Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mezhdunarodnye_ekonomicheskie_organizatsii_2015_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
489.47 Кб
Скачать

6. Дәрістік кешен (дәрістер тезистері)

Тақырып 1. Халықаралық экономикалық ұйымдар: түсінігі, функциялары және түрлері

Курс пәні. «Халықаралық экономикалық ұйымдар» термині. Халықаралық экономикалық ұйымдардың пайда болу үрдісі. Халықаралық экономикалық ұйымдардың пайда болуының құқықтық базасы. Халықаралық экономикалық ұйымдардың классификациясы. Халықаралық экономикалық ұйымдардың белгілері. Халықаралық ынтымақтастықтың мазмұны және формалары. Жаhандану шартындағы халықаралық экономикалық ұйымдар. Интеграция мәселелерін зерттеу бойынша халықаралық және аймақтық зерттеу және оқыту орталықтары, қорлары мен институттары.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5п. қарау)

Тақырып 2. БҰҰ – жаһандық жүйенің негізі

БҰҰ әмбебап ұйымы ретінде. БҰҰ пайда болу тарихы және алғышарттары. БҰҰ жарғысы. БҰҰ негізгі мақсаттары мен принциптері. Мемлекеттер - БҰҰ мүшелері. БҰҰ бақылаушылары. Ресми тілдер. Ұйым құрылымы. БҰҰ бюджеті. БҰҰ жүйесі. БҰҰ бағдарламалары және өзге де органдар. Мамандандырылған мекемелер және өзге де ұйымдар. Бас Ассамблея (БА), негізгі функциялары, міндеттері. БА қосалқы органдары. Шешімдер қабылдау. Бас Ассамблеяның сессиялары. БҰҰ қызмет саласындағы Бас Ассамблеяның ролі мен функциялары. Қауіпсіздік Кеңесі (ҚК). Негізгі функциялары мен міндеттері. ҚК құрамы. ҚК құрылымы. Қосалқы органдар (тұрақты комитеттер, уақытша органдар) ашық құрамы комитеттері. Санкциялар бойынша комитеттер. Халықаралық трибуналдар. Қауіпсіздік Кеңесінің құзыреттілігі. Мемлекеттер – ҚК мүшелері. ҚК шешім қабылдау. БҰҰ жүйесіндегі ұйымдармен ынтымақтастықтың коммерциялық аспектілері. ҚК реформалау туралы мәселелер.

Әдебиеттер: 127 (5п. қарау)

Тақырып 3. Үкіметаралық ұйымдар және БҰҰ-мен байланысты мекемелер

ЮНКТАД - Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы құрылымының мақсаттары мен міндеттері. Ұйымдардың қаржыландырылуы. Қызметтің негізгі бағыттары және ЮНКТАД-тың негізгі жетістіктері. ЮНКТАД және өзге де ұйымдар.

БҰҰ даму бағдарламалары (БҰҰДБ). Қызметтің салалары мен бағыттары. Негізгі міндеттері. ЮНИСЕФ (БҰҰ балалар қоры). Қызмет аймақтары. Негізгі міндеттері. БҰҰДБ мақсаттары, құрылымы және міндеттері. БҰҰДБ бюджеті. БҰҰДБ қызметінің негізгі бағыттары.

ЮНИДО - Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы қызметінің негізгі бағыттары. Мақсаттары мен міндеттері. Ұйымның құрылымы. ЮНИДО және өзге де халықаралық ұйымдар. ЮНИДО құру бойынша БҰҰ қарары–өндірістік дамуы бойынша ұйым. ЮНИДО мақсаты мен иіндеттері. ЮНИДО құрылымы. Функциялары. Мемлекеттер – мүшелері. ЮНИДО реформаларының бағдарламалары. ЮНИДО жобалары. Ұйымның инвестициялық желісі. ЮНИДО және БҰҰДБ біріккен жобасы.

ФАО пайда болу тарихы.Қызметтің құрылымы, мақсаты мен бағыттары. Қызметтің жүзеге асу механизмі және қаржыландырылуы.

ЮНКТАД/ВТО — МТЦ (International Trade Center Unctad/WTO — ITC) халықаралық сауда орталығы дамушы елдерге және халықаралық сауда мен оның экспорттық потенциалда дамуында ауыспалы кезеңдегі экономикасы бар елдерге техникалық жәрдем көрсету бойынша БҰҰ жүйесінің халықаралық үкіметаралық ұйымы болып табылады.

Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ комиссиясы — ЮНСИТРАЛ (United Nations Commission on In¬
ternational Trade Law — UNCITRAL) БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен 1966 жылғы 17 желтоқсанда 2205 (XXI) резолюциясына сәйкес бекітілді. ЮНСИТРАЛ коммерциялық мәмілелер үшін заманауи, әділетті, келісілген ережелер дайындайды.

Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Шекаралық конвенциясына Киот хаттамасы (РКИК) — бұл 2008—2012 жж. парниктік газдарды лақтыруды бақылау туралы халықаралық келісім. Киот хаттамасы пилотты сипаттағы бағдарлама, оның мақсаты — бес жылдың ішінде Жер атмосферасына парниктік газдарды лақтыруды төмендетудің жаңа экономикалық механизмдерін ұдайы ретке келтіру және іске қосу шаралары — квоталар, бірлесіп жүзеге асырылған жобалар және таза дамуды саудалау.

БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша — ЮНЕСКО (the United Nations Educational, Scientific
and Cultural Organization — UNESCO). БҰҰ Лондондық конференциясы және ЮНЕСКО бекітуі. ЮНЕСКО жарғысы. ЮНЕСКО мақсаттары мен міндеттері. Мүшелік. Ассоциацияланған мүшелері. Құрылымы. Бас конференция. Атқарушы кеңес. Ұлттық комиссиялар. Аймақтық құрылымдар. Секретариат. ЮНЕСКО қызметі. ЮНЕСКО серіктестері. Басымдылығы бар аймақтар. Халықаралық комиссиялар, комитеттер және ЮНЕСКО өзге де серіктестері. ЮНЕСКО бағдарламалары мен іс шаралары. ЮНЕСКО жыл сайынғы конференциялары мен кездесулері. Халықаралық келісімдер дайындаудағы ЮНЕСКО ролі.

Дүниежүзілік туристік ұйым — ЮНВТО (United Nations
World Tourism Organization — UNWTO) — БҰҰ арнайы мамандандырылған мекемесі, туризм және саяхат жасау саласында алдыңғы қатарлы халықаралық ұйым болып табылады. Ол туристік саясат және туристік ноу-хау тәжірибелік қайнар көзі аймағындағы жаhандану форумы ретінде болады.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5п. қарау)

Тақырып 4. БСҰ және Халықаралық сауда палатасы: олардың халықаралық сауданы реттеудегі ролі

Көпжақты сауда келіссөздердің Уругвайлық раунды. Уругвайлық раундтың негізгі қорытындылары. Уругвайлық раунд нәтижесінде жеткен бітімнің қысқаша мазмұны. Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — функциялары, міндеттері, құрылымы және жұмыс механизмі, ДСҰ қосылу процедурасы. Ұйымға Кіру процедурасы және Қазақстан мен ДСҰ келіссөздерінің негізгі кезеңдері. Келіссөздердің негізгі кезеңдері. Кірме үрдісінің заманауи жағдайы. ДСҰ қосылу үрдісі.

Мақсаттары және міндеттері, КСК мүшелік. Ұйым құрылымы.қызметтің негізгі бағыттары.

Халықаралық сауда палатасы — ХСП (International Chamber of
Commerce — ICC) 1919 ж. Үкіметтік емес ұйым ретінде құрылған. Ол бүкіләлемдік масштабтағы іскерлік шеңберді біріктіреді және жеке кәсіпкерліктің ең ірі халықаралық ұйымы болып табылады. Оны жиі толық құқылы Дүниежүзілік бизнес ұйымы деп те атайды.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5п. қарау)

Тақырып 5. Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) қызметінің бағыттары

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымын (ЭЫДҰ) құру туралы конвенциясы. ЭЫДҰ мақсаттары. Мүшелік, мемлекеттер және ұйымдар – мүшелері. ЭЫДҰ мүше мемлекеттер және Ұйымға кіру процедурасы. ЭЫДҰ құрылымы, жұмыс жасау үрдісі және қаржыландырылуы. ЭЫДҰ жұмыс үрдісі. Құрылымы: Кеңес, Атқарушы Комитет, Комитеттер, жұмыс топтары, Халықаралық секретариат, департаменттер, Автономдық және жартылай автономдық органдар. Орталықтың қызметі. 15 ел үшін жұмыс бағдарламасы. «Сыну кезіндегі серіктес» бағдарламасы. «Үлкен жетілік» ролі.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5п. қарау)

Тақырып 6. Халықаралық қаржылық ұйымдары

Дүниежүзілік Банк. Пайда болу тарихы. Дүниежүзілік Банк Институттары. ДБ мақсаты мен алдағы негізгі міндеттері.

