Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дістемелік нсау(Зертхана) Релелік ораныс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
194.56 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыс №1 Фазаралық қт-дан максималды токтық қорғаныстар

Жұмыс мақсаты

Ток трансформатордың ауысу сұлбасы және оның қателіктері. Ток трансформаторларының екіншілік орамдарын қосу сұлбаларын оқу.

Тапсырма

Берілген жұмыс мақсаты болып автоматика мен релелік қорғаныс құрылғысында қолданылатын тоқтың өлшеуіш трансформаторының бірігу сұлбасын және олардың негізгі мінездемесін тексеру әдістемесін оқып үйрену болып табылады. Тәлімгерлер назарын тоқтың өлшеуіш трансформаторының бірігу сұлбаларының үлкен әр-түрлігіне аудару қажет.

Әдістемелік нұсқаулар

  1. Тәжірибеде қолданылатын құрылғының электрмен қоректену желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.

  2. «ТК» ұяшығын G1 көзіне қосыңыз.

  3. Тәжірибеде қолданылған қорғаныстың жерлендіру " " құрылғысы ұяшықтарын біріктіру, «РЕ» ұяшығымен G1 көзін.

  4. Электрлік сұлбаларының бірікпелеріне сәйкес аппаратураны қосу.

  5. Тораптың жұмыс тәртібін үлгілеңдер – мысалы, тораптар үшін жерлестірілген бейтараппен К1 және К2 нүктелерін қосу.

  6. «Қысқа тұйықталуды» үлгілеңдер (бұл жағдайда, қатаң айтқанда қысқа тұйықталу солай болмайды, сондай-ақ А-4 жүктемесінің тоқ шектегіш кедергісі арқылы жасалынады) – мысалы, екіфазалы жерге А және С фазаларын, не үшін К3, К5 және К6 нүктелерін бір-біріне жалғайсыңдар.

  7. Ауыстырып қосқыш А1 үшполюсті ажыратқыштың жұмыс тәртібін «РУЧН» жағдайында орналастырыңдар. А2 блогы трансформаторларының орамаларының номиналды кернеуін тең етіп қойыңдар, мысалы, 230/230 В. Электр берілісі желілерінің параметрлерін А3 ауыстырып қосқыштармен орналастырыңдар, мысалы, келесідей: R=150 Ом, L/Rl=1,2/32 Гн/Ом, С1=С2=0,15 мкФ. А4 белсенді жүктеме қуатын таңдаңдар, мысалы, 40 % барлық үш фазада 50 Вт-тан.

  8. G1 көзін қосыңдар. Кернеудің бар болуы туралы жарықтандырғыш лампалар дабыл беруі қажет.

  9. «СЕТЬ» ажыратқышын А1 ажыратқышына қосыңдар.

  10. А7 дербес компьютерді жұмыс жағдайына әкеліңдер, тиісті тізімге еніп, «Тоқ трансформаторы.ехе» қолданбалы бағдарламаны ашыңдар.

  11. Мәліметтерді жинауды бастау үшін «Пуск» виртуалды кнопканы басыңдар.

  12. А1 ажыратқышты қосыңдар. Компьютер экранында тоқ трансформаторы мен виртуалдық реледегі тоқтың векторлық диаграммасы бейнеленеді, сондай-ақ тоқ трансформаторының симметриялық құрамалары. Тоқ трансформаторы мен реле құрамасының виртуалды сұлбасында тоқтың әрекет етуші мәні оның әр-түрлі бөліктерінде пайда болады. Шын мәнінде бұл сұлбаны трансформатор орамаларының тоқ осциллограммасында бақылауға болады.

  13. Компьютер экранында ашылған тізімнен тоқ трансформаторы қосылыстарының керекті сұлбасын таңдаңыз, А4 белсенді жүктемесінің параметрлерінің тұйықталу түрін және байтарапты жерлендіру тәртібін өзгертіңіз және алынған векторлық диаграмманы бақылаңыз.

  14. Бағдарламамен жұмыс кезінде оның мүмкіндіктерін пайдануды қадағалаңыз:

  • «Масштаб» кнопкасын баса отырып, барлық векторлық диаграмманы ұлғайтуға және азайтуға болады.

  • «Поворот» кнопкасын баса отырып, барлық векторлық диаграмманы айналдыруға болады. Осы негізде әрбір вектор өз бастауынан айналып бұрылады.

  • Тоқтың векторлық диаграммасында тоқ трансформаторы мен реле әрбір вектордан өзіне өзі параллельді қозғала алады, қызыл тілшесі бар кнопкалар тобын пайдалана отырып векторлардың жылжу адымын shift бағыты бар клавиша кнопкасына басу арқылы азайтуға болады. Вектордың алғашқы қалыбына сәйкес топтың ортасындағы кнопкаға басу арқылы қайтып оралуға болады.

  • Фаза топтарының осциллограммасын масштабтау тышқанының сол жақ клавишасын графикада басу жолымен жүргізіледі және оны жібермей отырып, манипуляторды солдан оңға және жоғарыдан төменге жылжыту жолымен жүгізіледі.

  • Бастапқы масштабқа қайтып оралу манипуляторды кері жылжытумен атқарылады – оралу солға және төменнен жоғарға.

  • Векторлық диаграммаларды және осциллограммалар графигін координат осьтеріне қатысты жылжыту тышқанның сол жақ кнопкасын сәйкесінше объектіде басу және ұстап тұру және оны бір уақытта қажетті бағытқа жылжыту жолымен орындауға болады.

  • Сұлбаның тарауларының, осциллограммалардың, векторлық диаграммалардың векторларының және бағыттары бар кнопка топтары маңындағы жазулардың түсі бір-біріне сәйкес келеді.

  • Тораптың фазаларының түсі жалпы қабылданғандарға сәйкес келеді.

  1. Тіректік кернеу ретінде сұлбада көрсетілгеннен басқа фазааралық немесе кез-келген фазалық кернеулерді пайдалануға болады (бұл векторлық диаграммалардың «Тұрақсыздығы» кезінде тиімді, яғни қандай да бір векторлардың бұрыштарын жылдам кездейсоқ өзгеруі кезінде).

  2. Эксперимент аяқталған кезде А1 ажыратқышын және G1 көзін ажыратыңыз.

Есептің мазмұны

1. Жұмыстың тақырыбы мен мақсаты.

2. Ток және кернеу трансформаторлардың тағайыншамаларын есептеу.

3. Ток және кернеу трансформаторлардың сүлбесін құру.

4. Жұмыс бойынша қорытындылар.

Бақылау сұрақтары

1 Ток трансформатордың екінші ораманың номинал тогы?

2 Кернеу трансформатордың екінші ораманың номинал кернеу?

3 Ток және кернеу траснформаторлардың дәлдік класстары?