- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Cтуденттердің өтетін пәндеріне арналған
- •«Ғимаратарды қайта құру және зерттеу»
- •050729 – «Құрылыс» мамандығы (ғүеж)
- •1. Syllabus – пәннің оқу бағдарламасы
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарынан кесінді
- •1.5. Пәннің қысқаша түсініктемесі.
- •1.6 Тізім және тапсырма түрі және олардың орындалу графигі:
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •2.Берілетін материалдың мазмұны.
- •2.2.Дәріс сабақтарының тапсырмалары.
- •2 Дәріс. Өндірістік ғимараттардың қайта құрылу ерекшеліктері.
- •4 Дәріс. Ғимарат пен конструкцияның диагностика түрі
- •5 Дәріс. Тозу деңгейі бойынша конструктивті элементтердің жіктелуі.
- •6 Дәріс. Конструкцияның нақты динамикалық сипаттамаларын анықтау
- •3 Сурет – Қоршауыш қадалар арқылы негіздің күшеюі:
- •9 Дәріс. Іргетасты күшейту. Тас конструкцияларын күшейту және жақсарту.
- •4 Сурет – Іргетастарды темірбетонды «жейдемен» күшейту
- •5 Сурет. Ленталы іргетасты суасты күшеюі
- •11 Дәріс. Табу және шегеру тақталарын әрекеттендіру.
- •20 Сурет - Көпқуысты жиналмалы жабын плиталарын күштеу
- •12 Дәріс. Металл құрылымдарын нығайту
- •13 Дәріс . Ағаш конструкция қағидаларын күшейту
- •15 Дәріс. Ғимарат пен имараттардың қайта құру кезіндегі көлемді-жоспарлық эәне конструктивтік шешімдері.Инженерлік имараттарды қайта құру.
- •Модуль II
- •Мұғалімнің басқаруымен студенттердің өзіндік жұмыс жоспары (сөж)
- •2.5. Студенттің өзіндік жұмыс жасаудың сабақ жоспары
- •Темірбетонның көпқуысты тақтаны күшейту қимасын келесі жолымен жасайды:
- •Темірбетон көпбос тақталарды жабын үстінен күшейту жеңілдету элементтері келесі жолымен жасалынады:
- •Темірбетон ленталы іргетас күшейтуі босатылған элементтер келесі жолымен жасалынады:
- •Жеңілтілген элементтерді жеңіл іргетас қабырғасына жүргізу;
- •2.8 “Ғимараттарды зерттеу және қайта құру” пәні бойынша экзамен сұрақтары.
- •3. Глоссарий
- •Белсендi үлестiрме материалдарының мазмұны
2.Берілетін материалдың мазмұны.
2.1.Курстың тақырыптық жоспары.
Тақырыптар аты |
Академиялық сағаттар саны |
|||
Дәрістер |
Тәжірибелік |
СОӨЖ |
СӨЖ |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1.Кіріспе.Социалды-экономикалық құрылыс және сәулетті реконструкция негіздері-2сағат. Реконструкцияның мақсаты мен есебі.Ғимараттың қызмет мерзімі және нақты тозуы. |
2 |
1 |
3 |
3 |
2.Реконструкцияның өңдірістік ғимараттарының ерекшеліктері-2 сағат. Сәулет шешімдерін реконструкция кезінде ықпал ету қалптасуының негізгі себепкер шарты.Құрылым мен ғимараттың тексерілу жағдайының әдісі. |
2 |
1 |
3 |
3 |
3.Қираудың негізгі себептері,апаттар мен өзіне тән кемістік құрылымдар-2сағат. Апат пен қираудың себептері.Құрылымның жоғарғы температурасының және оттан деформациясы.Өзіндік кемістік құрылыс құрылымдары. |
2 |
1 |
3 |
3 |
4.Құрылымдар мен ғимараттардың диагностикалық түрлері-2сағат Құрылымның оңаша деформациялық бағасы.Ғимараттар мен үймереттердің деформациялық анықтамалары. |
2 |
1 |
3 |
3 |
5.Элементтің иілу деңгейі бойынша құрылым классификациясы.Іргетастардың негіздері және тексерісі.Тасты және арматуралы тасты құрылымдардың тексерілісі. |
2 |
1 |
3 |
3 |
