Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_Informatika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.15 Mб
Скачать

Студенттің білімін бағалау туралы ақпарат

Әріп жүйесі бойынша бағалау

Цифрлық эквивалент %

Балдар

Дәстрүрлі жүйе бойынша бағалау

А+

4,0

95-100

өте жақсы

А

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

F

0

0-49

нашар

Әріп бойынша бағалау және оны балдық цифрлық эквиваленті дұрыс жауаптарының пайыздық жүйесі бойынша анықталады. Төмендегі кестеде берілген:

Параметрлер

% құрылымы

Балдар

Қорытынды емтихан

30

30

Аралық бақылау

15

15

Үй тапсырмалары

5

5

СӨЖ тапсырмалары

14

14

Қысқа бақылау жұмыстары

15

15

Презентациялар, рефераттар, баяндамалар

5

5

Сабаққа қатысуы

4

4

Сабақтағы үлгерімі, белсенділігі

5

5

Қосымша тапсырмалар

7

7

Барлық алған балдар қосылады:

Жинаған балдар саны

Бағаның вербальды мазмұны

96-100

Автоматты түрде сынақ

80-95

Компьютерлік сынақ

60-80

Ауызша сынақ

0-60

сыналмайды

Саясат және процедурасы

Жұмыстарды бекітілген уақытта өткізу қажет. Ең ақырғы жұмысты өткізу уақыты емтиханға бір апта (7 күн) қалғанға дейін өткізілуі тиіс. Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді. Тақырыпты қайталау, өткен сабақтардың материалдарын өткізу міндетті түрде жүргізілуі қажет. Оқу материалдарының қабылдануы тест тапсырмалары, бақылау жұмыстары арқылы тексеріледі. Сабақты себепсіз босату жағдайында қалдырып кеткен сабақ толығымен қайталанады. Сабаққа екі рет кешігу бір сабақты босатумен теңестіріледі.

Сабақта:

  1. Тыңдай және ести білуі қажет;

  2. Сұрақ қою және сұрақтарға жауап бере білуі қажет;

  3. Берілген уақытты тиімді пайдалана білуі қажет;

  4. Қажетті жазбалары болуы қажет;

  5. Әдебиетпен жұмыс істей білуі қажет

“Ақпараттану” курсы бойынша материал

Дәріс № 1

«Ақпараттану » пәнінен дәріс (1-сағат).

Дәріс тақырыбы: Ақпарат және ақпараттану.

Есептеуіш техниканың даму тарихы.

Мақсаты: Ақпарат және ақпараттану туралы жалпы түсінік алу. Ақпарат пен деректер арасындағы айырмашылықтарды айыра білу. Ақпаратты таңбалай білуге дағдыландыру. Есептеуіш техниканың даму тарихын толық жетілдіру және олардың ұрпақтары туралы мағлұмат алу.

Жоспар

Кіріспе

  1. Ақпарат және ақпараттану түсініктері туралы жалпы мағлұмат

  2. Ақпаратты таңбалау

  3. Есептеуіш техникның даму тарихы

Кіріспе

Өзінің бүкіл даму тарихында адам баласы затты, энергияны және ақпаратты меңгерумен келеді. Адамзаттың дамуындағы бүтіндей дәуірлер ол кездегі алдыңғы қатарлы технологияның атымен аталады. Мысалы, «тас дәуірі»- бұл еңбек құралдарын жасауға арналған тасты өңдеу технологиясының дәуірі, «қола дәуірі»- металды өңдеу технологиясын меңгеру дәуірі, «кітап басу дәуірі»- ақпарат таратудың жаңа әдістерін меңгеру дәуірі. Жиырма-отыз жыл бұрын «атом дәуірі» туды деп айтылатын, ал қазір «ақпарат дәуірі» және «ЭЕМ дәуірі».

1. Ақпарат және ақпараттану түсініктері туралы жалпы мағлұмат.

Ақпарат – латынның information деген сөзінен шыққан, яғни істің жай-күйі немесе біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.

Дегенмен, мәліметтерді ақпаратпен теңестіруге болмайды. Ақпарат тек бізді қызықтыратын істердің нақты емес жақтарын азайтатын мәліметтерді ғана қамтиды.

Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайдалы болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.

Ақпаратты алу дегеніміз – бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен обьектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір – біріне қатысу жөнінде нақты мәліметер мен деректер алу. Ақпарат – белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобы. Ақпараттың бағалылығы, оны пайдала отырып, қандай мәселелер шеше алатымызға байланысты болады. Егер бағалы әрі өзекті ақпаратты түсініксіз сөздермен жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен – ақ белгілі. Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және тағы басқалар. Қоғамның даму кезеңдерінде адамдар көптеген тілдерді пайдаланды, олар: қимылдар мен мимика тілі, сызу- сурет тілдері, музыка тілі мен сөйлесі тілдері. Ақпараттану - ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зертейтін жаңа ғылыми пән. Ақпараттанудың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі ақпарат болып саналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]