- •Пәннің тақырып мазмұны
- •Реферат тақырыптары
- •Осөж тапсырмалары
- •Сөж тапсырмалары
- •Емтихан сұрақтары
- •Қолданылатын әдебиеттер тізімі
- •Заң факультеті
- •5В030100 «Құқықтану»
- •Бағалау саясаты
- •Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
- •Баға қоюдын критерилері (мысалы)
- •Күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •10. Қасақана қылмысты істеу сатылары
- •11. Қылмысқа қатысу
- •Осөж тапсырмаларын орындау үшін әдістемелік нұсқау
- •11. Қылмысқа қатысу
- •Дәрістер кешені
- •«Халықаралық қылмыскерлер» туралы ақпарат қызметі.
- •2.Ұоб хабарламалар мен сұраулар жіберу тәртібі
- •Ұоб сұраулар мен хабарламаларды өңдеу тәртібі.
- •Ұоб деректер базасын қалыптастыру және қорғау.
- •1 Аралық бақылау коллоквиум сұрақтары
- •2 Аралық бақылау коллоквиум сұрақтары
- •Студенттердің білімін бақылау және бағалау материалдары
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы Шетелдердің қылмыстық құқығы
- •Арнайы аудиториялар, кабинеттер, зертханалардың тізімі
Ұоб деректер базасын қалыптастыру және қорғау.
ҰОБ ақпараттардың жиналу көзі болып табылатындар:
Интерполдың Бас хатшылығынан келіп түскен материалдар;
Қазақстанның, басқа да мемлекеттердің арнайы және құқық қорғау органдарынан келіп түскен сұраулар мен хабарламалар;
ҰОБ келіп түскен барлық ақпараттар мына деректер банкіне немесе жедел-анықтама қорына салынады:
шығыс, кіріс құжаттар бойынша;
қылмыс оқиғалары бойынша;
сұраулар мен хабарламалардағы тұлғалар бойынша (бөлімдерге шағу арқылы: қылмыс жасағандар немесе қылмыс жасауға күдіктілер, іздестіруде жүргендер және хабарсыз кеткендер, идентификациялауға жататындар, жәбірленушілер мен куәгерлер);
қылмыстың озбырлық белгілері бойынша (жалған ақша белгілерін, құнды қағаздарды жасауды қоса алғанда);
заңға қарсы әрекеттер жасаған немесе негізді түрде күмәндалатын фирмалар мен кәсіпорындар бойынша;
ұрланған, анықталған автокөліктер бойынша;
ұрланған өнер туындылары және антиквариаттар бойынша.
Интерполдың ҰОБ ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуде, заңсыз енулерден қорғауда барлық қажетті шараларды қолданады. ҰОБ қызметкерлері қызметтік құпияны сақтауға міндетті. Оларға өз бетінше ақпаратты түзетуге немесе жойып жіберуге тыйым салынады. Ақпаратты түзету немесе жойып жіберу, шет елдің ҰОБ немесе ҚР Интерполдың ҰОБ жіберуші елдің құқық қорғау органдарының өтініші бойынша жүргізіледі.
ҰОБ қолындағы ақпараттар халықаралық сипаттағы қылмыспен күресте тек құқық қорғау органдарының және арнайы мемлекеттік органдардың пайдалануына арналған.
ҰОБ мәліметтері бұқаралық ақпарат құралдарына сол шет ел ҰОБ немесе оларды Интерпол жүйесіне енгізген құқық қорғау органдарының рұқсатымен берілуі мүмкін.
8-ші дәріс. Қылмыстық заң
Жоспары:
1.Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі.
2.Қылмыстық құқықтың міндеттері.
3.Қылмыстық құқықтың принциптері.
Негізгі ұғымдары: нормативтік актілер, құқық принциптері, диспозиция, санкция.
1.Қылмыстық заң үғымы мен маңызы және оның негізгі мазмұны. Жеке тұлғаның мүддесін қорғау қажеттілігі, қоғам мен мемлекет мүддесін қорғау - қылмыстық заңды шығару немесе өзгерту негізі ретінде. Қылмыстық заңның функциялары.
Қылмыстық заңның заңға сәйкес нормативтік актілер алдындағы басымдылығы.
Қылмыстық –құқықтық сипаттағы өзге шаралардың болатындығын анықтайтын нормативтік құқықтық акт.
Қылмыстық заңның белгілері:
1. Қылмыстық заңды Конституцияда қатаң регламенттелген процедура бойынша ҚР мемлекеттік билігінің жоғарғы органдары қабылдайды.
2. Қылмыстық заңда Конституыциядан және конституциялық заңдардан кейінгі жоғарғы заңдық күш болады. Заңдық күш дегеніміз нормативтік актінің әрекет ету, мынадан көрініс табады: а) бір де бір басқа орган заңды бұзуға және өзгертуге құқылы емес; б) барлық басқа нормативтік актілер заңға қайшы келуге тиіс емес; в) өзге нормативтік актілер заңға қайшы келген жағдайда заңға басымдылық беріледі.
Қазіргі кездегі күшіндегі кодификацияланған жалғыз заң -1997 жылғы 16 шілдеде қабылданып, 1998 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген ҚР Қылмыстық кодексі.
Қылмыстық заңның халықаралық құжаттарға сәйкес келу міндеттілігі. Республикада қолданылып жүрген қылмыстық заң.
Қылмыстық заңдардың құрылымы. Қылмыстық құқықтық нормалардың түсінігі мен ерекшелігі. Қылмыстық заңнамадағы Жалпы және Ерекше бөлім нормаларының кұрылымы. Диспозиция мен санкцияның түсінігі және түрлері.
Диспозиция қылмыс деп танылып, жасағаны үшін жаза белгіленген іс-әрекеттерді көрсетеді.
Жай диспозиция қылмысты атайды, бірақ оның белгілерін ашпайды Мұндай диспозициялар жалпы танылған (даусыз) терминдерді білдіреді, олардың мазмұны айқын, түсінікті керек етпейді.
Суреттеуші диспозиция қылмысты атап ғана қоймайды, оның негізгі белгілерін суреттейді де. Суреттеуші диспозиция қылмыстық заңдағы ең көп таралған диспозиция, солай болуға тиіс, себебі қылмыстық заң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған іс-әрекеттін барлық объективік және субъективтік белгілерін барынша дәл анықтауға тиіс.
Сілтеуші диспозиция қылмыс белгілерін анықтау үшін ҚК – нің басқа баптарына жүгінуді ұсынады. Мысалы; ҚК-нің 107-бабы азаптауға «ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттеріжолымен тән зардабын немесе психикалы зардап шегу, егер бұл осы Кодекстің 103 және 104-баптарында көзделген зардаптарға әкеп соқпаса» деп анықтама береді.
Бланкеттік дипозиция құқықтың басқа салаларының – еңбек, азаматтық, әкімшілік және басқа құқықтардың нормаларына сілтейді.Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығына жуығы, көліктегі қылмыстардың көпшілігі, басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың бір бөлігі осы бланкеттік диспозицияның көмегімен формулировка алған.
Санкция дегеніміз – қылмыстық –құқықтық норманың бөлігі және ҚК-нің жазаның түрі мен мөлшерін анықтайтын баптарының бөлігі. Ол: мүлде анықталған, біршама анықталған және балама санкцияларға бөлінеді.
Мүлде анықталған санкциялар жазаның дәл түрін және дәл мөлшерін белгілейді. Қазіргі күшіндегі заңнамада бұл санкциялар жоқ, себебі олар жазаны нақты қылмыстың мән-жайына және айыптының жеке басына қарай даралауға мүмкіндік бермейді.
Біршама анықталған санкциялар жазаның нақты түрін және оның шек терін белгілейді. Бұл санкциялардың үш түрі бар: - жазаның ең аз мөлшерін көрсететін. Мысалы, «кемінде үш жылға бас бостандығынан айыру». Ал олардың ең жоғарғы шегі Жалпы бөлімінің жазаның осы түріне арналған баптарында белгіленген.
- жазаның ең жоғарғы шегі мөлшерін көрсететін. Мысалы, «бес жылға дейін бас бостандығынан айыру».
Балама санкциялар жасалған қылмыс үшін тағайындалуы мүмкін жазаның екі немесе одан көп түрлерін көрсетеді.
Қылмыстық заңдардың кеңістіктегі әрекеті. Қылмыстық заңдардың аумақтық қағидаларының әрекеті. Қылмыс жасалған жерді анықтау және қылмыстық заңдардың кеңістіктегі әрекеті.
Қылмыстық заңның кеңістікте қолдануы дегеніміз – оны алдын ала тергеу органдары мен әділ соттың мемлекеттің нақты аумағында шынайы қолдануы.
Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы тұрғысынан алсақ, оның, бәрінен бұрын, іс-әрекеттің қылмыс екендігі, сонан соң айыптыны қылмыстық жауапкершіліккке тартудың негіздері мен жағдайы, содан кейін барып қылмыс жасалған мөлшері анықталатындығын ескерген жөн.
2.Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуының аумақтық принципі негізгі болып табылады, бірақ ол жалғыз емес. Онымен қатар азаматтық принцип деген бар. Күшіндегі қылмыстық заңда азаматтық принцип ҚК-нің 7-бабының 1-бөлігінде бекімін тапқан: «ҚР-ның азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасалған мемлекеттің заңында көзделген санкцияның жоғары шегінен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамадар да осындай негіздерде жауапты болады».
ҚР-ның азматтары, сондай-ақ оның аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар қайда жүрсе де, тіптен Қазақстан аумағынан тысқары жүрсе де Қазақстанның заңдарын сақтауға міндетті. Мынадай жағдайларда азаматтық принципті қолдану қажеттігі туындайды:
Қылмыс шет елде жасалса , ал ол мемлекеттің органдары қылмыстың жасалағандығын не оны жасаған адамды айқындаған кезде айыпты Қазақстан аумағында жүрсе;
Адам қылмысты шет елде жасаса, бірақ ол Қазақстанның өтініші бойынша оған қайтарылып берілсе.
Азаматтық принцип қолданылуы мүмкін екінші жағдай: Қазақстаннан тысқары жерде жасалған іс-әрекет Қазақстанда да, сол қылмыс жасалған жерде де қылмыс деп танылса.
Әмбебап принципті қолдану, бәрінен бұрын, халықаралық қылмыстармен және халықаралық қылмыстармен және халықаралық сипаттағы кейбір қылмыстармен күресу қажеттігінен туындайды.
