Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция ОНР.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
212.99 Кб
Скачать

Лекция 3

Тақырып: «Балаларда вербалды қарым – қатынас сөлеу тілінің жоқтығын бақылау мен бағалау(1 деңгей)»

Жоспар:

1. СТЖД ерте диагностикасының мәселесі. Логопедиялық тексерудің принциптері.

2. Вербалды қарым-қатынас құралы жоқ кезінде балаларды тексеру.

СТЖД ерте диагностикасының мәселесі.

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалардың әр түрлі контингентін ескере отырып, СТЖД диагностикалау сұрағына ерекше көңіл бөлу керек. Қарастырылып отырған балалар категориясы сөйлеу тілінің уақытша тежелуімен, интелектуалды жетіспеушілігімен, есту қабілетінің зақымдалуымен және т.б. көптеген ұқсастықтары бар.

Дифференциалды диагностиканы жүргізген кезде СТЖД бар балаларда қалыпты уақытта сөйлеу тілінің түсінуі, заттық және ойын әрекетіне қызығушылық, қоршаған ортаға эмоционалды қарым-қатынасы қалыптасады,

СТЖД сөйлеу тілі дамуының кшеуілдеуінен айыру үшін, баланың анамнезі мен баланың сөйлеу тілінің бақылау картасына мұқият қарау керек. Көп жағдайда анамнезде моторлы функцияның, психикалық реакцияның сақталуына әсер етерін орталық нерв жүйесінің зақымданулары туралы мәлімет берілмейді. Тек туу кезіндегі жеңіл жарақаттар, ерте жастағы созылмалы соматикалық аурулар белгіленеді. Сөйлеу тілі ортасының жағымсыз әсері, қарым-қатынас аздығы, тәрбие берудегі кеткен қателіктер – осының бәрі сөйлеу тілі дамуын тежейтін әдеттегі факторлары. Бұндай жағдайларда сөйлеу тіл жетіспеушілігінің динамикасы белгіленеді.

Сөйлеу тілі дамуының тежелуі бар балаларда сөйлеуінде қателер кету сипаттамасы болады. Көпше түрдегі продуктивті және продуктивті емес формаларды араластыру кезінде қателер көп кездеседі. Кіші жастағы балаларда сөйлеу тілінің нормаларынан артта қалуы тән.

Жас ерекшелік нормасының ауытқуына қарамастан (әсіресе фонетика сферасында), балалардың сөйлеу тілі коммуникативті функцияны қамтамасыз етеді. Сөйлеу тіл дамуының кешеуілдеуі байқалған балаларда спонтанды сөйлеу тілі дамуына тенденциялар көрсетілген.

СТЖД интелектуалды қызметтің бұзылуынан дифференциялау керек. Интелектісі бұзылған балаларға қарағанда жалпы тіл кемістігі бар балалар тапсырма орындау барысында үлкеннің көмегіне жүгіне алады. Диагностикалық белгілердің біреуі болып сөйлеу тілі мен психикалық даму арасындағы диссоциация жүруі мүмкін. Бұл СТЖД бар балаларда психикалық дамуы сөйлеу тілінің дамуына қарағанда қалыпты жүреді деген сөз. Балаларды сөйлеу тілі жетіспеушілігіне көзқарасы ажыратады. Сөйлеу тілінің патологиясы потенциалды сақталған интелектуалды мүмкіндіктердің қалыптасуын тежейді. Бірақ, сөзлеудің және сөйлеу тіліндегі қиындықтарды өз бетінше жоюына қарай интелектуалды даму нормаға сай келеді.

СТЖД бар балалар дұрыс дигностика жүргізілмеген жағдайда есту қабілеті зақымдалған балалар есебінде жүруі мүмкін. Бұл жерде маңызды дигностикалық көрсеткіш ретінде қатты дыбыстарға мән бермеу жатады.

Ерте жастағы аутизмі бар балаларға қарағанда СТЖД бар балалар үлкендермен қарым-қатынасқа түседі.

Дұрыс әрі уақытылы диагностика бұзылысқа коррекционды әсер ету әдістерін таңдауға маңызды фактор болып табылады.

Балалардың жалпы тіл кемістігін тексеру жалпы принциптерге байланысты: комплексті тұрғы, тексеріске жан жақты тұрғы.

Комплексті тұрғының принципі мамандардың мәліметтерін талап етеді (психоневролог, оториноларинголог және т.б.). Жан-жақты тұрғы принципі логопедтің сөйлеу тілін жан-жақты тексеруін талап етеді (фонетика, лексика, грамматика), бұл жалпы тіл кемістігін басқа тіл кемістіктерінен айырмашылықтарын дифференциялауға көмектеседі.

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларды тексеруді үш кезеңге бөлсе болады.

