- •Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқау
- •Құрастырушы: ассистент Курышжанова к.Р.
- •М.Ғ.Д.,проф. __________ Мырзақұлова ұ.Р.
- •1.Тақырып №11. Терінің, еріннің қызыл жегі, ауыз қуысының шырышты қабатының ісікалды аурулары. Клиникасы, диагностикасы, емі.
- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім беру және оқыту әдістері (аралас)
- •7. Хронометраж
- •8. Білім деңгейін бағалауға арналған сұрақтар:
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ |
||
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА |
||
Хирургиялық стоматология модулі
Пәні – Хирургиялық стоматология HS 5306.
МАМАНДЫҒЫ: 051302 «Стоматология»
Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқау
№ 11 тақырып: «Терінің, еріннің қызыл жегі, ауыз қуысының шырышты қабатының ісікалды аурулары. Клиникасы, диагностикасы, емі».
Академиялық сағаттардың көлемі – 3 академиялық сағат
КУРСЫ: 5
семестрі – 9,10
2015 ж.
Құрастырушы: ассистент Курышжанова к.Р.
Модуль отырысында талқыланды
Хаттама № 1 « 8 » тамыз 2015 ж.
Бекіткен:
Хирургиялык стоматология модулінің жетекшісі
М.Ғ.Д.,проф. __________ Мырзақұлова ұ.Р.
1.Тақырып №11. Терінің, еріннің қызыл жегі, ауыз қуысының шырышты қабатының ісікалды аурулары. Клиникасы, диагностикасы, емі.
2. Мақсаты: Терінің, ауыз қуысының шырышты қабатының,еріннің қызыл жегінің ісікалды ауруларының емдеу жоспарын және клиника, диагностика білімдерін құрастыру.
Терінің, ауыз қуысының шырышты қабатының,еріннің қызыл жегінің ісікалды ауруларының емдеу және диагностикалау дағдыларын құрастыру.
Терінің, ауыз қуысының шырышты қабатының, еріннің қызыл жегінің ісікалды ауруларын хирургиялық емдеу кезіндегі хирургиялық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын құрастыру.
Клиникадағы медициналық тұлға және ұстаздар арасындағы тіл табысу кезіндегі медициналық терминдерді сауатты және еркін қолдану дағдыларын құрастыру.
Құқықтық компетенцияны құрастыру – терінің, ауыз қуысының шырышты қабатының, еріннің қызыл жегінің ісікалды ауруларын хирургиялық емдеу кезіндегі асептика және антисептиканы сақтау, емдеу және диагностикалау хаттамасын сақтау.
Студенттердің өзіндік жұмыс жасау кезіндегі әдебиеттерді, ақпаратты электронды тасымалдау жүйесі бойынша реферат жазу ережелерін құрастыру.
3. Оқыту тапсырмалары:
Терінің, ауыз қуысының шырышты қабатының, еріннің қызыл жегінің ісікалды ауруларының классификациясымен таныстыру.
Түсіндіру «ісікалды», «облигатты ісікалды», «факультативті ісікалды», «малигнизация», « Боуэн ауруы», «ісікалды өсінді», «канцерогенді факторлар».
2. Терінің, ауыз қуысының шырышты қабатының, еріннің қызыл жегінің ісікалды ауруларының патоморфологиясымен таныстыру.
cancer in situ түсінігі ( интраэпителиальді рак инвазивті өсусіз). Атипиялық жасушалардың биопсия материялында гистологиялық анықталуы.
3. Терінің, ауыз қуысының шырышты қабатының, еріннің қызыл жегінің ісікалды ауруларының клиникасымен таныстыру.
« онкоқауіпсіздік» түсінігі.
4. Терінің, ауыз қуысының шырышты қабатының, еріннің қызыл жегінің ісікалды ауруларының әр түрлі түрлерімен науқасты демонстрациялау.
5. Терінің, ауыз қуысының шырышты қабатының, еріннің қызыл жегінің ісікалды ауруларының диагностикалау әдістерімен таныстыру және демонстрациялау.
6. Терінің, ауыз қуысының шырышты қабатының, еріннің қызыл жегінің ісікалды ауруларының хирургиялық емдеудегі маңыздылығын ашу.
7. Терінің, ауыз қуысының шырышты қабатының, еріннің қызыл жегінің ісікалды ауруларының терапиядағы маңыздылығын ашу.
8. Терінің, ауыз қуысының шырышты қабатының, еріннің қызыл жегінің ісікалды ауруларын операциямен алуға арналған құралдармен таныстыру.
9. Терінің, ауыз қуысының шырышты қабатының, еріннің қызыл жегінің ісікалды ауруларын алу әдістерін демонстрациялау.
10. Терінің, ауыз қуысының шырышты қабатының, еріннің қызыл жегінің ісікалды ауруларын емдеуге қолданылатын препараттармен таныстыру.
11.Гистологиялық зерттеу, УЗИ, МРТ, КТ нәтижелерінің интерпретациясына қарау.
12. Терінің, ауыз қуысының шырышты қабатының, еріннің қызыл жегінің ісікалды ауруларын емдеу және диагностикалау стандартына қарау.
13.Асептика және антисептика ережелерімен таныстыру.
