- •Лекция 1 «Сөйлеу тілінің жалпы дамымауын жою» курсының мақсаты, міндеттері, объектісі.
- •Лекция 2 Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының деңгейінің сипаттамасы
- •Лекция 3
- •Лекция 4 Тақырып: «Вербалды қарым-қатынасқа түсетін балалардың сөйлеу тілін бақылау мен бағалау (стжд 2,3 деңгей)»
- •Лекция 5 Тақырып: «стжд бар балаларға арнайы балабақша жағдайында жүргізілетін коррекциондық жұмсытың ұйымдастырылуы »
- •Лекция 6
- •Лекция 7 Тақырып: «Мектеп жасындағы сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалармен коррекционды жұмыстың мазмұны»
Лекция 1 «Сөйлеу тілінің жалпы дамымауын жою» курсының мақсаты, міндеттері, объектісі.
Жоспар:
«Сөйлеу тілінің жалпы дамымауын жою» курсына кіріспе.
Жалпы тіл кемістігі туралы (СТЖД) туралы түсінік. Сөйлеу тілі кемістігінің психологиялық-педагогикалық классификациясындағы жалпы тіл кемістігінің орны.
СТЖД этиологиялық факторларының мінездемесі
СТЖД бар балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесі
СТЖД дифференциалды диагностиканың мәселелері
«Сөйлеу тілінің жалпы дамымауын жою» курсы логопедия мамандығы бойынша мұғалім-дефектологтарды дайындау жүйесінде алда келе жатқан курстың бірі болып табылады. Курс кәсіби мағыналы және практикалық бағытталған, ол болашақ мамандарға жалпы тіл кемістігі секілді сөйлеу тіліндегі кең таралған және күрделі кемістік кезінде көмек көрсету туралы білім жүйесін меңгеруге көмектеседі.
«Сөйлеу тілінің жалпы дамымауын жою» курсының мақсаты логопедия бойынша мамандырылған студент-дефектологтардың құрылуымен, СТЖД туралы жалпы көріністермен, сөйлеу тілі патологиясын талдаудың әдістері мен талдауларымен, коррекционды әсерлердің ұйымдастырушылық және мағыналық тұрғылармен байланысты.
Пәнді оқу барысында келесі дағдылар қалыптасады: Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаға педагогикалық бақылауды ұйымдастыру; оның жалпы және сөйлеу тілі дамуының динамикасын анықтау; СТЖД біліктілікті диагностикалау; логопедиялық тексеру мен коррекционды жұмыс үшін көрнекі-дидактикалық материалдарды құрастыру.
Пәнді зерттеу кәсіби дағдыларды алуға, қалыптастыруға бағытталған: СТЖД бар баланы тексеру және сөйлеу картасын сауатты толтыру; балалардың жас ерекшелігін және сөйлеу тілі дамуының деңгейін есепке ала отыра коррекционды жұмысты жоспарлау; коррекциялық процесте инновационды технологияларды қолдану.
Курсты меңгеру кезінде балаларда сөйлеу тілінің бұзылуларын түзету бойынша коррекционды жұмыстар ықылас объектісі болады, арнайы және мақсатты зерттеудің пәні мектепке дейінгі және мектеп кезіндегі балалардың сөйлеу тілінің жалпы дамымауын жеңу кезіндегі логопед іскерлігінің ұйымдастырылған және мәнді тұрғысы болады.
Студенттермен алынған білім, практикалық білімдер мен дағдылар жалпы тіл кемістігі бар балаларға заманауи талартарға сай коррекционды-педагогикалық және квалификациялы көмек көрсетуді ұйымдастыруға көмектеседі.
Алғаш рет жалпы тіл кемістігі туралы ғылыми-теориялық дәлелдеулер Р.Е.Левина және Дефектология ҒЗИ қызметкерлері Н.А.Никашина, Г.А.Каше, Л.Ф.Спирова, Г.И.Жаренкова және т.б. ХХғасырдың 50-60жж берілді. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі түрлі кемістіктерді комплексті тексерудің қорытындысы авторларға сөйлеу тілі бұзылысына жаңаша қарауға септігін тигізді. Сөйлеу тілі қалыптасуындағы ауытқулар дамудың кемістігі ретінде қарастырыла бастады. Сөйлеу тілі жүйесіндегі компонеттердің күйіне байланысты сөйлеу тілінің әр түрлі патологиясы жүйелі тұрғыдан талқылана бастады.
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы (СТЖД) туралы түсінік. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы (СТЖД) психологиялық-педагогикалық классификация құрамына кіреді және қарым-қатынас құралдарының бұзылуы тобында қарастырылады. Жалпы тіл кемістігі кезінде сөйлеу тілінің барлық құрылымдық компонеттерінің бұзылысы белгіленеді, анығырақ, дыбыс шығару жағы, сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық жағы. Бұзылыстың үстем болатын жағы лексико-грамматикалық сөйлеу тілінің дамымауы болып келеді. Сөйлеу тілін түсінуде қиындықтар байқалады.
