Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mezhdunarodnye_ekonomicheskie_organizatsii_2015_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
489.47 Кб
Скачать

10. Тұрпатты есептерді шығару, есеп-графикалық, лабораториялық жұмыстарды, курстық жобаларды (жұмыстарды) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар оқу жоспарымен қарастырылмаған;

11. Оқытушы жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыстары сабақтарының жоспары

Тақырып 1. Халықаралық экономикалық ұйымдар: түсінігі, функциялары және түрлері

Тапсырмалар:

1. «Халықаралық экономикалық ұйымдардың түрлері» атты құрылымдық-логикалық схеманы құрастыру.

2. «Халықаралық экономикалық ұйымдардың функциялары» атты құрылымдық-логикалық схеманы құрастыру.

3. Халықаралық экономикалық ұйымдардың негізгі мәселелерін талдаңыз.

ОСӨЖ өткізу нысаны: практикум, дискуссия, өзіндік жұмыс сабағы, зерттеу сабағы.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар: Халықаралық экономикалық ұйымдардың түрлері мен функциялары туралы білімдерді жүйелеу мақсатында құрылымдық-логикалық схемаларды құрастыру ұсынылады, ол берілген материалды оңай қабылдауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, дискуссия шегінде халықаралық экономикалық ұйымдардың негізгі мәселелерін талдап талқылауға ұсынылады.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5 п. қараңыз)

Тақырып 2. БҰҰ – жаһандық жүйенің негізі

Тапсырмалар:

  1. БҰҰ жүйесін зерттеңіз.

  2. Халықаралық жанжалдарды шешу бойынша БҰҰ (Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі) қызметін қарастырыңыз.

  3. БҰҰ мысалында сыртқы саяси шешімдерді қабылдау үрдісін талдаңыз.

ОСӨЖ өткізу нысаны: практикум, дискуссия, өзіндік жұмыс сабағы, зерттеу сабағы, рольдік ойын.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар: Сыртқы саясат және халықаралық қатынастағы БҰҰның ролін зерттеу мақсатында БҰҰ шегінде соғыс және бейбітшілік, қарусыздандыру, экономикалық және саяси санкцияларды енгізу, бейбітшілік операцияларды өткізу бойынша нақты жағдайды қарастыру ұсынылады.

Дискуссия шегінде 2008 жылғы тамыз айында орын алған грузин-оңтүстік осетин, грузин–абхазиялық жанжалдарды, 2014 жылғы ақпан айында орын алған Украина келіспеушілігін талдауға ұсынылады, даулардың себептері қандай болды, екі жақтың әрекеттері, позициялары, алдыңғы қатарлы әлемдік державаларының (АҚШ, Еуропалық Одақ мемлекеттері, Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы) сыртқы саяси стратегиясы қандай болды, олардың экономикалық және саяси санкцияларды қолдану себептері мен мағынасын, қажеттілігін және тығырықтан шығу жолдарын және мәселелерді шешу жолдарын қарастырыңыз, өз ойларыңызды білдіріңіз. Бұл позициялар бойынша Қазақстан Республикасының әрекеттерін қарастырыңыз.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5 п. қараңыз)

Тақырып 3. Үкіметаралық ұйымдар және БҰҰ-мен байланысты мекемелер

Тапсырмалар:

  1. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің функциялары мен құзіреттіліктерін зерттеңіз.

  2. БҰҰ ҚК құрамын кеңейту бойынша ұсыныстарды қарастырыңыз.

  3. БҰҰ ҚК мысалында сыртқы саяси шешімдерді қабылдау үрдісін талдаңыз.

  4. ЮНЕСКОмен аталып өтетін атаулы күндердің күнтізбесін құрастырыңыздар.

  5. ЮНИДО бағдарламаларын қарастырып, конспект жазыңыз.

  6. ЮНИСЕФтің Қазақстан Республикасындағы бағдарламаларына жазбаша сипаттама беріңіз.

  7. ЮНИСЕФтің мейірімді ерік елшілерінің тізімін қарастырып, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының елшілерінің өткізген шараларын талдаңыз.

