- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Cтуденттердің өтетін пәндеріне арналған
- •«Ғимаратарды қайта құру және зерттеу»
- •050729 – «Құрылыс» мамандығы (ғүеж)
- •1. Syllabus – пәннің оқу бағдарламасы
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарынан кесінді
- •1.5. Пәннің қысқаша түсініктемесі.
- •1.6 Тізім және тапсырма түрі және олардың орындалу графигі:
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •2.Берілетін материалдың мазмұны.
- •2.2.Дәріс сабақтарының тапсырмалары.
- •2 Дәріс. Өндірістік ғимараттардың қайта құрылу ерекшеліктері.
- •4 Дәріс. Ғимарат пен конструкцияның диагностика түрі
- •5 Дәріс. Тозу деңгейі бойынша конструктивті элементтердің жіктелуі.
- •6 Дәріс. Конструкцияның нақты динамикалық сипаттамаларын анықтау
- •3 Сурет – Қоршауыш қадалар арқылы негіздің күшеюі:
- •9 Дәріс. Іргетасты күшейту. Тас конструкцияларын күшейту және жақсарту.
- •4 Сурет – Іргетастарды темірбетонды «жейдемен» күшейту
- •5 Сурет. Ленталы іргетасты суасты күшеюі
- •11 Дәріс. Табу және шегеру тақталарын әрекеттендіру.
- •20 Сурет - Көпқуысты жиналмалы жабын плиталарын күштеу
- •12 Дәріс. Металл құрылымдарын нығайту
- •13 Дәріс . Ағаш конструкция қағидаларын күшейту
- •15 Дәріс. Ғимарат пен имараттардың қайта құру кезіндегі көлемді-жоспарлық эәне конструктивтік шешімдері.Инженерлік имараттарды қайта құру.
- •Модуль II
- •Мұғалімнің басқаруымен студенттердің өзіндік жұмыс жоспары (сөж)
- •2.5. Студенттің өзіндік жұмыс жасаудың сабақ жоспары
- •Темірбетонның көпқуысты тақтаны күшейту қимасын келесі жолымен жасайды:
- •Темірбетон көпбос тақталарды жабын үстінен күшейту жеңілдету элементтері келесі жолымен жасалынады:
- •Темірбетон ленталы іргетас күшейтуі босатылған элементтер келесі жолымен жасалынады:
- •Жеңілтілген элементтерді жеңіл іргетас қабырғасына жүргізу;
- •2.8 “Ғимараттарды зерттеу және қайта құру” пәні бойынша экзамен сұрақтары.
- •3. Глоссарий
- •Белсендi үлестiрме материалдарының мазмұны
2 Дәріс. Өндірістік ғимараттардың қайта құрылу ерекшеліктері.
Өндірістік ғимараттарды қайта жобалауда келесі негізгі міндеттер шешіледі:
- ғимараттың көлемдік-жоспарлы құрылымының жаңғыртылатын немесе жаңадан орналастырылатын өндірістің қажеттілігімен сәйкес, ал ғимараттың функционалды тағайындалуының өзгеруі кезінде қайта орналастырылатын цехтар мен қызметтер талаптары бойынша берілуі;
- Көтергіш және қоршауыш конструкцияның эксплуатациялық сапасын жаңа талаптарға сай көтеру;
- Ғимараттың өндірістің дамуымен, сонымен қатар, құрылыстық жұмыстарды қайта құру шарттарын жүргізумен, соның ішінде технологиялық процестің тоқтамауымен байланысты негізгі құрылыстық сипаттамаларының өзгеруі (сырт пішіні, жоспары, орналастыру биіктігі, ұстын торлары);
- жаңғыртылатын өндірісті қамтамасыз ету және жұмысшылардың нормада талап етілген еңбек шартын құру үшін инженерлік жүйенің жаңғыртылуы;
- қазіргі заманғы өндірістік эстетиканың жалпы компазициясының талабына сай ғимараттың архитектуралық-көркем сапасының және оның интерьерінің жетілдірілуі.
