Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОРС на каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.36 Mб
Скачать

5 Дәріс. Тозу деңгейі бойынша конструктивті элементтердің жіктелуі.

Ғимараттар мен үймереттердің тексерілетін құрылыс конструкциясы мынадай болуы мүмкін: түрі, көтергіштік қабілетіне және эксплуатациялық жарамдылығына ықпал ету деңгейінің ақауы және зақымдануы. Осы қозғаушы күштерді бағалау үшін жүйелеу әдісін топтастыру керек.

Құрылыс конструкциясының ақауының толық белгісін және ережеден басқа ауыткуларын жүйелей отырып конструкциярның техника жағдайының дәрежесін белгілейді және олардың күшеюі бойынша бірінші кезекті шараларды анықтайды. Әрине, құрылыс конструкциясының (темірбетон, болат, тас, негіздер мен іргетастар) жеке түрлері ерекше, тек оларға тән ақаулар мен кемшіліктерге ие болуы мүмкін, және сәйкесінше тексеру мен толық диагностика әдістеме ерекшеліктері де осыған кіреді.

Негіздер мен іргетастарды тексеру. Қайта құрылатын ғимараттар мен үймереттерді тексергенде, іргетастар мен негіздердің көтергіш қабілеті орналастрылуы керек. Жалпы тексеру жұмыстары құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық зерттеуінің, топырақ негізінің инженерлік-геологиялық тексеруінің және іргетас жағдайының инженерлік тексеруінің орындалуын алдын ала қарастырады. Негізді тексеру СНиП 2.02.01—83 талаптарына сәйкес орындалуы керек.

іргетастың топырақ негізін инженерлік-геологиялық тексеру жұмыс сызбасы және іргетас тұрғызуда үкім қағазы жоқ кезде, сонымен қатар негіздің біркелкі емес шөгуінің пайда болуы себепкер болатын деформация анықталған ғимараттар мен үймереттердің жер асты конструкциясын тексеру кезінде жүргізіледі. Бұдан басқа, мұндай тексерулерді қайта құруда қарастыратын келесі жағдайда жүргізеді: жүктеменің сипатының жоғарылауы немесе төмендеуі,жертөле бөлмесін арқылы қайта құру, құрылған жаңа ғимараттың үймереті, агрессивті сұйықтықтың іргетасқа, төмен және жоғары температураның әсеріне байланысты технологиялық процестің өзгеруі.

Бұл тексерулер орналасу саны мен орны әрбір нақты жағдайда анықталатын ашық шурфтар көмегімен жүргізіледі. Шурф ұңғымасын ең көп жүктелген және жүктелмеген аймақтарда, сыртқы және ішкі қабырғаларда, ұстында, іргетасты жабдықтауды және т.б. әрбір конструкция түрінде бір бірлеп, екеуден жүзеге асырады. Шурфтарды міндетті түрде деформацияланған конструкцияға жақындарын, және де ғимаратқа, үстіне салынған бөлігіне жалғастыра салынған жобалауға байланысты бөлінген аймақтарда және жүктеменің шамаланған маңызды жоғарылауы бар орындарда ажыратады.

Ашық іргетас пен олардың қатуының шурф негізі арқылы сулануды болдырмауға үлкен көңіл бөлу керек.Шурфтың негізі мен іргетасын тексеруде жұмысты аяқтағаннан кейін бұзылған су қорғағыш изоляциялы жабынды қалпына келтіру және нығыздап тегістеумен топырақты қабатты тегістеп қою керек.

Жұмыс құжаттары жоқ кезде негіздер мен іргетастар саны, тереңдігі және шурфтың жобада орналасуы жоспар мен тілікті, іргетас пен негізді құруға жеткілікті болуы тиіс.

Егер негіз бен іргетасқа жобалық үкім қағазы болса, ал құрылыс конструкциясы қанағаттандырылатын жағдайда болса тек қана бақылау шурфтауын орындауға болады.

Шурфтың орналасу тереңдігін ереже бойынша 0,5...1,0 м төмен емес іргетас табанынан төмен орналастырады.

Конструкция түрін, өлшемін және орнату тереңдігін, гидроизоляция түрі мен қолданылуын анықтағаннан кейін белгілі әдістермен ақауларды, кемшіліктерді, жобадан өзгешелікті айқындап, іргетас материалының физика-механикалық және физика-химиялық сипаттамасын анықтайды.

Қадалы іргетастарды тексеру кезінде шурфтау және геофизикалық әдіспен анықтауға болатын олардың диаметрін, санын және тереңдігін орнатады.

Шурфтарда топырақты тексеру процесінде қиратпайтын және экспресс әдісті қолданады. Бір ості сығу кезінде деформация модулі және беріктігі топырақты үлгіде электронды-акустикалық әдіспен анықталуы мүмкін. Яғни, мұның мәнісі топырақта акустикалық импульстың тарауының жылдамдығын анықтауда және белгілі тәуелділік бойынша деформациялы-беріктік сипатын есептеуде болып отыр. Топырақтың кеуектілігі мен тығыздығын гаммалы немесе нейтронды импульстың сәулеленуінен торрировты қисықты пайдалану көмегімен анықтауға болады.