Әмбебап принцип, сонымен, мына жағдайларда қолданылады, егер:
Адам Қазақстанда тұрғылықты тұрмайтын шетелдік немесе апатрид (азаматтығы жоқ болса);
Қылмыс Қазақстаннан тыс жерде жасалса;
Қылмыс халықаралық немесе халықаралық сипатта болса;
Қылмыс үшін халықаралық шарттарда оның жасалған жеріне және қылмыскердің азаматылғына қарамастан әмбебап юрисдикция белгіленсе;
Адам қылмыс жасалған жердің заңы бойынша жауапқа тартылмаса;
Адам қандай да бір себептермен Қазақстан аумағында жүрсе.
Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуының шынайы принципінің мәні сонда – мемлекет өз қылмыстық заңның күшін шетелдік азаматтардың сол мемлекеттен тыс жерде жасаған қылмыстарына да таратады, егер олар сол мемлекеттің мүддесіне қастандық жасаса.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың іс әрекеттеріне қолданылатын қылмыстық заңның әрекеті. Қылмыскерлерді ұстап беру институты және оның маңызы.
Қылмыстық заңның уақыттағы әрекеті. Қылмыстық заңдардың күшіне енуін және тоқтатылуын жариялау тәртібі. Қылмыстық заңның кері күші.
Қылмыстық-құқықтық нормалардың уақыт бойынша ережесі ҚК-нің 4 және 5-баптарында бекімін тапқан. ҚК-нің 4-бабына сәйкес іс -әрекеттің қылмыстылығы және жазалатындағы сол іс-әрекет жасалған кезде қолданылатын заңмен анықталады.
Қылмыстқы заңның күшін жою мынадай мән-жайларға байланысты.
а) қабылданғанда есептелген мерзімнің өтуіне;
б) бұрын шығарылған заң ережелеріне, оның бөліктеріне қайшы келетін жаңа заңның қабылдануына немесе оның бұрыңғы заңды толықтай сіңіруіне;
в) ҚР Конституциялық Кеңесінің қылмыстық заңды немесе оның кейбір нормаларын Республика Конституциясына қайшы келеді деп тануына;
г) қылмыстық заңды Парламенттің, ал Конституцияда белгілеенген жағдайларда – Республика Президентінің күшін жоғалтқан деп тануына.
Жоғарыда көрсетілгендей, қылмыстық заңды қолданудың уақыттық шектерін анықтаудың екінші жағдайы қоғамға қауіпті іс-әрекеттің жасалу кезін анықтау болып табылады.
Созылатын және жалғасатын қылмысқа қатысты алсақ қылмыстың жасалған уақыты туралы мәселеде өзіндік ерекшелік бар. Созылатын қылмыс қылмыс құрамының үздіксіз жүзеге асырылуымен сипатталады (алимент төлеуден ұдайы жалтару, қашқындық және т.б.). олардың жасалған уақыты деп кінәсін мойындап келген күнді, қылмыскерді ұстаған немесе орындаудан жалтарып жүрген міндеттің біткен күнін санауға болады.
Бір ниетпен және бір мақсатпен қамтылып, тұас алғанда бір қылмысты құрайтын бірқатар бірдей қылмыстық әрекеттерден тұратын қылмыс жалғасатыфн қылмыс деп танылады (11-аптың 4 – бөлігі). Тұтас қылмыстың құрамдас бөлігі болып табылатын соңғы әркет (әрекетсіздік) орындалған күн олардың жасалған уақыты болып танылады.
Қылмыстық заңдарды түсіндіру. Түсіндірудің түсінігі, түрлері және әдістері. Сот тергеу тәжірибесінде заңды дұрыс колдану үшін сот шешімдерінің және кұқық корғау органдарының нормативтік актілерінің маңызы.
Қылмыстық заңға түсініктеме беру өзінің көлемі жағынан дәлме-дәл шектейтін немесе кеңейтетін болып бөлінеді.
Шектейтін түсінік беру дегеніміз заңға сөзбен келтірілгенге қарағанда неғұрлым тар мазмұн беру.
Кеңейтетін түсінік беруде, керісінше, қылмыстық заң нормасының шынайы мазмұны оның мәтінінде берілгенінен кең болады. Кеңейтетін түсінік беру қылмыстық заңды тікелей анықталмаған бірақ болды деп ойлайтын жағдайларда қолдануды қарастырады.
Қылмыстық заңға түсінік беру оның амалдары немесе тәсілі бойынша да жалғастыруға болады.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу 3 түрлі жолмен жүзеге асырылады:
2. Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың міндеттері болып:
Адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңдары мүделерін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен заңды мүделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңымен қорғалатын мүделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен азаматтық қауіпсіздікті қорғау, сондайақ қылмыстардың алдың алу болып табылады .
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзгеде қылмыстық құқықтық ықпал етуші шаралары белгіленеді делінген.
Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың міндеттері болып :
Қылмысты-құқық принциптер - заң шығарушыға, ғылымға құқық қорғау және қолдану органдары мен азаматтарға қылмыспен қарсы күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі және міндетті ережелердің көрінісі болып табылады.
Заңдылық қағидасы Парламент немесе Президент қабылданған қылмыстық заңның құқық қолдану тәжірбесінде де , заң нормаларын қабылдау саласында да үстемдік ету арқылы көрініс табады. Бұл көрініс бірнеше құқықтық талаптардың жиынтығынан құралады. Оның біріншісі - Республика Қылмыстық кодексінің халықаралық қылмыстық құқықтың жұрт таныған принциптері мен нормаларын басшылыққа алу болып табылады.
Конститутцияда көрсетілген негізгі ережелерді қылмыстық заң сөзсіз басшылыққа алуы тиіс. Өйткені Конституцияның ең жоғарғы заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында олтікелей қолданылады.(4-бап, 2-тармақ). Мысалы, Конститутцияның 15-бабының 2-тармағында өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заң мен белгіленді, делінген. 17-бапта адамның қадір-қасиетіне қолсұғылмайтыны, ал 16-бапта әркімнің жеке басының бостандығына құқы бар екендігі көрсетілген. Қылмыстық кодекстің көптеген баптары осы Конституциялық заңдарға негізделіп қабылданған.
9-ші дәріс. Қылмыстың түсінігі
Жоспары:
1.Қылмыстың мазмұны.
2.Қылмыс белгілері.
3.Қылмыс санаттары.
Негізгі ұғымдары: Материалды және формальді қылмыстар, әкімшілік, азаматтық, тәртіп, қылмыстың материалдық мәні.
1.Қылмыстың түсінігі және әлеуметтік мәні. Қолданылып жүрген қылмыстық заңдағы қылмыстың анықтамасы. Қылмыс жеке тұлғаға, оның құқықтары мен бостандықтарына, қоғам және мемлекет мүддесіне қолсұғушылықтың ең қауіптісі. Қылмыс деп танылған әрекеттердің тарихи өзгермелік сипаты.
Материалды және формальді қылмыстар анықтамасы және олардың айырмашылығы. Қылмыс белгілері және онын мазмұны.
Егер қылмыс ұғымының формальды анықталуында құқыққа қайшы іс-әрекеттің формальды белгісіне баса назар аударылса, материалдық анықтауда формальды белгілермен қатар қоғамға қауіпті әрекетке немесе әрекетсіздікке жататын материалды белгілердің де болуы міндетті.
Қылмыс ұғымына анықтама ҚК-нің 9 – бабында берілген «Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс деп танылады».
Қылмыстың бірінші белгісі – оның қоғамға қауіптілігі.
Қоғамға қауіптілік бұл - әрекеттің объективтік қасиеті, ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға нақты зиян келтіреді немесе қауіп төндіреді.
Әкімшілік, азаматгық, тәртіптік және тағы басқа құқық бұзушылықтардан қылмыстың айырмашылығы.
2.Қолданылып жүрген заңнамадағы қылмыстарды жіктеу және оның сипаттамасы. Қылмыстық заңда бөлінген қылмыстың әр топтарының белгілері. Қылмыстарды жіктеу түсінігі.
Қылмыстың әлеуметтік құбылыс ретінде түсінігі. Қылмыс және қылмыстылық.
Қылмыстық құқықтың негізгі мәселерінің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғамарасындағы қатнастардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатнастарды реттеу- қылмыстық заңның негізгі міндеттері болып табылады.
Қылмыстың маңыздылығы бойынша емес, қарау реті бойынша екінші тұрған белісі – қылмыстық құқық қайшылығы, іс-әрекетке қылмыстық заңда тыйым салынғандығы. Құқыққа қайшылық, бұл қылмыстың формальды белгісі.
Қылмыстық заңда тыйым салынған іс -әрекет ғана қылмыс деп саналады. Құқықтың басқа салаларына қайшы келшгендік іс-әрекетті қылмыс деп тануға негіз бола алмайды. Мысалы, Қазақстан аумағында шет ел валютасымен мәміле жасауға Валютаны реттеу Заңы тыйым салған, ал мұндай іс-әрекет ҚК-де қарастырылмаған, сондықтан ол қылмыс емес. Бәлкім, қылмыстың формальды белгілерінің қазіргі ерекше маңыздылыққа ие болғандығын атап өткісі келіп заң шығарушы ҚК-нің 9-бабының 1-бөлігінде қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейтіндігі туралы конституциялық норманы сөзбе сөз берген (Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 10-тармақшасы).
3.Қылмыстың келесі белгісі – қылмыстық жазалаушылық. Жаза қолдану қаупі жоқ қылмыстық-құқықтық тыйым ол тыйым салынған іс-әрекетті қылмыс деп санауға негіз бермейді. Мысалы, ҚК-нің Жалпы бөлімінде бірқатар тыйымдар белгіленген (іс-әрекеттің қылмыстылығын немесе жазалануын белгеілейтін, сол әрекетті жасаған адамның жауапкершілігін немесе жазасын күшейтетін немесе жағдайын өзге жолмен нашарлататын заңға кері күш беру және т.б.). бірақ бұл тыйымдар, мысалы ҚК-нің 350-бабында (көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару) көзделген қылмыстық белгілерге жатпаса, оларды бұзғандық қылмыс болып табылмайды.
Адамға құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның қылмыстық заң тыйым салған салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады.
Қылмытың негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатының түсіндіреді .
Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, оны істеу уақыты, орны тәсілі, жағдайына байланысты болуы мүмкін.
Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, төтенше экологиялық аймақтар) не тыйым салынған құстар мен аңдарға қатысты аң ауланса , ол заңсыз болып табылады
(288-бап 1-бөлігі). Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге басшылық жасау , кәсіпорынның , ұйымның жұмысына кедергі келтіру қылмыс болып табылады (355-бап).
Қылмыс санаттары (ҚР ҚК-нің 10 бабы):
- онша ауыр емес;
- ауырлығы орташа; РРррршгндшүн
- ауыр;
- аса ауыр.
Қылмыстықкодекестің 10-бабына сәйкес :
Қылмыс жасалғаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.
Қылмыс жасалғаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.
Қылмыс жасалғаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылдан бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.
Қылмыс жасалғаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы - қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
10-ші дәріс. Қылмыстық жауаптылық және қылмыс құрамы
Жоспары:
1.Түсінігі және түрлері.
2.Ескеру мерзімі және оларды есептеу.
3.Сотталғандықтан арылу және жою.
Негізгі ұғымдары: қылмыстық жауаптылық, қылмыстың арнайы субьектіс.
1. Қылмыстық жауаптылық - заңды жауаптылықтың бір түрі. Қылмыстық құқық ғылымындағы қылмыстық жауаптылық мәселесі. Қылмыстық жауаптылықтың мәні.
Қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстық жауаптылықтың негізі. Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықтың негізі туралы.
Қылмыстық-құкықтық қатынастар және қылмыстық жауаптылық. Қылмыстық-құқықтық қатынастардың субьектілері, олардың құқықтары мен міндеттері. Қылмыстық құқық ғылымындағы қылмыстық-құқықтық қарым-қатынастар мәселесі туралы.
Қылмыстық жауаптылықтың туындауы және оны жүзеге асыру нысандары. Қылмыстық жауаптылықтың тоқтатылуы, қылмыстық жауаптылықтан босату. Қылмыстық жауаптылық, жаза және өзге де қылмыстық-құқықтық әсер ету шаралары.
ҚК-нің 65-69, 76-баптарында көзделген жағдайларында адамды қылмыстық жауапталықтан босату жазадан да босатуға алып келеді. Бірақ, жазадан босату қалай да қылмыстық жауаптылықтан босату емес (ҚК-нің 70,73-76-баптары).
Қылмыстық жауаптылық заңдық жауаптылықтың басқа түрлерінен (азаматтық-құқықтық, әкімшілік, тәртіптік және басқа) айырмашылығы сонда, ол тек қылмыстық органдары қызметкерлерінің шектеулі тобы қылмыс жасаған адамдарға жүктейді, нәтижесінде оларға жаза тағайындылады, соттылық жағдай туындайды.
Қылмыстық жауаптылықтың уындауы, іске асырылуы және қысқаруы қылмыстық –құқықтық қатынастар шегінде жүреді.
Қылмыстық құқықтық қатынастар дегеніміз – қылмыстық заңның нормаларымен реттелетін, қылмыстың жасалуынан туындайтын ерекше қоғамдық қатынастар. Қатынастарға, бір жағынан –қылмыскерлікпен күрес жүргізетін өз органдары арқылы мемлекет, екінші жағынан – қылмыс жасаған адам қатысады.
Қылмыстық жауаптылық пен қылмыстық құқықтық қатынас қылмыс жасаған кезден бастап туындайды. Дәл осы кезеден бастап құқықтық қатынас субъектілері тиісінше әрекет етуге құқықтар алады, оларға міндеттер жүктеледі. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастар мен қылмыстық жауаптылық қылмыстың жасалу фактысы бойынша бір уақытта туындайды, ол құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс жүргізу әрекетерімен байланысты емес. Мысалы, қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тартумен.
Қоғамға қауіпті іс-әрекетті заң бойынша қылмыс субъектісі бола алмайтын адамдар (есі дұрыс емес, жас сәби) жасаған жағдайда, сондай-ақ іс-әрекетті қажетті қорғаныс, аса қажеттілік жағдайында, қылмыскерді ұстау кезінде және басқадай жағдайларда жасағанда қылмыстық жауаптылық және қылмыстық құқықтық қатынастар туындамайды.
2.Қылмыстық жауаптылықтың негізі дегеніміз – қылмыстық заңда көзделген, адамның қылмыстық жауапқа тартылуына, соттың оны кінәлі деп тануына және қылмыстық –құқықтық ықпал ету шараларын қолдануға негіз болатын мән жайлар. ҚК-нің 3-бабына сәйкес «... осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады».
1. Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір реттерде қылмыстылықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бірақ жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жаза өтеуден мерзімнен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен өтеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынандай түрлері көрсетілген:
Шын өкініуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
Қажетті қорғану шегінен асқын кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
Рахымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату.
Осы аталған негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босату түбегейлі түрде шартсыз жүзеге асырылады.
2. Қылмыстық жауапқа тарудың мерзімінің ескіруі деп қылмыс істеген уақыттан бастап, кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуін айтамыз. Мұндай мерзімнің өтуі қолданылатын шараның тиімділігін, қажеттілігін жояды, сондықтан да ол қылмыс ескірген қылмыс қатарына жатқызылады. Қылмыстық кодексте (69-бап) мұндай жауаптылықтан босатудың негіздері істелген қылмыстың ауырлығына байланысты болып көрсетілген.
1) Кішігірім қылмыс істегеннен кейін 2 жыл өтсе;
2) орташа ауырлықтағы қылмыс істегеннен кейін 5 жыл өтсе;
3) ауыр қылмыс істегеннен кейін 10 жыл өтсе;
4) аса ауыр қылмыс істегеннен кейін 15 жыл өтсе;
Ескірудің мерзімі қылмыс істеген күннен бастап және сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейін есептелінеді. Созылмалы қылмыста ескіру мерзімі ең соңғы іс-әрекетті істеп біткен уақыттан бастап есепке алынады.
Егер заңда көрсетілген мерзім өткенше ауыр немесе аса ауыр қылмыс істеген адам 69-баптың 1-бөлігінде аталған мерзім өткенге дейін жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескіру мерзімі тоқтатылады. Егер қылмыс істеген адам тергеуден немесе соттан бой тасалап жүрсе, оның ескіру мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. Мұндай реттерде ондай адамдарды қылмыстық жауапты-лықтан босатуға жол берілмейді. Мұндай адамдар жөніндегі ескіру мерзімінің өтуі ол адамды ұстаған күннен бастап немесе кінәсін мойындап өзі келген күннен бастап, қайта жаңғыртылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасалған уақыттан бері 25 жыл өтсе және ескіру мерзімі тоқталмаса, адам қылмыстық жауапқа тартылмауы керек.
Өлім жазасы қолданылуы мүмкін болған қылмыс құрамын істегендерге қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімін қолдану жөніндегі мәселені тек қана сот шешеді. Бұл ретте сот 25 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойы бостандығынан айыруды тағайындайды (69-бап, 5-бөлігі).
Мерзімі ескіруге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға болмайтын қылмыстар да бар. Қылмыстық кодекстің 69-бабының 6-тармағында бейбітшілікке және азаматтың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс істеген адамдарға ескіру мерзімі қолданылмайды.
3. Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немеса алып тастау кезіне дейін сотты болған деп есептеледі. Осы Кодекске сәйкес соттылық қылмыстың әлденеше рет қайталануы, қылмысты қайталау кезінде және жаза тағайындау кезінде ескеріледі (Қылмыстық кодекстің77-бабы, 1-бөлігі). Қылмыстың әлденеше рет қайталануының түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабында көрсетілген. Заң бойынша сотталғандық атағы жоқ адамдарға ғана бас бостандығынан шектеу (45-бап), тәртіптік әскери бөлімде ұстау (48-бап), жаза түрлері тағайындалады. Сотталғандық атақ түзеу мекемелерінің түрін белгілеуге (48-бап), адамды ауыр немесе аса ауыр қылмысты қайталаған деп тануға (13-бап) тікелей әсері бар. Сотталғандык атақ жауаптылықты және жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде қарастырылады. Мысалы (54-бап, 1-бөлігі, "а" тармағы). Бұрын сотталғандық көптеген нақты қылмыс құрамдарының күшейтілген, жетілдірілген белгісі ретінде де көрініс табуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі 183-бап, 2-бөлігі, "в" тармағы, 257-бап, 2-бөлігі, "в" тармағы. Қылмыстық кодекстің 65-69, 70-76-баптары.
Сотталғандықтан арылу деп қылмыс жасап сотгалған адамның айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін заңда белгіленген белгілі бір мерзім ішінде ол жөніндегі үкімнің орындалмауын айтамыз. Сотталғандықтан арылу белгілі мерзім өткен соң өзінен-өзі жойылады.
11-ші дәріс. Қылмыс құрамының объективтік белгілері. Қылмыс құрамының субъективтік белгілері
Жоспары:
1.Қылмыстың факультативті элементтері.
2.Қылмыс құрамының белгісі.
Негізгі ұғымдары: факультативті элементтер, объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы.
1.Қылмыстың құрамы деп - Қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс - әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.
Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Қылмыс құрамының элементтерді деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатқызады : объект, объективтік жағы , субъект, субъективтік жағы. Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген 4 белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Әрбір қылмыс құрамының белгілері
Қылмыстық құқық теориясында тікелей объект негізгі, қосымша және факультативті тікелей объектілер болып бөлінеді.
Негізгі тікелей объект деп бұл қоғамдық мүддені қорғау үшін қылмыстық заң нормасы шығарылатын және осы басты белгісі бойынша Қылмыстық қодекестің тиісті тарауына орналастыруға негіз болатын объектіні айтамыз. Мысалы, қарақшылықтың негізгі тікелей объектісі - бөтен біреудің мүлкі болады.
Қосымша тікелей объект дегеніміз қылмыстық заң бойынша қорғалып, негізгі объектіге зиян келтіргенде немесе зиян келтіру қаупі болғанда жол-жөнекей оған да қауіп туатын, тағдыры негізгі тікелей объектімен байланысты объектіні айтамыз.
