Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_Informatika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.15 Mб
Скачать

4. Internet желісінің құрылымы

Әрбір тұтынушы компьютері телефон арналары мен түйінді машиналарымен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір – бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналарымен жалғасады. Түйінді машиналар кез- келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәулік бойынша үзілісіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды; ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам істейтін оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.

Ақпараттық сервер – дегеніміз қалың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақтаған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз (газет - журналдар), жарнамалар тағы сол сияқты мәліметтер сақталады. Желіге қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын айрықша өзіндік адрес (IP -адрес ) беріледі. Интернет провайдері -дегеніміз интернетке қосылу мүмкіндігін беретін арнайы мекеме немесе ұжым. Мысалы: Интернет трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communications, Parasang, Астел Арна Спирнт, Қазақтелеком тағы басқа мекемелер жұмыс істейді.

Internet -те қызмет көрсету провайдері –ISP (Internet Service Provider). Internet -пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Байшоланова К.С. «Ақпараттық жүйелер теориясы оқу құралы.» – Алматы: экономика, 2002 жыл;

  2. Е.Қ. Балапанов, Б. Бөрібаев, А. Дәулетқұлов. «Информатикадан 30 сабақ». «Жаңа ақпараттық технологиялар». Алматы: Шартарап, 1998ж.

  3. Симинович С.В. “Информатика для юристов и экономистов”. Москва- Санк- Петербург- Нижний Новгород- Воронеж- Ростов – на Дону- Екатеренберг –Самара- Новосибирск – Киев – Харьков – Минск: ПИТЕР-2004г.

Дәріс № 9

«Ақпараттану » пәнінен дәріс (1-сағат).

Дәріс тақырыбы: Қарапайым мәтіндік құжатарды құру.

Мақсаты: Word мәтіндік редакторы туралы жалпы мағлұмат алу, саймандар тақтасымен жұмыс жасай білу, Microsoft Word редакторында мәтінмен жұмыс істеу әдіс – тәсілдерін қолдану. Сонымен қатар Word – та арнайы символдарды енгізу жабдықтарын толық меңгеру.

Жоспар

Кіріспе

  1. Microsoft Word мәтіндік редакторы туралы жалпы мағлұмат

  2. Microsoft Word редакторында мәтіндер мен жұмыс істеу әдіс – тәсілдері

  3. Мәтінді енгізуде қолданылатын арнайы жабдықтар

  4. Құжаттарды құру әдіс – тәсілі мен автоматтандыру жабдығы

Кіріспе

Microsoft Word – мәтіндерді дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows операциялық жүйесінің қосымша программасы. Ол – мәтіндік және графиктік мәліметерді өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі. Қазіргі компьютерлік технолгияда орындауға болатын кез-келген операция бұл ортада жүзеге асырылады. Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материадарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс оырндалады, оларды көбейте отырып, тарату мүмкіндігі де толық қамтылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]