Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция ОНР.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
212.99 Кб
Скачать

Лекция 2 Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының деңгейінің сипаттамасы

Жоспар:

  1. Сөйлеу тілі дамымауының 1 деңгейі, диагностикалық көрсеткіштер. Сөйлеу тілі компонеттерінің құрылымдық күйінің анализі.

  2. Сөйлеу тілі дамымауының 1 деңгейі, диагностикалық көрсеткіштер. Балада сөйлеу тілі мүмкіндіктерінің динамикасы.

  3. 3 деңгейдің сипаттамасы. Сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық, фонетико-фонематикалық жақтарының күйлері.

Сөйлеу тілінің І деңгейінің сипаттамасы

Сөйлеу тілі дамымауының бірінші деңгейі ортақ қолданыстағы сөйлеу тілінің жоқтығы ретінде сипаттталады.

     Сөйлеу тілі дамымауының бірінші деңгейі жалпы қолданып тілінің жоқтығы есебінде сипатталады. Дизонтогенездің анық ерекшелігі берік және ұзақ уақытылы сөйлеу тілінің жоқтығы, бала үшін жаңа сөздерді меңгерудегі инертілігінің жоқтығы болады. Бұндай балалар қарым-қатынаста фразалық сөйлеу тілін қолдана алмайды, байланыстыра сөйлей алмайды. Сол арада оларда қарым-қатынастың вербалды түрін мүлдем жоқ дегенге келтіруге болмайды. Бұл құралдар ретінде оларда жеке дыбыстар мен олардың тіркесі болады – дыбыс комплексі және дыбысқа еліктеу, сөздердің үзінділері («кóка» — петушок, «кóй» — открой, «дóба» — добрый, «дáда» — дай, «пи» — пить), тіл нормасына сәйкес келетін жеке сөздер. Дыбыс комплектері әдетте нақты заттар немесе іс-қимылды атағанда қолданады. Сөздерді айтқан кезде бала түбірін анық сақтайды да, жұрнақ-жалғаулығын шатастырып, ұмытады. Осы деңгейдегі балалардың сөйлеу тілінің ерекшелігі ана тілінің шектеулі вербалды құралдарын пайдалану болып табылады. Дыбысқа еліктеу және сөздер заттың атауын немесе олардың сипаты мен іс-қимылын, яғни олармен жасалатын іс-қимылды білдіруі мүмкін.       Мысалы, «кока» сөзі, әртүрлі интонация мен жесттерге байланысты «тауық», «кукареку деді» деген мағына береді, бұл баланың сөздік қорының аздығын көрсетеді. Сол себептен, балаға паралингвистикалық қатынас құралын пайдануға тура келеді: жесттер, мимика, интонаиця.

Қаратпа сөз кезінде бала өзіне жақсы таныс үлкендердің мимикасына, интонациясына жүгінеді. Бұл оларға сөйлеу тілінің импрессивті дамуының жетіспеушілігін компенсациялауға жақсы мүмкіндік береді. Өз бетінше сөйлеу тілінде дыбыс айтудың әркелкілігі, олардың диффузиясы көрінеді. Балалар көбіне бір-екі жеңіл сөздерді айта алады, ал қиын сөздер қысқартылуға кетеді («пáка ди» — собака сидит, «атó» — молоток, «тя макó» — чай с молоком). Жеке сөздермен қатар бала тілінде алғашқы сөз тіркестері де пайда болады. Бұл жерде сөздер әдеттегідей тек түбірімен айталады, себебі, балалар әлі де сөзді байланыстырып сөйлей алмайды. Осындай сөз тіркестері бір, екі немесе үш дұрыс айтылатын және онтогенез кезінде айтылған сөзден құралуы мүмкін («дять» — дать, взять; «ки́ка» — книга; «пáка» — палка); үш-төрт буынды «контурлы» сөздер («атóта» — морковка, «тяпáт» — кровать, «тя́ти» — мячик); зат есім және етістік сөздердің фрагменттері («ко» — корова, «Бéя» — Белоснежка, «пи» — пить, «па» — спать); сын есім мен басқа сөйлем мүшелерінің франменттері («босё» — большой, «пакá» — плохой); дыбысқа еліктеу мен дыбыс комплекстері («ко-ко», «бах», «му», «ав») және т.б.