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы өзімен сөйлеу тілі патологиясының ортақ белгілермен ортақтасқан түрлі клиникалық формаларын ұсынады. СТЖД сөйлеу тілінің ауыр патологиясы кезінде, мысалы, алалия, дизартрия, ринолалия, сөйлеу тілінде бір уақытта лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық дамуының жетіспеушілігі болған кезде байқалады.
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауыбалалық шақта жиі кездесетін сөйлеу тілі патологиясының бірі. Бұзылыс табандылығымен ерекшеленеді және мектепке дейінгі кездегідей мектеп кезінде де ерекше тұрғыны талап етеді.
Ауытқудың әр түрлі табиғатына қарамастан, СТЖД бар балаларда сөйлеу тілі бұзылысын күәландыратын әдеттегі құбылыстар көрінеді. Ерекше белгілердің бірі сөйлеу тілінің кеш шығуы жатады. Алғашқы сөздерін бала үш, төрт жастан кейін ғана айта бастайды. Жалпы тіл кемістігі кезіндегі анық көрсеткіш эксрессивті сөйлеу тілінің артта қалуы болып табылады. Балада сөйлеу тіл белсенділігі төмен, балаға коррекционды көмек көрсетілмеген жағдайда күрт төмендейді.
Сөйлеу тілінің толық дамымауы басқа салалардың дамуына кері әсерін тигізеді: сенсорлы, интеллектуалды және аффективті-еріктік сфералары. Жалпы тіл кемістігі бар балаларда зейіннің тұрақсыздығымен және оны дұрыс пайдалана алмауымен сипаттауға болады. Вербалды есте сақтау қабілеті зардап шегеді, есте сақтаудың өнімділігі нашарлайды. Балалар қиын, ұзақ нұсқауларды, элементтер мен тапсырмалардың кезектілігін есте сақтай алмады.
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының этиологиялық факторының мінездемесі
Осы сөйлеу тіл бұзылысы бар балалардың полиморфты контингентімен байланысты Сөйлеу тілінің жалпы дамымауын этиологиясын зерттеу өте қиын. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы өзіне сөйлеу тілі бұзылыстарының әр түрлі клиникалық формаларын қосуына байланысты, бұл ауытқудың клиникалық бақылауында қиындықтар туғызады.
Арнайы әдебиеттерде жалпы тіл кемістігінің этиологиясы әр түрлі берілген. Мектепке дейінгілерде сөйлеу тілінің бұзылысы анализаторлы іскерлікпен байланысты болады. Экспресивті сөйлеу тілінің барлық жақтарының бұзылуы мидың қозғағыш жүйесінің бұзылуымен сипатталады деген көзқарас бар (Р.А. Белова-Давид). Дегенмен, бұл тұрғы көбіне сөйлеу тілінің себептеріне қарағанда толық дамымау механизміне бағытталған.
Балаларда сөйлеу тілінің дамымауының ортақ себептерін мақсатты зерттелуі, 3 топты айыруға септігін тигізді. Олар: ортақ нерв жүйесінің локалді зақымдануынсыз жалпы тіл кемістігі; моторлы алалия және алалиялық синдромдар; дизартриямен тіркескен жалпы тіл кемістігі (Е.М Мастюкова. Дефекты речи и их происхождение, 1985).
Бірінші топқа кірген балалар анамнезінде жүктілік кезінің екінші жартысында жеңіл токсикоз, туылу кезінде аз уақытқа созылған асфиксия, шала туылған бала, өмірінің бірінші жылында соматикалық әлсіздік, тұқымқуалаушылық (ата-анасының ішімдікке салынуы, туыстарында сөйлеу тілінде кемістігінің болуы және т.б.). балалардың бәрінде бұлшықет тонусының диффуздық өзгеруі сияқты микросимптоматика, бұлшықет күшінің төмендеуі.
Екінші топтағы балалардың анамнезінде жүктілік кезі мен босану кезінде анық байқалатын кемшіліктер анықталды. Балаларда тек сөйлеу тілінің ғана емес, сонымен қатар, моторлы жағының кешеуілдеуі, локалды неврологиялық симптоматика байқалды. Маңызды этиологиялық факторының бірі босану кезіндегі асфиксия салдарынан болатын мидың зақымдалуы болып табылды (Е.М. Мастюкова, С.С. Ляпидевский және т.б.).
Үшінші топтағы балалардың анамнездерінің мәліметтері бойынша жүктілік кезіндегі жиі бұзылулар анықталды (кешірек токсикоздар, анасының жүктілік кезіндегі аурулар мен жарақаттар, ұзақ әрі ауыр босану және т.б.)
Айтылғандарды жинақтай келіп, жүктілік кезінде немесе босану уақытында бала миына әсер ететін экзогендік факторлардың тіркесуі көбіне сөйлеу тілі дамымауының этиологиялық факторлары болып табылады десе болады.