Факультативті тікелей объект дегеніміз Қылмыс жасалған кезде зиян келтірілу қаупі туатын, бірақ қылмыс құрамының негізгі элементіне жатпайтын қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатнастарды айтамыз. Мысалы, бұзақылықтың негізгі тікелей объектісі қоғамдық тәртіп болады. бірақ та бұзақылық әрекеті көп жағдайларда қоғамдық тәртіпті бұзумен қатар, қоғамды қадірлемейтін көріністерге , сонымен бірге қоғам мүшелеріне, оның меншігіне, жеке басқа қарсы әрекеттермен де ұштасады. Бұл қылмыстың факультативті белгілеріне жатады . Қосымша және факультативті объектілердің қылмысты саралауға әсері болмағанмен олар кінәліге жаза тағайындағанда еске алынады.
Қылмыстың объектісі.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыс объектісінің түсінігі. Қылмыстық-құқықтық қорғау объектісі туралы кылмыстық заң.
Қылмыс объектісінің түрлері. Қылмыстың жалпы объектісі. Қылмыстын топтык обьектісі және онын Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі жүйелендіруші маңызы, Қылмыстың тікелей объектісі және онын қылмысты саралау үшін маңызы. Қылмыстың объектісі және кылмыстың жәбірленушісі.
Көпобъектілі кылмыс. Негізгі, қосымша және факультативті объектілер.
Қылмыстың заты және оның кылмысты саралау үшін маңызы. Қылмыс объектісі мен кылмыс заты арасындағы катынас.
1. Кез келген қылмысты іс- әрекеттің мәнәі ашу үшін қылмыстың объектісін анықтаудың маңызы ерекше.
Әрбір істелген қылмыс белгілі бір объектіге қол сұғумен қатар оған белгілі бір зиян келтіру қаупін туғызады. Қылмыстық заң нормасымен қорғалатын объектіге қылмыстың қол сұқпауы мүмкін емес, сондықтан да қылмысты қол сұғушылықтың объектісін дұыс анықтаудың теориялық, практикалық маңызы ерекше.
Қылмыстың объектісін дұрыс анықтау ұқсас қылмыстарды бір- бірімен, қылмысты қылмыс емес әрекеттерден ажыратуға жәрдемдеседі. Өйткені қылмыстық- құқылық қорғау объектісіне әрқашан да өзінің мәнә мен дәрежесіне қарай ерекшеленген маңызды қоғамдық қатынастар жатады. Объекті маңызды болса соған сәйкес істелген қылмыс та қауіпті болып саналады, соған орай оны қылмыстық- құқық қорғау да қатаң түрде жүзеге асырылады.
2. Қылмыс объектісінің түрлері жалпы, топтық және тікелей объекті болып 3- ке бөлінеді.
Қылмыстың жалпы объектісі деп қылмыстың заң нормасы арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстық іс- әрекеттің кез келгеннің барлық уақытта да қоғамдық қатынастардың барлық қылмыстардың жалпы объектісі екендігін көрсетеді.
Қылмыстық кодекстің 2-бабының 1-бөлімінде ең маңызды қоғамдық қатынастардың тізбегі берілген. Қылмыстың жалпы объектісі қылмыстық құқықтың әлеуметтік саяси мазмұнның, жалпы қылмыс атауының табиғатын дұрыс анықтауға, іс-әрекеттің, сонымен бірге қылмысты басқа құқық бұзушылықтан ажыратуға толық мүмкіндік береді.
3. Қоғамға зиянды зардаптарды анықтау үшін заң шығарушы әр түрлі терминдерді, түсініктерді, түсініктерді қолданады. Заң шығарушы қоғамға зиянды іс- әрекеттен келтірілетін зиянды анықтағанда «ауыр зардап», «едәуір зиян», «елеулі бұзу» деген түсініктерді қолданады, бұл түсініктер бағалау категориясы болып табылады және олар арнаулы түсініктерді қажет етеді.
Адамға күш қолдану немесе басқадай материалдық игіліктерге тікелей әсер ететін қоғамға зиянды зардабы көп жағдайларды материалдық түрде болуы мүмкін. Мысалы, кісі өлтірудің зардабы-кісі өлімі, денеге жарақат түсірудің зардабы - әр түрлі дәрежедегі дене жарақаты. Меншікке қарсы қылмысқа қол сұғылғанда одан мүліктік зардап туындайды. Тікелей мүліктік зиян немесе тиісті табыс көзінен айырылуы. Т.б.
Қылмыстық құқықта заң шығарушылықтың тиісті бапта көрсетілген нақты қылмыс құрамының объективтік жағын белгілеуге байланысты құрам материалдық және формалдық деп екі түрге бөлінеді.
Объективтік жағы тек қана бір заңдылық белгіден қоғамға қауіпті іс- әрекеттен құралған қылмыс формалдық қылмыс құрамы деп аталады.
Объективтік жағы қоғамға қауіпті іс-әрекетпен қатар нақты белгілі бір қоғамға қауіпті зардапты көрсеткен қылмыс құрамы материалдық қылмыс құрамы деп аталады.
Қылмыстың объективтік жағы.
Қылмыстың объективтік жағының түсінігі және маңызы. Қылмыстың объективтік жағының белгілері.
Қоғамға кауіпті және құқыққа кайшы әрекет. Қылмыстық -жазаланушы әрекет және әрекетсіздіктің түсінігі. Күрделі, созылмалы жалғаспалы қылмыстар. Тойтарылмас күштің түсінігі, физикалық немесе психикалық мәжбүрлеу, оның қылмыстық - құқыктық маңызы.
Қылмыс салдарының түсінігі және түрлері. Қылмыстың формальді, материалды және қысқартылған кұрамдары. Қылмыстың косымша ауыр салдарлары. Қылмыс салдарының қылмыстық- құқықтық маңызы.
Қоғамға кауіпті әрекетпен (әрекет немесе әрекетсіздік) болған қылмыс салдары арасындағы себепті байланыс. Қажетті немесе кездейсок себепті байланыстар.
Тәсіл, орын. уақыт, жағдай. кару және кылмыс жасалған құралдар - қылмыстың объективтік жағының факультативті белгісі және оның кылмыстық- құқыктық маңызы.
1. Қылмыстың объективтік жағы қылмысты істеген адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісін білдіреді. Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес (9-бап) ондай мінез-құлық біріншіден қоғамға қауіпті, екіншіден қылмыстық заңға қайшы болуы керек.
Қылмыстың объективтік жағының мазмұны көптеген белгілерінің жиынтығынан тұрады. Ең бастысы қылмыстық заң құрайтын заң корғайтын қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғатын және оған қол сұғу қаупін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік).
Қылмыстық құқықтағы зиян қылмыстын объективтік жағы-ның белгісі болып табылатын «қоғамға қауіпті зардап» деген ұғымды білдіреді.
Қоғамға қауіпті іс-өрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын байланыстыратын белгіні себепті байланысты атайды. Сонымен, қоғамға кауіпті іс-әрекет, қылмыстық зардап, себепті байланыс қылмыстың объективті жағының белгілері болып табылады.
2.Адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісі болып табылатын қауіпті іс-әрекет белгілері бір кеңістікте және уақыт-та орын алатын накты көрініс болып табылады. Қылмыстык, құкықта кеңістік деген ұғым нақты іс-әрекетгің істелген орны ретінде қарастырылады. Сондыктан да қылмыстың объективтік жағының мазмұнын ашып көрсететін белгілер қатарына қоғам-ға қауіпті іс-әрекет, істелген орын және уақыт та қосылады. Кейбір реттерде заң шығарушы нақты қылмыс құрамының белгілерін анықтағанда қоғамға қауіпті іс-әрекеттің белгілі бір жағдайда істелетіні туралы да еске салады. Демек, мұндай жағдай қылмыстың объективтік жағының бір белгісі болып саналады. Кез келген қоғамға қауіпті іс-әрекет белгілі бір тәсілмен, кейбір реттерде нақты құралдар мен қаружарақтар қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы : кісі өлтіруде бірнеше тәсіл қолданылуы мүмкін кісіні өлтіру үшін мылтық немесе пышақ, у дәрі пайдалану, адамды тұншықтыру, қылғындыру немесе автокөлікпен әдейі қағып кету арқылы да өлтіреді. Қылмыс жасаудың тәсіліне алдау немесе сенімге қиянат жасау (мысалы, алаяқтықта немесе салық қылмыстарында) болуы мүмкін. Осы айтылғандарға байланысты қылмыс істеудің тәсілі, құрал және қару-жарақ деген ұғымдар да қылмыстың объективтік жағының мазмұнын ашатын белгілер қатарына жатады. Кез келген жеке қылмыс құрамы үшін объективтік жақ сол нақты құрамның төрт элементтерінің бірі ғана.
3. Іс-әрекет кез келген қылмыстың объективтік жағының қажетті белгісі болып табылады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет бұл адамның кұкыкка қайшы, саналы, белсенді немесе енжар түрде қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін мінез-құлқының сыртқы көрінісі болып табылады.
Кез келген қылмысты іс-әрекет объективтік тұрғыдан алғанда қоғамға қауіпті. Оның қауіптілігі құқық қорғайтын қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғу арқылы немесе қол сұғу қаупін туғызу аркылы көрінеді. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесін ең алдымен келтірілген зиянның мөлшері, қол сұғылатын объектінің құндылығы арқылы анықталады.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің міндетті белгілерінің бірі оның құқықка қайшылығы болып табылады. Мұндай белгінің болуы азаматгарды заңсыз қылмыстық жауапқа тартуға жол бермеуінің кепілі болады және зандылыктың катаң сақталуын қамтамасыз етеді.
Қылмыстың субъектісі.
Қылмыстың құқық бойынша кылмыс субъектісінің ұғымы және белгілері. Қылмыс субъектісі және кылмыскер тұлғасы. Қылмыскер тұлғасының кылмыстық-құқықтық маңызы.
Қылмыстық жауаптылық туындайтын жас мөлшері. Кәмелетке толмағандармен жасалатын кылмыстардың ерекшеліктері. Кәмелетке толмағандардың кылмыстық жауаптылығының ерекше жағдайларының жалпы сипаттамасы.
Есі дұрыстық - кылмыстық жауаптылықтың міндетті шарты. Есі дұрыс еместік және оны анықтаудың межелері. Шектелген есі дұрыстық. Есі дұрыстықты жоққа шығармайтын психикалық ауытқулардың кылмыстық жауаптылыққа әсері. Маскүнемдік жағдайдың қылмыстық жауаптылыққа әсері. Қылмыс жасағаннан кейін психикалық ауруға шалдыққан тұлғалардың жауаптылығы.
