- •Лекция 1 «Сөйлеу тілінің жалпы дамымауын жою» курсының мақсаты, міндеттері, объектісі.
- •Лекция 2 Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының деңгейінің сипаттамасы
- •Лекция 3
- •Лекция 4 Тақырып: «Вербалды қарым-қатынасқа түсетін балалардың сөйлеу тілін бақылау мен бағалау (стжд 2,3 деңгей)»
- •Лекция 5 Тақырып: «стжд бар балаларға арнайы балабақша жағдайында жүргізілетін коррекциондық жұмсытың ұйымдастырылуы »
- •Лекция 6
- •Лекция 7 Тақырып: «Мектеп жасындағы сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалармен коррекционды жұмыстың мазмұны»
Лекция 4 Тақырып: «Вербалды қарым-қатынасқа түсетін балалардың сөйлеу тілін бақылау мен бағалау (стжд 2,3 деңгей)»
Жоспар:
СТЖД 2 деңгейдегі балаларды тексерудің ұйымдастырылуы мен мазмұны
СТЖД 3 деңгейдегі балаларды тексерудің ұйымдастырылуы мен мазмұны
СТЖД 2 деңгейдегі балаларды тексерудің ұйымдастырылуы мен мазмұны
Тексеруге жататын сөйлеу қызметінің негізгі түрлері: сөйлеу тілін түсіну, сөйлем көлемі мен оның грамматикалық безендірілуі, сөз ауыстырылудың мүмкіндігі, сөздердің буындық құрылымы, дыбыстау, артикуляциялық аппараттың жағдайы.
Баланың вербалды емес сөйлеу қызметі тексеріледі.
Тексеру материалы: жануарлар немесе адамдармен жасалынатын, заттық немесе затсыз іс-әрекет бейнеленген сюжетті суреттердің жинағы (мысалы, бала сүт ішіп отыр, алма жеп отыр, балық аулап отыр және т.б.).
Тексеріс барысында логопед баланың сөйлеу тілі дағдысының көлемін анықтап, оны жас нормативімен сәйкестендіреді, баланың психикалық дамуының деңгейін, дефект пен компесаторлық мүмкіндіктерінің қатынасын, сөйлеу тілі мен танымдық белсенділігін анықтайды.
Сөйлеу тілінің дыбысталу жағы мен сөздік қоры және грамматикалық қатары арасындағы қатынастың талдауы қажет. Тексеріс барысында баланың экспрессивті сөйлеу тілі мен импрессивті сөйлеу тілі дамуының қатынасы, сөйлеу тілі құралдарының даму деңгейі мен оларды құрдастары мен үлкендермен қарымқатынаста қолдануы анықталады.
Вербалды қарым-қатынас амалдары болған жағдайда баланың сөздік қоры, грамматикалық қатары, дыбыстауы, фонематикалық ойлауы, сөйлеу тілін түсінуі (сөз, сөйлем, байланыстырып сөйлеу деңгейінде) анықталады.
Баламен әңгімелесу кезінде логопед олмен қарым-қатынасқа түсу мен оны әңгімеге тартуды көздейді. Балаға оның ойын, қызығушылығын, қоршаған орта туралы түсінігін, уақыт пен кеңістікте бағдарын білу үшін сұрақтар қойылады. Сұрақтар бала өз ойын анық, ашып айта алатындай болуы керек. Дәл осы әңгіме баланың сөйлеу тілінің даму деңгейін, ары қарай сөйлеу тілінің әртүрлі жақтарын тексеру бағыты жайлы толық апқарат береді.
Сөйлеу тілі дамымауының 2 деңгейіндегі баланы тексеру барысында дыбысты айту кемшілігінің біразы байқалады (16,20). Дыбысталу бұзылысының сипаты мен дыбыс анализінің дағдыларын меңгеру деңгейін анықтау керек.
Деталді тексеруге сөйлеу тілінің лексикалық жағы жатады: бала қандай сөздікті қолданады, синоним, антоним, жалпылама сөздер, абстрактылы сөздер, нақты және т.б. сөздерді қаншалықты түсініп, қолданады. Қателер диагностикасы жүреді: дыбысталуы бойынша жақын сөздерді шатастыру (куст винограда - кисть винограда), мағынасы жағынан жақын сөздерді шатастыру (чашка - кружка), ситуациялық байланыс негізінде шатасу (цветы - клумба) және т.б.
Грамматикалық қатарды тексеру барысында бала сөйлемнің қандай конструкциясын қолданатыны анықталады. Ол үшін осы тәсілдер қатары қолданылады: сүйеніш сөздер, суреттер арқылы сөйлем құрау және т.б. Сөз өзгерту мен сөз құрау дағдылары тексеріледі. Сөз өзгерту мен сөз құрау кезінде кеткен қателерді лексико-грамматикалық жетіспеушілік ретінде қарастыру керек.
Сөйлеу тілін түсіну мен оның мағыналық қабылдауы анықталады (сөздік нұсқауларды түсіну, әңгімені түсіну және т.б.). Сөйлеу тілін түсінуді тексеру сөздік, сөйлем және тақырыптық деңгейде тексеріледі. Мысал ретінде кейбір тапсырмаларды көрсетейік: сурет бойынша заттардың атын атау; заттың бөліктерін атау, мағынасы жағынан жақын сөздерді атау (үйге ұшып келді...? үйір, табын, құстар тобы және т.б.); кіілтті карандашпен көрсет, карандашты кілтпен көрсет; сөйлемді түзеу (қозы қызға жем әкелді); сөйлемді аяқтау және т.б.
