- •1.1 Сурет Релелік қорғанысқа қойылатын негізгі талаптар
- •1.2 Сурет Микропроцессорлық құрылғыларды қолдануға мысал
- •1.3 Сурет рс83-дт2 құрылғыларының ішкі көрінісі және габариттік өлшемі
- •1.4 Сурет zystem (csp)8 сериалы релелік қорғаныс түрінің ішкі көрінісі
- •1.5 Сурет MiCom p120 микропроцессорлық релелік қорғаныс түрі.
- •1.6 Сурет рза системз фирмасында өндірілген рс 83 в1 релелік қорғанысының сыртқы бейнесі көрсетілген
- •1.6 Сурет seg фирмасында өндірілген zystem (csp)8 сериалы микропроцессорлық қорғаныс түрінің сыртқы көрінісі
- •1.3 Есептің қойылымын негіздеу
- •2.1 Тарату торап трансформаторының қрғанысының іске қосылу шамаларын есептеу
- •4 Экономикалық бөлім
- •4.1 Трансформатордың қорғанысының түрлері
- •4.2 Рқа құрылғыларының жүйесіне қатысты капиталды шығындалудың есептемесі
- •4.3 Рқа қорларына қызмет көрсетуге кететін жылдық эксплуатациялық шығындар есептемесі
1.1 Релелік қорғаныстың жаңа түрлерінің жұмыс принципін және құрылғысын зерттеу
Микропроцесорлық релелік қорғанысты қолдану. Релелік қорғаныстың, мейлі жаңа түрі болсын, мейлі ескі түрі болсын оларға қойылатын негізгі талаптар бір, 1.1 суретте, осы талаптарға жауап берген және оны дұрыс орындау қазіргі заманғы жаңа құрылғыларда шоғырланған. Мысалыға микроэлектрондық, микропроцессорлық релелік қорғаныстар.
1.1 Сурет Релелік қорғанысқа қойылатын негізгі талаптар
Әртүрлі фирмалардың көпжылдық тәжірибелерін пайдалана отырып, 6-220 кВ кернеу асты реттеу және тартым қосалқы стнацияларында релелік қорғаныс-тың жаңа түрлерінің жүйелерін құруды және олардың функцияларын модернизациялауға немесе кешенді түрде құруға мүмкін болып отыр. оған келесі түрдегі бағыттар қарастырылған:
I бағыт: тозған электрмеханикалық релелерді құрылғылармен алмастыру
Мақсаты: сенімділікті арттыру, бақылауды және қызмет етуді жеңідету; селективтіліктің сатысын 0,2...0,3 секундқа дейін төмендету, өлшемдерін азайту; бірнеше реленің бір ғана корпуста болуын қамтамасыздандыру; қосымша функцияларды енгізу; толығымен жүйенің қорғанысын арзандату; реконструкцияға кететін шығынды төмендету. Соңғы шығарылған құрылғылар минималды көлемдегі 6-220 кВ қосымша аппаратурасыз жалғана отырып релелік қорғаныс және автоматиканың функцияларын атқарады.
ІІ бағыт: модернизациялауға және алынған сұлбалардағы қосымша функцияларды орындайтын арнайы мамандандырылған құрылғылар
Мақсаты: тұтынушыларға алынып отырған құрылғыны алмастырмай-ақ қорғаныс сұлбасының функцияларын кеңейту; модернизациялауға кететін шығынды төмендету.
ІІІ бағыт: пайда болған жаңа және әрекет етуші релелік қорғаныс құрылғылары, ол - көпфункцияналды микропроцессорлық құрылғылар
Мақсаты: тұтынушы үшін, минимал бағамен максимал функционалды құрылғыны алуға мүмкіндік; тағайын шамаға қойылған шартқа және жөндеу үрдісіне жеңілдік.
Келесі қадам релелік қорғанысты орнату болып, микропроцессорлық релелік қорғанысты таңдау кезінде төмендегідей параметрлерге көңіл бөлу қажет:
- іске қосу тогының диапазоны(әртүрлі орындарына байланысты), іске қосу тогының жіберілуі. Іске қосылу тогының диапазоны (орындалуына байланысты әртүрлі), іске кірісу тогының тұрақсыздығы;
- тағайын шамалары: уақыт ұстамы, дискреттік, с; ықшамдылықтың қиып өту тогы;
- тақыт ұстамына қатысты қателігі және іске қосу тогының жұмыс диапазонына қатысты температурасы, %;
- қайту коэффициенті;
- шығу релелерінің механикалық тозуға шыдамдылығы;
- минималды уставкада қолданылатын қуат;
- габариттік өлшемі, мм;
- релелік қорғанысты эксплуатацияға енгізген күннен бастап кепілдік мерзімі, жыл [3].
Оқшаулама; жоғары жиілікті қателіктерге шыдамдылығы. Қондырғыны келесі түрде қолдануға болады: құрылғылардың қорғанысы және автоматикасы (мағлұматтарды жинау және басқару) ретінде микропроцессорлық релелік қорғаныстар компаниялар өндіретін терминалдар (MICOM, Siprotek, RET, UR, СИРИУС, МРЗС және т.б).
Автоматты басқару жүйесінің техникалық үрдісі (АБЖ ТҮ) арнайы мамандандырылған құрылғыларды қолдану, қондырғылардың параметрлерін максималды түрде қолдануға мүмкіндік береді. Ол жайлы біз кейінгі бөлімдерде толығырақ мәлімет береміз.
Төменде (1.2 сурет) мысал ретінде 35-220 кВ қосалқы станциясының «Систем РЗА» фирмасының РС8ХХ сериасы мен жабдықталған түрі көрсетілген, олар УЗА және УЗА-10 сериалы қондырғыларды алмастырады.
Қондырғылардың функциялары өз кезегінде сенімді резервтелген жүйені қалыптастырады. Барлық төмен дәрежелі құрылғылар кеңейтілген температуралық диапозонда жұмыс істеуге негізделген. Жүйе, жинақтау және мағлұмат жеткізу болып бір кешенді құрауы мүмкін, яғни логикалық басқаруды праграммаластыру мен өлшеуішті түрлендіргіштерді және қосылу қондырғыларының әртүрлі түрлері мен өндірушілері.