Қылмыстың арнайы субъектісінің ұғымы. Қылмыстың арнайы субьектісінің түрлері.
Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығының проблемасы.
1. Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін кылмыстық жауаптылыкты көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыстық кодекстің 4, 6, 7-баптарының талаптарына сай Қазакстан Республикасының Қылмыстык кодексінің күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасынын аумағындағы азаматтығы жоқ адамдарға, сондайақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам азамат тартылады. Жануарлар дүниесі, табиғат күштері келтірген зиян үшін олар қылмыстық жауапқа тартылмайды, яғни бұл аталғандар қылмыс субъектісі болып танылмайды. Егер адам жануарларды немесе табиғи күштерді пайдалану арқылы қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе, онда қылмыстық жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады. Мысалы, қабаған итке адамды қасақана әдейілеп қаптырса, онда сол адам жөнінде қасакана дене жарақатын келтіргені үшін кылмыстық жауаптылық мәселесі карастырылады, ал мұндай жағдайда ит қылмыс субъектісі емес, кылмысты істеудің құралы болып табылады.Сондай ақ занды тұлғалар мекеме, ұйым, кәсіпорын және басқа да занды ұйымдар қылмыстың субъектісі болып танылмайды. Қайсыбір кәсіпорын, мекеме, ұйымда еңбек қорғау ережелерінің елеулі бұзылуы үшін қылмыстық жауаптылыққа мекеме, ұйым, кәсіпорын емес, сол еңбек қорғау ережелерін кінәлі түрде бұзған лауазымды адам, егер соның салдарынан адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса жауаптылыққа тартылады. Жаңа қылмыстық кодекстің 14-бабында (1-бөлігі) «есі дұрыс, осы кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана кылмыстык жауапқа тартылуға тиіс» деп тура айтылған.
1. Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін кылмыстық жауаптылыкты көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыстық кодекстің 4, 6, 7-баптарының талаптарына сай Қазакстан Республикасының Қылмыстык кодексінің күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасынын аумағындағы азаматтығы жоқ адамдарға, сондайақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам азамат тартылады. Жануарлар дүниесі, табиғат күштері келтірген зиян үшін олар қылмыстық жауапқа тартылмайды, яғни бұл аталғандар қылмыс субъектісі болып танылмайды. Егер адам жануарларды немесе табиғи күштерді пайдалану арқылы қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе, онда қылмыстық жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады. Мысалы, қабаған итке адамды қасақана әдейілеп қаптырса, онда сол адам жөнінде қасакана дене жарақатын келтіргені үшін кылмыстық жауаптылық мәселесі карастырылады, ал мұндай жағдайда ит қылмыс субъектісі емес, кылмысты істеудің құралы болып табылады.Сондай ақ занды тұлғалар мекеме, ұйым, кәсіпорын және басқа да занды ұйымдар қылмыстың субъектісі болып танылмайды. Қайсыбір кәсіпорын, мекеме, ұйымда еңбек қорғау ережелерінің елеулі бұзылуы үшін қылмыстық жауаптылыққа мекеме, ұйым, кәсіпорын емес, сол еңбек қорғау ережелерін кінәлі түрде бұзған лауазымды адам, егер соның салдарынан адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса жауаптылыққа тартылады. Жаңа қылмыстық кодекстің 14-бабында (1-бөлігі) «есі дұрыс, осы кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана кылмыстык жауапқа тартылуға тиіс» деп тура айтылған.
2. Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылыққа өзінің істеген іс-әрекетіне есеп бере алатын және өзін-өзі баскаруға қабілеті бар адамды, яғни есі дұрыс адамды ғана тарта алады. Адам қоғамға қауіпті іс-әрекет істеген кезде өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмаса, яғни қылмысты есі дұрыс емес күйде істесе,
- онда ол адамның іс-әрекетінде кінәнің екі нысаны қасақаналык пен абай-сыздық жоқ деп есептеледі. Қоғамға қауіпті іс-әрекетін ұғынып, оның мағынасына жетіп, ақылмен, естілікпен істеген есі дұрыс адам ғана қылмыс үшін кінәлі деп танылады
3. Жалпы Ереже бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кұкығы бойынша кылмыстың субъектісі болып Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер және азаматтығы жок, адамдар (6, 7-бап) танылады. Арнаулы субъектілі қылмыстарды қылмысқа бірге қатысып істегенде оның орын-даушысы тек қана арнаулы субъект, ал басқа қатысушылары жай субъект болады .
4. Патологиялық мастыққа алкоголь ішімдігін, есірткі немесе басқа есеңгірететін заттарды үнемі пайдаланудың салдарынан дертке ұшырап, соның әсерінен өзінің іс-әрекеті туралы есеп беруден қалған, өзін-өзі басқару қабілетін жоғалтқандар жатады.Сот психиатриялық сарапшының корытындысына сәйкес, мұндай адамдар есі ауысқан деп танылуы мүмкін. Сондай адамдарға медициналық түрдегі еріксіз емдеу шаралары колданыла-ды. Ал айықаннан соң өзінің істеген қылмысы үшін жалпы тәртіппен жазалануы мүмкін. Жаза тағайындалғанда мас болудың себебі, мастықтың дәрежесі және оның қылмыс істеуге ықпалы есепке алынады. Қайсыбір жағдайларда сот адамның мас күйде қылмыс жасауын жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануы да, танымауы да мүмкін (ҚК 54-бабы, 1-бөлігі, «м» тармағы және 3-бөлігі).
Қылмыстың субъективтік жағы.
Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы. Қылмыстың субъективтік жағының белгілері.
Кінә - қылмыстың субъективтік жағының негізгі белгісі. Есі дұрыстық проблемасы және ерік бостандығы. Субъективтік есі дұрыстық - қылмыстық жауаптылықтың алғышарты. Кінә мазмұны және оның нысандары. Кінә нысандарының қылмыстық-құқықтық маңызы. Қылмыстық жауаптылық мүмкін болатын абайсыз әрекеттердің заңмен шектелген аясы.
Қасақаналық және оның нысандары. Қасақаналықтың интеллектуалдық және еріктілік сәттсрі. Тікелей қасақаналық. Жанама (эвентуалды) қасақаналық. Қасақаналықтың өзге түрлері.
Абайсыздық және оның түрлері. Қылмыстық менмсндік. Менмендіктің жанама қасақаналықтан айырмашылығы. Қылмыстық немкұрайдылық. Немкұрайдылықтың объективтік және субъективтік өлшемдері. Оқиға (казус) - қоғамға қауіпті салдар тигізетін жазықсыз зиян келтіру.
Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс үшін жауаптылық.
Ниет, мақсат - қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілері, олардың қылмыстық-кұқықтық маңызы. Қылмыстың субьективтік жағындағы эмоционалдық мезеттің маңызы.
Заңды және деректі қателер, олардың кінәға, қылмыстық жауаптылықка және қылмысты саралауға әсері.
1. Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда субъективтік жак қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді. Бұл жерден шығатын қорытынды қылмыстың объекътивтік және субъективтік жағының белгілері өзара тығыз байланысты, белгілі бір бірлікте болады.Сондыктан да қылмыстың субъективтік жағына барынша тығыз талдау жасау қажет.
Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.
2 . Қылмыстың субъективтік жағының белгілері — кінәні, ниет пен мақсатты дұрыс анықтаудың маңызы мынада:біріншіден, қылмыстық жауаптылық негізінің құрамдас бөлігі ретінде ол қылмысты қылмыс болып табылмайтын іс-әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді. Екіншіден, қылмыстың субъективтік жағы объективтік жағынан өзара ұқсас құрамдарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстың субъективтік жағының мазмұны істелген қылмыстың, сондай-ақ оны істеген адамның қоғамға қауіптілік дәрежесінің деңгейін анықтауға себеп болады.
3.Қылмыстық ниет деп белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей түрткі болуына байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып саналы түрде қылмыс істеуге бел бууын айтамыз.
Қылмыстық мақсат деп адамның қылмыс істеу арқылы болашақта белгілі бір нәтижеге жетуін айтамыз.
Қылмыстық ниет деп белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей түрткі болуына байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып саналы түрде қылмыс істеуге бел бууын айтамыз.
Қылмыстық мақсат деп адамның қылмыс істеу арқылы болашақта белгілі бір нәтижеге жетуін айтамыз.
Қылмыстық құқықтың ең маңызды қағидаларының бірі қылмыстық
жазаға және қылмыстық жауапқа тек қана қылмыс істегенге кінәлі адам ғана тартылатындығы болып табылады. Бұл қағидат Қылмыстық кодекстің арнаулы бабында атап көрсетілген.
Қате дегеніміз адамның істелетін қоғамға қауіпті іс-әрекетіне байланысты факт немесе заң туралы мән-жайлары жөніндегі теріс түсінігі болып табылады.Қылмыстык құқыктағы мұндай қате заң туралы қате және фактілік қате болып екі түрге бөлінеді.
Заң туралы қателік деп адамның іс-әрекетінің қылмыс қатарына жататыны немесе жатпайтыны, оның саралануы, осы іс-әрекеті үшін тағайындалатын жазаның түрі, мөлшері жөніндегі теріс ұғымын айтамыз
12-ші дәріс
Тақырып Қасақана қылмысты істеу сатылары
Жоспары:
1. Қасақана қылмыс жасау сатыларының түсінігі және түрлері.
2.Аяқталған қылмыстың түсінігі.
3.Қылмысқа дайындалу түсінігі және белгілері.
Негізгі ұғымдары: Қасақана, жанама, тікелей, қылмыс жасау сатылары, аяқталмаған қылмыс, аяқталмаған қылмыс.
Қасақана қылмыс жасалғанға дейін адам оның қалай дамып, қандай нәтиже беретіндігін ойластырады. Субъект алдына қылмыстық мақсат қояды, өз жүріс-тұрысын сол мақсатқа жету жолына бағыттайды.
Қылмыстық құқық теориясында саты ұғымы қасана қылмысқа дайындықтың және оны тікелей жүзеге асырудың белгілі бір кезендерін білдіреді, олар өздерінің сипаты мен аяқталу кезі жағынан әр түрлі болады.