Дүниежүзілік Қайта Құру және Даму Банкінің пайда болуы (ДҚДБ). ДҚДБ мақсаттары мен міндеттері. Мемлекеттер – мүшелері. Құрылымы. ДҚДБ инвестициялық саясаты. ДҚДБ жүйесіндегі Халықаралық Даму Ассоциациясы (ХДА).

Халықаралық валюталық қорының пайда болу тарихы (ХВҚ). Мақсаттары мен міндеттері. Функциялары. Мемлекеттер – мүшелері. Құрылымы. ХВҚ саясаты және функциялану механизмі. Қарапайым механизмдер. Арнайы механизмдер. Техникалық көмек.

Халықаралық Қаржы Корпорациясының пайда болуы (ХҚК). ХҚК мақсаттары мен міндеттері. Мемлекеттер – мүшелері. Құрылымы. Қызметі.

Инвестициялық кепілдіктер жөніндегі Халықаралық агенттіктің пайда болуы (ИКХА). Мақсаттары мен міндеттері. Мемлекеттер – мүшелері. Құрылымы. Қызметі.

Халықаралық Даму Ассоциациясының пайда болуы (ХДА). Мақсаттары. Мүшелік. Мемлекеттер – мүшелері. Құрылымы. Қызметі.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5п. қарау)

Тақырып 7. Халықаралық стандарттау және сертификаттау (ИСО) және Бүкіләлемдік интеллектуалды меншік ұйымы (БИМҰ)

ИСО — бұл әлемнің 159 елдерінің ішіндегі стандарттау бойынша ұлттық институттар желісі, «әр қатысушы-елден бір мүшеден» қағидасы бойынша негізделген. ИСО федеративтік типтегі ұйым болып табылады. ИСО қызметінің негізгі әрекет өрісі — әлемдік сауда жүйесін ретке келтіру және бүкіл әлемде қолданылатын стандарттар жасау.
ИСО әлемдегі стандарттар жасаушыларының ің ірісі болып табылады. Бұл ұйымның негізгі қызметі техникалық стандарттар жасау болып табылады, бұл стандарттар экономикалық және әлеуметтік аймақтарда да өз қолданысын табады. ИСО жасаған халықаралық стандарттар барлық типтегі өндірістік және коммерциялық кәсіпорындарда, үкіметтік институттар, ресми сауда өкілдері, өндірушілер және мемлекеттік, сонымен қатар жеке меншік секторлардағы тауар тұтынушылары үшін жарамды, дегенмен өзінің негізінде олар түпкілікті тұтынушылар, яғни халық үшін арналады.

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ). 1883 ж. өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж конвенциясы және 1886 ж. Әдеби және көркем туындыларын қорғау туралы Берн конвенциясы. Мақсаттары мен міндеттері. ДЗМҰ. Функциялары. Мүшелік. Құрылымы. Әкімшілік кеңестер. Қызметі. ДЗМҰ екі негізгі аймағы.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5п. қарау)

Тақырып 8. МАГАТЭ ядролық энергетика саласындағы халықаралық ұйым: жаңа мүмкіндіктері және қауіптер

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік— МАГАТЭ (International Atomic Energy Agency — IAEA) ядролық технологияларды бейбіт пайдалану аймағындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың алдыңғы қатарлы халықаралық ұйымдарының бірі болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) шегінде 1957 ж. Атомдық ұйым ретінде пайда болды. Штаб-пәтері —
Вена қаласында. МАГАТЭ қатысушылары Ресей, АҚШ, Қытай, Үндістан, Франция, Ұлыбритания, Иран, Иракты қосқанда 145 мемлекетті қамтиды. Агенттік, сонымен қатар түрлі халықаралық ұйымдармен 64 шартқа отырған.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5п. қарау)

Тақырып 9. Мұнай-газ саласындағы халықаралық ұйымдар.