Бірінші кезең – бағдарлаушы: логопед баланың даму картасын ата-анасының сөзінен, документтерді зерттеумен толтырады.

Анамнестикалық белгілерді құрастыру кезінде келесі мәліметтер анықталады: бала қай жүктіліктен; жүктілік кезі мен туу кезі қалай өтті; туылған сәттегі баланың салмағы мен бойы; ерте кездегі психомоторлы дамуының ерекшеліктері; мінез-құлқының ерекшеліктері және т.б.

Сөйлеу тілінің анамнезін анықтау барысында бала қай кезде гуілдеді, алғашқы сөзін қашан айтқанын, сөйлеу тілінің дамуы қалай өткенін, сөйлеу тілінің дамуы тоқтады ма, тоқтаса не себептен және т.б. білу керек. Келесі сұрақтарға жауап табу керек: сөйлеу тілінің бұзылуы қашан байқалды, баланың сөйлеу тіл ортасы қандай, логопедке барды ма, қанша уақыт және нәтиже барма.

Тексерудің екінші кезеңі. Логопед тіл жүйесінің компоненттерін тексереді және алынған мәліметтер негізінде сөйлеу тілінің қорытындысын жасайды.

Тексерудің үшінші кезеңі дефектіні анықтау мақсатында білім беру барысында балаға динамикалық бақылау ұйымдастыруды көздейді.

Тексеру барысында вербалды және вербалдыға дейінгі балалардың дамуын диагностикалық шкала бойынша баға беруді қолдану тиімді (Журба Л.Т., Мастюкова Е.М. Нарушение психомоторного развития детей первого года жизни.-М., 1981).

Вербалды қарым-қатынас түрін қолдана алмайтын балаларды тексеру

Артикуляциялыө аппаратының жағдайы, екі сөзді байланыстыру, белсенді сөздік қорын, тілдік еліктеу, сөйлеу тілін түсінуі тексеріледі.

Тексеруге жататын жұмыстын қосымша түрлері: баланың ойыншықтармен іс-әрекеті, заттарды түсі, көлемі, формасы бойынша ауызша сәйкестендіру.

Тексеру материалдары: ойыншықтар, заттар, әртүрлі көлемдегі фигуралар, түстер мен көлемдер, балаға таныс жануарлар мен ойыншықтар бейнеленген сюжеттік суреттер, үй жағдайындағы заттар.

Дефектінің тереңдігіне байланысты тексеру кезеңдері әртүрлі болады. Егер баланың ата-анасымен немесе жақын туысқанымен сауалнама жүргізу барысында баланың сөйлеу тілін қарым-қатынаста мүлдем қолданбайтыны анықталса, онда логопедтің міндеті баланы қарым-қатынас жасауға шақыру, яғни, эмоциялық кейіпті шақыратын жағдай туғызу болып табылады. Осы мақсатта дыбыс шығаратын, гуілдейтін ойыншықтар қолдану керек. Баламен бірге ойыншықты қарау, ойыншықпен жасалатын іс-әрекеттерді бірге істеуге болады. Осылай логопед баланы жағымды ой алмасуға немесе эмоциясын білдіруге шақырады. Егер бала кажетті белсенділікті көрсетсе анық бояулы суреттерді қолдануға болады.

Тексеру барысында бала затты қалай атайтынына көңіл бөлінеді (дыбыстармен, буындармен, дыбысқа еліктеумен), бұл атаулар қаншалықты берік және баланың сөйлеу тілінде қаншалықты жиі қолданылады. Заттың сыртқы келбетіне көңіл бөлуін тексеру үшін, бір затты бірнеше жағдайларда атау үшін көрсету керек. (заттың түсінің, үлкендігінің өзгеруі және т.б.).

Тексеру сөйлеу тілінде ортақ қолданыстағы сөз барма, оның буындық құрамы қандай, бала еліктеу арқылы буындарды, сөздерді атай алама жоқпа, осыны анықтауға мүмкіндік береді. Сөйлеу тілін түсіну деңгейі мен ерекшеліктері қарастырылады (өтінішке реакциясы, талап етуге реакциясы және т.б.).

Тексерс барысында қолданылатын дидактикалық материалдар балаларға түсінікті болуы керек, және олардың қызығушылығын тудыру керек. Ойыншықтарды таңдау барысында баланың жас ерекшелігіне және баланың нақты мүмкіншілігіне назар аудару керек.

Үлкен фактілі материал бала қызметінің арнайы және сауатты бақылауын ұйымдастырған кезде алынуы мүмкін. (жоспарлы сәттер, серуен, ойын, ата-анамен кездесу және т.б.).

Алынған мәліметтердің анализі СТЖД І деңгейіндегі балаларға коррекционды кешін ұйымдастыруды негізі болады.