ОСӨЖ өткізу нысаны: практикум, дискуссия, өзіндік жұмыс сабағы, зерттеу сабағы.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар: БҰҰ ҚК ролін зерттеу мақсатында БҰҰ шегінде соғыс және бейбітшілік, қарусыздандыру, экономикалық және саяси санкцияларды енгізу, бейбітшілік операцияларды өткізу бойынша нақты жағдайды қарастыру ұсынылады.

Дискуссия шегінде Таяу Шығыс жанжалы, 2003 жылғы Ирак соғысы, Афган жанжалын қарастыру ұсынылады, даулардың себептері қандай болды, екі жақтың әрекеттері, позициялары, алдыңғы қатарлы әлемдік державаларының (АҚШ, Еуропалық Одақ мемлекеттері, Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы) сыртқы саяси стратегиясы қандай болды, олардың экономикалық және саяси санкцияларды қолдану себептері мен мағынасын, қажеттілігін және тығырықтан шығу жолдарын және мәселелерді шешу жолдарын қарастырыңыз, өз ойларыңызды білдіріңіз. Бұл позициялар бойынша Қазақстан Республикасының әрекеттерін қарастырыңыз.

Күнтізбені құрастыру кезінде жалпы мәдениет жоспарындағы күндерге және олардың ЮНЕСКОның бейбітшіліктік қызметімен байланысына назар аудару қажет.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5 п. қараңыз)

Тақырып 4. БСҰ және халықаралық сауда палатасы (ХСП): халықаралық сауданы реттеудегі олардың ролі

Тапсырмалар:

  1. ГАТТ құру және дамуының негізгі кезеңдерін қарастырыңыз.

  2. Уругвайлық раундтың (1986-1994 жж.) тәртібі мен шешімдерін талдаңыз.

  3. Қазіргі заманда БСҰның қызметін қарастырыңыз.

ОСӨЖ өткізу нысаны: практикум, дискуссия, өзіндік жұмыс сабағы, зерттеу сабағы.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар: БСҰның негізгі міндеті болып әлемдік сауданың либералзациясы табылғандықтан, ГАТТ\БСҰ негізгі құжаттарына аса назар аударыңыздар. Оларды жинап, талдаңыздар.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5 п. қараңыз)

Тақырып 5. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) қызметінің бағыттары

Тапсырма:

  1. Ұйым құрылымы бойынша схемалар құрастыру.

ОСӨЖ өткізу нысаны: практикум, дискуссия, өзіндік жұмыс сабағы, зерттеу сабағы.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар: Оқу материалын зерттеу және түсіну категориялардың мазмұнын түсіну арқылы қабылдануы мүмкін (пән, объект, субъект, байланыстары, қатынастары). Нақты өмірден нақты мысалдар келтіру арқылы негізгі материал, негізгі түсініктерді қарастырыңыздар.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5 п. қараңыз)

Тақырып 6. Халықаралық қаржылық ұйымдар

Тапсырмалар:

  1. Глосариймен жұмыс.

  2. ХВҚ несиелеудің негізгі механизмдерін қарастырыңыз.

ОСӨЖ өткізу нысаны: практикум, дискуссия, өзіндік жұмыс сабағы, зерттеу сабағы.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар: Оқу материалын зерттеу және түсіну категориялардың мазмұнын түсіну арқылы қабылдануы мүмкін (пән, объект, субъект, байланыстары, қатынастары). Нақты өмірден нақты мысалдар келтіру арқылы негізгі материал, негізгі түсініктерді қарастырыңыздар.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5 п. қараңыз)

Тақырып 7. Халықаралық стандарттау және сертификаттау (ИСО) және Бүкіләлемдік интеллектуалды меншік ұйымы (БИМҰ)

Тапсырмалар:

        1. «ИСО құрамына кіретін институттар» атты құрылымдық-логикалық схема құрастыру.

        2. «ИСО құрылымы» атты құрылымдық-логикалық схема құрастыру.

        3. БИМҰ мақсаттарын талдаңыз.

        4. БИМҰ қызметінің негізгі бағыттарын қарастырыңыз, схема құрастырыңыз.

