Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_Informatika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.15 Mб
Скачать

Аты Мөлшері Құрылған уақыты және мерзімі Негізгі аты Атының кеңейтілуі

1-8 символ 1-3 символ

Опреациялық жүйелерде бірнеше дискілермен жұмыс істеуге болады. Дискілер атауы латын әріптерімен белгіленеді:

А: - иілгіш дискінің аты

С: - қатты дискінің аты

F: немесе E: - компакт дискінің аты

Файл аты, файл өлшемі, соңғы өзгертуінің уақыты мен мерзімі, файл атрибуттары т.б. файл туралы мәліметтер жазылатын дискідегі арнайы орынды каталог деп атайды.

С:\ Мои документы\ fail.txt

Қатты Қаталогтың Файлдың Файлдың

диск аты аты кеңейтілуі

2. Ms dos операциялық жүйесінің құрылымы

MS DOS операциялық жүйесі дискеттің немесе С: дискісінің түпкі каталогында файлдар түрінде орналасады да, мынадай бөліктерден тұрады:

  • BIOS – модулі- компьютердің тұрақты жадында жазылған мәліметті енгізу - шығарудың негізгі жүйесі. Бұл модуль компьютер шыққан заводта жазылып өшірілмей тұрақты сақталады. Ол ЭЕМ іске қосылған сәтте құрылғылардың жұмыс істейтінін немесе істемейтінін тексеріп, ОЖ-ның мәлімет енгізу – шығаруға байланысты атқарылатын қарапайым жұмыстарын атқарады;

  • Операциялық жүйенің жүктеуіші- бұл кішкентай ғана программа операциялық жүйенің компьютердің жедел жадында тұрақты сақталатын, қалған модульдерін файлдардан оқуға қамтамсыз етеді;

  • IO.SYS – файлды сыртқы құрылғылармен (пернелік тақта, дисплей, принтер, байланыс адаптері және динамик)ақпарат алмасудың барлық түрін атқарады;

  • MSDOS.SYS файлы жалпы файлдар ашу ісін және ЭЕМ жедел жадын басқарады, оған әрқашанда жедел жадта қанша бос орын бар екені белгілі болады;

  • COMMAND.COM- командалық процессоры әрбір адам қажет түрлі іс-әрекеттерді орындайды, ол ЭЕМ іске қосылғаннан бастап, ОЖ-ның барлық резиденті немесе ішкі командаларын орындау ісін жүргізеді;

  • DOS-тың сыртқы немесе кірме командалары- операциялық жүйемен бірге бөлек- бөлек файлдар түрінде берілетін программалар, кейде утилиттер деп те айтыла береді;

  • Құрылғылар драйвері- DOS жүйесін толықтырып, жаңадан қосылған шеткері құрылғыларды басқару ісін орындайтын арнайы программалар.

3. Операциялық жүйеде қолданылатын командалыр

MS DOS барлық командалары резидентті және транзитті болып екі үлкен топқа бөлінеді.

Резидентті (ішкі) командалар

Бұл топқа DIR, CD, RD, MD командалары жатады.

  • DIR командасы – каталогтардың және файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді. Мысалы: C:\> DIR\Word;

  • MD (Make Directory- каталогты құру) – ағымдағы кез келген каталог ішінен жаңа каталог құру командасы. Мысалы: C:\>MD Tools;

  • CD (Change Directory – каталогты ауыстыру) – бір каталогтан екінші каталогқа көшу командасы,яғни ағымдық каталогтың атын өзгерту. Мысалы: C:\> CD\Student;

  • RD (Remouve Directory – каталогты жою) - ішіндегі файлдары жоқ бос каталогтар мен ішкі каталогтарды жою командасы. Мысалы: C:\RD student;

Транзиттік (сыртқы) – командалар

Бұл топқа FORMAT, DISKCOPY, MODE, TREE, ATTRIB командалары жатады.

  • FORMAT -дискіні форматтау командасы;

  • DISKCOPY- дискінің толық көшірмесін алу командасы;

  • MODE командасы мәлімет шығару құрылғыларының жұмыс параметрлерін өзгерту ісін атқарады;

  • TREE командасы көрсетілген дискінің бұтақ тәріздес каталогтар құрылымын экранға шығарады;

  • ATTRIB- командасы файлды кездейсоқ өшіруден немесе өзгертуден сақтауды тағайындау және қажет болғанда алып тастау командасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]