Багдад конференциясы және Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК). Каракастағы конференцияда ОПЕК Жарғысын қабылдау. Ұйым мақсаттары. Мүшелік. Мемлекеттер – мүшелері. Құрылымы: Конференция, комиссиялар, басқарушылар Кеңесі, ОПЕК экономикалық комиссиясы, ОПЕК секретариаты. Қызметі. ЕО және Халықаралық энергетикалық агенттікпен ақпарат алмасу аймағында ынтымақтастық. ОПЕК көмек көрсету жолдары. Қызметтің өзге де түрлері. Газ экспортерлері - елдерінің форумы — ГЭЕФ (Gas Exporting Countries Forum — GECF), немесе оны көбіне «газдық ОПЕК» деп те атайды — бұл халықаралық үкіметаралық ұйым болып табылады, ол әлемнің ең ірі газ өндірушілерін біріктіретін және қатысушы-елдердің өзара екіжақты мүдделерінің алға ұсыну және жылжуына бағытталған. Газ-экспорттаушы елдерді біріктіруші ұйымдардың пайда болу идеясы ең алғаш рет өткен ғасырдың 70 жж. Иран, Ирак және Катар үкіметтерінде пайда болған. Дегенмен, ол кезде мұндай ықыласқа ешкім ынтызар болмады. XXI ғасырдың басында газ өндірушілерінің өз әрекеттерінің үйлесімділігі мен сыртқы нарыққа жеткізілімі кезіндегі баға саясаты қажеттілігінің туындағанын жете түсінумен «ұмтылған» идеяны іске асыру жүзеге асады және 2001 ж. мамыр айында газ экспорттаушы - елдерінің форумы құрылған болатын.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5п. қарау)

Тақырып 10. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ – ОБСЕ).

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Кеңесінің Хельсинки Қорытынды актісі. ЕҚЫК қызметі. Белградтық кездесу және оның шешімдері. Мадридтік кеңес және оның нәтижелері. ЕҚЫК дамуы үшін Стокгольмдық конференциясының мәні.

Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясы. Жаңа институттардың пайда болуы. Берлиндік, Прагалық, Стокгольмдық және Римдік кездесулердің Кеңес дамуындағы ролі. Хельсинки декларациясы, 1992 ж. Веналық декларация. ЕҚЫК мәртебесінің өзгеруі және ЕҚЫК пайда болуы. ЕҚЫК мақсаттары мен міндеттері. Он қағида. Құқықтары (Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясы). Мемлекеттер – мүшелері. Құрылымы және институттары. ЕҚЫК және адам құқықтары. Адами өлшем міндеттемелерін сақтауды қамтамасыз ету механизмы. ЕҚЫК Стамбул хартиясы.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5п. қарау)

Тақырып 11. Халықаралық спорт экономикасы және басқару

Халықаралық Олимпиялық комитет (ХОК – МОК) және Халықаралық Параолимпиялық комитет (ХПК – МПК) миссиясы, ролі, қаржыландырылуы және шешім қабылдау үрдісі. Халықаралық Олимпиялық комитет және Халықаралық Параолимпиялық комитеттің басқару құрылымы. ХОК, ХПК қаржысы және әкімшілігі. Олимпия Ойындарының мәселелері мен шиеленістері. Дамуының мүмкін сценарииі және болжамдары.

Халықаралық футболды басқару құрылымы. УЕФА, ФИФА қаржысы және әкімшілігі. Еуропалық футбол индустриясының мәселелері мен шиеленістері. Дамуының мүмкін сценарииі және болжамдары. УЕФА Еуропалық контингент елдерінің ұлттық футбол федерациясы құрайтын ассоциация болып табылады. Ұйымның әр мүшесі ұйым Жарғысының нормалары мен ережелерін ұстануға міндетті және өз жарғысында сәйкесінше регламенттеуі болуы қажет. Ұйымның штаб-пәтері Женевада орналасқан, оның құқықтық жағдайы швейцариялық құқық нормаларына бағынышты.

Халықаралық конькимен тебу Одағы: құрылу тарихы, құрылымы, әкімшілігі және қаржыландырылуы, әкімшілігі. Халықаралық конькимен тебу Одағының мәселелері мен шиеленістері. Дамуының мүмкін сценарииі және болжамдары.

Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы: құрылу тарихы, құрылымы, әкімшілігі және қаржыландырылуы, әкімшілігі. Халықаралық әуесқой бокс Ассоциациясының мәселелері мен шиеленістері. Дамуының мүмкін сценарииі және болжамдары.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5п. қарау)

Тақырып 12. Аймақтық интеграциялық бірлестіктер

ЕО негізгі мақсаттары және қағидалары. Мемлекеттер – мүшелері. ЕО органдары: Еуропалық Кеңес, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақ Кеңесі, Еуропалық комиссия, Еуропалық сот. Олардың құрамы, функциялары, міндеттері және қызметі. Шешімдер қабылдау принципі. Еуропалық Бірлестік. Шешімдер қабылдау үрдісі. Шешім қабылдаушы бірлестік органдары. Мақсаттары. Құрылымы. Экономикалық және Валюталық одақ (ЭВО). Орталық банктердің Еуропалық жүйесі (ОБЕЖ). ОБЕЖ сыртқы саясаты. Еуропалық орталық банк (ЕОБ). Еуропалық валюта жүйесі (ЕВЖ). Қызмет бағыттары. Мемлекеттер – мүшелері.

Солтүстік Американдық континентінің геосаясаты. Мексиканың қатысуымен Солтүстік Американдық зонасында еркін сауданың пайда болуы (НАФТА, 1994). НАФТА келісімі. Солтүстік Американдық континенттің бірыңғай шаруашылық-экономикалық кешенге айналуы. Канада мен АҚШ екі ел арасында еркін сауда режимін енгізу туралы Келісімі. Солтүстік Американдық интеграцияның әскери аспектілері.

Соғыстан кейінгі кезеңдегі америкааралық ынтымақтастықтың дамуы. 1948 ж. Американдық мемлекет ұйымдарының пайда болуы. "ЭКЛА" доктринасын дайындау Латын Америка (ЭКЛА) үшін БҰҰ Экономикалық Комиссиясының қатысуымен латынамерикандық экономистер мен әлеуметтанушылар тобымен бірге.

Оңтүстік Америка және Мексика елдері, Монтевидео Шартына қол қою. 1960ж. Латынамерикандық еркін сауда ассоциациясының пайда болуы (ЛЕСА). Мемлекеттердің Анд тобы – Анд елдерінің интеграциялық одағы. 1960 ж. Картахендік келісімі және Орталықамерикандық жалпы нарықтың пайда болуы (ОАЖН). Еркін сауда және кеден одағы зонасының пайда болуы. Анд тобының Анд жүйе интеграциясына өзгеруі. ОАЖН саяси интеграция жолында. Лимада Латынамерикандық парламенттің пайда болуы. 1967 ж. Ядролықсыз аймақтың пайда болуы туралы Тлателолько шарты.

Кариб еркін сауда ассоциациясы (КЕСА, 1968ж.). Кариб жалпы нарығы (КАРИКОМ, 1973). Латынамерикандық экономикалық жүйесінің пайда болуы (ЛАЭЖ, 1973). «Амазондық бастама». Амазонка бассейні елдерінің экономикалық және әскери-саяси байланыстарының дамуы.

"Аймақтық" державалар — Бразилия, Мексика және Аргентина. Латын Америкада көшбасшылыққа ұмтылу. 1986 ж. Бразилия және Аргентинаның экономикалық одақ туралы келісімі. Оның Оңтүстік Америкалық жалпы нарығына айналуы (МЕРКОСУР, 1991ж.). МЕРКОСУР эволюциясы және кеден баждарынан босату мен жалпы сыртқы тариф бар кеден одағының пайда болуы (1995).

Вашингтон шартына қол қою және ратификациялау. Халықаралық қатынастардың биполярлық жүйесі шартындағы НАТО қызметі. Әлемдегі саяси жағдайдың өзгеруі және НАТО өтініштері. 1990 ж. Лондон декларациясы. 1991 ж. Рим декларациясы. 1991 ж. Альянстың жаңа стратегиялық концепциясы. 1994 ж. Брюссельдегі НАТО Кеңесінің өтініштері. НАТО мақсаттары мен міндеттері. Мемлекеттер – мүшелері. Азаматтық құрылымы: Солтүстікатлантикалық кеңес, тұрақты кеңес, Қорғаныстық жоспарлау Комитеті, Ядролық жоспарлау тобы, Өзге де комитеттер, Бас секретариат. Әскери құрылымы: Әскери комитеттер, Тұрақты әскери комитет, Халықаралық әскери штаб. Қазіргі заман әлеміндегі НАТО ролі.

