- •Мазмұны
- •“Ақпараттану” пәні бойынша оқыту бағдарламасы (syllabus)
- •Пән бойынша мәліметтер:
- •Пәннің мақсаттары мен мәселелері
- •Студенттің білімін бағалау туралы ақпарат
- •“Ақпараттану” курсы бойынша материал
- •Ақпаратты таңбалау.
- •Негізігі санау жүйелеоіне аудару кестесі
- •Есептеуіш техниканың даму тарихы.
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Ақпарат ағымы
- •4. Программалық жабдықтардың классификациясы.
- •Программалардың қысқаша классификациясы п рограммалар
- •Қолданбалы Жүйелік Аспаптық
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Жоспары
- •Windows жүйесінің негізгі функциялары
- •Windows жүйесіндегі жұмыс столының объектілері
- •4. Файлдық құрылыммен жұмыс
- •5. Негізгі мәзірді қолдану.
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •1. Деректерді енгізу және шығару жабдығын орнықтыру.
- •2. Windows ож –сін безендіру элементтерін орнықтыру
- •3. Windows ож –сінде басқару элементтерін орнықтыру. Таңдау тақтасын орнықтыру
- •4. Windows ож – сін автоматтандыру жабдығын орнықтыру
- •5. Қаріптерді орнықтыру
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •1. Стандартты қолданбалы программалар
- •2. Объектілерді байланыстыру және енгізу принциптері
- •3. Windows ож –сінің қызметші қосымшалары
- •4. Мультимедияның стандарты жабдықтары
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •1. Операциялық жүйенің атқаратын рөлі
- •Аты Мөлшері Құрылған уақыты және мерзімі Негізгі аты Атының кеңейтілуі
- •2. Ms dos операциялық жүйесінің құрылымы
- •3. Операциялық жүйеде қолданылатын командалыр
- •Резидентті (ішкі) командалар
- •Транзиттік (сыртқы) – командалар
- •Файлдармен жұмыс істейтін командалар
- •4. Norton Commander программалық қабыршағы
- •Функционалдық пернелер қызметі
- •Ескерту
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •1. Бүлінген және вирус жұққан файлдар
- •2. Бүлінген және вирус жұққан файлдар
- •4. Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі
- •4. Компьютерлік вирустардан сақтанудың негзігі тәсілдері
- •Программаға немесе операторлық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды анықтайтын программалар;
- •Вирустар жұқтырылғаннан кейін олардың кейбірін анықтайтын программалар.
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •1. Компьютерлік желілер
- •2. Компьютерлік желілердің түрлері
- •3. Интернет желісі
- •4. Internet желісінің құрылымы
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •1. Microsoft Word мәтіндік редакторы туралы жалпы мағлұмат
- •2. Microsoft Word редакторында мәтіндер мен жұмыс істеу әдіс – тәсілдері
- •3. Мәтінді енгізуде қолданылатын арнайы жабдықтар.
- •4. Құжаттарды құру әдіс – тәсілі мен автоматтандыру жабдығы
- •Қолданылатын әдебиеттер:
- •1. Формуланы енгізу
- •2. Кестелермен жұмыс
- •Кестені енгізу
- •Кесте мазмұнын форматтау немесе енгізу
- •3. Диаграмалармен жұмыс
- •4. Графиктік объектілермен жұмыс атқару
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •1. Microsoft Excel электрондық кестесін құру
- •Электрондық кестенің негізгі түсініктері
- •Ұяшықтағы мәліметтер
- •Сандарды енгізу
- •2. Есептеулер жүргізу үшін Microsoft Excel электрондық кестесін қолдану
- •Арифметикалық және тригонометриялық функциялар
- •Арифметикалық және тригонометриялық функциялар
- •3. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу
- •Қолданылған әдебиеттер
- •1. Архиватордың қажеттілігі
- •3. WinRar архивтік программасын пайдалану.
