Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛ.ЖМ.+.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
78.87 Кб
Скачать

Ф-МК-003/013

АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ

«ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕДИЦИНА» КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Медициналық білім беру басқармасының басшысы,

м.ғ.к. ________У.Б.Татыкаева

«___» __________2015 жыл



«МИКРОБИОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША

СИЛЛАБУС

Пәннің коды: Мiс 2215

Мамандығы: 5В130100 Жалпы медицина

Оқу сағатының көлемі: 225/V кредит

Дәріс 15 сағат

Практикалық (семинарлық) сабақ 60 сағат

ӨБСӨЖ – 75 сағат

СӨЖ – 75 сағат

Курс II Оқу семестірі: ІІІ- ІV

Емтихан: ІV (семестр)

Түркістан 2015ж.

Силлабус «Микробиология» пәнінен типтік бағдарламасы негізінде жасалған. ҚР ДСМ білім, ғылым және кадрлық ресурстар Департаментінің директорымен бекітілген (Астана 24.04 2008)

Силлабус медицина факультеті «Профилактикалық медицина» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.

Хаттама №____ "____" _____________ 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі_________________м.ғ.д.,доцент Куандыкова А.К.

Силлабус оқыту және бағалау комитетінде қаралған.

Хаттама №____"____" _____________ 2015 ж.

Комитет төрағасы _____________ оқытушы Амирешова У.

Силлабус білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.

Хаттама №____ "____" _____________ 2015 ж.

Комитет төрайымы_________________ магистр- оқытушы Бураева К Б.

1. Жалпы мәліметтер Оқытушылар туралы мәлімет:

  • Байтурсынов Қожахмет Құлақметович – биология ғылымдарының докторы, профессор

  • Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы: микробиология, вирусология

  • Байланысу ақпараты: №408 бөлме, Медицина факультетінің 3 ғимараты, ХҚТУ Университет қалашығы, Оңтүстік Қазақстан облысы

  • Оспанова Эльмира Нұрдуллақызы - биология ғылымдарының кандидаты, доцент, Уз Р. биология ғылымдарының докторы, ,ұстаздық жұмыс стажы – 20 жыл.

  • Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы микробиология, вирусология

  • Байланысу ақпараты: №414бөлме, Медицина факультетінің 3 ғимараты, ХҚТУ Университет қалашығы, Оңтүстік Қазақстан облысы

  • Асанова Ғалия Нематуллаевна КР биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы:

  • Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы микробиология, вирусология

Байланысу ақпараты: №431,403бөлме, Медицина факультетінің ғимараты, ХҚТУ Университет қалашығы, Оңтүстік Қазақстан облысы

Мустафаева Айман Абдугапаровна-оқытушы

  • Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы микробиология, вирусология

Байланысу ақпараты: №431бөлме, Медицина факультетінің ғимараты, ХҚТУ Университет қалашығы, Оңтүстік Қазақстан облысы

Пәннің саясаты:Ахмет Ясауи атындағыХҚТУ-і медицина кластерінің 2014-2015 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.

Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 20% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.

Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 80%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.

2.1.Кіріспе.

Студенттерді аудиториялық және аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарды атқару арқылы білім алуға бағыттайтын оқытушылардың кеңестік және нұсқаушылық жұмысы негізінде іске асырылатын қазіргі заманға сай оқыту методологиясын көрсетеді. Микробиологиядан әрбір тақырыпты талдау кезінде студент дәйекті түрде тақырыптың мотивациялық сипатынан және мақсатынан бастап ақырғы нәтижеге жеткенге дейінгі материалды меңгереді, ал оны тақырыптың соңында берілген сұрақтар арқылы тексеруге болады. Қажетті нысандарды зерттеу барысында оған тапсырмалар және орындау негіздері, бақылау-оқыту есептері ұсынылады.Сабақты талдау барысында студенттің қол астында керекті құралдардың кешені бар: оқулық, атластар, мәліметтік-дидактикалық блоктар, әдістемелік нұсқаулар, препараттар, электроннограммалар, суреттер.

Білім алу деңгейі

Рөлдермен берілген құзіреттіліктер

Салыстырмалы үлестірілімі

Б 1.1.

ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1) - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады.

0,3

Б 1.2.

ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1) - АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ: зерттеу сұрағын дұрыс құра алады, дереккөздерді іздей алады, әдеби дереккөздерге сын көзімен баға береді, әсерлі презентация жасай алады, компьютер технологияларын қолдана біледі.

0,3

Б 4.1.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ (1)

ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ: халық арасында инфекциялық сырқауларды бақылау, ауруханаішілік және карантиндік инфекцияларды бақылау кағидаларын түсінеді

0,4