Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дістемелік нсау(Зертхана) Релелік ораныс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
194.56 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыс №2 Трансформаторлар мен автотрансформаторлардың релелік қорғанысы

Жұмыс мақсаты

Жұмыс мақсаты сұлбалардың орындалу қағидаларын, бір бағытты қоректенумен желілерде құрылған тоқ кесерлері мен максималды тоқ қорғанысы әрекеттерін және орналасу жағдайын оқып үйрену болып табылады.

Тапсырма

Біржақты қоректендіру бар радиалды тораптың ток қорғау сипаттамаларын құру.

Әдістемелік нұсқаулар

1. Тәжірибеде қолданылатын құрылғының электрмен қоректену желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.

2. «ТК» ұяшығын G 1 көзіне қосыңыз.

3. Тәжірибеде қолданылған қорғаныстың жерлендіру " " құрылғысы ұяшықтарын біріктіру, «РЕ» ұяшығымен G1 көзін.

4. Электрлік сұлбаларының бірікпелеріне сәйкес аппаратураны қосу.

5. Ауыстырып қосқыш А2 және А4 үшполюсті ажыратқыштың жұмыс тәртібін «АВТ», ал А7 және А8 ажыратқыштарын «РУЧН» жағдайында орналастырыңдар. А1 блогы трансформаторларының орамаларының номиналды кернеуін мысалы,230/230 В тең қылып қойыңыз. А3 электр беріліс желілерінің параметрлерін ауыстырып қосқыштармен мысалы, келесідегідей қылып орнатыңыз: R = 200 Ом, L/RL=1,2/32 Гн/Ом, С1=С2=0 мкФ; А5 электр берілісі желілері келесідей: R = 50 Ом, L/RL=0,3/8 Гн/Ом, С1=С2=0 мкФ. А6 белсенді жүктеме қуатын таңдаңдар, мысалы барлық үш фазада 50 Вт-тың 100% пайызы. А9 индуктивті жүктеме қуатын таңдаңыз, мысалы барлық үш фазада 40 Вар-дың 50% пайызы.

6. G1 көзін қосыңдар. Кернеудің бар болуы туралы жарықтандырғыш лампалар дабыл беруі қажет.

7. «СЕТЬ» ажыратқыштарын А2, А4, А7, А8 ажыратқыштарына қосыңдар, А13 блогының кірме-шықпа сандық блоктарын.

8. А14 дербес компьютерді жұмыс жағдайына әкеліңдер, тиісті тізімге еніп, «Екі желінің МТҚ.ехе» қолданбалы бағдарламаны ашыңдар.

9. Сәйкес келетін виртуалды кнопканы баса отырып, қорғаныстың талап етілетін нұсқасын үлгілеңдер. Мысалы, үнсіздік бойынша берілген тағайыншаманы пайдаланыңыздар.

10. «Начать запись» виртуалды кнопкасын басыңдар, сәйкес келетін кнопканы басып, қорғанысты енгізіңдер және осыдан соң А7 мен А8 ажыратқыштарын қоса отырып, соңғы бір желінің қысқа тұйықталуын үлгілеңдер. «Зақымданған» желінің қорғанысын ажыратқаннан кейін жазбаны тоқтатыңдар. Бейнеленген тоқ осциллограммасы мен желі кернеуін, сондай-ақ болған жайттардың салдары туралы экранда пайда болған ақпаратты талдаңдар.

11. Бағдарламамен жұмыс кезінде оның мүмкіндіктерін пайдануды қадағалаңыз:

  • Осциллограмманы масштабтау тышқанының сол жақ клавишасын графикада басу жолымен жүргізіледі және оны жібермей отырып, манипуляторды солдан оңға және жоғарыдан төменге жылжыту жолымен жүргізіледі.

  • Векторлық диаграммаларды және осциллограммалар графигін координат осьтеріне қатысты жылжыту тышқанның сол жақ кнопкасын сәйкесінше объектіде басу және ұстап тұру және оны бір уақытта қажетті бағытқа жылжыту жолымен орындауға болады.

  • График бойынша шама мәнін анықтау ыңғайлығы үшін экранның төменгі жағында тышқанның көрсетуімен ағымдағы координаттар бейнеленеді.

  • Кез келген уақыттың нақты мәнін болған жайттың хаттамасы арқылы емес, осциллограммасы арқылы анықтайды.

  • Тоқ пен кернеу тағайыншамаларына амплитудалық мән берген жөн.

  • Тоқтан байланысты сипаттаманы пайдалану кезінде уақыт тежеуін қорғаныс тек қана егер сұлбаның тоғы тоқ бойынша қорғаныс тағайыншамасынан үлкен болғанда іске асатындай ұстап тұру керек.

  • Сұлбадағы электр магниттік процестерді жазу циклдік буферге бағдарламамен жүргізіледі. Оның ұзындығын «Настройки» мәзірі пунктінде өзгертуге болады.

12. Эксперименттер аяқталған соң G1 көзін және А2, А4, А7, А8, А13 блоктарының «СЕТЬ» ажыратқыштарын сөндіріңіз.

Қарастырылып отырған жұмыстың шеңберінде кем дегенде бес экспериментті орындауға болады: кернеу бойынша бітелусіз тәуелсіз уақыт тежелуі бар МТҚ1, кернеу бойынша бітелусіз тәуелді уақыт тежелуі бар МТҚ1, кернеу бойынша бітелуі бар тәуелсіз уақыт тежелуі бар уақыт кернеуі, кернеу бойынша бітелулерсіз тәуелсіз уақыт тежелуі бар МТҚ1 мен МТҚ2, уақыт тежелуінсіз тоқкесер. Аталғандардан өзге кез келген тәрізде қорғаныс тағайыншамасын үйлестіре отырып басқа да эксперименттерді орындауға болады.

Желінің бірден екі МТҚ пайдалану кезінде А3 желісінің қорғанысы шын мәнінде А5 желісінің қорғанысын резервтейтініне көз жеткізген тиімді. Бұл үшін А4 ажыратқышының тоқтап қалуын үлгілеу керек (мысалы, оны қосу және қол жұмыс режиміне ауыстыру), одан кейін А5 желісінің соңында қысқа тұйықталуды орната отырып экспериментті жүргізу керек және А3 желісінің қорғанысы іске асатынына көз жеткізген жөн.

Есептің мазмұны

1. Жұмыстың тақырыбы мен мақсаты.

2. Біржақты қоректендіру бар радиалды тораптың тогын есептеу

3. Жұмыс бойынша қорытындылар.

Бақылау сұрақтары

1 Торап дегеңіміз не?

2 Радиал торабы пайдаланатын облысы?

3 Біржақты қоректендіру торабы қайда пайдаланады?