Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
18 мет каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.84 Кб
Скачать

9.Әдебиеттер.

Негізгі:

  1. Бернадский Ю. И. Основы челюстно-лицевой хирургии и хирургический стоматологии. – Москва. 2000. 122-151 с.

  2. Тимофеев А. А. Основы челюстно-лицевой стоматологии. – Москва. 2007. 324-348 с.

  3. Шаргородский А. Г. Восполительные заболевания челюстно-лицевой области и шеи. – Москва. 1958. -352с.

  4. Робустова Т. Г. Хирургическая стоматология. –Москва. 1190. -576 с.

Қосымша:

  1. Атлас топографической анатомии человека. І часть. (Под редакцией Золотко Ю. Л.) - Москва. 1964. -214 с.

  2. Курмангалиев З. К. Анатомо-физиологические особенности челюстно-лицевой области. – Семипалатинск. 1992. –88с.

  3. Клиническая оперативная челюстно-лицевая хирургия. (Под редакцией Александрова.) –С-Петербург. 1998. -590с.

  4. Супиев Т. К. Клиника и лечение одонтогенных восполительных заболеваний. А-Ата. 1990.-225 с.

10. Бақылау (сұрақтар, тест түріндегі тапсырмалар, жаттығу)

Тест түріндегі тапсырмалар

1.Гемангиома- бұл

а) қан тамырларының жаңатүзілімді жетілген ісігі

в) аз аралықтағы ірі қантамыр қабырғасының жұқару салдарынан пайда болған жетілген ісік

с) тамыр қабырғасының жарақаттық зақымдануы нәтижесінде қоршаған тіннің қанмен сіңуі

д) тамырдың жоғары сынғыштығы нәтижесінде денедегі геморрагиялар

е) қан ауруларының бір симптомы

2. Капиллярлы гемангиоманың клиникалық көрінісі ұқсас

а) невуспен

в) липомамен

с) фибромамен

д) папиломамен

е) тері гиперемиясымен

3. Шырышты қабаттың кавернозды гемангиомасының клиникалық көрінісі ұқсас

а) невуспен

в) фибромамен

с) папиломамен

д) тері гиперемиясымен

е) ретенционды кистамен

4. Жақ-бет аймағындағы гемангиома кезінде флеболит мына түрде анықталады

а) бұтақты

в) капиллярлы

с) кавернозды

д) артериальды

е) бұлшықетішілік

5. Жақ-бет аймағындағы қантамыр ісігінде пульсация анықталады

а) бұлшықеттік

в) кавернозды

с) капиллярлы

д) артериальды

е) лимфатикалық

6. Жақ-бет аймағындағы ауру сезімі қай гемангиомаға тән

а) кавернозды

в) капиллярлы

с) артериальды

д) гломус-ангиома

е) бұлшықетішілік

7. Артериальды гемангиоманың негізгі клиникалық белгісі болып табылады

а) пульсация

в) флеболиттің анықталуы

с) пальпация кезіндегі ауру сезімі

д) ауру сезімі бар инфильтрат

е) қанағыштыққа тенденциясы жоқ эрозия

8. Гемангиоманың хирургиялық еміне жатады

а) акелетін тамырларды таңу

в) криотерапия

с) механикалық әдістер

д) термиялық әдістер

е) сәулелі терапия

9. Капиллярлы гемангиоманың негізі емдеу әдісі болып табылады

а) тігу

в) электрорезекция

с) сәулемен әсер ету

д) склероздаушы терапия

е) криодеструкция, лазерокоагуляция

10. Кавернозды гемангиоманың негізі консервативті емдеу әдісі болып табылады

а) тігу

в) электрорезекция

с) сәулемен әсер ету

д) склероздаушы терапия

е) криодеструкция, лазерокоагуляция

11. Телеангиоэктазияның негізі емдеу әдісі болып табылады

а) тігу

в) электрорезекция

с) электрокоагуляция

д) сәулемен әсер ету

е) склероздаушы терапия

12. Артериальды гемангиоманың негізі емдеу әдісі болып табылады

а) тігу

в) электрокоагуляция

с) сәулемен әсер ету

д) склероздаушы терапия

е) кесу арқылы эмболизация жасау

13. Лимфангиома - бұл

а) лимфа тамырларынан дамыған ісік

в) лимфа түйіндерінен дамыған ісік

с) лимфа түйіндерінің конгломераттарынан түзілген жақ-бет аймағының ісіктәрізді түзілісі

д) тимус дамуындағы ақау

е) лимфа түйінінің іріңдеуі

14. Лимфангиоманың негізгі емдеу әдісі болып табылады

а) кесу

в) тігу

с) сәулемен әсер ету

д) склероздаушы терапия

е) кесу арқылы эмболизация жасау

15. Лимфангиоманы міндетті түрде салыстырады

а) Квинке ісінуімен

в) терең орналасқан гемангиомамен

с) ретенционды кистамен

д) нейрофиброматоздың васкулярлы формасымен

е) мойынның бүйірлік кистасымен

16. Лимфангиоманың морфологиялық белгілері әртүрлілігімен ерекшеленеді

а) ұяшықтық, кистозды, литикалық

в) қарапайым, кавернозды, кистатәрізді

с) полиморфты, мономорфты, пролиферативті

д) субпериостальды, периапикальды, сүйектүзуші

е) папиллярлы, инфильтративті, шектелген

17. Лимфангиоманың негізгі клиникалық ерекшелігі болып табылады

а) пульсация

в) оның қабынуы

с) флеболиттің анықталуы

д) пальпация кезіндегі ауру сезімі

е) зақымдалған мүшенің атрофиясы

18. Әйел 33 жаста, бетінің сол жағыдағы ісінуіне шағымданып келді. Өзін бірнеше жылдар бойы науқас деп санайды. Қарап тексергенде: сол жақ ұртындағы анық емес шекарасы бар түзілімге байланысты беттің ассиметриясы. Пальпация кезінде жұмсақ-эластикалық түзілім, флюктуация аймақтары, шамалы ауру сезімі анықталды. Түзіліс астындағы тері жұқарған. Осы патология кезіндегі мүмкін болатын зерртей әдісін ұсыныңыз:

а) биопсия

в) рентгенография

с) компьютерная томография

д) ультрадыбысты зерреу

е) магнитті-резонансты томография

19. 33 жасар әйел адам сол жақ бетінің ісінуіне шағымданып келді. Бірнеше жылдар бойы өзін науқас деп санайды. Қарап тексергенде: шекарасы анық емес сол жақ бетінің ұрт аймағының ісінуі есебінен беттің ассиметриясы. Пальпация кезінде жұмсақ-эластикалы түзіліс, флюктуация және шамалы ауру сезімі байқалады. Түзіліс бетіндегі тері жабындысы түсі өзгермеген, жұқарған. Мүмкін болатын болжамды диагнозды көрсетіңіз: