінші жылында сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалар фронталды білім беру жағдайында оқу материалын меңгере алмайды, бұл тек сөйлеу тілі кемістігіне ғана емес басқа да психикалық процестерге байланысты (зейін, есте сақтау және т.б.), одан басқа балаларда тез шаршағыштық, нерв жүйесінің әлсіздігі сипатталады.
СТЖД бар мектепке дейінгі балаларға арналған білім беру программасында келесідей сабақ түрлері қарастырылған: байланыстырып сөйлеу тілі бойынша және дыбыс айту бойынша.
Білім берудің бірінші жылы ауызша сөйлеу тілін түсінуге бағытталған коррекционды жұмысты қарастырады; заттардың аты, іс-әрекетін атауға, қаратпа сөздерге мән беруге бағытталған; сөздің жалпылама мағынасын түсінуге бағытталған. Балаларда диалогтық сөйлеу тілін меңгеруге дайындығы жүзеге асады, балалар сөзқұрауды меңгереді десе де болады. Логопедтік сабақтарда балалармен өзіндік есімдік пен зат есімнің жекеше және көпше түрін байланыстырып сөйлеуін өтеді. Балалар суреттер арқылы, сұрақтарға жауап беру арқылы жай сөйлемдерді құрауды үйрену керек.
Жеке сабақтарда дыбыстардың айтылуы анықталады; жоқ дыбыстарды қою мен бекіту жүзеге асады; есту арқылы дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дыбыстық үйлесімділікті анализдеу. Сөйлеу тіліні фонетикалық жағын құру кезінде фронталды сабақтың басында 2,3 периодта балалар қойылған дыбысты дұрыс артикуляциялауды білу керек.
Бірінші периодта сөйлеу тәсілдерінің дамуы жүреді, сол себепті сабақтың көп сағаты сөздік және грамматикалық жұмысқа бөлінеді (13-14 сабақ), 6-7 сабақ байланыстырып сөйлеу тілінің алғашқы дағдыларына жұмсалады.
Лексикалық материалды тадау барысында логопед тәрбиеші жұмысының тақырыбына қарайды («Балабақша іші», «Мамандықтар», «Киім», «Аяқ киім», «Ыдыс», «Ойыншықтар» және т.б.). Маңызды сәт болып оқу материалының этникалық бағыты болып табылады.
Білім берудің екінші кезеңінде лексико-грамматикалық сөйлеу құралдарын құру бойынша сабақтың мазмұны қарастырады: негізгі түстер жайлы түсініктерін анықтау; азық-түлік пен әртүрлі материалдарды анықтау. Балалар «қандай» «қалай» «қай» сұрақтарына заттың белгілері бойынша жауап беруді үйренеді. Жұрнақ пен жалғауларды айыра алады.
Сөйлеу тілінің диалогтық формасын меңгеруге бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Балалар суреттер бойынша қысқа әңгімелер құрастыруды, мазмұндауды үйренеді.
Сөйлеу тілінің дыбысталу жағын құру бойынша сабақтарда дыбыс айтудың қалыпты айтылуы бекітіледі, бірінші кезеңдегі сабақтарда түзетілген немесе анықталғандарды қайталау; сөздердің буындық құрылымын меңгеруге байланысты жұмыс жүргізіледі.
Жеке сабақтарда алдын қойылған дыбыстардың айтылуы анықталады. Дыбыстар арасында дыбысты табу жұмысы, сөздегі дыбыс санын анықтау, дауысты немесе дауыссыз дыбысты табу жұмыстары жүргізіледі.
Үшінші кезең сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық құралдарының құрылуы бойынша фронталды сабақтар, сөйлеу тілінің дыбыстық жағының құрылуы бойынша сабақтарды қосады.
Байланыстырып сөйлеу тілі келесі бағыттарда жүреді: суретке қарап және қиын элементтері ббар суреттер сериясына қарап әңгіме құрау.
Сөйлеу тілінің дыбыстық жағының құрылуы бойынша фронталды сабағының маөмұны: дауыс қосылу арқылы дыбыстардың дифференциациясы (с-з), жуан жіңішкелігі бойынша (л-ль), құрылу жері бойынша (с-ш).
Логопедтік сабақтарда балаларда сөйлеу тілінің жаңа дағдыларын меңгеруіне тіреудің маңызы зор.