Қылмыстық заңнама қасақана қылмыс жасаудың мынадай сатыларын бөліп алады:
қылмысқа дайындалу (ҚК-нің 24-бабының 1-бөлігі);
қылмыс жасауға оқталу (ҚК-нің 24-бабының 2-бөлігі);
аяқталған қылмыс (ҚК-нің 25- бабы).
Аяқталған қылмыстың түсінігі. Қылмыс құрамының конструкциясы және қылмыстың аяқталу сәті.
Аяқталмаған қылмыс (алдын-ала қылмыстық әрекет). Қылмысқа дайындалғаны және оқталғаны үшін қылмыстық жауаптылық негізі.
ҚК-нің 25-бабына сәйкес, адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, қылмыс аяқталған деп танылады. Аяқталған қылмыс қылмыс жасаудың соңғы сатысы болып табылады, ол қылмыстық қастандықтың объективтік және субъективтік жақтарының толық іске асуымен сипатталады.
Қрамы формальды қылмыс баптың диспозициясында көзделген әрекет немесе әрекетсіздік жасалған кезден бастап аяқталған болып саналады. Мысалы, айыпты бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді күш қолданамын деп қорқытып талап еткен кезден бастап бопсалаушылық аяқталады және т.б.
Кейбір жағдайларда нақты іс әрекеттің аса қауіптіліне қарай заң шығарушы құрамды қылмыс ертерек біткен деп санайтындай етіп қалыптастырған.
Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ құру фактысының өзі аяқталған болып табылады, ол үшін ҚК-нің 237-бабында қылмыстық жауапкершілік көзделген. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру (ҚК-нің 235-бабынының 1-бөлігі), заңсыз әскеридендірілген құрама құру (ҚК-нің 236-бабының 1-бөлігі) жайында да осыны айтуға болады.
Қылмысқа дайындалу түсінігі және белгілсрі. Дайындалудың қасақаналықты анықтаудан айырмашылығы. Қылмысқа дайындалудың жазаланушылық шектері.
Қылмыстық заңда (ҚК-нің 24-бабының 1-бөлігі) тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын ісдестіру, әзірлеу немесе бейфіпдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өз де қасақан жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына денйін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады.
Бұл саты мынадай формаларда көрініс табады:
қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру;
қылмыс құралын немесе қаруын әзірлеу;
құралдар мен қаруларды қылмыс жасауға бейімдеу;
қылмысқа қатысушыларды іздестіру;
қылмыс жасау үшін әдейі басқа да жағдайларды тудыру.
Іздестіру дегеніміз – қандай тәсілмен болса да бірдемені иемдену, ол-сатып алу, уақытша жалға беру, айырбастап алу, ұрлап алу және т.б. болуы мүмкін.
Әзірлеу дегеніміз- қылмыс құралын немесе қару жасаудың техникалық процесі.
Бейімдеу дегеніміз нәрсені өңдеу, оның түрін өзгерту, ондағы мақсат- оны қылмысқа пайдаланғанда оның тиімділігін арттыру.
Қылмысқа дайындалу субъективтік жағынан алғанда тек тікелеу қастандықпен сипаталады, себебі адамның оны жүзеге асыруды мақсат тұтқан іс-қимылын көрсетеді.
Қылмысқа оқталу түсінігі және белгілері. Оқталудың қылмысқа дайындалу мен аяқталған қылмыстан айырмашылығы. Оқталудың түрлері.
Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет, егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып табылады.
Қылмысқа дайындалудың оқталудан айырмашылығы сол, біріншісінде келешекте жасалынатын қылмысқа жағдай туғызылады, екіншісінде – адамның пиғылы ғана емес, іс-әрекеті де заңмен қорғалатын игілікті бұзуға, қылмысты аяқтауға және қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге тікелей бағытталады.
Жиынтығы оқталуды сипаттайтын мына белгілер объективтікке жатады:
Қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекет;
Қылмысты аяғына дейін жеткізу;
Қылмыс жасауға оқталған адмға байланысты емес себептер бойынша қылмыс аяғына дейін жетпеген.
Бірінші белгі қылмыс жасаудың басталып кенткендігін білдіреді. әдетте кқылмыс жасауға оқталғанда заңмен қорғалатын объектіг қауіп төнеді, біршама зиян да келеді. Мысалы, адам біреуді өлтіру мақсатында оған балта сермейді, бірақ балтасы дәл тимей, ол адам ауыр дене жарақатын алады, ойластырған іс орындалмай қалады.
Келесі белгі – қылмысты аяғына дейін жеткізбеу, бұл ретте қылмыс құрамының объективтңк жағы толықтай іске асырылмайды. Бұл белгі қылмыс жасауға оқталуды аяқталған қылмыстан ажыратудың негізіне алынад, бұл ретте оларды бөлектейтін шекара әрбір жеке жағдайда оқталған қылмыстың объективтік жағының конструкциясынының мазмұнына қарай жүргізіледі.
Үшінші объективтік белгі қылмыстың аяғына жетуіне кедергі болған мән-жай адамның өзіне байланысты еместігін көрсетеді.бұдан біз қылмыстың үзілуіне алып келген себептерді адамның өз еркімен қылмыстан бас тартуы еместігі деп түсінуіміз керек.
Оқталудың субъективтік жағына тәне ерекшелік сол, адам өзінің ойымен қылмыстың нақты құрамының барлық жағын қамтиды, бірақ ол ойдың толық көлемде іске аспай қалғандығын ұғынады.
Қылмыстық құқық теориясында оқталудың жарамсыз оқталу деп аталатын тағы бір түрі бар. Ол екі түрге бөлінеді:
Бірінші түрде субъект, өз ойынша, нақты объектіге қастандық жасайды, бірақ оның іс-әрекеті объектіге ешқандай зиян келтірмейді, келтіре алмайды. Мысалы, адамды өлтіремін деп буулы туралы киімді ату немесе пара алушыға жалған ақша беру және т.б.
Екінші түрде субъект көздеген мақсатына жету үшін жарамсыз қару немесе құрал пайдаланады. Мысалы, адамды өлтіремін деп алып келген мылтығығы атылмайды, удеп бергені у болмай шығады.
Қылмыстан өз еркімен бас тарту және оның белгілсрі. Шын өкіну, оның қылмыстан өз еркімен бас тартудан айырмашылығы және қылмыстық-құқықтық маңызы. Қылмыстарды ашу, алдын алу, жою және келтірілген зардаптың орнын толтыру үшін соттар мен құқық қорғау органдарының өз еркімен бас тарту және шын өкіну туралы нормаларды қолдануы.
Объективтік жағынан өз бетімен бас тарту бір белгіні сипаттайды – қылмысқа дайындалу немесе қылмыс жасауға оқталу болып табылатын іс-әрекеттің тоқталуы.
Бұл белгі субектінің басталған әрекетті тоқтатқанын білдіреді және қылмыстық нәтижеге жетуді көздеген іс-әркет сол қылмыстың аяқталғанына дейін тоқтатуы тиіс.
Қылмыс істеуден өз бетімен бас тартуды субъективтік жағынан сипаттайтын белгілерге: еріктілік, біржолалық және адамның қылмысты аяғына дейін жеткізе алатындығына сенімі жатады.
Бәрінен бұры, қылмысты аяғына дейін жеткізуден бас тарту адамның өз еркімен болуға тиіс. Бұл дегеніміз адам қылмыс жасауға дайындық әрекеттерді немесе тікелей қылмыс жасауды бастап сол қызметін іске асырубарысында оны жалғастырудан бас тартады. Бас тарту оның өз еркімен болады.
Өз еркімен бас тартудың біржолалығы адамның қылмысты аяқтауға бағытталған іс-әрекеттен уақытша ғана емес, толықтай және үзілді-кесілді бас тартуын білдіреді.
Өз еркімен бас тартқанда сылтау мазмұны әр түрлі болады: іс- әрекеттің қылмыс екендігін ұғыну, жәбірленушіні аяу, кек алуы мүмкін екендігінен қорқу, өкіну, жазадан қорқу және т.б. Мұндай психикалық қобалжу қылмыс жасар алдында, қандай да бір сыртқы фактордың әсерінен пайда болуы мүмкін. Мысалы, үй ұрлауға келген адам, сол үйге жақындағанда немесе кіргенде бәлендей бір қорқыныш сезіміне бөлінеді.
13-ші дәріс. Қылмысқа қатысу
Жоспары:
1.Түсінігі, түрлері және нысандары.
2.Қатысушылардың түрлері .
3.Қылмысқа жанасушылық.
Негізгі ұғымдары: Қылмысқа қатысу, қылмысқа қатысудың акцессорлылығы, орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші.
ҚК-нің 27-бабы бойынша екі немесе одан көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Қатысушылар қылмыс жасаудағы өз әрекетінің сипатына және қылмысқа қатысу дәрежесіне қарай оны орындаушылар, ұйымдастырушылар, арандатушылар және көмектесушілер болып бөлінеді.
Бірнеше адамның қылмыстық іс-әрекеті күрделірек болады, олардың әрқайсысы әр түрлі әрекеттер жасайды, кейбір жағдайларда сол қылмысқа қатысушылардың кейбірі әректсіздік танытуы мүмкін.
Қатысушылықтың субъективтік жағы қатысушыда қастандық пиғылдық болуын керек етеді, ол мыналардан көрініс табады:
қатысушының басқа қатысушылардың қылмыстық әрекеті жайында хабардар болуы;
қатысушының өзі басқа қатысушылармен бірлесіп қылмыс жасайтындығын немесе оған мүмкіндік тудыратындығын ұғынуы;
ортақ қылмыстық нәтиженің болуын тілеуі немесе оған саналы түрде жол беруі.
Қылмыстық заң бойынша қатысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы. Орындаушының, ұйымдастырушының, айдап салушының және көмектесушінің түсініктері. Жанама орындаушының түсінігі.
Қатысушылардың қылмыстық жауаптылығының негізі мен шектері. Қатысудың акцессорлылығы. Қатысушылардың әрекеттерін саралау, олардың жауаптылығын және жазасын жекелеу.
Қылмысқа қатысушының шектен шығушылығы. Арнайы субъектімен жасалған кылмысқа катысу. Жүзеге аспаған қатысу үшін жауапкершілік. Қатысушылардың өз еркімен бас тартуының ерекшеліктері.
