- •Биостатистика пәні бойынша
- •Студенттер үшін
- •Әдістемелік нұсқау
- •Мазмұны
- •Пәннің тақырыптық жоспары moodle қашықтықтан оқыту порталына тіркелу бйынша нұсқаулық
- •1 Тарау: графикалық көрініс негізінде медициналық-биологиялық мәліметтерді талдау.
- •1 Тәжірибелік сабақ: Гистограмма тұрғызу және сипаттау
- •1 Соөж. Таңдама әдісі. Тарамдалудың дискретті статистикалық қатары
- •2 Соөж. Кездейсоқ шаманың қалыпты тарамдалуы туралы болжамды тексеру.
- •2 Соөж тақырыбына тапсырма.
- •Екі таңдаманы салыстыру кезіндегі критерийлерді таңдау алгоритмі
- •2 Тарау. Статистистикалық болжамдарды тексеру теориясы
- •2 Тәжірибелік сабақ. Биомедициналық мәліметтерді талдау үшін Стьюденттің t-критерийі. Сенімділік интервал
- •1 Жағдай. Таңдамалар тәуелсіз.
- •2 Жағдай. Таңдамалар тәуелді.
- •3 Тәжірибелік сабақ. Статистикалық болжамды тексерудің параметрлік емес критерийі.
- •1 Жағдай. Таңдама тәуелсіз.
- •2 Жағдай. Таңдама тәуелді
- •1 Сөж. Минималды таңдама көлемін анықтау.
- •3 Тарау. Салыстырмалы шамаларды талдау
- •3 Соөж. Салыстырмалы шамаларды салыстыру
- •3 Соөж-қа тапсырма
- •4 Соөж. Сапалық белгілерді талдау. Қиысу кестесі
- •1 Жағдай. Таңдама тәуелсіз
- •2 Жағдай. Таңдама тәуелді
- •4 Соөж-қа тапсырма.
- •2 Сөж. Тәуекел және мүмкіндік бағасы. Диагностикалық тесттердің өзіндік, сезімталдық және болжамдық мәнділігінің бағасы.
- •4 Тарау. Болжамдау әдістері
- •4 Тәжірибелік сабақ. Сызықтық корреляция. Спирмен корреляциясының рангтік коэффициенті
- •5 Тәжірибелік сабақ. Өміршеңдікті талдау әдісі
- •5 Соөж. Сызықтық регрессия негізінде болжамдау
- •5 Соөж-қа тапсырма:
- •6 Соөж: Өміршеңдік қисығы негізінде болжамдау
- •3 Сөж. Орташа абсолюттік өсу негізінде болжамдау
- •5 Тарау.
- •6 Тәжірибелік сабақ. Дисперсиялық талдау. Бірфакторлы дисперсиялық талдау әдісі.
- •5 Тарауға бақылау тапсырмасы:
- •7 Соөж. Ғылыми мақалаларды талдау
- •Қосымша As ассиметриясы коэффициентінің критикалық мәндері
- •Ех эксцесс коэффициентінің критикалық мәндері
- •Стъюдент t-критерийінің критикалық мәні
- •Χ2 критикалық мәні
- •Уилкоксонның т-критерийінің жұптық критикалық мәні.
- •Спирмен рангтік корреляция коэффициентінің критикалық мәндер кестесі
- •Фишер f-критерийінің критикалық мәні
- •Аралық бақылауға тапсырмалардың мысалдық нұсқалары
- •Статистикалық көрсеткіштерді санау формулалары
3 Соөж-қа тапсырма
Стъюдент критерийін қолдана отырып, екі жиынтықтағы белгінің кездесушілігінің салыстырмалы жиілігін салыстырыңыз.
Нөлдік және альтернативті болжамдарды жасаңыз.
Әр топтағы бөліктер үшін сенімділік интервалды анықтаңыз.
Осы бөліктер айырмасы үшін сенімділік интервалды анықтаңыз.
Сенімділік интервал интерпретациясын беріңіз.
0,05 мәнділік деңгейінде қорытынды жасаңыз
Кестеге нәтижесін келтіріңіз.
топтар |
n |
Акушерлік ауытқулар саны |
р (%) (+СИ, -СИ) |
m (%) |
айырма |
95% СИ төменгі шегі |
95% СИ жоғарғы шегі |
Нұсқа 1
Ауылдық және қалалық тұрғындар аурушаңдығы зерттелді. Таңдамалы зерттеу ауылдағы 100 тұрғындардан 36 адам, қаладағы 100 тұрғындардан 28 адам дәрігерге қаралғанын көрсетті. Дәрігерге қаралу тұрғындар орынынан тәуелді ме анықта.
Нұсқа 2.
150 жалғызбастылар кездейсоқ таңдамасында 72 ер адам бойдақтар санын құрады, ал тұрмысқа шықпаған әйелдер-78 адам. Осы берілгендер негізінде генералды жиынтықтағы барлық тұрмыс құрмаған әйелдердің тұрмыс құруының теориялық мүмкіндігі туралы қорытынды жаса
Нұсқа3
Екі емдеу әдісінің тиімділігі салыстырылды және келесі мәліметтер алынды
|
1 ем түрі |
2 ем түрі |
Емделген |
58 |
36 |
Емделмеген |
54 |
19 |
Емдеудің осы екі түрі тиімділігі жағынан ерекшеленеді ме? Нөлдік болжам құрастырыңыз. 0,05 мәнділік деңгейінде қорытынды жасаңыз.