Араб бірлігі идеясы. Араб мемлекеттер федерациясын жасау жоспары. Араб лига Пактісі және Араб мемлекеттерінің Лигасын құру (АМЛ). АМЛ мақсаттары. Мүшелік. Мемлекеттер – мүшелері. Құрылымы: АМЛ Кеңесі, Комитеттері, Бас секретариат, Институттар және ұйымдар, Экономикалық мәселелер бойынша Кеңес, Қауіпсіздіктің Біріккен кеңесі, Тұрақты әскери комиссиясы. Институттар және мамандандырылған органдар. Іргелі құжаттар. Қызметтің кезеңдері. АМЛ реформалау мәселелері.

Исламдық конференция ұйымының пайда болуы (ИКҰ). Мемлекеттер басшылары және Рабаттағы мұсылман елдерінің үкіметтерінің конференциясы. ИКҰ Жарғысы. Мақсаттары. Мүшелік. Мемлекеттер – мүшелері. Құрылымы: үкімет және мемлекет басшыларының конференциясы, Сыртқы істер министрлерінің конференциясы, Бас секретариат, Комиссиялары. Ұйым институттары. Жұмыс жасау тілдері.

ССГПЗ пайда болуы, Араб Магриб кеңесі. Қызметтің негізгі бағыттары. Құрылымы, функциялары. Мемлекеттер – мүшелері.

АТС, СТС пайда болуы. Мақсаттары, міндеттері, функциялары. Ұйымның даму тарихы. Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттер Ассоциациясын құру (АСЕАН). Мақсаттары. Мүшелік. Мемлекеттер – мүшелері. Құрылымы: үкімет және мемлекет басшыларының конференциясы, Сыртқы істер министрлерінің кездесулері, тұрақыт комитет, экономика министрлерінің кездесулері, АСЕАН елдерінің өзге де министрлерінің кездесулері, Сыртқы істер және экономика министрлерінің біріккен кездесулері, Ұлттық секретариаттар, Кеңес беру кездесулері, Комитеттері, АСЕАН секретариаты, Парламентаралық ұйым. Қызметі, АСЕАН эмблемасы. Құрамында АСЕАН бар екендігі есепке алына отырып АТР топтамалары және ұйымдары: Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО), Азиа-Тынықмұхиттық экономикалық ынтымақтастық (АПЕК), Шығыс-Азиялық экономикалық жиыны (ВАЭС), Экономикалық ынтымақтастық бойынша Тынықмұхиттық конференция (ТКЭС). Мақсаттары. Мүшелік. Мемлекеттер – мүшелері. АНЗЮС ПАКТ пайда болуы. Мақсаттары. Мүшелік. Мемлекеттер – мүшелері. Құрылымы. Қызметі. Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіндегі елдер үшін Комиссияның пайда болуы (КЮТО). Мақсаттары. Мүшелік. Мемлекеттер – мүшелері. Құрылымы: Тынық мұхитының оңтүстік бөлігі үшңн Конференция, үкімет және әкімшілік өкілдері Комитеті, КЮТО әкімшілік комитеті. Қаржыландыру қайнар көзі. Қызметі. КЮТО эмблемасы. Ресми тілдер. ФЮТР пайда болуы. Мақсаттары, міндеттері, ФЮТР шегіндегі қызмет.

Африка территориясындағы интеграциялық үрдістер. Африкандық аймақтағы мемлекеттердің ынтымақтастық саласы. Африканың халықаралық ұйымдарының пайда болуы (Африка одағы, ЭКОВАС, КОМЕСА, САДК). Ұйымның пайда болу тарихы, мақсаттары, міндеттері, функциялары. Мемлекеттер – мүшелері, мемлекеттер – бақылаушылар. Құрылымы. Африкадағы интеграциялық бірлестіктердің даму тиімділігі мәселелері.

ТМД пайда болуы туралы Минск Келісімі (1991), Алматылық Декларация және Минск шартына Хаттама. Ынтымақтастық Жарғысы. ТМД мақсаттары және қағидалары.ТМД қосылу тәртібі. Мемлекеттер – мүшелері. Құрылымы: Мемлекет басшыларының Кеңесі, Үкімет басшыларының Кеңесі, Халықаралық экономикалық комитет, Сыртқы істер министрлер кеңесі, Қауіпсіздік министрлер кеңесі, ТМД біріккен қарулы күштерінің жоғарғы командованиесі, Шекаралық әскерлерді басқарушылар Кеңесі, Экономикалық сот, Мемлекетаралық банк, ТМД атқарушы секретариаты.

Постсоветтік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер. Еуразиялық идея аймақтағы интеграция және халықаралық ынтымақтастықтың қайнар көзі ретінде.

