Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ShETMEM_1178__1178__1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

2.Ұоб хабарламалар мен сұраулар жіберу тәртібі

ҰОБ хабарламалар мен сұраулар, басқа ел аумағында деп айтуға толық негіз болғанда жасырынған қылмыскерлерді, хабарсыз кеткендерді іздестіру, халықаралық сипаттағы қылмыстардың алдын алу, ашу, ұрланған заттарды іздестіру, заңсыз есірткі айналымы, ұрланған автокөлікті және қаруды іздеу, танылмаған мүрделерді идентификациялау сияқты істер категориясы бойынша жіберіледі.

Халықаралық тергеу жұмысының тапсырмалары (Rogatory – бір елдің Жоғарғы заң органының басқа елдің Жоғарғы заң органына құқықтық көмек туралы ресми мәлімдемесі) шет ел аумағында жүргізілуі қажет:

  • куәлерді, жәбірленушілерді, күдіктілерді сұраққа алу;

  • тұлғаларды, куә заттарды тану және т.б.;

  • беттестіру;

  • құжаттар көшірмелерін алу,

сұрау салынатын Интерполдың мүше-елінің Жоғарғы заң органының атына, Ішкі істер министрлігінің немесе оның Бірінші орынбасарының атынан рәсімделеді.

Халықаралық тергеу жұмыстары тапсырмалары:

  • қылмыскерлерді қамауға алуға;

  • банкілік шоттардағы қаржы қорының қозғалысын тексеруге;

  • қылмыскерлерді ұстап беруге;

- қылмыстық істер бойынша материалдық құндылықтар мен куә заттарды беруге қатысты ҚР Бас Прокуратурасының құзырына жатады және сұрау салынатын Интерполдың мүше-елінің Жоғарғы заң органының атына, ҚР Бас Прокурорының атынан рәсімделеді.

Айтылған тергеу жұмыстарының тапсырмалары, алыс шет ел атына, аудармасы нотариалды түрде куәландырылып, орыс және ағылшын тілдерінде жіберіледі.

Жедел-іздестіру сипатындағы сұраулар мен хабарламаларды олардың басшыларының қолы қойылып (қалалық аудандық органнан, тергеу бөлімінен т.б бастап), тергеушілер, ІІМ жедел қызметкерлері және 1.3. тармақта көрсетілген басқа да субъекттер рәсімдейді.

ҰОБ жіберілген сұрау барынша толық, жолдаудағы оқиғалар, деректер мен тұлғалар туралы ақпарат егжей-тегжейлі болуы тиіс.

Шет ел қалаларының, тағы да басқа елді мекендердің атауы, нақты мекен-жайлар, жеке және заңды тұлғалардың аттары мен фамилиялары, мекемеоер мен кәсіпорындардың атауы сұрау салынатын елдің тілінде жазғанда түпнұсқа түрінде айтылады. Оларға сұраулар мен жауаптар, ресми құжаттардың түпнұсқаларын қоспағанда, машиналық жазба түрінде орындалады.

Қылмыстық істерде және ұстап беру (экстрадиция) бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сұраулар халықаралық келісім-шарттарға, сұрау салатын (сұрау салынатын) Тараптың және Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес жүргізіледі.

Мұндай жағдайларда ҰОБ өзінің байланыс арналары бойынша ресми сұрауды жедел жеткізуге көмек көрсетеді.

ҰОБ жеке тұлғалардың сұраулары қарастырылмайды.

Бас Хатшылықта және шет елдердегі Интерполдың ҰОБ ақпаратты жіберу, алу тәртібі халықаралық полициялық бірлесу және Интерполдың ішкі есептік бақылау Регламенті белгілеген ережелерге сәйкес жүргізіледі.

Ұоб сұраулар мен хабарламаларды өңдеу тәртібі.

ҰОБ түсетін жолдауларды ҰОБ қызметкерлері тәулік бойы қабылдап, өңдеп, байланыс арналары бойынша жібереді.

Келіп түскен сұраулар мен хабарламалар ҰОБ хатшылығында тіркелінеді, кіріс құжаттардың деректер банкіне енгізіледі.

Интерполдың мүше-елдерінен сұраулар алысымен ҰОБ орындаушылардың оңтайлы шеңберін анықтап, қажетті құжаттарды қарап, тексеруі үшін сәйкес құқық қорғау органдарына немесе арнайы мемлекеттік органға жібереді. Үлкен қоғамдық дабыл түріндегі ақпараттар бойынша ҰОБ ақпаратты ҚР ІІМ орталық аппарат қызметіне жібереді.

Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдары халықаралық іздестіру жариялаған қылмыскерлерге қатысты Интерполдың ҰОБ олардың әрқайсысына ИнтерполдыңҰОБ бастығы бекітетін бақылау-қадағалау ісі ашылады. Іздестіруді бастаушының міндетіне іздестірілуші тұлға жайлы жедел, сан қилы ақпараттарды ҚР Интерполдың ҰОБ тұрақты түрде жіберіп тұру жатады.

ҰОБ келіп түсетін және жіберілетін сұраулар орындалу мерзіміне қарай төрт категорияға топталады:

  • «тез арада» «Flash» – ағымдағы тәулік ішінде орындалуға жатады;

- «Very urgent» (өте шұғыл) – үш тәулік ішінде орындалуға жатады;

- «Urgent» (шұғыл) – бес тәулік ішінде орындалуға тиіс;

  • «Routine» (әдеттегі) – он тәулік ішінде орындалады.

Сұраудың дер кезінде орындалу жауапкершілігі осы құжатты қарастыру және тексеру тапсырылған лауазымды тұлғаларға жүктеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]