Техникалық қайта құралдану және өндірісті қайта құру процесі көбінесе технологиялық жабдықтауды ауыстыру, әртүрлі аймақтардың және бөлімшелердің байланысын өзгерту арқылы жүреді. Жартылай немесе толық қайта құрылымдаудың қажеттігі жаңғыртылатын немесе қайта орналстырылатын өндірістің санитарлы немесе өрттік сипаттамасын өзгерту арқылы анықталады. Оған қоса, өндірістің мәдени жоғарылауы ішкі кеңістіктің маңызды қайта ұйымдастырылуын қажет етеді. Барлық жағдайда ол интерьердің анық композициялық шешімін шығару, нақты цехтың алаңын өндірістік және қосалқы кеңістікте аймақтандыру есебімен жүргізілуі керек.
Өндірісті қайта құру кезінде архитектуралық шешімдерді қалыптастыруға ықпал ететін негізгі қозғаушы күштер:
- еңбек өнімділігін көтеретін және цехтарда талап етілетін үздіксіз микроклиматтық шарттарды қолдайтын жаңа технологиялық процестерді және жабдықтарды толық енгізу;
- өндірістің инженерлік қамтамасыз ету талаптарының жоғарылауы және осымен байланысты электрлік және жылулық энергияның, сонымен қатар судың жылдық шығынының өсуі;
- өндірістік процестерді комплексті механикаландыру және автоматтандыру, өндірісті автоматты басқару жүйесін құру;
- құрылған өндіріс құрылымының өзгерісін қажет ететін өндіріс ұйымының жаңа аумақты формасына өту;
Ғимараттың және конструкцияның жағдайын тексеру әдістері. Ғимараттар мен имараттардың құрылыс конструкциясының тексерісін инженерлік-техникалық жұмысшылардың арнайы дайындалған және керекті құралдармен, жабдықтармен жабдықталған білікті топтары жасайды.
Өздерінің жұмысында тексеру топтары қолданыстағы ғимараттар мен имараттарды қайта құру және тексеру бойынша барлық нормативтік және нұсқаулық құжаттарды және де іздеу жұмыстарында, жобалауда, құрылыс объектілерінің құрылысы мен эксплуатациясында мемлекеттік стандарттарды басшылыққа алу керек.
Зерттеудің негізі ретінде қайта құрылымдаудың мақсаты және негізгі талаптары, жобаланатын технологиялық жүктемелер және әсерлер көрсетілетін тапсырманы аламыз. Сонымен қатар, ғимаратты және имаратты қайта құрылымдау және күшейту бойынша жұмысқа тарту болжамданатын құрылыс ұйымының техникалық мүмкіншіліктері жайлы мәлімет беру қажет.
Зерттеу бойынша жұмыс екі кезеңде жүргізіледі:
1) алдын ала немесе жалпы зерттеу;
2) толық зерттеу
Сонда да бір кезеңдң зерттеу жұмысы жүргізілуі де мүмкін.
Конструкцияны зерттеу келесі жұмыс түрлерінен тұрады: конструкцияны алдын ала зерттеу; техникалық құжаттаманы зерттеу; болашақ технологиялық процестердің және эксплуатация режимінің ерекшеліктерімен танысу; инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық және инженерлік-гидрометеорологиялық зерттеулер; толық тексеру, конструкцияны өлшеу және кемшіліктерін табу; конструкция материалдарының үлгісінің лабораториялық анализін алу; жобадағы жүктемелер мен әсерлерді анықтау; есептік сұлбасын орнату және сынау есебін жасау;
Жобалық-техникалық құжаттарлы зерттеу келесі сұрақтарға жауап беру керек: тарихи сипатта басы және құрылыс кезеңі, күрделі және басқа жөндеу жұмыстарының жүргізілу уақыты, қайта құру немесе қайта құрылымдау, эксплуатация сипаттамасын немесе технологиялық процестерді өзгерту, іргетастарды су басу немесе жер асты суларды көтеру апаттары ж.т.б.
Көлемдік-жобалық және конструктивтік шешімдер туралы: имараттың жұмыстық сызбаларымен танысу (архитектура-құрылыстық, құрылымдық, ішкі инженерлік жүйелер және инженерлік құрылымдардың сыртқы коммуникациялары), жүктемелер мен әсерлер есебі, агрессиялы ортаның әсерінен конструкцияны қорғау шаралары, технологиялық жабдықтауды орналастыру сызбасы;
Негізгі жобалық-техникалық құжаттамалардан өзге, жобалаушы ұйымнан жасалған қосымша материалдар қолданылуы керек: экстплуатацияға өткізу актісі, жасырын жұмыстарға акттар, сертификат-паспорты, өндіріс жұмысының журналы, эксплуатация журналы, жөндеу жүргізу, қайта құру құрылысы туралы құжаттамалар және т.б.