Топырақтың түрі мен олардың ылғалдылығы әсерінен негіздің нығыздалуынан нормалық кедергі 25 % жоғарылайтын эксплуатациялы ғимаратта негізді тексеру тәжірибесінен белгіленді.

Негіз бен іргетасты тексерудің нәтижесін саралауда СНиП 2.02.01—83 «Ғимарат пен үймереттің негізі», СНиП 3.02.01—83 «Негіздер мен іргетастар», СНиП 2.02.03—85 «Қадалы іргетастар» талаптарын басшылыққа алу керек.

Тас конструкциясын тексеру. Тас конструкциясын тексеруде ең алдымен жағдайына үлкен көңіл бөлу керек көтергіш элементтерді анықтап алу керек.Нормативті талаптар мен жобалық шешімдерден маңызды ауытқуларды көзбен және арнайы құралдардың көмегімен анықтайды. Және де конструктивті элементтердің нақты өлшемін, қабырғалардың өзара, жабын конструкциясы мен қаңқа элементіне байланысты сипатын, өзінің жазықтығында және оған перпендикуляр тас конструкциясының деформациясын аламыз. Осы кезде плитаның, арқалықтың, жалғастырғыштың, болат арматура мен қосымша бөлшектердің олардың коррозиядан бүліну деңгейінің керекті шарттары сақталмауы мүмкін.

Ақаулардың пайда болуының себептерінің ішінен механикалық, динамикалық, коррозиялық, температуралық, ылғалдылық әсерлер, сонымен қатар негіз деформациясының бірқалыпсыздығын ескертуді ерекше атап көрсетуге болады. Соңғылары қабырғаның көршілес аймағына (мысалы, бүйірлік - өзін көтергіш және бойлық – көтергіш) орналастыру деңгейінің, жапсарлас аймақтарда геологиялық шарттардың әртүрлілігі ретінде қолданылауы мүмкін. Сонымен қатар іргетастан грунтты немесе апатты сулармен топырақты шығару, отыратын топырақты сулау нәтижесінде және т.б. берілуі мүмкін.

Тексеру процесінде уақыт өтісіне байланысты жарықтардың қаншалықты көбейетінін анықтау мақсатында жарықтарға шамшырақтар орналастырады.

Көтергіш тас конструкциясында анықталған жарықтарды сығу кезіндегі жүктеме қалауының жұмысы бойынша бағалау керек (2-сурет). Бірақ қалауды тұрғызу технологиясының бұзылуы нәтижесінде, мысалы, қысқы мерзімдерде, сонымен қатар шөгуден шыққан және температуралық деформацияларда жарықтың пайда болуы мүмкін екендігін айта кету керек.

Қалаудың деформациялық - беріктік сипаттамасын орнату тас конструкциясын тексерудің маңызды кезеңі болып табылады. Ең алдымен жасалған қалаудың сапасын және оның жобалық немесе басқа да техникалық талаптарға (жіктерді ерітіндімен толтыру, көлденең қатарларды ұстану, жіктерді қайта орнату қажеттігін жүзеге асыру және т.б.) сай болуын бағалау керек. Кірпіштің және тастардың беріктігін ГОСТ 8462—85, раство­ра—ГОСТ 5802—86 или СН 290—74 талаптарына сай болуына байланысты анықтау керек. Тас қалауының тығыздығы мен ылғалдылығын ГОСТ 6427—75, 12730.2—78 бойынша үлгінің құрғатуға дейінгі және кейінгі салмағының айырмашылығын анықтау жолымен қабылдайды. Тас материалдар мен ерітінділердің аязға төзімділігі және су сіңіргіштігі ГОСТ 7025—78 бойынша қабылданады.

2-сурет. Сығу кезіндегі қалаудың жұмыс кезеңі.

F-қалаудағы күш; Fcrs-жарық пайда болатын қалаудағы күш;

Fu- күштің жойылуы.

Сынау үшін үлгіні саралау осы аймақтағы материалдарда қолданылатын ұқсастық шарттары кезінде конструкцияның аз жүктелген элементтерінен жасайды. Кірпіштің немесе тастың үлгілері жарықсыз, бүтін болуы керек. Теріс пішінді тастардан 20 дан 40 мм қабырғалы кубик немесе 40 тан 150 мм диаметрлі цилиндр жасайды. Ерітіндінің сынауы үшін ерітіндінің екі тілімшесінен құралған, гипстік ерітіндімен желімделген, 20 дан 40 мм қабырғалы куб жасап шығарады. Үлгілерді стандартты лабораториялық жабдықтаумен сығуға сынайды.

Тас конструкциясын тексеруді ҚНжЕ II-22—81 «Тас конструкциясы» талаптарын ескеріп орындау керек, сонымен қатар «Ғимараттар мен уймереттердің тас конструкциясын күшейту сипаииамалары».

Негізгі әдебиет: [1], 60-86; [2], 60-62.

Қосымша: [8], 117-120

Бақылау сұрақтары:

1. Негіз бен іргетасты тексеру кезінде қандай әдістерді пайдаланады?

2. Өлшеуіштің түріне байланысты тексеру әдістерін анықтаңыз?

3. Ақаулардың пайда болу себептері?

4. Металл конструкциясындағы диагностика ерекшеліктері қандай?