6.Конструкцияның нақты динамикалық сипаттамасының қалыптасуы-2сағат. Реконструкцияның жобасы,қойылым көрсеткіштері.Жүктемелер мен әсер беру. |
2 |
1 |
3 |
3 |
7.Жобаның негізгі күшейту ұстанымы-2 сағат. |
2 |
1 |
3 |
3 |
8.Күшейту негіздері-2 сағат. Негіз күшеюінің әдістері. |
2 |
1 |
3 |
3 |
9.Іргетас күшеюі.Тасты конструкцияның күшеюі және жақсаруы.2 сағат. |
2 |
1 |
3 |
3 |
10.Арқалық,ұстын,прогондар дың күшеюі-2 сағат. |
2 |
1 |
3 |
3 |
11.Жабын плиталарының күшеюі-2 сағат. |
2 |
1 |
3 |
3 |
12.Металл конструкцияның күшеюі-2 сағат. |
2 |
1 |
3 |
3 |
13.Ағаш конструкция күшеюінің ұстанымы-2 сағат. |
2 |
1 |
3 |
3 |
14.Ғимараттар орын ауыстыруы мен қайта құру,жанадан тұрғызу-2 сағат |
2 |
1 |
3 |
3 |
15.Ғимараттар мен құрылыстың конструктивті шешімдері және жоспарлау көлемді орынауыстыру.Инженерлік құрылымның реконструкциясы-2 сағат. |
2 |
1 |
3
|
3 |
Барлық сағаттар |
30 |
15 |
45 |
45 |
2.2.Дәріс сабақтарының тапсырмалары.
1-ші дәріс.Кіріспе.Социалды-экономикалық құрылысы,сәулет реконструкция негіздері.
Ғимараттар мен үймереттердің реконструкциясы іргетастарды жартылай және толық өзгеріс функцианалды тағайындау,жаңа эфекті жабдықтарды қондыру.Реконструкцияның өңдірістік кәсіпорын және қалалық районы,ортақ болып табылады,тұрғын массивтер,социалды-күнделікті комплекстар,мәдениетті кеңсе.Ғимараттар мен үймереттердің реконструкциялық іргетасы техникалық мекемеге ауыстыру жұмыстарын жүргізу кезінде,капитал салушылардың құрылыс-монтажды жұмыстар шығыны 10%аспау керек.
Қайта ұйымдастыруға бөлменің биіктігін жоғарылату, қайта жобалау, күшейту, ішінара сұрыптау және конструкциясын ауыстыру, сонымен қатар үстіне салу, жапсарлай тұрғызу, және ғимараттың қасбетін жақсарту жатады.
Қайта құруға күрделі қаржы бөлу көлемінің айтарлықтай өсуі біздің елімізде 1985 жылдан бері өткізіліп келетін және өкілеттің сәйкес қаулысымен бекітілген инвестициялық және социалды саясаттан туды. Бұған біріншіден қайта құру және өндірістің қарқындылығына бағытталған өндірістік кәсіпорды техникалық қайта құралдандыру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды меңгеру жатады.
Қайта құру мен техникалық қайта құралдандыру кезінде күрделі қаржы бөлу азырақ, ал орнын толтыру жаңа құрылыстқа қарағанда 2...2,5 есе тезірек жүреді.
Егер өндірістік кәсіпорынды қайта құруға күрделі қаржы бөлу бөлігі таяу жылдарда 50 % көлемге жетсе, онда тұрмыстық және азаматтық құрылысты қайта құру әлі күнге дейін тек қана аз бөлігін құрайды.
Қайта құруда және біздің қалалардың архитектуралық көркін жақсартуда оларға даралық беру маңызды рөл ойнайды.
Қайта құру ерекше сипаттамалы болып, қаланың, ауданның, кәсіпорынның дамуының ұзақтылық жобасын есепке алу керек. Жинақсыз қарау, бүгінгі күндік жасалуына ғана қанағаттану, жобалық жоспардың болмауы белгілі-бір уақыттан кейін келесі қайта құруларды бұзусыз жүзеге асыру мүмкін емес болуға акеліп соғуы мүмкін.
Негізі, тұрмыстық, азаматтық және өндірістік ғимараттарды қайта құру құрылыс құрылымдары мен машинаның ең жақсы жинақтарын қолдануға жол бермейтін жоғары қысушылық жағдайларда, материалдар мен бұйымдардың нормалық қорын құру үшін қоймалық орындар ұйымдастыруда жүргізіледі. Қонструкцияны жеткізудің өзі (әсіресе ірі габаритті) көп мөлшерде қабатталған өтпе габаритімен қиындатылуы мүмкін.