ОСӨЖ өткізу нысаны: практикум, дискуссия, өзіндік жұмыс сабағы, зерттеу сабағы.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар: ИСО институттары мен құрылымы туралы білімдерді жүйелеу мақсатында құрылымдық-логикалық схемаларды құрастыру ұсынылады, ол берілген материалды оңай қабылдауға мүмкіндік береді.

Оқу материалын зерттеу және түсіну категориялардың мазмұнын түсіну арқылы қабылдануы мүмкін (пән, объект, субъект, байланыстары, қатынастары). Нақты өмірден нақты мысалдар келтіру арқылы негізгі материал, негізгі түсініктерді қарастырыңыздар.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5 п. қараңыз)

Тақырып 8. МАГАТЭ – ядролық энергетика саласындағы халықаралық ұйым: жаңа мүмкіндіктері және қауіптер

Тапсырмалар:

  1. «МАГАТЭ функциялары» атты құрылымдық-логикалық схема құрастыру.

  2. МАГАТЭ қызметінің негізгі салаларын талдаңыз.

ОСӨЖ өткізу нысаны: практикум, дискуссия, өзіндік жұмыс сабағы, зерттеу сабағы.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар: МАГАТЭ функциялары туралы білімдерді жүйелеу мақсатында құрылымдық-логикалық схемаларды құрастыру ұсынылады, ол берілген материалды оңай қабылдауға мүмкіндік береді.

Оқу материалын зерттеу және түсіну категориялардың мазмұнын түсіну арқылы қабылдануы мүмкін (пән, объект, субъект, байланыстары, қатынастары). Нақты өмірден нақты мысалдар келтіру арқылы негізгі материал, негізгі түсініктерді қарастырыңыздар.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5 п. қараңыз)

Тақырып 9. Мұнай-газ саласындағы халықаралық ұйымдар

Тапсырмалар:

  1. ОПЕК құрылымы бойынша схемалар құрастыру.

  2. ГЭМФ құрылуына ЕО және АҚШ реакциясын талдаңыз.

ОСӨЖ өткізу нысаны: практикум, дискуссия, өзіндік жұмыс сабағы, зерттеу сабағы.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар: Оқу материалын зерттеу және түсіну категориялардың мазмұнын түсіну арқылы қабылдануы мүмкін (пән, объект, субъект, байланыстары, қатынастары). Нақты өмірден нақты мысалдар келтіру арқылы негізгі материал, негізгі түсініктерді қарастырыңыздар.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5 п. қараңыз)

Тақырып 10. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ – ОБСЕ)

Тапсырмалар:

  1. Жаңа Еуропа үшін Париж Хартиясын талдаңыз.

  2. ЕҚЫҰ жаңа институттарын табыңыз және олардың қызметтерін сипаттаңыз.

ОСӨЖ өткізу нысаны: практикум, дискуссия, өзіндік жұмыс сабағы, зерттеу сабағы.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар: Берілген әдебиеттерді зерттеу негізінде, сонымен қатар негізгі институттардың қызметтерін талдауы арқылы еуропалық қауіпсіздік үрдісінде ЕҚЫҰ ролін анықтаңыз, ЕҚЫҰ жаңа институттарының құрылымын, олардың қызмет принциптерін талдаңыз.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5 п. қараңыз)

Тақырып 11. Халықаралық спорт экономикасы және басқару

Тапсырмалар:

  1. Халықаралық Олимпиялық және Параолимпиялық қозғалыстарын басқару құрылымын қарастырыңыз, кестесін құрастырыңыз.

  2. Халықаралық спортты (футбол, конькимен тебу және әуесқой бокс) басқару құрылымын қарастырыңыз және экономикалық мәнін жазбаша талдаңыз.

  3. Халықаралық футбол, конькимен тебу және әуесқой бокстағы бар мәселелерді талдаңыз және шешу жолдарын ұсыныңыз.

ОСӨЖ өткізу нысаны: практикум, дискуссия, өзіндік жұмыс сабағы, зерттеу сабағы.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар: Тақырыпты бекіту мақсатында студенттерге жеке жазбаша жұмыстары беріледі. Ұсынылған халықаралық ұйымдардың негізгі сипаттамаларының талдауы, жалпы және арнайы ақпарат, дамуының негізгі мәселелері мен перспективаларын қарастырып өту міндетті болып табылады. Өзіндік жұмыс талаптарға сәйкес рәсімделеді және оқытушыға тапсырылады.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5 п. қараңыз)

Тақырып 12. Аймақтық интеграциялық бірлестіктер

Тапсырмалар:

  1. Еуропалық Одақтың құрылу және дамуының негізгі кезеңдерін қарастырыңыз, кесте құрастырыңыз.