Қылмыска жанасушылық ұғымы, оның нысандары және қатысудан айырмашылығы. Қылмысты жасырғаны және қылмысты хабарламағаны үшін қылмыстық жауаптылық шектері мен шарттары, жағдайлары.
1. Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінің келісушілік дәрежесіне байланысты қылмысқа қатысу екі түрлі нысанға алдын ала келіспей қыл-мысқа қатысу және алдын ала келісіп қылмысқа қатысу болып бөлінеді.Бұл нысандар Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде әр түрлі көрініс тапқан. Бұлар алдын ала келісіп қылмысқа жай қатысу, ұйымдасқан топ болып және қылмысты бірлестік арқылы қылмысқа қатысу болып көрсетілген.
Қылмыстық кұкық теориясы қылмысқа қатысудың түрлерін де бөліп көрсеткен.
Қылмысқа қатысудың түрлері кылмыс істеуге қатысқан жекелеген қатысушылардың қылмыс істеуге қатысуының дәрежесі мен сипатына байланысты қоса орындаушылық және тар мағынадағы қылмысқа қатысушы болып екі түрге бөлінеді.
2. Қылмыстық құқықта қылмысқа қатысушылар орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар және көмектесушілер деп бөлінеді. Оларды бұлай бөлуге қылмысқа қатысудағы атқаратын іс-әрекетінің мәнісі мен дәрежесі негіз бола алады. Қылмысқа қатысушыларды осылай бөлудің олардың жауаптылығын негіздеу, іс-әрекеттерін дұрыс саралау және жаза тағайындағанда әрқайсысының ерекшеліктерін еске алу үшін маңызы өте зор.Қылмысқа қатысушылардың түрлері және олардың әрқайсысына заңдылық сипаттама ҚК-тің 28-бабында көрсетілген.
Жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе қылмыстық заңнамада көзделген басқа да мән –жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абасызда жасаған адамдарды пйдалану жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады
Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп аталады. Қылмысты ұйымдастырушы ұғымы қызметтің мынадай формаларын қамтиды:
нақты қылмысты ұйымдастыру;
нақты қылмыстың орындалуына басшылық ету;
ұйымдасқан қылмыстық топ құру;
қылмыстық қауымдастық құру;
ұйымдасқан топты басқару;
қылмыстық қауымдастыққа басшылық ету.
Қылмысқа қатысатындарды іздестіріп табу, оларды оқытып үйрету, қылмыстың жоспарын жасау, қолданылатын қару-құралдарды таңдау және т.б. қылмысты ұйымдастыруға жатады.
Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзгеде жолмен қылмыс жасауға көндірген адам арандатушы деп танылады. Ондай адам басқа бір адамда ооның бұрыннан ойластырып жүрген қылмысын жасауына батылдық тудырады.
Кеңестермен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасайтын өзге құралдарын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады.
3. Қылмысты жасырушылық, қылмысты хабарламау және қылмысқа жол берушілік қылмыстык құқық теориясында қылмысқа жанасушылық деген ұғымды құрайды. Бұл ұғымның кылмысқа қатысудан өзгешеліктері де ерекше. Қылмыстык, занда қылмысқа жанасушылыкқа өзіндік ұғым берілуі және оған кінәлі адамдарға жауаптылық белгіленуі бұл тұрғыдағы қылмыстарды қылмысқа бірге қатысудан дәлмедәл ажыратуға, нығайтуға толық мүмкіндік береді.
Қылмысқа жанасушылық қылмыстық құқық теориясында қылмыс істеуге өздері қатыспаған адамдардың сол істелген қылмысты жасыру, істелгелі жатқан немесе істелгені, анык қылмысты хабарламау туралы қасақана іс-әрекетгері немесе заң бойынша қылмысқа қарсы күрес жүргізуге міндетті адамдардың қылмысты әрекет туралы тиісті орындарға хабарламауы, я болмаса, сол әрекеттерге кедергі келтірмейтін әрекетсіздіктері деп белгіленеді.
Қылмысқа жанасушылықтың қауіптілігі сол, мұндай іс-әрекеттер дайындалып жаткан қылмыстарға тойтарыс беруге, сондай-ақ істелген қылмыстарды ашуға, кінәлі адамдарды әшкерелеуге мүмкіндік бермейді. Қылмысқа жанасушылыкка кінәлі адамдардың зияндылығы қылмысқа бірге қатысушыларға қарағанда онша көп емес, сондықтан да қылмысқа жанасушылық үшін Кодекстің Ерекше бөлімінде арнайы көрсетілген ретгерде ғана қылмыстық жауапқа тартылады.
Қылмыстық кұкық бойынша кылмысқа жанасушылықтың үш түрлі нысандары бар: күні бұрын уәде бермей жасырушылық; хабарламау; жол берушілік. Қылмыстык заң бойынша қылмысты жасыру үшін жауаптылық1. Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінің келісушілік дәрежесіне байланысты қылмысқа қатысу екі түрлі нысанға алдын ала келіспей қыл-мысқа қатысу және алдын ала келісіп қылмысқа қатысу болып бөлінеді.Бұл нысандар Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде әр түрлі көрініс тапқан. Бұлар алдын ала келісіп қылмысқа жай қатысу, ұйымдасқан топ болып және қылмысты бірлестік арқылы қылмысқа қатысу болып көрсетілген.
Қылмыстық кұкық теориясы қылмысқа қатысудың түрлерін де бөліп көрсеткен.
14-ші дәріс. Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар
Жоспары:
1.Түсінігі.
2. Қажетті қорғану және жалған қорғану.
3.Қажетті қорғанудың заңға сәйкес шарттары.
Негізгі ұғымдары: іс-әрекет, жоятын, мән-жайлар, қажетті, қорғану, жалған.
Қылмыстық құқық бойынша іс-әрекеттің кылмыстылығын жоятын мән-жайлардың ұғымы. Іс-әрекеттін қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың түрлері және заңды табиғаты.
Формальды түрде алсақ, олар қылмыстық іс -әрекет сияқты, бірақ шын мәнінде ондай емес. Іс-әрекеттің қылымыстылғын болдырмайтын мән-жайлар деп ондай жағдайда зиян келтіру қылмыстық іс-әрекетті жасау деп қарастырылмайтын ерекше жағдайды түсіну керек.
Қылмыстылық термині қылмыстық іс-әрекетке тән белгілерді көрсету үшін қажет. Іс-әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын мән-жайлардың болуы іс-әрекетте қылмыс белгілерінің жоқтығын көрсетеді. Сонымен, Қылмыстық кодексте іс-әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын жеті мән-жай қарастырылған:
қажетті қорғану (32-бап);
қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру (33-бап);
аса қажеттілік (34-бап);
жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру (34-1-бап);
орынды тәуекел ету (35-бап);
күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу (36-бап);
бұйрықты немесе өкімді орындау (37-бап);
Қажетті қорғану. Қажетті қорғанудың заңға сәйкестік шарттары. Тұлғаны және кұкыктық тәртіпті қорғау үшн қажетті қорғанудыц маңызы. Қажетті қорғану шегінен шығу. Жалған қорғану және оның құқықтық салдары. Қорғануға итермелеу.
Заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау үшін шабуыл жасаушыға қорғанушының ойынша қажетті және жеткілікті мөлшерде дене зақымын немесе мүліктік зиян келтіру арқылы қоғамға қауіпті қастандыққа белсенді қарсы тұру қажетті қорғану деп аталады.
Қорғанудың заңды болу шарттарын екі топқа бөлу керек: кез келген астандық әрекет басталғанға дейін анық айтуға болатын жалпы шарт және сипаты қажетті қорғанудың әрбір актісінде қастандық әрекеттің қауіптілігне және одан нақты қорғануға байланысты анықталатын өзіндік ерекше шарт.
Қорғанудың заңдылығының бірінші жалпы шарты қажетті қорғану ережесі бойынша қорғалуы мүмкін объектілердің ауқымымен анықталады олар анықталған (адамның жеке басы, тұрғын үй, меншік, жер учаскесі және басқа да құқықтар, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері).
Екінші жалпы шарт – зиян тікелей қастандық жасаушығакелуі керек. Егер бұл шарт сақталмаса және шабуылды тойтарғанда зиян үшінші біреуге келсе, онда қажетті қорғану актісі де болмайды. Қастандық жасаушыдан қателесіп үшінші адамға зиян келтіру немесе қастандық әрекетке қатыспаған басқа біреуге кездейсоқ зиян келтіру қорғану әрекетінің заңды болуының шартын бұзғандық болып табылады.
Қажетті қорғану шегін сақтау қол сұғұшыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіру, қол сұғұшылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне қорғанудың көрінеу сай келмеуі қажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылады.
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру. Кылмыскерді ұстау кезінде зиян келтірудің заңға сәйкестік шарттары. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде шегінен шығу үшін жауаптылық.
Аса қажеттілік. Аса кажеттілік жағдайында зиян келтірудің заңға сәйкестік шарттары. Аса кажеттіліктің қажетті қорғаудан айырмашылығы.
Төтенше жағдайлар, табиғи апаттар, бақылаудан шығып қалған техногендік процестер, қауіп төндіретін басқа да факторлар түрінде адамның, қоғамның не мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін тікелей қатердің болуы аса қажеттіліктің негізі болып табылады.
Аса қажеттілік жағдайында жасалатын әрекеттердің мақсаты – адамның, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей төнген қауіпті жою.
Сол төнген қауіпті жоюдың тәсілі – үшінші тұлғаның заңды мүддесіне, яғни бөгде адамның кәсіпорынның, мекеменің және ұйымның мүддесіне зиян келтіру, сол арқылы төнген қауіптің бетін қайтару.
Орынды тәуекел ету. Орынды тәуекел етудің заңға сәйкестік шарттары. Орынды тәуекел ету жөніндегі заң нормасының әлеуметтік маңызы. Орынды тауекел деп танымаудың шарттары.
Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.
Бұйрықты немесе өкімді орындау.
Жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру.
1. Әрбір азаматтың конституциялық борышы қоғамдык қатынастарды кылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, коғамға, мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс әрекетті тойтаруда, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материалдық, моральдык, және басқа да зиян келтірілуі мүмкін. Мұндай әре-кеттер формальдык. жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген кылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірақта бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың материалдық белгісі болып табылатын басты белгі қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған кауіпті жою, тойтару коғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады. Әрбір азаматтың конституциялық борышы қоғамдык қатынастарды кылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау.
