Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Makroekonomika_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.81 Mб
Скачать

Курстық жұмыс тақырыптары.

1. Тәуелсіздік жылдарындағы ҚР-ның динамикасын талдау

2. ҚР айырбас бағамы мен есептік қойылымды реттеу

3. Айырбас бағам, халықаралық капитал ағымы және сауда балансы

4. ҚР мемлекеттік қарыздар мәселесі

5. ҚР ақша-несие саясатының ерекшеліктері

6. ҚР сыртқы сауда балансының сипаттамалық белгілері

7. ҚР фискалдық саясаты

8. ҚР шағын бизнестің дамуы және оның экономикалық өсудегі рөлі

9. Экономиканың нақты саласына инвестиция салу, жаңа технологиялар мен реструктуризацияны меңгеру

10. ҚР еңбекке сұраныс, артық жұмысбастылық, еңбек ақы бойынша төлем қабілетсізділік

11. Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты

12. Экономикалық реформалардың демографиялық және әлеуметтік салдары

13. ҚР халық табысы мен шығындар динамикасы және құрылымы

14. ҚР қаржы нарықтарын талдау

15. ҚР төлем қабілетсізділік мәселері

16. Соңғы бес жылдағы ҚР негізгі макроэкономикалық агрегаттар динамикасын талдау (жинақ, тұтыну ,инвестиция)

17. ҚР салық салу жүйесін реформалау

18. ҚР сыртқы сауда саясатының тауар, капитал және шикізат ағымдарына әсері

19. ҚР сыртқы сауда ұйымына кіру: мәселелер мен перспективалар

20. ҚР зейнетақы жүйесін реформалау

21. ҚР индустриалды – инновациялық саясаты

22. ҚР экономикалық өсуі : факторлар, кезеңдер және ерекшеліктері

23. ҚР антимонопольдық реттеу және оның мемлекет экономикасының тұрақты дамуындағы ролі

24. ҚР экономикасының аймақаралық ерекшеліктері

25. Монетарлық саясаттың экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі рөлі

26. ҚР-ғы банктік жүйенің дамуы

  1. ҚР депозиттерді сақтандыру және халық жиақтарының диамикасы

  2. Инфляция және оның түрлері

  3. Банк жүйесі

  4. Ақша нарығы

  5. Жұмыссыздық және оның түрлері

  6. Жабық экономика мен ашық экономиканың мәні

  7. Бюджет-салық саясаты

  8. Капиталдың жинақталуы және экономикалық өсу

  9. Халықаралық сауда және сауда саясаты

  10. Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері

  11. Экспорт пен импортқа сұраныс және ұсыныс. Протекционизм

  12. Еңбек нарығы мен еңбекке ақы төлеу

  13. Монетарлық саясат

  14. Кірістер мен шығыстар

«Макроэкономика» пәнін оқып үйренуге арналаған әдістемелік нұсқаулар

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша студенттердің өзіңдік жұмыстарына аудиторияда оқытылмайтын студенттердің жеке қарастырған материалдарды оқып білу жатады. Өзіндік жұмыстардың тақырыптары студенттің мамандығына және осы мамандық бойынша өзіндік жұмыстарға берілетін сағат көлеміне байланысты анықталады.

Студенттер №1,2,3,4 тақырыптарды өткеннен кейін №1 Өзіндік жұмысты орындап мұғалімге жіберуі қажет.

Студенттер № 5,6,7,8 тақырыптарды өткеннен кейін №2 Өзіндік жұмысты орындау керек.

Студенттер № 9,10,11,12 тақырыптарды өткеннен кейін №3 Өзіндік жұмысты орындау керек.

Студенттер № 13,14,15 тақырыптарды өткеннен кейін №4 Өзіндік жұмысты орындау керек.

Қашықтықтан оқыту формасы бойынша оқитын студенттер өз бетімен теориялық материалдарды оқып үйреніп, семинар және өзіндік жұмыстарды орындап, тест немесе бақылау сұрақтарына жауап беру керек.

№1,2,3,4,5,6,7,8,9 –тақырыптарды оқып-үйренгеннен кейін №1 Аралық бақылауды өткізу қажет.

№ 10,11,12,13,14,15,16 –тақырыптарды оқып-үйренгеннен кейін №2 Аралық бақылаудан өту керек.

Курсты оқып-үйренуді курс бағдарламасында қарастырылған сұрақтар бар болатын әдебиеттің кез келгенін пайдалануға болады.

Төменде курстың жекелеген тақырыптары бойынша, әр тақырып бойынша әдебиеттер көрсетілген нұсқамалар берілген.