- •4. Файлдарды архивке енгізу
- •Файлдарды архивтен шығарып алу
- •Қолданылған әдебиеттер
- •1. Мәліметтер базасын басқару жүйесіндегі (мббж) негізгі объектілер
- •2. Мәліметтер базасын басқару жүйесіндегі басты терезелер
- •3. Мәліметтер базасын басқару жүйесінің мәзір жолы
- •4. Мәліметтер базасындағы жолдар қасиеттері
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •2. Html тілін қодану
- •Атрибут мәні Нөмірлену таңбалары
- •Кестелер
- •3 . Front Page редакторында жұмыс атқару
- •1. Алгоритм туралы жалпы түсінік
- •2. Берілгендер және олардың тектері, арифметикалық амалдар мен өрнектер
- •Арифметикалық амалдар және өрнектер
- •3. Turbo Pascal ортасын жүктеу
- •Турбо-Паскаль ортасындағы функционалдық пернелер
- •Save as-файлдың атын және жолын көрсете отырып сақтау.
- •4. Turbo Pascal тілінің алфавиті
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Зертханалық практикалық жұмыстың тақырыбы
- •Семинар тақырыптары
- •Жалпы аралық бақылау сұрақтары:
- •Бірінші аралық бақылауға арналған сұрақтар мен есептер
- •1. Ақпараттану пәнінің атқаратын рөлі, оның негізгі объектілері Ақпартты таңбалау, ascii коды:
- •1. Есептеуіш техниканың даму тарихы: оның ұрпақтары:
- •Тапсырма №3
- •Тест сұрақтары
- •Функционалдық пернелер бойынша анықтама Excel программасына арналған функционалдық пернелер Парақтарда мәліметтерді енгізу пернелері
- •Ұяшық немесе формула жолының мазмұнымен жұмыс атқаратын пернелер
- •Мәліметерді форматтауға арналған пернелер
- •Мәліметерді форматтауға арналған пернелер
- •Белгіленген облысқа көшіру және өшіру, қою пернелері
- •Белгіленген облыс шегінде орын ауыстыру пернелері
- •Макростармен, диаграммалармен және парақтармен жұмыс жасауға арналған пернелер
- •Мәліметтерді анализдеуге арналған қорытынды функциялар
- •Word программасында қолданылатын функционалдық пернелер Функционалдық пернелер
- •Мәтіннің немесе суреттің орын ауысуы немесе көшіруі
- •Жиі қолданылатын пернелер тіркесі
- •Техника қауіпсіздігі
- •Глоссарий
- •Негізгі әдебиеттер:
Мазмұны
-
1
Жұмыс бағдарламасы.........................................
4
2
Дәріс.....................................................................
12
3
Зертханалық практикалық жұмыс.....................
69
4
Семинар тақырыптары.......................................
69
5
Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тақырыптар..........................................................
70
6
Жалпы аралық бақылау сұрақтары мен тапсырмалары......................................................
71
7
Бірінші аралық бақылау сұрақтары мен тапсырмалары......................................................
75
8
Екінші аралық бақылау сұрақтары мен тапсырамалары....................................................
82
9
Функционалдық пернелер бойынша анықтама.
89
10
Техника қауіпсіздігі.............................................
96
11
Глоссарий..............................................................
98
12
Қолданылатын әдебиеттер тізімі........................
107
“Ақпараттану” пәні бойынша оқыту бағдарламасы (syllabus)
Оқытушы туралы мәлімет: ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушы Досымбеков Ерлан Қадыр ұлы.
Консультативтік сағаттар (office - hour): СӨОЖ консультациялар сабақ кестесі бойынша жүргізіледі.
Пән бойынша мәліметтер:
Пән аты: “Ақпараттану”
Ақпараттық жүйелер кафедрасы
Уақыты: сабақ бекітілген сабақ кестесі бойынша жүргізіледі.
Кредиттер: 3, бірінші семестр.
Курс нөмірі (коды): 1
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс |
Семестр |
Кредит |
Дәріс |
ЗПЖ |
Семинар |
СӨОЖ |
СӨЖ |
Барлығы |
Бақылау формасы |
1 |
1 |
3 |
15 |
15 |
15 |
45 |
45 |
135 |
Емтихан |
Пәннің пререквизиттері: “Ақпараттану” пәнін оқып үйрену үшін студенттер ақпараттану пәнінің базалық курсын толық меңгеру керек. Сонымен қатар студенттерге төмендегі пәндер бойынша білімдері қажет: “Физика”, “Математика”, “Ақпараттық мәдениет негіздері”.
