Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Makroekonomika_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.81 Mб
Скачать

Курстық жұмысты орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.

  1. Курстық жұмыстың мақсаттары және мәселелері.

Студент алуан түрлі экономикалық мәселелерді, өз бетімен, жазбаша түрде зерттеп дайындауы курстық жұмыс деп аталады. Мұндай жұмысты жасау теориялық және тәжірибелік материалдарды терең меңгеруге көмек береді және шығармашылық ойдың дамуы мен қалыптасуына ықпал етеді. Курстық жұмысты жасау және дайындау барысында студент монографиялық және мерзімді әдебиеттерді, статистикалық материалдарды толық түрде зерттейді, теориялық материалдарды шығармашылық түрде қолдануды үйренеді, әлемдік экономикадағы әлеуметтік және экономикалық құбылыстарды қорытады және зерттеулер арқылы теориялық және тәжірибелік қорытынды жасайды, мәселелерді шешу жолдарын ұсынады. Мұндай жұмыс студенттерге ғылыми зерттеу және өз бетімен жазбаша түрде, таңдаған тақырыптың, маңызын жеткізуге көмек етеді.

Курстық жұмысты жасау барысында мынадай мәселелер іске асырылады:

  • студенттің теориялық білімін жүйеге келтіру;

  • әдебиеттің қайнар көздерімен өз бетінше жұмыс жасауды дамыту;

  • дәйекті және ғылыми материалдарды қорыту және синтез жасау;

  • таңдаған тақырыптың өзектілігін дәлелдеу;

  • қортылған материалдардың ұсыныстарын және мінездемелерін белгілі логикалық жолға сәйкес баяндау.

  1. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және жоспар құрастыру.

Курстық жұмысты жасау өзара байланысты бірнеше сатыдан тұрады. Бұлардың ішінде тақырыпты таңдау курстық жұмыстың жоспарын құрастыру, қажет әдебиетті зерттеу және жинау, тексті дайындау және жазу жұмыстары елеулі орын алады.

Курстық жұмыстың тақырыбын әр студент өз бетінше таңдайды. Студенттердің курстық жұмыстың тақырыбын таңдауы мынадай факторларға негізделуі мүмкін: студенттің ғылыми мүддесі, шығармашылық дайындығы және басқа да ақпарат ағымын сапалы қорытуға және біртұтас жүйеге келтіруге мүмкіндік беретін объективтік және субъективтік факторлар.

Курстық жұмыстың жоспарын құрастыру барысында студент ғылыми жетекшіден кеңес алуы қажет. Ғылыми жетекшінің міндеттеріне мыналар жатады:

  • қажет әдебиетті статистикалық және басқа да материалдарды ұсыну, кеңес беру, дайын курстық жұмыстың мазмұнын бағалау;

  • жетекші курстық жұмыстың жазылуы барысында студентке ғылыми және әдістемелік көмек көрсетеді, курстық жұмыстың дайындығын бақылап отырады; түзетулер жасайды, шешім қабылдауда көмек көрсетеді және курстық жұмыстың дайындығын белгілейді.

Әр студент ғылыми жетекшіден тапсырманы алады. Тапсырмада бекітілген мерзім бойынша жұмысын тексеруге және қорғауға әкеледі.

3. Курстық жұмыстың құрылысы.

Курстық жұмыстың негізгі элементтері:

  1. Титул беті.

  2. Тапсырма.

  3. Мазмұны.

  4. Кіріспе.

  5. Негізгі бөлімнің тараулары.

  6. Қорытынды.

  7. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

  8. Қосымшалар.

Титул беті – бұл курстық жұмыстың бірінші парағы және ол белгілі ереже бойынша толтырылады. Титул бетін толтырудың үлгісін кафедрадан (экономика кафедрасы №329 аудитория немесе СТ ЖГУ 22-2009 көрсетілген) алу керек.

Титул бетінен кейін мазмұндама орналысады. Мазмұндама курстық жұмыстың барлық бөліктерінің аттарынан құрылуы қажет.

Кіріспе тақырыптың өзектілігін және оның сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуда осы таңдағы және болашақтағы ролі жайлы анықтамадан тұрады. Сонымен қатар студент кіріспені жазу барысында зерттеудің мақсаттарын және мәселелерін анықтайды. Кіріспенің сонында курстық жұмыстың құрылысын айқындау қажет, яғни оның құрылымдық элементтерінің тізімін келтіру және олардың бірінен соң бірінің орналасу тәртібін анықтау.

Жұмыстың негізгі бөлігі екі-үш тараудан тұрады. Тарау бөлек параграфтардан тұруы мүмкін. Жұмыстың тақырыбы негізгі бөлімде толығымен көрініс алуы керек. Негізгі бөлігі тек қана суреттемелі түрде болмауы керек.

Тақырып мәселелері теориялық және тәжірибелік аспектілерінде зерттелуі қажет және студент зерттеу мәселелерін шешу жолдарын ұсынады.

Бірінші тарау негізгі теориялық мәселелерден тұрады, мамандардың осы мәселеге қатысты көз қарастары зерттелеледі.

Екінші тарауда таңдаған тақырыпқа қатысты әлемдік тәжірибе зерттеледі және қорытындылады.

Үшінші тарауда қарастырылған тәжірибенің Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Бұл тарауда студент шынайы және теориялық материталдарға сүйене отырып, мәселеге өзінің көзқарасын көрсетуі қажет.

Курстық жұмысты жазу барысында студент плагиат болмауын қамтамасыз етуі қажет және белгілі авторлардың ойын қолдану кезеңінде, беттерін белгілей отырып, үзінді жасауды ұмытпауы қажет.

  1. Курстық жұмысты рәсімдеу барысында қойылатын талаптар.

Курстық жұмыстың көлемі (қосымша материалдарды санамағанда) 25-30 беттен кем болмауы тиіс.

Тексті жазу барысында мынадай стандарттарды ескеру қажет:

  • беттің оң жағында 10мм таза орын қалдыру;

  • беттің сол жағында 30мм таза орын қалыдру;

  • беттің жоғарғы жағында 20мм таза орын қалдыру;

  • беттің соңында 25 мм таза орын қалдыру.

Интервал 1,0, Шрифт «Times New Roman », 14 кегль.

Тараулардың аты текст жолының ортасында орналасуы керек және текстен бөлу үшін оның үстінен және астынан екі интервал қалдырылып отырады. Тараудың атын жаза отырып оның соңына нүкте қойылмайды және астын сызуға болмайды.

Абзацтар жаңа жолдан басталады. Курстық жұмыстың беттерінің барлығы нөмірленуі керек. Нумерацияға титулдық бет, қосымшалар да кіріп отырады. Тапсырма нөмірленбейді. Бірақ титул бетіне, мазмұндамаға, кіріспенің бірінші бетіне номер қойылмайды. Егер тексте сан көрсеткіштері немесе цитаталар келтірілсе, олардың қайнар көздерін атау қажет. Ол үшін сөйлемнің соңында жақшаның ішінде автор, кітап және кітаптың беті көрсетіледі, мысалы [Крымова В. Экономикалық теория, 44б] немесе кітаптың авторы мен атын жазбай әдебиеттер тізіміндегі рет нөмірі көрсетуге болады, мысалы [12, 44б].

Әдебиеттер тізімі тексте қолданғанына қарай құрастырылады.

Қорғауға рұқсат етілмеген жұмыс қайтадан өзгертілген түрде жазылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]