Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛ.ЖМ.+.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
78.87 Кб
Скачать

2.2 Пәннің мақсаты:

Студенттерге білім беруде микроорганизмдердің адамдардағы жұқпалы және жұқпалы емес аурулардағы орнын, морфологиясын, физиологиясын, патогенділік факторын, биологиялық қасиеттерін, диагностикасын микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістерін және идентификациясын, инфекциялық үрдістің алдын алуын және арнайы емдеу ұстанымын, клиникалық диагнозды бекітуде қолданылатын микробиологиялық әдістерге түсінік беріу.

2.3. Оқыту мақсаттары:

Микроорганизмдердің адамдардағы жұқпалы және жұпалы емес аурулардағы орнын

  • морфологиясын, физиологиясын, патогенділік факторын, биологиялық қасиеттерін, диагностикасын микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістерін және идентификациясын,

  • инфекциялық аурулардың пайда болу мүмкіндіктерін, адам ағзасында иммунопатологиялық жағдайлардың әсерінен пайда болатын иммунитетті

  • инфекциялық үрдістің алдын алуын және арнайы емдеу ұстанымын, клиникалық диагнозды бекітуде қолданылатын микробиологиялық әдістерді білуі қажет;

  • Студенттерге микроорганизмдердің адамдардағы жұқпалы және жұпалы емес аурулардағы орнын, жұқпалы аурулардың таралуында микроорганизмдердің орнын үйрету;

  • Студенттерге микроорганизмдердің морфологиясын, физиологиясын, патогенділік факторын, диагностикасын, микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістерін, идентификациясын және алдын алу,арнайы алдын алу шараларын үйрету;

2.4. Пәнді оқудың соңғы нәтижесі

Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріның жалпы көлемі:

Білім алу деңгейі

Рөлдермен берілген

құзіреттіліктер

Оқытудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі)

1.1.

ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1)

БІЛІМІН ҚОЛДАНУ

Білім (когнитивті) домені:

Қолданады: пәнді игеру барысында әлеуметтік ғылымдар бойынша ақпараттарды, молекулярлы биология және медициналық генетика, экология,химия, гистология, биофизика пәндері бойынша алған білімін қолданады

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлділік: Қан, нәжіс және т.б. тексерілетін заттардан микроскопиялық препараттарды дайындау, күрделі және қарапайым бояу әдістерін қолдану,иммерсиялық жүйеде жарық микроскопта көрудіділділікпен орындайды

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үлестіреді: іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтардың құндылықтарын үлестіреді;

Б1.2.

ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1)

АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Қабылдайды: зерттеу сұрақтарын дереккөздерді, ғылыми жаңалықтарды;

Жауап береді: берілген тапсырманы орындау барысында әдеби және ғылыми жаңалықтарға сүйене отырып жауап береді;

Құндылықтарды үлестіреді: іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтар мен компьютерлік технологиялардың маңызы мен құндылықтарын үлестіреді;

Б4.1.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ (1)

ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Білім (когнитивті) домені:

Қолданады :Науқастардан микробиологиялық тексеру мақсатта тексерілетін затты алуды. . Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының негізгі биологиялық қасиеттерін, микроорганизмдердің (морфологиясын, физиологиясын, антигендерін) және экологиясын;

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлділік түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының протеолиттік белсенділігін, дақылдық қасиеттерін анықтауды дәлділікпен орындайды

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үлестіреді: жұқпалы ауруларды диагностикалау барысында соңғы ғылыми жаңалықтар мен инновациялық зерттеу әдістерді және компьютерлік технологиялардың маңызы мен құндылықтарын үлестіреді;

Оқытудың соңғы нәтижесін талдау

Студент білуге тиіс:

Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының негізгі биологиялық қасиеттерін, микроорганизмдердің (морфологиясын, физиологиясын, антигендерін) және экологиясын;

  • Адам ағзасының қалыпты микрофлорасының өкілдерін;

  • Адам ағзасының спецификалық және бейспецификалық антимикробты қорғаныс қызметін; Микроскопияға материал дайындай алады;

Жұқпалы иммунды және аллергология негіздерін;

  • Адамдардағы жұқпалы аурулардың таралуын патогенезін, микробиологиялық диагностикалау принциптерін;

  • Микробтық аурулардың арнайы алдын-алуын және антибиотикотерапия принциптерін;

  • Антибиотиктердің және дезинфектаттардың антимикробтық белсенділігіне түсініктеме беру.

  • Асептика және антисептика, дезинфекцияжәне стерилизация әдістеріне микробиологиялық негізді;

  • Ересектердегі және балалардағы дамыған аурудың мәліметтерінің микробиологиялық мәліметтерімен сәйкестігіне сипаттама беру.

Студент істей білу керек:

  • Бактериологиялық лабораториядағы техникалық қауіпсіздікті және эпидемиологиялық жағдай ережесін сақтауды білуі тиіс;

  • Емдеу мекемелерінде медицина қызметкерлері және науқастар арасындағы жұқпалы аурулардан сақтану ережелерін;

  • Науқастардан микробиологиялық тексеру мақсатта тексерілетін затты алуды;

  • Қан, нәжіс және т.б. тексерілетін заттардан микроскопиялық препараттарды дайындау, күрделі және қарапайым бояу әдістерін қолдану,иммерсиялық жүйеде жарық микроскопта көруді;

  • Ажыратылған таза дақылдың антибиотиктерге сезім талдығын биосубстратардағы антибиотиктердің концентрациясын;

  • Зақымдалған заттарды, қолды антисептикалық әдіспен залалдауды;

  • Дезинфекция және стерилизация шараларының сапалығына санитарлық бактериологиялық бақылауды.

  • Микробиологиялық тексеру нәтижесіне қортынды жасауды.

  • биология және медициналық генетика, экология,химия, гистология, биофизика пәндерінің білімі қажет.