Балалармен коррекционды-дамытушылық жұмысты ұйымдастыру (сөйлеу тілі дамуының І деңгейі)

Ерте кездегі (3 жастан бастап) систематикалық комплексті коррекционды көмек көрсету осы жас деңгейінде сөйлеу тілінің артта қалу мүмкіншілігімен анықталады.

 Осы деңгейдегі балалардың сөздік және сөздік емес дефектісін ескере отырып, балабақшадағы кішкентайлар тобының күн тәртібі мен сабақ жоспары бір жағынан коррекционды жұмысты іске асыру үшін, ал екінші жағынан – мектепке дейінгілердің денсаулығын сақтау мен дамытуға жағдай жасауға тиімді болуын ескеріп жасалады.

І деңгейдегі балаларда логопедиялық сабақтар жеке немесе аз ғана топшаларға жүргізіледі. Бұл олардың өздеріне айтылған сөздерді түсінбеуі, сонымен қатар психикалық қызметінің спецификалық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Сол себептен, бірінші сабақ сүйікті қуыршақтармен ойын түрінде өтеді.

Әр сабақтың мазмұны жұмыстың бірнеше бағытын қосады:

  • Сөйлеу тілін түсінуді дамыту

  • Сөйлеу тілінде еліктеу белсенділігін арттыру

  • Балалардың ойлау, есте сақтау, зейінін дамыту.

Сөйлеу тілі дамымауының ІІ деңгейімен балалардың сипаттамасы

Бұл деңгей ортақ қолданылатын сөйлеу тілінің бастауы ретінде сипатталады, ерекшелігі екі, үш, кейде тіпті төрт сөзді фразалар бар:   «Да пить мокó» — дай пить молоко; «бáска атáть ни́ка» — бабушка читает книжку; «дадáй гать» — давать играть; «во изи́ асáня мя́сик» — вот лежит большой мячик. Сөздерді сөз тіркесіне болмаса фразаға қоса отырып, сол бала келісу мен басқару тәсілдерін қолдану арқылы оларды шатастыруы мүмкін: «ти ёза» — три ежа, «мóга ку́каф» — много кукол, «си́ня кадасы́» — синие карандаши, «лёт бади́ка» — льет водичку, «тáсин петакóк» — красный петушок және т.б.

Балалардың дербес сөйлеуінде кейде жұрнақтар болмаса олардың қысқартылған варианттары кездеседі («тиди́т а ту́е» — сидит на стуле, «щи́т а тóй» — лежит на столе); қиын жұрнақтар айтылмайды.

Тілдің морфологиялық жүйесін меңгеруде практиканың жетіспеушілігі балалардың сөйлеу тілін барынша шектейді және етістіктер, атаулы сын есім, зат есімдерді қолданғанда жіне түсінгенде ауыр қателерге әкеледі («Валя папа» — Валин папа, «али́л» — налил, полил, вылил, «гибы́ суп» — грибной суп, «дáйка хвот» — заячий хвост и т. п.). Осы қателіктер қатарына антонимдер мен синонимдерді түсінуде қиындықтар байқалады. Алдыңғы деңгейдегідей көпмағыналы сөздерді қолдану сақталады. Сөздерді тар мәнде қолдану тән. Бала заттың сырт келбеті ұқсас, атқаратын қызметі бір заттарды тек бір сөзбен атауы мүмкін («муха» — муравей, жук, паук; «тю́фи» — туфли, тапочки, сапоги, кеды, кроссовки). Сөздік қорының аздығы көп сөздерді білмеуінде байқалады, мысалы, дене бөліктері, заттың бөлшектері, ыдыс аяқ аттары, көлік аттары, жануарлардың балаларының аттары және т.б. («юкá» — рука, локоть, плечо, пальцы, «сту́й» — стул, сиденье, спинка; «миска» — тарелка, блюдце, блюдо, ваза; «ли́ска» — лисенок, «мáнька вóйк» — волченок и т. д.). Заттардың сынын, санын, формасын, түсін, материалын білдеретін сөздерді түсініп қолданғанда да қиындықтар байқалады.