Ерекше қиындықтар көбінесе монтажды аймақта жүккөтергіш механизмдерді рационалды орналастыру орнын анықтағанда пайда болады, ал кейбір кездерде сұрыптау және конструкцияны монтаждауда крандар қолдану мүмкіндігі тіптен ұсынылмайды және индустриалды конструкциялық шешімдерге көшу қажет болады. Көрсетілген жағдайды дамыту үшін және конструкцияны дәстүрлі құрылыстық материалдарды да, сол сияқты жаңа жеңіл жоғары берікті материалдарды қолдануға негізделген көптеген ұсыныстарды табысты жүзеге асыру ұсынылады.
Қайта құру эксплуатациялық көрсеткіштерді қалпына келтірумен және ғимараттар мен имараттардың көтергіш элементтерін күшейтумен тығыз байланысты. Бұл жұмыстар жеке қарауды, жаңа құрылыс кезінде қараудан конструктивтік шешімге келуді қажет етеді.
Ерекше қиындықтар кәсіпорынның жұмысын тоқтатудың ең аз мөлшерін қамтамасыз етумен байланысты өндірістік ғимараттарды қайта құру үрдісінде пайда болады. Өнім шығарудың төмендеуін жоғалту салдары салыстырмалы болады, ал кейбір кездері құрылыстық-монтаждық жұмыстарға қайта құруда немесе қайта құралдандыруда күрделі қаржы бөлудің көлемін көбейтеді. Сондықтан күшейтудің арнайы әдістерін қолдану, сұрыптау, кәсіпорынның жұмысын толықтай немесе ең аз мөлшерде тоқтауына әкелетін конструкцияны монтаждау керек.
Ғимараттар мен имараттарды қайта құру жұмыстары жаңа құрылыспен салыстырғанда 25...30 % еңбексиымдылығымен, ал бөлек өзгерту бойынша 50...100% болуымен ерекшеленеді. Яғни, еңбек нормасын түзету керектігі шығады.
Басқа жағынан, уақыттың реконструкцияға толық жұмсалуы жаңа құрылысқа қарағанда 1,5...2 есе аз болады. Бұл өндірістік күштің, тұрмыстық және қоғамдық ғимараттардың тез берілуіне, экономикалық, социалды-тұрмыстық, қалалық құрылыс міндеттік шешімдерді тездетуге негізделген.
Қайта құрудың тұрғын қорының мақсаты жобалық шешімдерін жақсарту, ғимараттың инженерлік жабдықтарын абаттандыруда деңгейін жоғарылату, жанұялық орналастыру үшін пәтерлер тұрғызу, қазіргі заманғы социологиялық және демографиялық талаптарға жауап беру үшін қайта құрылымдау болып табылады.
Тұрмыстық құрылысты қайта құруда олардың социалды және градоқұрылыстық талаптары және де оның жүзеге асуының экономикалық және техникалық тиімділігі барлық жағынан есепке алынады.
Қайта құрудың социалды талаптары есебінде құрылысты тұрғылықты құлпыруы және тұрмыстық қордың жобалық құрылымын алуға болады. Бұл талаптар қазіргі заманғы және жобалық талаптарға сай болатын ескі және жаңа қалалық аймақтарда тұрғындардың тіршілік жағдайын біртіндеп жақсартуды алдын ала қарастырады.
Қайта құрудың градоқұрылыстық талаптарына қаланың жоспарлық струкциясын жақсарту, құрылыстың архитектуралық-аймақтың сапасын жоғарылату, көшелердің, аудандардың, көліктік және жаяу байланыстың магистральдық желісін жетілдіру, сонымен қатар инженерлік құрылғылардың және коммуналдық шаруашылық жүйесінің тәртібін
Градостроительные задачи реконструкции заключаются в улучшении планировочной структуры города, оздоровлении городской среды, повышении архитектурно-пространственных качеств застройки, совершенствования сети магистралей улиц, площадей, транспортных и пешеходных связей, а также в упорядочении систем инженерного оборудования и коммунального хозяйства.