Нұсқа4
Биостатистикадан емтихан билеті екі тараудың сұрақтарынан құралды. Емтиханды 20 студент тапсырды. Бірінші тараудан 22 сұрақ, ал екінші тараудан 18 сұрақ кездескендігі анықталды. Бұл мәліметтер екі тараудың сұрақтары бірдей ықтималдықпен түскендігі болжамымен арақатынасады ма? Нөлдік болжам құрастырыңыз. 0,05 мәнділік деңгейінде қорытынды жасаңыз.
Нұсқа 5
1000 адамды дальтонизм белгісі бойынша жіктеді. Төменде келтірілген мәліметтер бойынша α = 0,05 мәнділік деңгейінде дальтонизм мен адам жынысы арасындағы тәуелділікті тексеру қажет. Нөлдік болжам құрастырыңыз.
|
Ерлер |
Әйелдер |
Дальтониктер |
38 |
6 |
Дальтоник еместер |
442 |
514 |
Нұсқа 6
Тұмау эпидемиясы кезінде осы ауру түріне қарсы екпенің тиімділігі зерттелді. Келесідей нәтижелер алынды:
Екпеден кейін |
Екпесіз |
||
ауырғандар |
ауырмағандар |
ауырғандар |
ауырмағандар |
4 |
192 |
34 |
111 |
Бұл нәтижелер екпенің тиімділігін көрсетеді ме? Нөлдік болжам құрастырыңыз, α=0,05 қабылдаңыз.
Нұсқа 7
1400 жұмыс істейтін химиялық өндіріс орнында аурушаңдық 37%-ды, сол уақытта берілген аймақта ол жалпы 23% (15000 адам тұратын аймақта) деңгейде тіркелді. Өндіріс орнының шарттары аурушаңдыққа әсер етеді ме? Нөлдік болжам құрастырыңыз. Қорытындыны 0,05 мәнділік деңгейінде жасаңыз.
Нұсқа 8
Әлеуметтік зерттеу мәліметтері бойынша жастар арасында спортпен шұғылданатындар 200 адамның 42-сі болса, ал егде жастағылар ішінен 325 адамның 55-н құрайды. Спортпен шұғылдану адам жасына тәуелділігін анықтаңыз. Нөлдік болжам құрастырыңыз. Қорытындыны 0,05 мәнділік деңгейінде жасаңыз.
Нұсқа 9.
84 жерасты жұмысшыларының арасынан бронхит ауруы төрттен бірінде, ал 105 құрылысшылардың үштен бірінде тіркелген. Мамандықтың созылмалы бронхиттің пайда болуына әсерін анықтаңыз. Қайсысында бұл ықтималдық жоғары? Нөлдік болжам құрастырыңыз. Қорытындыны 0,05 мәнділік деңгейінде жасаңыз.
Нұсқа 10.
500 адамды жусанға деген аллергия белгісімен жіктеді. Келтірілген мәліметтер бойынша аллергия белгісі мен адам жынысының арасындағы тәуелділікті анықтаңыз, α = 0,05 болғанда.
|
Ерлер |
Әйелдер |
аллергия бар |
19 |
20 |
аллергия жоқ |
221 |
240 |
Нұсқа 11
Екі антибиотиктің тиімділігі салыстырылды және келесідей мәліметтер алынды
|
1 антибиотик |
2 антибиотик |
Тиімділігі бар |
23 |
38 |
Тиімдігі жоқ |
76 |
65 |
Осы екі антибиотик тиімділігі жағынан айырмашылығы бар ма? Нөлдік болжам құрастырыңыз. Қорытындыны 0,05 мәнділік деңгейінде жасаңыз.
Нұсқа 12.
Бірінші оқу жылынан кейін топта 9 жақсы оқитын және 6 қанағаттарлыққа оқитын студенттер болды. Екінші курста топ 3 студентпен толықты және сессия нәтижесі бойынша 11 жақсы оқитын және 7 қанағаттанарлыққа оқитын студенттер анықталды. Сапа курстан курсқа және қай жаққа өзгеретінін анықтаңыз. Нөлдік болжам құрастырыңыз. Қорытындыны 0,05 мәнділік деңгейінде жасаңыз.
Нұсқа 13.
Зерттелетін топта жаңа дәріні қабылдағанға дейін 15 науқас және 37 сау адамдар болды. Дәріні қабылдағаннан кейін 7 адам жазылды. Нөлдік болжам құрастырыңыз. 0,05 мәнділік деңгейінде жаңа дәрінің тиімділігін анықтаңыз.
Нұсқа 14.
Зерттелген ауданда биыл 286 ұл және 314қыз дүниеге келді.Бұл мәліметтер ұл және қыз балалардың туу ықтималдығы бірдей екендігімен үйлеседі ме? Нөльдік болжам құрастырыңыз. Қорытындыны 0,05 мәнділік деңгейінде жасаңыз.