Бастапқы зерттеулер ретінде жобалық мәліметтен көлемдік-жабалау, конструктивті шешімдер, жүктеменің табиғи-климаттық және т.б. қоса, түрі және сипаты жағынан бөлініп көрсетілуң керек.
Жобалық-техникалық құжаттама болмаған жағдайда немесе толық емес болса конструкцияның бастапқы өлшемдерін, ғимараттың және имараттың негізгі сызбасын анықтап алу қажет.
Бастапқы немесе жалпы зерттеу қорытындысы бойынша ғимараттар мен имараттардың құрылыс конструкциясының техникалық жағдайының бағдарлы бағасы қойылады және толық зерттеу бағдарламасы жасалады.
Толық зерттеу – диагностика нысанының басының бірі, ол соңғы ең аныұ жоғарғы деңгейдегі (негізделген) мағлұматтын жинау мақсатында ғимараттар мен имараттарды қайта құрылымдауда конструктивтік шешімін қабылдау үшін негіз болатын құрылыс конструкциясының техникалық жағдайының бағасын беруге құрылады.
Және де конструкцияны толық зерттеуді толықтай немесе жартылай ішінара немесе біріңғай жасау ұсынылады.
Біріңғай зерттеу барлық конструкция үшін тексеруді болжайды, ал ішінара – жеке элементтер үшін. Біріңғай зерттеулер ең алдымен сенімділік коэфициенті тағайындалған, бірлікке тең нысандарда жүргізілуі керек. Және барлық кезде жобалық құжаттама немесе құрылыс конструкциялардың айқындалған кемшіліктері олардың көтергіш қабілеттерін көтереді.
Егер біріңғай зерттеу кезінде бір типті конструкцияда жалпы саны 20 шт. 20 % аз емес болса, қалған конструкцияларды ішінара тексеруге болады. Ішінара зерттелетін элементтердің көлемі нақтылы шарттардан анықталуы керек. (бір типті конструкцияда 10 % аз емес, бірақ үштен көп емес)
Аспаптық конструкция материалының физико-механикалық және физика-химиялық қасиетін анықтау үшін жұмыс жиынтығын орындағанда көтеру әрекеті шартында және жоғары температурада, төмендетілген және төмен температурада, агрессивті ортада эксплуатацияланатын элементтерді белгілеу керек
Толық зерттеу жүргізгенде агрессивті ортаның түрі мен деңгейі (егер ол болса) орнатылуы,арнайы қорғағыш қабаты жок жабындар ретінде ГОСТ 6992—68 * «Бояулы жабындар. Атмосферлі шарттарда тұрақтылыққа зерттеу әдісі» бойынша конструкция материалының жағдайына талдау жасау. Атмосфералық жағдайда беріктікке тексеру әдістері.
шарттарда» және т.б.
Жұмыстың барлық түрлері жасалатын құрылыс конструкцияларын тексергенде арнайы журналдарда алынған мәліметтердің қатал есебін, әртүрлі жұмыс түрлерінің тексеру актілерін рәсімдеуді және т.б. жүргізу керек, мағлұматтарды кесте түрінде және оны жүйелеу түрінде рәсімдеуге ұмтылу.
Негізгі әдебиет: [1], 16-24; [5], 5-8.
Қосымша әдебиет: [8], 57-64
Бақылау сұрақтары:
1. Реконструкцияның негізгі міндеті.
2. Ғимараттар мен имараттардың жағдайын тексеру әдітері.
3. Толық және бірыңғай тексеру.
3-ші дәріс. Бұзылу мен қираудың негізгі себептері және конструкцияның өзіндік кемшіліктері. Қирау мен бұзылудың себептері.
Қирау мен бұзылудың пайда болуына сапасыз жобалау, конструкцияны дайындау және құрастыру, эксплутацияның дұрыс жүргізілмеуі, сонымен қатар сыртқы қоршаған ортаның әсері, сұрапыл апат және әскери әрекеттер себепкер болуы мүмкін.