Байланыстырып сөйлеу тілі мағыналы қарым-қатынастың жетіспеушілігіне келіп, іс-қимылдың немесе заттың тек атауын атауға келуі мүмкін. ІІ деңгейдегі балаларға өз бетінше әңгіме құрауға, үлкеннің көмегінсіз аңгімені мазмұндап беру қиын. Тіпті арнаулы сұрақтар қойылса да, үлкендер жақтан көмек болған кездің өзінде балалар сюжеттік линияның мазмұнын айтып бере алмайды. Бұл көбіне нысанның атуы мен онымен жүргізілген іс-қимылды айтатын кезде байқалады.

 Балаларда сөйлеу тілінің дыбыстық жағы толықтай алғанда құрылмаған және жас ерекшелік нормасынан әлдеқайда артта қалады: 16-20 дыбыстарды айтқанда көптеген қателер байқалады. Мектепке дейінгілердің дыбыстық құрылымның бұзылуына байланысты сөйлеген сөздері түсініксіз болып келеді: «Дандáс» — карандаш, «аквáя» — аквариум, «виписéд» — велосипед, «мисанéй» — милиционер, «хади́ка» — холодильник.

Балалармен коррекционды-дамытушылық жұмысты ұйымдастыру (сөйлеу тілінің ІІ деңгейі)

Осы деңгейдегі 4 жасар балаға коррекционды-дамытушылық жұмыстың мазмұны мен мақсаты олардың логопедиялық тексеруден өткендегі қорытындысы мен балалардың психологиялық мүмкіндіктерін ескере отырып және балабақшаның жалпыбілімділік талаптарына сай орындалады.

Орташа топтағы балалар үшін логопедиялық сабақ жеке және топтық болып бөлінеді. Неврологиялық және сөйлеу тілі жағдайын есепке ала отырып, логопедиялық сабақтарды топпен өткізу тиімсіз, өйткені бұндай жағдайда оқу материалын меңгеру деңгейі төмен болады.

Осыған орай, жеке сабақтар тізгінді сипатқа ие, себебі, олардың негізгі мақсаты – балаларды топтық сабақтардағы белсенді сөйлеу тіліне дайындау.

Жеке сабақтарда жұмыс:

1)артикуляциялық аппараттың органдарының дифференциалды қимылдарды активтендіру мен өндіру:

2)артикуляциялық базаны жоқ дыбыстарды меңгеруге дайындау;

3)жоқ дыбыстарды қою, оларды дыбысталуда айыру және буындар, сөздер деңгейінде автоматизациялау.  

Сөйлеу тілі ауытқуының сипаты мен деңгейіне, балалардың психологиялық және мінездерінің ерекшеліктеріне байланысты топтағы балалар саны логопедпен қарастырылады (2-3 адамнан 5-6 тдейін). Оқу жылының аяғына қарағанда оқу жылының басында балалар саны аздау болуы мүмкін.

Логопедиялық сабақтың мазмұны балаларды коррекционды оқыту міндеттерімен белгіленеді:

  • Сөйлеу тілін түсінуді дамыту;

  • Сөйлеу қызметтерін активизациялау және тілдің лексико-грамматикалық құралдарын дамыту;

  • Сөйлеу тілінің дыбысталу жағын дамыту;

  • Дербес фразалық сөйлеу тілін дамыту.

Құрылу бойынша логопедиялық сабақтардың келесі түрлері белгіленеді:

1) сөздік қор;

2) грамматикалық дұрыс сөйлеу тілі;

3) байланыстыра сөйлеу;

4) дыбысталу, фонематикалық есту қабілетін және буындық құрылымын дамыту.

Логопедтің топтық сабақтары сабақ жоспарына сай өткізіледі, жеке сабақтар – мектепке дейінгі мекеменің белрілген топтың күн тәртібіне сай күнделікті өтіледі.

