- •1.1 Сурет Релелік қорғанысқа қойылатын негізгі талаптар
- •1.2 Сурет Микропроцессорлық құрылғыларды қолдануға мысал
- •1.3 Сурет рс83-дт2 құрылғыларының ішкі көрінісі және габариттік өлшемі
- •1.4 Сурет zystem (csp)8 сериалы релелік қорғаныс түрінің ішкі көрінісі
- •1.5 Сурет MiCom p120 микропроцессорлық релелік қорғаныс түрі.
- •1.6 Сурет рза системз фирмасында өндірілген рс 83 в1 релелік қорғанысының сыртқы бейнесі көрсетілген
- •1.6 Сурет seg фирмасында өндірілген zystem (csp)8 сериалы микропроцессорлық қорғаныс түрінің сыртқы көрінісі
- •1.3 Есептің қойылымын негіздеу
- •2.1 Тарату торап трансформаторының қрғанысының іске қосылу шамаларын есептеу
- •4 Экономикалық бөлім
- •4.1 Трансформатордың қорғанысының түрлері
- •4.2 Рқа құрылғыларының жүйесіне қатысты капиталды шығындалудың есептемесі
- •4.3 Рқа қорларына қызмет көрсетуге кететін жылдық эксплуатациялық шығындар есептемесі
1.2 Сурет Микропроцессорлық құрылғыларды қолдануға мысал
Құрылғы электр қондырғыларын құру ережелері (ЭҚЕ) сәйкес релелік қорғаныстың барлық шарттарын қамтиды, сонымен қатар Modbus хаттамасына байланысты желіге RS485 интерфйсі арқылы жалғана алады, сонымен қатар USB қондырғысы мен жергілікті байланысу үшін порттары да бар. Қондырғы анағұрлым көп сатылы қорғаныстқа ие және де осциллограф, ішіне орнатылып тіркеу жүргізу сияқты параметрлермен жабдықталған.
Микропроцессорлық релелік қорғаныстың құрылымы.
Соңғы кездері электртехникалық өнімді өндіруші фирмалардың көпшілігі релелік қорғаныстарды өңдеп шығаруда түрлі технологияларды және дизайндарды қолдана отырып конструкциялық мәселелерді оңай шешуде.
Келесі (сурет 1.3) РС83-ДТ2 құрылғыларының ішкі көрінісі және габариттік өлшемін көруге болады. Мәселен РЗА СИСТЕМЗ фирмасының РС83-ДТ2 түрінің конструкциясын алатын болсақ, ол өте ықшам және оның алатын орны анағұрлым аз болады.
1.3 Сурет рс83-дт2 құрылғыларының ішкі көрінісі және габариттік өлшемі
Құрылғы төрт бұрышты металлды сыртқы қабаты бар, ішкі көрінісі біріктірілген блок тәріздес өзара бекітілген бұрандалы тіректерден тұрады. Құрылғы шкафтың алдынғы жағына орналастырылып, арнайы кронштейндер арқылы шеткі қабырғағалардың және алдыңғы панельдердің шығып тұрған орындарының периметриметрлерін пайдаланады. Алдыңғы панельге басқару нүктелері, светадиотты индикаторлар енгізілген. Құрылғының салмағы 2,5 кг көп емес. Келесі 1.4 суреттен Германияның SEG фирмасының релелік қорғаныс түрі берілген.
Құрылымы
A-housimg HTL-6M12 HTL-6M48 алдыңғы монтаж үшін кассеталар.
Сериа құрамына кіреді:
-құрылғы MRI-екісатылы токтық қорғаныс (бағытталған және бағытталмаған);
1.4 Сурет zystem (csp)8 сериалы релелік қорғаныс түрінің ішкі көрінісі
-құрылғы MRIK-екісатылы токтық қорғаныс (бағытталған және бағытталмаған) және АҚҚ;
- құрылғы MRU-кернеудің жоғарылау және төмендеуінен қорғау (U<, U<<. U>, U>>, U0>, U2>);
- құрылғы MRF-төртсатылы жиілік бойынша қорғаныс;
- құрылғы MRD-трансформатордың немесе генератордың дифференциалдық қорғанысы;
- құрылғы MRP-активтік қуаттық бағытталған релесі;
- құрылғы MRS-кері беріліс ток релесі;
- құрылғы MRQ-қозудың жоғалуынан қорғану;
- құрылғы MRR-қорғаныс жұмыс;
- құрылғы MRM-қозғалтқыштың қоранысы.
1.2 Әртүрлі өндіруші фирмалы микропроцессорлық релелік қорғаныстың негізгі параметрлерімен сипаттамалары
Релелік қорғанысты өндіруші Ресейлік («ЭКРА-ЧЕБОКСАРЫ»), және басқада елдердің ( «IPR XXI», «ДІАМАНТ», «Schneider Electric», «SEL США», «ZEG ENERGETYKA», «GE Power Menagement») фирмалары релелік қорғаныстың микропроцессорлық түрін шығаруды жолға қоюда. Әртүрлі фирмалы релелік қорғанысқұрылғыларының негізгі параметрлерін 1 қосымшасынан (1.1 кесте) көрсетілген.
Жұмыс істеу принципімен есептемесін кейінірек қарастырамыз. оны кесте түрінде (кесте 1.1) көруге болады. Сонымен қатар айтып өткен жөн, релелік қорғаныстың негізгі жұмысы қондырғыны сөндіру болса, онда электравтоматиканың функциясы оны қайта қосады. Релелік қорғаныстың және автоматиканың ассортименті «РЗА СИСТЕМЗ», (Ресей) және «AREVA (ALSTOM)» және «SIEMENS», (Германия) фирмаларының өнімдерінің мысалында қарастыруға болады. 1.2 кестесінен осы фирмалар шығырған релелік қорғаныстың үлкен тізімінен тек кей бір параметрлерімен функциялары көрсетілген [3].
Негізінен релелік қорғаныс электрленген темір жолдарды электрмен қамтамасыздандырудағы автоматикалық құрылғы комплексінің негізгі бір бөлігі болып табылады. Сондықтан оларды бөліп жармай автоматтық қайта қосу (АҚҚ) және резервтің автоматты қосу (РАҚ) жайлы да бір қатар айтып өтеміз. Кестеде бірқатар функцияларды көрсеткенде, автоматты жиілікті қайта жүктеу (АЖҚЖ), жиілікті автоматты қайта қосу (ЖАҚҚ), максималды токтық қорғаныс (МТҚ), автоматты қайта қосу (АҚҚ), ажыратқышты сөндіруші резервтегі құрылғы (АСРҚ), жерге тұйықталудан қорғау (ЖТҚ) және шинаның логикалық қорғанысы (ШЛҚ) сияқты қорғаныс түрлеріне қысқартулар болған.
Келесі суретте AREVA (ALSTOM) фирмасының өнімінің (1.5 суретте) сыртқы бейнесі көрсетілген.