Жиі кездесетін себептерін қарастырайық.
Жобалау кезіндегі қателіктер:
Ғимараттың анық жұмысына толық немесе жартылай сәйкес келмейтін, ғимараттың жалпы немесе жеке конструкциясының есептік сызбасын сәтсіз таңдау.
Іргетастың табанын анық немесе толық емес геологиялық немесе гидрогеологиялық тексеруде ғимаратты жобалау.
Есептік жүктеменің және басқа әсерлердің (температураның түсуі, динамика, тіреудің шөгуі және т.б.) дұрыс есептелмеуі немесе тіркестің төмендеуі;
Қате есептен, ҚНжЕ талаптарына сәйкес дұрыс есептелмеуінен жобаланған конструкцияның беріктігінің, тұрақтылығының және қаттылығының жетіспеушілігі;
Болат маркалары, бетон класстары мен арматура және басқа материалдардың сипаттамалары қате тағайындалуы;
Байланыстың және қатты диафрагманы қате орналастыруы;
Конструкцияның, түйіннің және байланыстың технологиялық сәтсіз есебі;
Ұзақ мерзімсіз матеалдарды пайдалану. Конструкцияны коррозиядан қорғаудың сілтемесінің болмауы;
Құрылыс жұмыстарын орындауда авторлық және техникалық бақылаудың болмауы;
10)Іргетастың аз тереңдігін орнату;
11)Салынып жатқан ғимаратқа жаңа іргетас есебінің болмауы әсер етеді;
Құрылыс барысындағы қателіктер:
1)осьтердің дұрыс бөлінбеуі, тік қабырғалар,ұстын шарттарының сақталмауы;
2)құрылыс мерзімі, әсіресе қыс мерзімінде өндірістік жұмыс ережелерінен ауытқуы;
3)сапасыз материалдарды қолдану немесе арматураны немесе профильді, болат және бетон класстарын сәтсіз ауыстыруы;
4)байланыстың белгіленген уақытта орналастырылмауы;
5)бетон жұмыстары, бетонның қорғау қабатының қалыңдығы, сырықтар аралығы технологиясының сақталмауы;
6)дәнекерде, болтта, шегенде және желімде байланыстырудың сапасыз орындалуы;
7)жобамен салыстырғанда конструкцияның шамадан тыс элемент (қабат) массасының ұлғайтылуы. Көбінесе созылмалы, құймалы үлкен қалыңдықтағы жабындарда.
8)металл элементтерінің, тораптардың, қосымша бөлшектердің және т.б. антикоррозиялық нашар қорғалуы;
9)деформациялық жіктердің болуы, гидроизоляцияның болмауы және т.б.
Конструкция эксплуатациясының терістігі:
1) конструкцияда мерзімдік тексеру және профилактикалық жөндеу және оларды коррозиядан қорғаудың болмауы;
2) Конструкцияның жабдықтармен, қармен және шаңмен жүктелуі. Жаңа конструкциялық қабатты төсеу, жөндеу кезінде қораб фермасына және құбырларға торапсыз жүктеу;
3) көтеруші конструкцияларда, бөлшектеу сұлбасында, арматурада және т.б. алдын-ала қарастырылмаған жобалардың ұйымдастырылуы;
4) сұйықтың, қышқылдың, майдың көтеруші конструкцияларға төгілуі;
5) атмосфералық және техникалық судың түсуі және іргетастың негізінің сулануы;
6) Тұрғызылған іргетасқа алынған топырақты жақындату. Олардың жібуі және қатуы;
7) топырақ, іргетас, қабырға негіздерінің қатуы;
Сыртқы әсерлер:
1) температура, шөгу, ауа тасқыны, радиация;
2) газдар, химиялық заттар;
3) биологиялық зиянды заттар;
4) шу, дыбыс ауытқуы, діріл;
5) жер сілкінісі, дауыл, су тасқыны;
6) токтың әсері;
7) жылжыма, топырақтың қатуы;
8) қарсы тұру әрекеті;
Жоғары температура мен от әсерінен конструкцияның деформациялануы. Эксплуатациялық ғимараттарда үлкен деформация және апат жағдайы 250 ос жоғары температурадан және өрттен болуы мүмкін. Оған келесі себептер:
1) геометриялық конструкцияның өзгеруіне және үлкен деформацияға әкелетін болат конструкциясын қыздыру мен темірбетон арматурасы және тас конструкциясы оның беріктігінің төмендеуіне және шексіз ұзаруына әкеліп соғады. Конструкцияның сығылған аймағын қыздырғанда және ұзартқанда арматура бұзылады және жарылады;
2) бетон және тас қалау көтергіш қабілетін жоғалуына әкелетін шексіз деформацияда үлкен температуралық кернеуде болады;
3) бетон және тас қалау температурасы 500 ºС асқанда кварцтің көлемінің тез өзгеруінен сынғыш болады;
4) Өртті өшіргенде су бетонды және тас конструкциясын бірқалыпсыз суытып, оларда жарық пайда болуына әкеледі.