1-тақырып. Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері

Макроэкономика пәні. Макроэкономикалық талдау әдістері. Макроэкономикалық үлгілер.Экзогенді және эндогенді айнымалылар.Қорлар мен ағындар.Айналым ағындарының үлгісі. «Ағу» және «инъекция» (құю). Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жалпы шарттары.Макроэкономикалық саясат.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Макроэкономика пәні.

2. Макроэкономикалық үлгілер және оның көрсеткіштері.

3. Позитивті және нормативті талдау.

2-тақырып.Макроэкономикалық көрсеткіштер

Жалпы ішкі өнім: мәні мен мағынасы.ЖІӨ-ді есептеу әдістері: қосымша құн бойынша, шығындар бойынша және табыстар бойынша.Атаулы және нақты ЖІӨ. ЖІӨ дефляторы.Тұтыну бағасының индексі.Тұтынушылық қоржыны.Ұлттық санақ жүйесіндегі басқа да көрсеткіштер.Кірістер мен ығыстардың щеңберлік айналымы,Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдігі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Ұлттық есепшот жүйесі. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) және жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).

2.Ұлттық есепшот жүйесіндегі басқа да көрсеткіштер.

3.Атаулы және нақты жалпы ұлттық өнім. Баға индексі.

3-тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық: эконоикалық циклдар,жұмыссыздық,инфляция

Экономикалық айналым және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасы.Потенциалды ЖҰӨ. Жұмыссыздықтың түрлері және оның табиғи деңгейі.Оукен заңы. Жұмыссыздық деңгейін реттеу.Инфляция мәні және оның түрлері.Шығындар инфляциясы.Сұраныс инфляциясы.Инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы өзара байланыс.Филлипс қисығы.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Экономикалық (іскерлік) цикл: фазалары, себептері (факторлары).

2. Жұмыссыздықтың түрлері мен толық жұмысбастылық. Оукен заңы.

3. Жұмыссыздықтың себептері: классикалық және кейнстік концепциялары.

4. Инфляцияның түрлері.

5. Сұраныс және ұсыныс инфляциясы. Инфляциялық шиыршық (спираль).

6. Инфляцияға қарсы саясат. Филлипс қисық сызығы.

4-тақырып.Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс.AD-AS үлгісі

Жиынтық сұраныс және оның құрамы.Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары.Жабық экономикадағы қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдердегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі.Жиынтық ұсыныс сілкіністері. AD-AS үлгісіндегі макроэкономикалық саясат.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Жиынтық сұраныс (AD): қисығы, бағалық және бағалық емес факторлары.

2. Жиынтық ұсыныс (AS): классикалық және кейнстік үлгілері.

3. Жиынтық сұраныс (AD) пен жиынтық ұсыныс (AS) үлгісіндегі макроэкономикалық тепе- теңдік.

4. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі AD –AS үлгісіндегі тепе- теңдіктің өзгеру механизмі. Тұрақтандыру саясаты.

5. Жиынтық сұраныс (AD) пен жиынтық ұсыныс (AS) сілкіністері (шок).

5-тақырып.Тұтыну мен жинақтау

«Табыс-шығыс» үлгісінің алғышарттары.Қолдағы бар табыс.Тұтыну мен жинақтау.Тұтыну функциясы және жинақтау функциясы.Инвестициялар мен олардың түрлері.функциясы.Инвестициялар мен олардың түрлері.Нақты болған шығындар мен жоспарланған шығындар.Кейнстік крест.Кейнс мультипликаторы.Өндіріс көлемінің тепе-теңдігіне жету тетігі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдігі (AD-AS) үлгісі

  2. Кейнстік макроэкономикалық үлгі. Мультипликатор теориясы.

  3. Автономды шығындар мультипликаторы. Рецессиялық және инфляциялық үзілістер.

6-тақырып. Ақшаға сұраныс және ұсыныс

Ақша функциясы. Ақша агрегаттары. Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнстік теориясы. Баумоль-Тобин үлгісі. Ақша теориясының сандық теңдеуі. Ақша айналымының жылдамдығы. Нақты және атаулы пайыз мөлшерлемесі. Фишер теңдеуі. Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультипликаторы. Монетарлық саясаттың құралдары.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Ақша және оның атқаратын қызметі.

2.Ақша ұсынысы.Ақша мультипликаторы.