2. Қажетті корғану - әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетгі қорғанудың қоғамға кауіптілігі жоқ. Қажетті корғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықтары, өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т. б. басқа да игіліктерін қорғаудың тәсілі болып табылады.Қажетті қорғану қылмыстылықты тыюды, зорлықпен істелетін қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы күресудің пәрменді құралы болып табылады
15-ші дәріс. Жазаның түсінігі мен мақсаттары, жазаның жүйесі
Жоспары:
1. Жазаның түсінігі.
2. Жазаның мақсаттары.
3.Жаза теориялары.
Негізгі ұғымдары: жаза, мақсаттары, әлеуметтік, әділеттілікті, қалпына келтіру, сотталғандар, түзеу.
1.Қылмыстық жаза түсінігі мен мәні. Қылмыстық құқық ғылымындағы жаза теориялары. Қылмыстық жазаның тарихи өзгермелі сипаты. Жазаның әкімшілік және тәртіптік, сондай-ақ басқа да мемлекеттік мәжбүрлеу шараларынан және қоғамдық ыкпал етуден айырмашылығы.
Мемлекеттің қылмыстылықпсн күрес жүйесіндегі жазаның орны.
Жаза мақсаттары. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Сотталғандарды түзеу. Жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру. Жалпы және арнайы ескерту.
Жазаның тиімділігі ұғымы. Жазаның тиімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік және әлеуметтік шаралар. Жазаның тиімділігін арттыру және жаза мақсаттарына жетудегі сот пен құқық қорғау органдарының рөлі.
1. Қылмыстык кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны колда-нудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық занда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегі-нен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза тағайындауға қүқылы.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі кылмыстық жазаны мемлекет атынан тек кана сот тағайындайды.Қылмыстық кодекстің 38-бабында "жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы" делінгең Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазым-ды органдар арқылы жүзеге асырылады.
Үшіншіден, занда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондайақ тағайындаған қылмыстык жазаны жеңілдету тағы да сот аркылы жүзеге асырылады тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті аркылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады.
Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан-ашык тағайындалады. Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе занды тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді.
Қылмыстык, жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, занды күшіне енген сот үкімі мемлекетгік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық занда көрсетілген нақты кылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылуы мүмкін. Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін..
Жаза мемлекеттік мәжбірлеу шарасы. Ол- қылмыс жасаған адамға қатысыт, тек ерекше мемлкеттік орган – соттың үкімі бойынша ғана қолданылады. Үкім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды адамның немесе қандай да бір мемлекеттік органның атынан қолданылады.
Заңды күшіне кірген сот үкімі барлық мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар және лауазымды адамадар үшін міндетті және Қазақстанның барлық аумағында орындалуы тиіс. Үкімде тағайындалған жаза тек қылмыс жасаған адамға ғана қатысты, ол басқа адамдарға таралмайды.
Жазаның орындалуы мемлкеттің мәжбірлеу күші арқылы қамтамасыз етіледі.
Жаза- мемлекетіәк мәжбүрлеудің қылмыстық заңда белгіленген шарасы.
Жаза –қылымыс сияқты құқық бұзушылық үшін ғана қолданылатын мемлкеттік мәжбірлеу шарасы. Жазаның міндетті қасиеті, ол – жазалау, яғни сотталған адамның бостандығы мен құқығын шектеу немесе олардан айыру.
Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс кұқылық баға болып табылады. Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына тікелей байланысты болады.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәліге занда көрсетілген негізде ерекше жаза — өлім жазасын тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотгалған адам материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты — әлеуметгік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа кылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.
Жазаның мақсатгары кылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2-бабындағы осы заңның міндеттері заң корғайтын мүдделерді корғау, алдын алу делінсе, ол міндетгерді жүзеге асыру үшін кылмыстык жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы айқындалады, кылмыс істеген адамдарға қолданылуға тиісті жазамен өзге де қылмыстық құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді.
Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фактісінің орын алмауын көздеуі болып табылады. Жазаның осы көздеген мақсатына жетуінің құралы сотгалғандарды түзеу аркылы, еңбекке адал, заң талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады.
Жазаның мақсаты:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталған адамды түзеу;
в) сотталған адамды жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру (арнаулы, жеке сақтандырудың мақсаты);
г) басқа адамдарды қылмыс жасаудан сақтандыру (жалпы сақтандырудың мақсаты).
Жазалаудағы мақсаттардың бірі - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Кез келген қылмыстың әлеуметтік әділеттілікті бұзатыны белгілі.
Жазаның басқа бір маңызыды мақсаты – сотталған адамды түзеу, ол Қазақстан Республикасы қылмыстық заңының ізгілікті екендігін көрсетеді. Түзеуді екі аспектіде қарастыру керек; біріншіден, сотталғанға тәрбиелік ықпал ететін процестің өзі ретінде, екіншіден, сол ықпалдың нәтижесі ретінде.
Түзеудегі мақсат сотталған адамның психикасы мен мінез-құлқын дұрыс жаққа бұру, оның қоғамға жат пікірлер мен дағдылардан арылуына мүмкіндік беру, оған әлеуметтік ұнамды қасиеттер жұқтыру, оның бұрын бойында болған, бірақ ол жоғалтып алған жақсы жақтарын қайтару.
Жазалау мақсатымен тығыз байланыстағы, бірақ өзінше дербес мақсат – арнаулы (жеке) сақтандыру.
Арнаулы сақтандыру мақсатына жету үшін сотталған, біріншіден, жаңа қылмыс жасау мүмкіндігінен айырылады.
Екіншіден, арнаулы сақтандырудағы мақсатқа жазамен қорқыту арқылы қол жеткізуге болады. Қылмыс жасаған адамды қалай да қылмыс күтіп тұратындығын санаға құю арқылы адамды қылмыс жасаудан сақтандырауға болады.
Үшіншіден, арнаулы сақтандырудағы мақсатқа сотталған жазасын өтеп жатқан кезде оның психикасына оң әсер ету арқылы қол жеткізуге болады.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Адельханян Р. А. Преступность деяния по международному уголовному праву. – М., 2002.
2.Бельсон Я. М. Интерпол в борьбе с уголовной преступностью. – М., 1989.
3.Бородин С. В., Ляхов Е. Г. Международное сотрудничество в борьбе с уголовной преступностью – М., 1983.
4.Валеев Р. М. Выдача преступников в современном международном праве. – Казань, 1976.
5.Иногамова-Хегай Л. В. Международное уголовное право. – СПб., 2003.
6.Карпец И. И. Международная преступность. – М., 1988.
7.Кибальник А.Г. Современное международное уголовное право: понятие, задачи, принципы. СПб, 2003. – 252с.
8.Кудайбергенов М. Б. Международное уголовное право. – Алматы, 1999.
9Кудайбергенов М.Б. 300 тестовых вопросов по международному уголовному праву. Алматы, 1999.
10.Лукашук И. И., Наумов А. В. Международное уголовное право: Учебник. – М., 1999.
11.Лукашук И. И., Наумов А. В. Международное уголовное право. Выдача обвиняемых и осужденных в международном уголовном праве. – М., 1998.
12.Ляхов Е. Г. Терроризм и международные отношения. – М., 1991.
13Международное уголовное право / Блищенко И. П., Каламкарян Р. А., Карпец И. И. И др. – М., 1995.
14.Овчинский В. С. Интерпол (в вопросах и ответах). – М., 2001.
15.Родионов К. С. Интерпол: вчера, сегодня, завтра. – М., 1990.
16.Панов В. П. Международное уголовное право. – М., 1997.
17.Устинов В. В. Международный опыт борьбы с терроризмом: стандарты и практика. – М., 2002.
18.Фисенко И. Борьба с международными преступлениями в международном уголовном праве. – М., 2000.
19.Сборник нормативных правовых актов по вопросам борьбы с международным терроризмом и экстремизмом / Сост. Е.Б. Ахметов. – Алматы «Раритет», 2007. – 330 с.
20.Токсанбаев А.Б. Интерпол и международный терроризм: проблемы, тенденции развития и противодействие: Монография. – Алматы, 2004. – 304 с.
21.Ball H. Prosecuting War Crimes and Genocide: The Twentieth-Century Experience. – Lawrence, 1999.
22.Robertson G. Crimes against Humanity: The Struggle for Global Justice. – New York, 1999.
Халықаралық актілер
1.Конвенция о предупреждении преступления геноцида и наказании за него 1948 года.
2.Международная конвенция о ликвидации всех форм расовой дискриминации 1965 года.
3.Конвенция о неприменимости срока давности к военным преступлениям и преступлениям против человечности 1968 года.
4.Конвенция о пресечении преступления апартеида и наказании за него 1973 года.
5.Конвенция о борьбе с торговлей женщинами и детьми 1921 года.
6.Конвенция о пресечении обращения порнографических изданий и торговли ими 1923 года.
7.Конвенция относительно рабства 1926 года.
8.Конвенция о борьбе с подделкой денежных знаков 1929 года.
9.Конвенция о борьбе с торговлей совершеннолетними женщинами 1933 года.
10.Конвенция о борьбе с торговлей людьми и эксплуатацией проституции третьими лицами 1950 года и Заключительный протокол к ней.
11.Дополнительная конвенция об упразднении рабства, работорговли и институтов и обычаев, сходных с рабством 1956 года.
12.Единая конвенция о наркотических средствах 1961 года и Протокол 1972 года к ней;
13.Токийская конвенция о преступлениях и некоторых других действиях, совершенных на борту воздушного судна 1963 года.
14.Гаагская конвенция о борьбе с незаконным захватом воздушных судов 1970 года.
15.Международная конвенция о борьбе с захватом заложников 1979 года.
16.Конвенция ООН по морскому праву 1982 года.
17.Конвенция против пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания 1984 года.
18.Конвенция ООН о борьбе против незаконного оборота наркотических средств и психотропных веществ 1988 года.
19.Конвенция ООН против транснациональной организованной преступности 2000 года.
20.Минимальные стандартные правила обращения с заключенными, принятые 30 августа 1955 г. первым конгрессом ООН по предупреждению преступности и обращению с правонарушителями, одобренные резолюциями ЭКОСОС 663 С (ХХIV) от 31 июля 1957 г. и 2076 (LХII) от 13 мая 1977 г.
21.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
Аралық бақылау сұрақтары