Сондықтан көтергіш конструкциялар өрт кезінде эксплуатациялық сапасын ұзақ уақыт сақтау үшін отқа төзімді материалдармен қорғалған. Жаңа және эксплуатациялы ғимараттардың реконструкциясын жобалауда құрылыс конструкциясын өрттен сақтау сұрақтарын жүргізу сондай-ақ өртке қарсы шаралар қолдану қажет.
Эксплуатациялық құрылыс конструкциясының өзіндік кемшіліктері. Әртүрлі материалдардан жасалған ғимараттардың жалпы кемшіліктеріне жалпы өлшемдер және белгілер, температуралық жіктердің болмауы, ғимараттың кеңістіктегі қаттылық талаптарының сақталмауы жобаға сәйкес келмейді. Әртүрлі материалдардан жасалған жабындар мен қабырғалардың конструкциясында көбінесе кездісетін кемшіліктер төменде көрсетілген. Көрсетілген тізім тексеруде ескерту ретінде қызмет етеді, бірақ бәрін қамтымайды. Әрбір нақты конструкцияларда өзіндік зияны мен кемшіліктері болады.
Тас конструкцияның өзіндік кемшіліктері:
1) сапасыз қалау мен жік байланысының болмауы;
2) тас қалауындағы жарықтар;
3) ылғалдылық пен қатудың болуы;
4) қапталған плитаның түсуі, қалаудың үгілуі және жіктелуі;
5) қабырға мен бағананың тігінен бұзылуы;
6) анкердің жабынмен байланыстың болмауы;
7) аралық қабырғада арматуралы тордың, қосқышта арматураның болмауы;
8)ерітінді мен кірпіштің беріктігі мен суыққа төзімділігінің жетіспеушілігі;
9) ғимараттың кеңістік қаттылығынығ жетіспеушілігі; көлденең қабырға мөлшерінің жетіспеушілігі, байланыс пен диафрегманың болмауы;
10) жертөле қабырғасындағы сапасыз тік және көлденең гидроизоляциясы;
11) қабырғаның сулануына әкелетін ернеудің аз шығыны;
12) көліктен және т.б. механикалық зақымдануы;
Темірбетон конструкциясының өзіндік кемшіліктері:
1) бетонның қорғағыш қабатының қатпарлануы;
2) арматураның және қосымша бөлшектердің коррозияға ұшырауы;
3) арматура класының және қадам диаметрінің жобаға сәйкес келмеуі;
4) жарықтар: шөгу,температура, отыру және деформация;
5) панель тораптарының сәйкес еместігі, олардың ашылуы;
6) жобамен салыстырғанда бетон беріктігінің төмендеуі;
7) қабырға панельдерінің ылғалдануы мен қатуы;
8) бетон мен арматураның қосылуының бұзылуы, мысалы, майды сіңіргеннен кейін;
9) агрессивті ортадан, судан бетон бетінің коррозиясы;
10) механикалық бұзылу және үйкелістен тозу;
11) рұқсат етілмейтін иілу, қисаю және горизонтальды ауытқу;
12) бетон ерітіндісінің жіктелуімен, бетон құрамының дұрыс іріктелмеуімен байланысты ақаулар, қабыршақтар, бетондағы саңылаулар;
13) конструкция сүйенуінің жеткіліксіз ауданы;
14) дәнекерлеп жалғанудың сапасыз орындалуы.
