Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Biostat_stud_GM_2015_kz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
734.41 Кб
Скачать

2 Жағдай. Таңдама тәуелді

Бір және сол объектілермен екі бақылау жүргізіледі: дейін және кейін. (дәрмек қабылдау, оқу, сендіру и т.д.)

Берілген қасиет қанша рет кездесетіні саналады:

  • «дейін» де және «кейін» де, (+,+)

  • тек «дейін» (+,-)

  • тек «кейін» (-,+)

  • «дейін» де емес «кейін» де емес(-,-)

«дейінгі» белгінің бар болуы

«Дейін» белгісі

Екінші градация «кейін»(-)

бар(+)

Бірінші градация «дейін»(+)

a

(+)-тен (-)-ке дейінгі өзгерістер саны

жоқ (-)

Екінші градация «дейін»(-)

b

(-) сақтап қалғандар саны

  • Н(0) - «кейін» бізді қызықтыратын белгілермен объектілер бөлігі«дейін» салыстырғанда өзгерген жоқ

  • Есептейміз

егер онда Н(0) қабылданады

  • Егер онда Н(1)қабылдаймыз,

Оқытушымен жұмыс.Антитабак жарнамасының тиімділігіне зерттеу жүргізілді. Ол үшін жарнама жүргізгенге дейін және кейін темекі шегетіндер/темекі шекпейтіндер қатынасы салыстырылды.

Н(0) жасаймыз:

α=0,01мәнділік деңгейін береміз.

Жарнама 100 адам арасында жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде келесі мәліметтер алынды .

Жарнамадан кейін

Жарнамаға дейін

Шекпейді (-)

шегеді (+)

Шегеді (+)

32 (шеккендер, бірақ шекпей кетті )

25 (шегетіндер және шегеді)

Шекпейді (-)

43 (шекпегендер және шекпейді)

0 (шекпегендер және шекпеді )

Біз 1% -дық α = 0,01 мәнділік деңгейін бердік . Онда критикалық мән = 6,64 (f=1 үшін кесте бойынша). Алынған χ2=30 мәні критикалыққа қарағанда артық: сонымен бірге, біз генералды жиынтықта 99 % ықтималдығымен жарнама компаниясы шегетіндер және шекпейтіндер қатынасына әсер ететіні туралы альтернативті болжамды қабылдаймыз және нөлдік болжамды теріске шығарамыз.

Бақылау сұрақтары

  1. Қиысу кестесі қандай мақсаттар үшін қолданылады

  2. Қиысу кестесінің құрылымы

  3. Жалпы жағдай үшін нөлдік болжамды жасаңыз

  4. Тәуелді таңдама жағдайындағы қиысу кестесінде қандай мәліметтер енгізіледі

  5. Қиысу кестесімен талдау кезінде қандай критерий қолданылады

4 Соөж-қа тапсырма.

  1. Жүргізілген зерттеу мақсатын жасаңыз.

  2. Нөлдік және альтернативті болжамдарды жасаңыз.

  3. Қиысу кестесін құрыңыз.

  4. 0,05 мәнділік деңгейінде тапсырманы шешіңіз.

Нұсқа 1

Ауылдық және қалалық тұрғындар аурушаңдығы зерттелді. Таңдамалы зерттеу ауылдағы жүз тұрғындардан 36 адам, қаладағы 100 тұрғындардан 28 адам дәрігерге қаралғанын көрсетті. Дәрігерге қаралу тұрғындар орынынан тәуелді ме анықта.

Нұсқа 2.

84 гипертониямен ауыратындар арасынан 160 мм.с.б. артық қысыммен 24 адам болды. Препарат қабылдағаннан кейін олар 18 болды. Препараттың тиімділігі туралы қорытынды жасаңыз.

Нұсқа3

Екі емдеу әдісінің тиімділігі салыстырылды және келесі мәліметтер алынды

1 ем түрі

2 ем түрі

Емделген

58

36

Емделмеген

54

19

Емдеудің осы екі түрі тиімділігі жағынан ерекшеленеді ме? Нөлдік болжам құрастырыңыз. 0,05 мәнділік деңгейінде қорытынды жасаңыз.