СТЖД бар балалардың психологиялық-педагогикалық мінездеме
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалардың сөйлеу тілі іскерлігінің кемістігі басқа психологиялық процесстер, сенсорлы, аффективті-еріктік саласының құрылуына әсерін тигізеді. Балаларда зейін тұрақтылығы мен оны бөлудегі қиындықтар кездеседі. Балаларда вербалды есте сақтау зақымдалған. Продуктивті есте сақтау қабілеті зақымдалған, балалар қиын, бірнеше кезеңді нұсқаулықтарды, элементтер мен тапсырмалардың кезектілігін ұмытады.
Сөйлеу тіліндегі кемшіліктер мен психикалық дамудыі басқа жақтарының байланысы ойлаудың спацификалық ерекшеліктерімен ескертіледі.
Локомоторлы функциясының артта қалуымен қатар, Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларда іс-қимыл сферасының артта қалуы тән, іс-әрекет координациясында, іс-әрекетті орындау жылдамдығында зақымдалу байқалады. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалар қалыпты дамыған балалармен салыстырғанда кеңістікті-уақытылы тапсырма орындау барысында артта қалады, іс-әркетті орындаудағы элементтердің кезектілігін ұмытады. Ұсақ моториканың, саусақ координациясының, қол білегінің дамымағындығы көрінеді. Іс-әрекетте тоқтаулар байқалады, бір қалыпта тұрып қалу байқалады.
СТЖД дифференциалды диагностикасы. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалардың контингентінің түрлілігін ескере отырып, СТЖД диагностикасына өте мұқият қарау керек. Қарастырылып отырған балалар категориясы сөйлеу тілі дамуының уақытша тоқтауы, интелектуалды жетіспеушілік, есту қабілетінің зақымдалуымен және т.б.ұқсас болып келеді.
СТЖД бар балалрға дифференциалды диагностика жүрнізу барысында олардың ойын және заттық әрекетке, қоршаған ортаға эмоционалды сайлау қарым-қатынасын ескеру керек.
СТЖД бар балалардың сөйлеу тілінің дамуының кешеуілдеуін тоқтату үшін, баланың анамнезін және сөйлеу картасын мұқият қарау керек. Көп жағдайда анамнезде орталық нерв жүйесінің зақымдалуы көрсетілмейді. Көбіне босану кезіндегі ауыр емес жарақаттар мен балалық шақтағы ұзақ уақытқа созылған соматикалық аурулар ескеріледі. Сөйлеу тілі ортасынының жақсы әсер етеуі, тәрбие берудегі қиындықтар, қарым-қатынастың аздығы, осының бәрі сөйлеу тілінің дамуына кері әсерін тигізеді. Бұндай кездерде сөйлеу тілі жетіспеушілігінің динамикасы белгіленеді.
Сөйлеу тілінде тежелуі бар балаларда сөйлеу тіліндегі қателіктердің спецификалық мінезі тән. Көпше түрдегі продуктивті және продуктивті емес формаларын алмастырумен байланысты көптеген қателіктер бар. Кіші жастағы балаларға тән сөйлеу тілі нормасынан ауытқулар тән.
Жас нормасының кемшілігіне қарамастан, балалардың сөйлеу тілі коммуникативті функцияны қамтамасыз етеді. Сөйлеу тілінде тежелуі бар балаларда сөйлеу тілінің жоспарсыз дамуына тенденциялар көрсетілген.
СТЖД интелектуалды әрекетінің бұзылуынан бөліп қарастыру маңызды. Интелектуалды жетіспеушілігі бар балаға қарағанда жалпы тіл кемістігі бар бала берілген тапсырманы орындау барысында үлкеннің көмегіне жүгінеді. Диагностикалық белгілердің бірі психикалық дамуы мен сөйлеу тілінің дамуы арасындағы айырмашылық болуы мүмкін. Бұл СТЖД бар балаларда психикалық дамуы сөйлеу тілі дамуына қарағанда сәтті болғанда көрінеді. Сөйлеу тілініғ біріншілік патологиясы сақталған интелектуалдық мүмкіндіктерді тежейді. Бірақ сөйлеу тілі кемістіктерін түзету кезінде интелектуалды дамуы нормаға жақындайды.
СТЖД бар балалар дұрыс емес диагностика салдарынан есту қабілеті зақымдалған балалар деп өзгертілуі мүмкін. Осы кезде маңызды диагностикалық көрсеткіші, қатты дыбыстарға балалардың реакциясының жоқтығы болып табылады.
Ерте жастағы аутизмі бар балаларға қарағанда СТЖД бар балалар ересек адамдармен қарым-қатынасқа түседі.
Уақытылы және дұрыс жасалған диагностика корпекционды жұмыстың әсер етуі мен құралдардың адекватты бұзылыстарын белгілеуде маңызды фактор болып табылады.
