- •Қаржы-экономикалық факультет Экономика кафедрасы
- •Оқу әдістемелік кешені
- •Қаржы-экономикалық факультет Экономика кафедрасы
- •Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Өж күнтізбелік тақырыптық жоспары
- •Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
- •Емтихан сұрақтары
- •Қорытынды емтиханның тест сұрақтары Тест
- •45. Дж.М.Кейнстің қай жылғы «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Өж орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •1 Өж тапсырмалары.
- •2 Өж тапсырмалары.
- •3 Өж тапсырмалары
- •4 Өж тапсырмалары.
- •Курстық жұмысты орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.
- •Курстық жұмыс тақырыптары.
- •«Макроэкономика» пәнін оқып үйренуге арналаған әдістемелік нұсқаулар
- •Курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •«Макроэкономика» пәні бойынша курстық жұмыстың тақырыптары:
- •Макроэкономика пәнінің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы
Курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау
Әдістемелік нұсқауда курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері, оны орындау және рәсімдеу тәртібі көрсетілген. Қосымшада титулды бет және мазмұнын рәсімдеу мысалдары және курстық жұмыстардың тақырыптары берілген.
Курстық жұмыс студенттердің білім алу және оны тереңдету құралы ретінде, сондай-ақ студенттердің білімін өздік бақылау және оқу жоспарында қарастырылған материалдарды орындауы және меңгеруін бақылау формасы ретінде қызмет етеді.
Курстық жұмыс таңдалған тақырыптың теориялық және тәжірибелік проблемаларын ашып көрсететін жазбаша түрде орындалатын өздік оқу жұмысы болып табылады.
Курстық жұмыс білімгерлердің өздік жұмысының маңызды нысаны болып табылады. Бұл - студенттердің таңдаған тақырыптарын оқу материалының шегінен тыс зерттеу арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерін толық көрсететін және дамытатын алғашқы зерттеулерінің бірі.
Курстық жұмысты орындау арқылы келесідей дағдыларды шыңдауға болады:
- жалпы алғанда оқу үрдісінде, жекелей алғанда таңдалған тақырып бойынша алған білімдерін тереңдету және жүйелеу;
- тәжірибелік материалды жинау және жалпылау дағдыларын меңгеру;
- бастапқы дерек көздерімен жұмыс істей білу;
- алған білімдерін нақты ғылыми және тәжірибелік проблемаларды шешу үшін қолдана білу шеберлігін дамыту, ол проблемаларды шешуде жеке өзіндік позициясын қалыптастыру және дәлелдеу.
Курстық жұмыстың мақсаты.
Курстық жұмыс пәнді оқудың қорытынды кезеңі болып табылады, оның мақсаты студенттерге мыналарды үйрету:
- алған теориялық білімдерін жүйелеу, нығайту және кеңейту;
- нақты тәжірибелік міндеттерді кешенді шешу үшін пайдалану;
- ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізу дағдысын дамыту.
Курстық жұмыстың рәсімделуі
Курстық жұмыс компьютерде бірлік интервалмен теріліп, А4 форматты қағаздың бір жағынан ғана шығарылуы тиіс. Курстық жұмыстың көлемі – 20-25 бет. Шрифт - қарапайым, кегль 14.
Курстық жұмыстың мәтінін қағаздың жан-жағынан келесідей өлшемдерді қалдыра отырып жазған дұрыс: сол жағы - 30 мм, жоғарысы - 20 мм, оң жағы - 10 мм және асты - 25 мм.
Белгілі терминдерді, формулаларды, теоремаларды жазғанда әр түрлі өлшемдегі шрифттерді қолдана отырып компьютердің мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат етіледі.
Жұмыстың бастапқы беттерін келесідей түрде жазған дұрыс:
титульдік бет лист (№1 қосымша);
тапсырма;
мазмұны;
кіріспе;
курстық жұмыстың мәтіні;
қорытынды;
қолданылған әдебиеттер тізімі;
қосымшалар.
Жұмыстың КІРІСПЕ, БӨЛІМДЕР АТАУЫ, ҚОРЫТЫНДЫ, ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ сияқты құрылымдық элементтері баспа әріптерімен жазылады.
«Макроэкономика» пәні бойынша курстық жұмыстың тақырыптары:
Тәуелсіздік жылдарындағы ҚР-ның динамикасын талдау
ҚР айырбас бағамы мен есептік қойылымды реттеу
Айырбас бағам, халықаралық капитал ағымы және сауда балансы
ҚР мемлекеттік қарыздар мәселесі
ҚР ақша-несие саясатының ерекшеліктері
ҚР сыртқы сауда балансының сипаттамалық белгілері
ҚР фискалдық саясаты
ҚР шағын бизнестің дамуы және оның экономикалық өсудегі рөлі
Экономиканың нақты саласына инвестиция салу, жаңа технологиялар мен реструктуризацияны меңгеру
ҚР еңбекке сұраныс, артық жұмысбастылық, еңбек ақы бойынша төлем қабілетсізділік
Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты
Экономикалық реформалардың демографиялық және әлеуметтік салдары
13. ҚР халық табысы мен шығындар динамикасы және құрылымы
ҚР қаржы нарықтарын талдау
ҚР төлем қабілетсізділік мәселері
Соңғы бес жылдағы ҚР негізгі макроэкономикалық агрегаттар динамикасын талдау (жинақ, тұтыну ,инвестиция)
ҚР салық салу жүйесін реформалау
ҚР сыртқы сауда саясатының тауар, капитал және шикізат ағымдарына әсері
ҚР сыртқы сауда ұйымына кіру: мәселелер мен перспективалар
ҚР зейнетақы жүйесін реформалау
ҚР инвестициялық – инновациялық саясаты
ҚР экономикалық өсуі : факторлар, кезеңдер және ерекшеліктері
ҚР антимонопольдық реттеу және оның мемлекет экономикасының тұрақты дамуындағы ролі
ҚР экономикасының аймақаралық ерекшеліктері
Монетарлық саясаттың экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі рөлі
ҚР-ғы банктік жүйенің дамуы
ҚР депозиттерді сақтандыру және халық жиақтарының диамикасы
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ/ОӘК 09-2009 |
САПА МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЖҮЙЕСІ |
||
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы |
Ф.4 09-02 01.02.2009 |
