Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дістемелік нсау(Зертхана) Релелік ораныс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
194.56 Кб
Скачать

Әдістемелік нұсқаулардың

титулды парағы

Форма

Ф СО ПГУ 7.18.4/20

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Электрэнергетика кафедрасы

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

зертханалық жұмыстарын орындау үшін

Релелік қорғаныс негіздері пәні бойынша

5В071800 – Электрэнергетика мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар

Әдістемелік нұсқаулардың

бекіту парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/20

БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

________ Н.Э.Пфейфер

2013 ж. «___»__________

Құрастырушы : аға оқытушы ____________ Ашимова А.К.

Электрэнергетика кафедрасы

5В071800 – Электрэнергетика мамандығының студенттеріне арналған

Релелік қорғаныс негіздері

зертханалық жұмыстарға

Әдістемелік нұсқаулар

Кафедра отырысында ұсынылған

«___»_________2013 ж., Хаттама № ___

Кафедра меңгерушісі ____________ Марковский В.П. «____» ________2013 ж.

Энергетика факультетінің ОӘК құпталды

«____»______________2013 ж., Хаттама №____

ОӘК төрағасы _____________Талипов О.М. «____» ___________2013 ж.

ҚҰПТАЛДЫ:

ОӘБ бастығы ___________ Жуманкулова Е.Н «____» __________2013 ж.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталды

«____»______________2013 ж. Хаттама №____

  1. Зертнахалық жұмыстарды орындау туралы жалпы нұсқаулар

Курс бойынша зертханалық жұмыстарды орындау студенттердің теориялық білімдерін жалпылауға және тереңдетуге арналады, оларға электр қондырғылардағы тәжірибелік жұмыстың дағдыларын беру, релелік аппаратурасымен жұмыс жасауын үйрету жатады.

Зертханалық жұмыстарға дайындалуға өздігінше І сағаттан беріледі. Барлық жұмыстарды студенттер топ-топпен орындайды, жұмысты орындау туралы есеп студентпен жеке жасалады. Жұмысты орындау тәртібі оқытушымен бірінші сабақта түсіндіріледі. Жұмысты орындау туралы есеп институттың нысаны бойынша А4 қағаз форматында орындалады.

Әрбір жұмыс бойынша әдістемелік нұсқаулар 7 бөлімнен тұрады: 1) жұмыстың тақырыбы мен нөмірі; 2) Жұмыс мақсаты; 3) «Жалпы мағлұматтар»; 4) «Тапсырма»; 5) «Әдістемелік нұсқаулар»; 6) «Есептің мазмұны»; 7) «Бақылау сұрақтары». 1-3 бөлімдері жеке дайындықта, ал 4-5 бөлімдері зертханада қаралуы тиіс. Әрбір тақырып бойынша берілетін бақылау сұрақтары студенттердің зертханалық жұмыстың материалын меңгеру сапасын көрсету үшін арналады. Зертханалық жұмысқа дайындалу кезінде бұл сұрақтарға жауап беріңіздер, бұл білім деңгейіңізді бағалауға көмектеседі.

2 бөлімде қондырғы туралы тек жалпы мағлұматтар беріледі, зертханада ол туралы оқытушы әбден талдап таныстырады. Зертханалық жұмысты орындау туралы есебінде тек (сұлбалар, графиктер, тәжірибе нәтижелері) «Есептің мазмұны» бөлімінде көрсетілген мәліметтерден тұруы қажет.

2 Зертханалық жұмысты орындаудағы қауіпсіздік техникасы

Зертхана бөлмесі қауіпсіздік жағынан қарағанда қауіпті топқа жатады. Жұмысты қауіпсіз орындау шарттары тиісті ұйымдастырушылық-техникалық шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі.

Кіріспе сабағында студенттер жалпы қауіпсіздік ережелерін оқиды. Әрбір жұмысты орындау алдында жеке нақты электрлік қондырғыда жұмысты орындау туралы қауіпсіздік ережелері оқытылады.