Арнайы таңдалған тапсырмаларды орындау импрессивті аграмматизмнің санын анықтай алады. Осындай тапсырмалар арасында: инструкция бойынша суретті жинау (девочка поймала рыбку; мальчик поймал рыбку және т.б.).
Әңгімені түсіну оның мазмұнын талқылау барысында анықталады. Сөйлеу тілі дамымаған балаларда сөйлеу тілін түсіну деңгейі белгіленеді
Нөлдік деңгей: есту қабілеті сақталған кезде де бала қоршаған ортадан келген сөйлеу тіллін қабылдамайды, кейде өз есіміне назар аударады, кейде талап ету, тыйым салу кеззіндегі интонацияға назар аударады.
Ситуативті деңгей: бала қоршаған ортадағы заттық әлеммен байланысты өтініштерге назар аударады, жақындарының аттарын біледі, өзінің ойыншықтарының атауларын біледі. Өзінде дене мүшелерін, ата-анасының, кукласының дене мүшелерін атай алады, бірақ сөздк өтініште өзінің ойыншықтарының, заттардың, тіпті өзіне таныс ойыншықтарды бейнеленуін айыра алмайды.
Номинативті деңгей: заттардың атауларында, әртүрлі картиналарда заттардың суреттелуінде баланың жақсы ориентациясы ерекшеленеді. Дегенмен, бала сюжетті суреттегі қимылдарды ажырата алмайды, септік сұрақтарын түсінбейді.
Предикативті деңгей: бала түрлі қимылдар атауын біледі, септік сұрақтарын түсінеді, сюжеттік суреттерге, қимыл объектілеріне қойылған сұрақтарды түсінеді. Жұрнақ мағыналарын түсінеді, сөздердің грамматикалық формаларын айыра алмайды.
Мүшеленген деңгей: балалар сөз бөліктеріне енгізілген (жұрнақ, жалғау) мағынаның өзгеруін айыра алады.
Берілген мәліметтердің сауатты анализі мен психоневрологтың қорытындысы логопедке сөйлеу тілінің бұзылуын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.
СТЖД 3 деңгейдегі балаларды тексерудің ұйымдастырылуы мен мазмұны
Тексеруге жататын сөйлеу қызметінің негізгі түрлері: балалардың сөз бөліктеріне енгізілген (жұрнақ, жалғау) мағынаның өзгеруін айыра алуы; қолданылатын сөйлемдердің көлемі мен типтері; сюжетті суреттер арқылы әңгіме құрастыру білу; оқылған әңгімені түсіну мен мазмұндап беру; сөзді өзгерті мен жұрнақтарды қолдану; сөзқұрау мен қарама-қарсы сөздерді табу; дыбыстық анализдің деңгейі; сөйлеу тілінің фонематикалық жағының жағдайы; артикуляциялық аппаратының жағдайы.
Тексеруге жататын сөйлеу қызметінің қосымша түрлері: сан мен мөлшер туралы елестеуі; заттар мен құбылыстарды жинақтау деңгейі; ситуацияны жалпылай түсіну қабілеті; сөйлеу тілінің фонетикалық жағының жағдайы; уақытта бағдарлануы.
Сөйлеу тілі дамуының 3 деңгейі фразалық сөйлеу тілін еркін меңгерумен сипатталғаннан кейін, тексеру міндеті тек сөйлеу тілі дамуындағы кемістікті анықтау ғана емес. Бала нені және қандай деңгейде меңгергені туралы ақпарат және дұрыс баға берілу керек.
Тексеру барысында сөздің дыбыстық-буындық құрылымын, байланыстырып сөйлеу тілі мен грамматикалық қатарының жағдайын анықтау керек.
Тексеру материалы заттар мен олардың әрекеттері бейнеленген суреттер болып табылады.
Морфологиялық формаларды тексеру үшін зат есімнің жекеше түрден көпше түрге ауыстыруын анықтайды.
Байланыстарып сөйлеу тілін анықтаған кезде баланың сюжеттік сурет жайлы әңгіме құрауы, суретті баяндап беруі, мазмұндап беру қабілеті анықталады.
Тексеру барысында жалпы тіл кемістігін 3 деңгейіндегі балаларға тән лексико-грамматикалық және сөйлеу тілінің фонетикалық жағының бұзылуы анықталуы тиіс.
Қозғалыс дағдыларын тексеру барысында кеңістік-уақыт параметрлері бойынша тапсырманы орындау нақтылығы, іс-әрекет кезектілігі, тапсырманы орындау барысында өзін-өзі ұстауы бағаланады.
Логопедиялық бақылаудың қорытындысы баланы жан-жақты тексеру нәтижелеріне сүйеніп жасалады.
Комплексті тексеру нәтижелері сөйлеу тіл қорытындысы ретінде жалпыланады, сөйлеу тілі қорытындысы сөйлеу тілінің деңгейін ашып, анық көрсетеді.