  2. Еуропалық Одақ құрылымын, қызметтерінің принциптерін талдаңыз.

  3. Нақты мысалмен жаңа елдерді мүшелікке қабылдау үрдісін, сонымен қатар шешім қабылдау үрдісін қарастырыңыз.

  4. НАТОның Шығысқа қарай мүмкін кеңею үрдісін қарастырыңыз, оң және теріс жақтарын кесте түрінде рәсімдеңіз (жаңа мүше елдерді қабылдау).

  5. Араб және ислам әлемінің халықаралық ұйымдарының пайда болу және дамуын талдаңыз (ЛАГ, ИКҰ, ССГПЗ, Араб Магрибының Одағы).

  6. Посткеңестік кеңістікте халықаралық ұйымдардың пайда болуы мен дамуын талдаңыз (ШЫҰ, ГУАМ, ЕурАзЭЫ, ҰҚКҰ).

ОСӨЖ өткізу нысаны: практикум, дискуссия, өзіндік жұмыс сабағы, зерттеу сабағы.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар: Оқу материалын зерттеу және түсіну категориялардың мазмұнын түсіну арқылы қабылдануы мүмкін (пән, объект, субъект, байланыстары, қатынастары). Нақты өмірден нақты мысалдар келтіру арқылы негізгі материал, негізгі түсініктерді қарастырыңыздар.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5 п. қараңыз)

Тақырып 13. БРИКС тобы (Бразилия Ресей Федерациясы Үндістан Қытай Халық Республикасы Оңтүстік-Африка Республикасы) және Кедендік (Еуразиялық) Одақ

Тапсырмалар:

  1. БРИКС тобының құрылу және дамуының негізгі кезеңдерін қарастырыңыз, кесте құрастырыңыз.

  2. БРИКС тобының құрылымын, қызметтерінің принциптерін талдаңыз.

  3. Нақты мысалмен жаңа елдерді мүшелікке қабылдау үрдісін, сонымен қатар шешім қабылдау үрдісін қарастырыңыз.

  4. БРИКС тобының мүмкін кеңею үрдісін қарастырыңыз, оң және теріс жақтарын кесте түрінде рәсімдеңіз (жаңа мүше елдерді қабылдау).

  5. Кедендік Одақтың (Еуразиялық Одақтың) пайда болу және дамуын талдаңыз.

  6. Нақты мысалмен жаңа елдерді мүшелікке қабылдау үрдісін, сонымен қатар шешім қабылдау үрдісін қарастырыңыз, құжаттама жинаңыз.

  7. Кедендік Одақтың (Еуразиялық Одақтың) мүмкін кеңею үрдісін қарастырыңыз, оң және теріс жақтарын кесте түрінде рәсімдеңіз (жаңа мүше елдерді қабылдау).

ОСӨЖ өткізу нысаны: практикум, дискуссия, өзіндік жұмыс сабағы, зерттеу сабағы.

Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар: Оқу материалын зерттеу және түсіну категориялардың мазмұнын түсіну арқылы қабылдануы мүмкін (пән, объект, субъект, байланыстары, қатынастары). Нақты өмірден нақты мысалдар келтіру арқылы негізгі материал, негізгі түсініктерді қарастырыңыздар.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5 п. қараңыз)

Тақырып 14. Халықаралық жүйедегі формалды емес институттар

Тапсырмалар:

  1. Үлкен сегіздіктің Украинадағы жағдаймен байланысты мәселелерін қарастырыңыздар, өз ойларыңызды білдіріңіз.

  2. Үлкен сегіздік пен үлкен жиырмалықтың мақсаттары мен міндеттерін қарастырып шығыңыз.

  3. Берілген ұйымдардың жалпы және айрықша ерекшеліктерін тауып, сонымен қатар болашақтағы даму мәселелерін талдаңыз.