Сөйлеу тілі дамымауының ІІІ деңгейіндегі балаларға сипаттама

Бұл деңгейдегі балалардың сөйлеу тілінің дамуына фразалық сөйлеу тілінің лексика, грамматика, фонетика элементтерінің дамымауымен сипатталады. Жай және кейбір құрмалас сөйлемдерді қолдану жатады. Сөйлемнің құрамы тұрлаулы немесе тұрлаусыз мүшесінің тастап немесе орнын ауыстыру кезінде бұзылуы мүмкін, мысалы: «бéйка мóтлит и не узнáйа» — белка смотрит и не узнала (зайца); «из тубы́ дым тойбы́, потаму́та хóйдна» — из трубы дым валит столбом, потому что холодно. Балалардың әңгімелеуінде үш-бес буындардан тұратын сөздер пайда болады («аквáиюм» — аквариум, «таталли́ст» — тракторист, «вадапавóд» — водопровод, «задигáйка» — зажигалка).

Арнайы тапсырмалар кейбір жай және қиын жұрнақтарды айтқанда заттық қиындықтарды табуға, әсіресе зат есім мен сын есім және сан есім қатар келгенде кездесетін қиындықтарды табуға көмектеседі («взяла с я́сика» — взяла из ящика, «тли ведёлы» — три ведра, «коёбка лези́т под сту́ла» — коробка лежит под стулом, «нет коли́чная пáлка» — нет коричневой палки, «пи́сит ламáстел, кáсит лу́чком» — пишет фломастером, красит ручкой, «лóжит от тóя» — взяла со стола және т.б..). Осылай, осы деңгейдегі балаларда тілдің грамматикалық қатарының құрылуы келісу мен басқару сздерді қолданғанымен сипатталады.

Балада сөйлеу тілінің маңызды ерекшелігі сөзжассам қызметінің жеткіліксіз құрылуы болып табылады. Балалар дербес сөйлеу тілінде қарапайым кішірейтілген-ерекелетілген зат есім, қатысты сын есім, кейбір мамандықтардың атауы және т.б. формаларын қолданады. («хвост — хвостик, нос — носик, учит — учитель, играет в хоккей — хоккеист, суп из курицы — куриный и т. п.»). Сол уақытта олар сөздердің мағынасын адекватты түрде түсіндіруге арналған сөйлеу тілі және конгитивті мүмкіндіктерімен қолдана алмайды («выключатель» — «клю́чит свет», «виноградник» — «он сáдит», «печник» — «пéчка» және т.б.). Күнделікті қолданыста жүрмейтін сөздерді айтуға тырысқан кезде анық әрі ауыр қателіктер байқалады. Сонымен, балалар үнемі сөзқұрау кезінде басқа сөзді орнына қойып айтады ( «ручище» орнына — «руки», «воробьиха» орнына — «воробьи» және т.б.) немесе мүлдем сөзді түрлендіруден бас тартады да, оны ситуациялық әңгімелеумен алмастырады («велосипедист» орнына — «который едет велисипед», «мудрец» орнына  — «который умный, он все думает»). Балалар сөзқұрау операцияларына келген кезде, олардың айтылулары сөйлеу тілінің спецификалық қателіктері молайады, мысалы, дыбысталу түбірін таңдаған кезде («строит дома — дóмник», «палки для лыж — пáлные), сөзқұрам аффиксілерді тастап немесе ауыстырып алған кезде («трактори́л — тракторист, чи́тик — читатель, абрикóснын — абрикосовый» және т.б.), жаңа сөздің дыбыстық-буындық құрылымын бұрмалау («свинцовый — свитенóй, свицóй»), сөздің түбірі мен аффиксі негізінде механикалық қосуға талпыну («гороховый — горóхвый», «меховой — мéхный» және т. б.). Жалпы тіл кемістігінің осы деңгейіндегі құбылыс сөзқұрау дағдыларын жаңа сөйлеу материалына ауыстырудағы қиындық болып табылады.