Метал конструкциясының өзіндік кемшіліктері:
1) сырықты элементтердің иілуі, майысуы;
2) арқалықтардың және ұстындардың құрама кимасы қабырғалар мен сөрелердің ажыратылуы;
3) элементтер мен байланыстардың коррозиясы;
4) барлық түрінің жарықтары;
5) дәнекерленген жіктердің бір біріне қиылысуы және байланысуы;
6) элементтер қимасының күрт төмендеуі;
7) түйінді үлгінің үзік жікті ферма белдеулеріне бекітілуі;
8) бөлшектердегі кіретін бұрыштары;
9) дәнекерленген жіктердің кемшіліктері ( жік түп қорытпасының болмауы, қаспақтар, күйдірмелер, үзілістер, жартылай балқу, шлакты қосылғыштар, ұсақ тесіктер, жарықтар, куәланбаған кратерлер, белгі жасау, тіліктер);
10) дәнекерлеу жігінің металының конструкциядағы динамикалық жүктемені қабылдайтын негізгі металға біркелкі өтуінің болмауы;
Ағаш конструкциясының өзіндік кемшіліктері:
1) элементтердің орнықтылығын жоғалтуы және деформацияларға жол берілмеуі;
2) ағаштың шарықшы-қоңыздардан, әртүрлі жәндіктерден, саңырауқұлақтардан шіруі және зақымдануы;
3) ағаштың төмен сапасының әсерінен жарықтар;
4) құрылыста қиманың босаңсуы және эксплуатация кезіндегі механикалық зақымданулар (аралар, белгі жасағыштар, белгілер);
5) қосатын бөлшектердің болмауы немесе қосылғыштардың бұзылуы;
6) конструкцияның қандай да бір элементін дәлелсіз алып тастау;
7) ағаштың кемшіліктерінің болуы (бұтақтар, жарықтар ж.т.б.);
8) жоғары температура мен өрттен (температура жалғанбаған конструкцияда 50 ºС және жалғанбағанда 35 ºС төмен болуы керек);
9) ағаш конструкциясы металл бөлшектерінің коррозиясы және олардың формасының өзгеруі;
10) агрессивті ортаның әсерінен (аммиак, хлор, азот тотығы, күкіртті сутек ж.т.б.) ағаштың коррозиясы;
11) жағымсыз ылғалды-температуралы режимде құрғау, ісіну және тыржию, сонымен қатар желдетудің болмауы;
12) байланыстың желімді, шегелі және басқа да түрлерінің босаңсуы;
13) эксплуатация кезіндегі бетінің өшірілуі;
14) байланысқан элементтердің қирауы немесе болмауы.
Алдын ала кернеуленген конструкцияның өзіндік кемшіліктері
1) бастапқы кернеудің жоспардан тыс көлемі (көбінесе жеткіліксіз);
2) металл және ағаш, темірбетон конструкция арматурасында буу шетінің нашар анкерленуі;
3) каналдардың сапасыз инъекциялануы және монтажды элементтердің тораптарын бітеу;
4) темірбетон конструкциясында алдын ала кернеуленген арматураның анкеровка аймағындағы жарықтар;
5) темірбетонды арқалықтар мен тақталарда, және ағаш конструкциясында бойлық аймақтың тік жарықтары;
6) ортаның агрессиясынан болған арматура, созылыстың және толық конструкцияның коррозиясы;
7) конструкция жасалған материалдың жеткіліксіз беріктігі;
8) тасу және құрастыру кезеңіндегі механикалық бұзылулар;
9) алдын ала кернеуленген конструкцияның технологиясының бұзылуы, мысалы, төмен беріктікті бетонға кернеулену күшін айқындау, жұпты созылыстың бірқалыпсыз созылуы және т.б.;
10) қорғағыш қабаттың бұзылуы;
11) конструкциядағы жол берілмейтін деформациялар.
Негізгі әдебиет: [1], 32-42; [2], 47-50.
Қосымша: [8], 117-125
Бақылау сұрақтары:
1. Ағаш конструкциясының өзіндік кемшіліктерінің қандай себептері бар?
2. Ғимараттың бұзылуы мен апаттың негізгі себептерін айтыңыз?
3. Алдын ала кернеуленген конструкцияның кемшіліктері