ЕурАзЭҚ – экономикалық ынтымақтастықтың жалпы стратегиясы. Ұйымның мақсаттары, міндеттері, құрылымы. Мемлекеттер – мүшелері.

ГУАМ пайда болу мақсаттары. Құрылымы, функциялары. Постсоветтік кеңістіктегі ұйымдардың даму нәтижелілігі.

ОДКБ аймақтық қауіпсіздік жолында. ОДКБ пайда болуы, мақсаттары, міндеттері, қызметтің негізгі бағыттары.

ШЫҰ пайда болу тарихы. Мақсаттары, міндеттері, функциялары. Мемлекеттер – мүшелері, мемлекеттер – бақылаушылары. ШЫҰ аймақтық әсер ету орталығына айналу жолында. Жаhандану шарттарындағы ШЫҰ перспективасы.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5п. қарау)

Тақырып 13. БРИКС тобы (Бразилия – Ресей Федерациясы – Үндістан – Қытай Халық Республикасы – Оңтүстік-Африка Республикасы) және Кедендік (Еуразиялық) Одақ.

БРИКС негізгі мақсаттары және қағидалары. Мемлекеттер – мүшелері. БРИКС органдары: Кеңес, Одақ Кеңесі, жұмыс комиссиялары. Олардың құрамы, функциялары, міндеттері және қызметі. Шешімдер қабылдау принципі. Бірлестік. Шешімдер қабылдау үрдісі. Шешім қабылдаушы бірлестік органдары. Мақсаттары. Құрылымы. Қызмет бағыттары. Мемлекеттер – мүшелері. Олардың экономикалық қызметтері, көрсеткіштері, болашағы және кеңею аймағы.

Кедендік Одақтың негізгі мақсаттары және қағидалары. Мемлекеттер – мүшелері. Кедендік Одақтың органдары: Кеңес, Одақ Кеңесі, жұмыс комиссиялары. Олардың құрамы, функциялары, міндеттері және қызметі. Шешімдер қабылдау принципі. Бірлестік. Шешімдер қабылдау үрдісі. Шешім қабылдаушы бірлестік органдары. Мақсаттары. Құрылымы. Қызмет бағыттары. Мемлекеттер – мүшелері. Олардың экономикалық қызметтері, көрсеткіштері, болашағы және кеңею аймағы. Қырғызстан мен Арменияның Кедендік Одаққа қосылуы. Еуразиялық Одақтың құрылуы.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5п. қарау)

Тақырып 14. Халықаралық жүйедегі формалды емес институттар

Үлкен сегіздік (англ. Group of Eight; G8) — бұл мемлекет басшыларының жыл сайынғы кездесулерін өткізу механизмі арқылы әлем дамуындағы мәні бар мәселелерді реттеу бойынша өз әрекеттерін үйлестіретін әлемдегі сегіз ықпалды экономикалық державасының саммиттері. Топтың басты мақсаты — өзге де халықаралық институттармен өзара әрекет етудегі ұлттық және халықаралық деңгейдің қабылданған саяси мотивацияланған міндеттемелерді кейін де жүзеге асыруда заманауи дамудағы маңызды мәселелерді шешу бойынша келісілген шараларға шығу.

Үлкен сегіздік елдері — бұл Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Ресей, Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттары.

Үлкен жиырмалық (англ. Group of Twenty Finance Ministers and Central Bank Governors; G-20) — бұл қаржы министрлері және нарықтық экономикасы бар жаңа дамушы және өнеркәсіптік дамыған елдердің орталық банктер төрағаларының бейресми үйлесімдік форумы. Үлкен жиырмалықтың құрылу тарихы Канада мен Германия қаржы министрлерінің төрағалығымен 1999 ж. 15-16 желтоқсан айында Берлин қаласында 20 елдің орталық банктердің төрағалары мен қаржы министрлерінің кездесуінде құрылған болатын.

Үлкен жиырмалықтың мүшелері: 19 ел - Австралия, Аргентина, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Индонезия, Италия, Канада, Қытай, Мексика, Ресей, Сауд Арабиясы, Америка Құрама Штаттары, Түркия,
Франция, ОАӘ, Оңтүстік Корея, Жапония. Топтың жиырмасыншы қатысушысы төрағалық етуші ел және Еуропалық орталық банктің басшысымен ұсынылған Еуропалық одақ болып табылады.

Әдебиеттер: 1 – 27 (5п. қарау)