3.Ақшаға сұраныс және ерекшеліктері

7-тақырып. Тауар және ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS-LM үлгісі

IS-LM үлгісіндегі негізгі айнымалылар және оның теңдеуі. Ақша және тауар нарықтарындағы тепе-теңдік. IS және LM қисықтарын шығару. IS және LM қисықтарының көлбеуі және ығысуылары. IS-LM үлгісіндегі тепе-теңдік. AD-AS және IS-LM үлгілерінің өзара байланысы.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Тұтыну функциясы. Тұтынуға шекті 8бейімділік.

2. Қор жинау функциясы. Қор жинауға шекті бейімділік.

3. Инвестиция функциясы. IS қисығы.

4. Игіліктер нарығындағы тепе –теңдік.

5. Фишер теңдеуі. Номиналды және нақты процент мөлшерлемесі.

6. Ақша нарығындағы тепе- теңдік. LM қисығы.

7. Ақша– несие (монетарлық) саясаттың құралдары мен түрлері.

8-тақырып. Бюджет-салық саясаты

Бюджет-салық саясатының мақсаттары. Дискрециялық және автоматты фискалдық саясат. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы. Салық мультипликаторы. Баға деңгейі өзгергендегі ынталандырушы бюджет-салық саясаты. Бюджет-салық саясатының тиімділігі. Ығыстыру эффектісі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Бюджет салық саясаты және оның түрлері.

2.Мемлекеттік шығындардың, балансталған бюджеттің және салық мультипликаторлары.

3.Дискрециялық және дискрециялық емес қазыналық саясат. Бюджет.

9-тақырып. Капиталдың жинақталуы және экономикалық өсу

Капиталды жинақтау ұғымы және оның түрлері. Жинақтаудың «Алтын ережесі». Экономикалық өсу: мақсаттары, түрлері, факторлары, қарқындары. Экономикалық өсудің Кейнстік үлгісі. Р.Солоудың неоклассикалық үлгісі. Тұрғындар санының өсуі мен ғылыми-техникалық прогресстің экономикалық өсуге әсері. Экономикалық өсуді ынталандырудың негізгі бағыттары.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Экономиканың өсуі туралы түсінік.

2.Экономика өсуінің кейнстік үлгісі.

3.Мемлекеттік саясат және экономиканың өсуі.

10-тақырып. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік қарыз

Ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыздар. Мемлекеттік қарыздар салдары. Мемлекеттік бюджет құрылымы. Мемлекеттік бюджетті теңестіру. Бюджет тапшылығы және оның түрлері. Мемлекеттік бюджеттің алғашқы тапшылығы және қарыздың өзіндік қайта өндіру тетігі. Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру. Мемлекеттің қарызын басқару.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Дискрециялық және дискрециялық емес қазыналық саясат. Бюджет

2.Бюджет артықшылығын тұрақтандыру әсерінің ең жоғары жағдайы.

3.Бюджет артықшылығын жою. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жою.

11-тақырып. Төлем балансы және оның құрылымы

Төлем балансы және оның құрылымы. Төлем балансы шоттарының өзара байланысы. Шағын ашық экономика үлгісі. Валюталық жүйе және валюталық бағам. Сатып алушылық қабілет наритеті. Ашық экономикадағы IS-LM үлгісі. Манделл-Флемин үлгісі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Валюта бағамы.

2.Атаулы және нақты бағам. Тағайындалатын және еркін айналымның бағам арасындағы салыстырмалы тиімділігі.

3.Төлем балансы.

12-тақырып. Айырбас бағамының тәртіптері және жиынтық сұраныс

Ашық экономикадағы тағайындалған айырбас бағамы жағдайының тепе-теңдігі. Капиталдың жетілген мобильдігі. Капиталдық толық мобильдігі шартындағы бюджеттік және ақша саясаты. Тұрақсыз айырбас бағамындағы ашық экономика. Жиынтық сұраныстың қисығын тұрғызу. Табыс және айырбас бағамына фискалдық экспансия мен ақша саясатының әсерлері.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Айырбас бағамының тәртіптері;

2.Жалпы жиынтық сұраныс;

3.Тағайындалатын валюта бағамы;

13-тақырып. Халықаралық сауда және сауда саясаты

Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылықтары. Хекшер Олинның сыртқы сауда теориясы. Халықаралық сауда қатынастары. Әлемдік сауданың даму тенденциясы және құрылымы. Сауда саясатының құралдары. Халақаралық саудадағы тарифтік және тарифтік емес шектеулер. Тарифтік саясаттың мәні мен экономикалық салдарлары.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Халықаралық сауда теориясының экономикалық негізі.

2.Салыстырмалы артықшылыққа байланысты мамандану.

3.Экспорт пен импортқа ұсыныс және сұраныс. Қолдампаздық (протекционизм).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]