Пәннің постреквизиттері: қазіргі кезде білім беру парадигмасы өзгерді. Ол бұрын пәнге бағытталған түрде жүргізілсе, енді жеке тұлғаға бағытталған түрде жүргізілетін болды. Бұл – қоғамдағы өзгерістерге байланысты туындаған объективті процесс. Бұрынғы оқыту технологиялары оқушылардың жалпы оқуға ұмтылыстары мен біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған еді. Онда оқытылатын пәннің өзі оқыту мақсаты тәрізді болатын да, ал оқушы – соған жету құралы болып саналатын. Ақпараттануды оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды белсенді, әрі толыққанды өмірге және ақпараттық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болып табылады.
5. Пәннің қысқаша сипаттамасы: ақпаратану – электронды есептеуіш машина (ЭЕМ) арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Ақпарат – латынның information деген сөзінен шыққан, яғни істің жай-күйі немесе біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны. Дегенмен, мәліметтерді ақпаратпен теңестіруге болмайды. Ақпарат тек бізді қызықтыратын істердің нақты емес жақтарын азайтатын мәліметтерді ғана қамтиды.
Курс құрылымы
Ғылым ретінде ақпарат туралы түсінік. Ақпараттанудың ғылыми және қарапайым түсініктемелері. Ақпараттану курсының негізі және оның ерекшеліктері.
Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайдалы болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Мұндай анықтама ақпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік, семантикалық және прогматикалық.
Синтаксистік деңгейде, ақпаратты қандай да бір қабылдап алушы кісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қатынас қарастырылып, бұл жерде оның мазмұны мен құндылығы ескерілмейді.
Семантикалық сүзгі (тезаурус) мәлімдеменің мазмұнын меңгеруге мүмкіндік береді. Мәлімдеменің мазмұны-белгілі бір түрде реттелген білім болып табылады.
Прогматикалық сүзгі (бағалау механизмі) ақпаратты қабылдаушының іс жүзіндегі қызмет барысында шешетін мәселелеріне байланысты, мәлімдемені бағалауына мүмкіндік береді.
Кибернетикалық жағдайда ақпарат, объектінің жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде, сондай-ақ, басқару кезеңіндегі мәліметтермен оны қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге - кез келген объектінің жағдайы туралы деректер, мағлұматтар жатады.
Ақпарат жүйесінде элементтер арасындағы байланыс ақпарат арқылы, яғни осы жүйеге қатысы бар мәліметтер мен қандай да бір оқиғалар туралы белгілер арқылы жүзеге асады.
Ақпарат жүйесі – қандай да бір объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және шығарып беру жүйесі деп қарастырылады. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандай да бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.
Ақпарат жүйесін жіктеуде оны келесі ішкі кластарға бөлуге болады:
-ақпараттық-анықтамалық жүйелер;
-ақпараттық-кеңес беретін жүйелер;
-ақпараттық қадағалаушы жүйелер.
Ақпараттық-анықтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайды.
Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер объектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады.
Ақпараттық қадағалаушы жүйелерде мәліметтер адамның қатысуынсыз ендіріліп, басқарылатын объектідегі үрдіс автоматты түрде реттеледі.
Дегенмен, келтірілген жіктеулер шартты түрде қарастырылған. Оларды таңдау сәйкес факторлардан тәуелді.
Ақпарат жүйесіне қатысты ақпарат құрылымын қарастырсақ, оны ақпараттық бірліктерге: реквизиттер, көрсеткіштер, құжат, массив, ақпарат ағыны және ақпарат жүйесі деп бөлуге болады. Мұндағы ақпараттың әрі қарай бөлінуге жатпайтын ең кіші өлшем бірлігі-реквизит десек, оның екі түрі бар екені белгілі-реквизит-негіз және реквизит-белгі.
Әрбір реквизит әріптер мен сандар жиынтығынан тұрады және мән-мағынаның сандық қасиетін сипаттайды. Бұл жағдайда ол реквизит негіз деп аталады. Ал ол мән-мағынаның сапалық қасиетін бүлдірсе, ол- реквизит белгі деп аталады.
Бұл ұғымдар экономикадағы ақпарат жүйелерін қарастыратын пәндерде осылай беріледі. Ал тек таза ақпарат жүйесінің теориясы төңірегіндегі пәндерде ақпараттық атрибут және құрамды бірлігі деп саналатын екі негізгі бірліктері қарастырылады.