Құрылғының кесімді қызмет ету мерзімі деп олардың әр түрлі факторлар әсерінен ендігі қолданысы мүмкін емес, ал қайта жаңғыртылуы – экономикалық тұрғыдан тиімсіз болатын күнтізбелік уақытын айтады. Қызмет ету мерзіміне жөндеуге кеткен уақыт кіреді. Ғимараттың қызмет ету мерзімі тұрақты құрылымдарының, іргетас, қабырға, қаңқаның қызмет ету мерзімімен анықталады.
Нормативті қызмет ету мерзімі ҚНжЕ-мен орнатылады, және нақты көрсеткіш болып табылады. Тұрғын үй ғимараттарын қабырға мен үстіңгі жабынының материалына қарай алты топқа бөледі.
Қоғамдық ғимараттар қабырға мен үстіңгі жабынының материалына қарай тоғыз топқа бөлінеді.
Ғимараттар мен үймереттер олардың сынбынан тәуелсіз қолдану кезінде материалды және моральді тозуға ушырайды.
Ғимараттардың және олардың құрылымды элементтерінің материалды немесе физикалық тозуы деп табиғи факторлар әсерінен алғашқы техникалық қасиеттерін бірте бірте жоғалтуын айтады.
Ғимараттардың және оның жеке бөлшектерінің материалды тозуының деңгейі олардың құрылысы кезіндегі қолданылған материалдардың физикалық қасиеттеріне, құрылымның түріне және геометриялық өлшемдеріне, ғимараттың орналасуының ерекшеліктріне, қолдану шарттарына және басқа да шарттарға байланысты.
Ғимараттардың моральды тозуы деп олардың техникалық прогресс әсерінен туындайтын функционалды және техникалық тағайындалуларға сәйкес келмеуін айтады. Тұрғын үй ғимараттарының моральды тозуының белгілеріне пәтерлерді жобалаудың заман талабына және нормаларға сәкес келмеуі (бір пәтерде бирнеше жанұя турады, қараңғы бөлмелер бар, санитарлық түйіндер орнатылмаған), үйдің инженерлік жабдықталуы заман талаптары мен нормаларына сәйкес келмеуі, тұрғын үй кварталдарының аса тығыз орналасуы,тұрғын үй кварталдарының жеткіліксіз түрде көріктендірілу және көгалдандыру жатыды.
Экономикалық қызмет ету мерзімі бұл – аяқталған кездінде толық қайта жаңғыртуды немесе құрылымды ауыстыруды қажет еетін мерзім. Экономикалық қызмет ету мерзімін жөндеуге кеткен қаражат шығынының тиімділігі мен амортизациясының нормаларын есептеумен қарастырады. Құрылымның негізгі қызмет ету мерзімінен тыс ғимараттардың амортизациялық нормалары есептеледі. Осы кездегі аз мерзімді құрылымның бағасы үйдің сметалық құнының 50 % -дан астамын құрайды.
Алғашқы толық жинақталған ғимараттардың архитектуралық-жобалау, конструктивті шешімдер және қолдану көрсеткіштерінің әр түрлілігі оладың кейнгі қолданылуының мәселелеріне дифференцирленген шешімінің қажеттілігін алдын ала анықтайды. 25 %-ға жуық бес қабатты ғимараттың конструктивті шешімі жіне құрылыстық-жөндеу өндірісінің қазіргі замнғы техникалық деңгейі экономикалық тиімді қайта құру немесе модернизацияны орындауға мүмкіндік бермейді. Ғимараттардың бұл тобы үшін капиталды жөндеу жұмыстарын жасағаннан кейін бөлшектік орналастыру мен тұрғын-үй аймағының жоғарғы нормалық жайлылығының жеткіліксіздігің өтемақысымен іске асырылады.
Бес қабатты ғимараттардың келесі түрлері көп кездеседі: олардың техникалық ерекшеліктері қайта құрылуды және жаңғыртылуды қамтамасыз етеді.Бөлменің функционалды аймақтандырылуы, бірінші және соңғы қабаттардағы пәтерлердің сапасының түбірлі жақсаруы, ғимараттың лифтпен жабдықталуы және т.б
Негізгі әдебиет: [1], 5-15; [2], 8-10.
Қосымша: [8], 9, 37-42
Бақылау сұрақтары:
1. Ғимараттың қайта құрылуы кезінде қандай қиындықтар туындайды?
2. Ғимараттар мен имараттар қандай тозуға ұшырайды?
3. Қайта жобалауда қандай міндеттер қойылады?