Бұл балаларға жалпылама түсініктерді, сөздің абстрактылы және ауыспалы мағынасын анық түсінбеу мен қолдану тән («одежда» орнына — «пальты́», «кóфнички» — кофточки, «мебель» — «разные стóлы», «посуда» — «ми́ски»), күделікті қолданыстан тыс сөздердің атауын білмеу: адамның дене мүшесінің атаулары (білек, қас, құлақ т.б.), жануарлардың (тұяқ т.б.) мамандықтар атауы (машинист, балерина, плотник) және солармен байланысты іс-қимылдар (айдау, шабу, орындау т.б.). Сөйлеу тілі кемістігінің ІІІ деңгейіндегі балаларда лексикалық қателіктермен қатар байланыстырып сөйлеу тілінде де қателіктер байқалады. Оның толық емес құрылымы балалар диалогында және монологында да көрінеді. Бұны ашылып айтылған сөздер мен олардың тілдік безендірулеріндегі қиындықтар айқын көрсетеді. Байланыстырып сөйлеудің негізгі ерекшелігі байланыстың бұзылуы, әңгіменің кезектілігінің жоқтығы және сюжетті линияның негізгі элементтерін тастап кету, әңгімеде уақыттың және болған оқиғаның себебі айтылмайды. Көрсетілген спецификалық ерекшеліктер баланың дербес әңгіме айтуының ең төменгі дәрежесімен байланысты. Айтылғандармен қоса балада тілдік құралдардың кедейліг мен біркелкілігі белгілінеді. Сонымен, өздерінің ең сүйікті қуыршақтары туралы немесе өміріндегі ең қызықты сәттерді айту барысында бала тек қысқа фразаларды қолданады. Сөйлем құрау барысында балалар жеке жеке сөздерді айтуы мүмкін немесе күрделі жұрнақтарды жеңіл жұрнақтармен алмастырады. Әдетте сөз бен сөз арасындағы немесе сөйлем арасындағы байланысты дұрыс құрастырмайды. Дербес сөйлеу тілінде әдетте әртүрлі буындарды және дыбыстолтыруларда сөздерді айтуда қиындықтар туады: персеверация («неневи́к» — снеговик, «хихии́ст» — хоккеист), антиципация («астóбус» — автобус), артық дыбыстарды қосу («мендвéдъ» — медведь), буындарды қысқарту («мисанéл» — милиционер, «ваправóт» — водопровод), буындарды ауыстыру («вóкрик» — коврик, «восóлики» — волосики), буындарды қосу немесе буын құраушы дауыстыларды қосу («корáбыль» — корабль, «тыравá» — трава). Сөйлеу тілінің дыбысталуы кейбір дыбыстар артикляциясының анық еместігімен және оларды есту кезінде анық дифференциялауымен сипатталады. Фонематикалық қабылдаудың жетіспеушілігі балаларда бірінші және соғы дауыссыз дыбысты айыру, дауысты дыбысты ортасы мен аяғында айыру, берілген дыбыс бар суретті көрсетпейді, берілген дыбыстың сөздегі орнын дұрыс белгілей алмауымен сипатталады. Берілген дыбысқа өз бетінше сөз құрау тапсырмасын орындай алмайды.

Балалармен жүргізілетін коррекционды-дамытушылық жұмысты ұйымдастыру (сөйлеу тілінің ІІІ деңгейі)

Берілген деңгейдегі балаларға коррекциондыдамытушылық жұмыстың негізгі міндеттері дамыту бойынша жұмысты жалғастыру болып табылады:

1)тілдің лексико-грамматикалық құралын және сөйлеу тілін түсіну;

2)сөлеу тілінің дыбысталу жағы;

3) дербес фразалық сөйлеу тілі;

4) жазу мен оқудағы элементарлы дағдыларды меңгеруге дайындау.

Жалпы тіл кемістігі бар бес жасар бала алғашқы оқу жылында оқулықтағы материалды толық меңгере алмайды. Бұл жерде тек сөйлеу тілінің кемістігі ғана емес, сонымен қатар зейіннің тұрақсыздығы, есте сақтаудың бұзылуы, тез шаршағыштық та әсер етеді. Сол себепті фронталді сабақ өту барысында немесе тіпті тәрбие сағаттарында топты сөйлеу тілінің даму деңгейіне байланысты екі кішігірім топқа бөлу керек.

Сабақтың келесі түрлері қарастырылған:

• Дыбысталудың құрылуы

• Грамматикалық тізімнің, сөз байлықтың дамуы

• Байланыстыра сөйлеудің дамуы.

Коррекционды-дамытушылық мақсаты бар сабақтар саны білім беру кезеңіне қарай өзгереді.