Нұсқа 4

ЖОО бірінші оқу жылы соңында 15 адам арасындағы топта 6 үздік болды. Екінші оқу жылы соңында олар 8 болды. Екінші курста үлгерім өзгере ме, анықтау керек.

Нұсқа 5

1000 адамды дальтонизм белгісі бойынша жіктеді. Төменде келтірілген мәліметтер бойынша α = 0,05 мәнділік деңгейінде дальтонизм мен адам жынысы арасындағы тәуелділікті тексеру қажет. Нөлдік болжам құрастырыңыз.

Ерлер

Әйелдер

Дальтониктер

38

6

Дальтоник еместер

442

514

Нұсқа 6

Тұмау эпидемиясы кезінде осы ауру түріне қарсы екпенің тиімділігі зерттелді. Келесідей нәтижелер алынды:

Екпеден кейін

Екпесіз

ауырғандар

ауырмағандар

ауырғандар

ауырмағандар

4

192

34

111

Бұл нәтижелер екпенің тиімділігін көрсетеді ме? Нөлдік болжам құрастырыңыз, α = 0,05 қабылдаңыз.

Нұсқа 7

Аурудың алдын алудың жаңа жүйесін енгізгенге дейін 90 адам ішінен әрбір үшіншісі дәрігерге қаралды. Енгізуден кейін ендігі әрбір алтыншысы қаралды. Аурудың алдын алудың жаңа жүйесінің тиімділігін сипаттау керек.

Нұсқа 8

Әлеуметтік зерттеу мәліметтері бойынша жастар арасында спортпен шұғылданатындар 200 адамның 42-сі болса, ал егде жастағылар ішінен 325 адамның 55-н құрайды. Спортпен шұғылдану адам жасына тәуелділігін анықтаңыз. Нөлдік болжам құрастырыңыз. Қорытындыны 0,05 мәнділік деңгейінде жасаңыз.

Нұсқа 9.

84 жерасты жұмысшыларының арасынан бронхит ауруы төрттен бірінде, ал 105 құрылысшылардың үштен бірінде тіркелген. Мамандықтың созылмалы бронхиттің пайда болуына әсерін анықтаңыз. Қайсысында бұл ықтималдық жоғары? Нөлдік болжам құрастырыңыз. Қорытындыны 0,05 мәнділік деңгейінде жасаңыз.

Нұсқа 10.

500 адамды жусанға деген аллергия белгісімен жіктеді. Келтірілген мәліметтер бойынша аллергия белгісі мен адам жынысының арасындағы тәуелділікті анықтаңыз, α = 0,05 болғанда.

Ерлер

Әйелдер

аллергия бар

19

20

аллергия жоқ

221

240

Нұсқа 11

Балабақшада хауыз ашуға дейін 150 балалар ішінен 16 балада жиі ЖРВИ бақыланды. Бір жылдан соң осы топтағы хауыздағы сабақта олардың саны 12 дейін кеміді. Балабақшада хауыз салу қажет пе.

Нұсқа 12.

Бірінші оқу жылынан кейін топта 9 жақсы оқитын және 6 қанағаттарлыққа оқитын студенттер болды. Екінші курста топ 3 студентпен толықты және сессия нәтижесі бойынша 11 жақсы оқитын және 7 қанағаттанарлыққа оқитын студенттер анықталды. Сапа курстан курсқа және қай жаққа өзгеретінін анықтаңыз. Нөлдік болжам құрастырыңыз. Қорытындыны 0,05 мәнділік деңгейінде жасаңыз.

Нұсқа 13.

Зерттелетін топта жаңа дәріні қабылдағанға дейін 15 науқас және 37 сау адамдар болды. Дәріні қабылдағаннан кейін 7 адам жазылды. Нөлдік болжам құрастырыңыз. 0,05 мәнділік деңгейінде жаңа дәрінің тиімділігін анықтаңыз.

Нұсқа 14.

Зерттелген ауданда биыл 286 ұл және 314қыз дүниеге келді. Бұл мәліметтер ұл және қыз балалардың туу ықтималдығы бірдей екендігімен үйлеседі ме? Нөльдік болжам құрастырыңыз. Қорытындыны 0,05 мәнділік деңгейінде жасаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]