Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ShETMEM_1178__1178__1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

Дәрістер кешені

1-дәріс. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының түсінігі мен мазмұны.

Жоспары:

1. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының түсінігі

2. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының мазмұны

Негізгі ұғымдар: Ұлттық орталық бюросы, Бас Секретариат және т.б.

1.Қазіргі таңда халықаралық қылмыстылық мекемелердің табыстылығы және қаржылық жағдайы көп мемлекеттердің экономикалық жағдайын бірнеше есе асып түсуде. Ресей профессоры Лунеев өзінің монографиясында жазғандай: «қылмыстылық, әсіресе, ұйымдасқан қылмыстылық қазіргі таңда кейбір мемлекеттердің іс-әрекетін, өмірін бақылап қана қоймай, сонымен қатар әлемдік қауымдастықтың кейбір іс-шараларын бақылап жатыр». Халықаралық қылмыстылық байланыстарының қалыпты қылмыстылық іс-әрекетінің табысты өсіп кетуі, ұлттық тетіктерінің және құралдарының төмен тиімділігі, құқық қорғау органдарының пара-қорлыққа енуі, жаңашыл халықаралық қылмыскерлерге мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік қатынастарына кедергісіз араласуына жағдай жасайды. Осындай жағдайлардың әсерінен қылмыстық бизнестің одан әрі гүлденуіне және қылмыстылыққа қарсы күресте құқық қорғау органдарында көптеген қиыншылықтарға әкеп соқты. Жеке бастың табыстылық мақсатында қылмыстың дамуы, көбінесе құқық қорғау органдарының заңға қайшы іс-әрекеттерімен байланысты.

Мемлекеттің ішіндегі қылмыстылықты тоқтату, төтеп беру билік органдарына қиынға соға бастады. Мысалы, көптеген қылмыскерлердің жауапкершілікті өтемеуі және басқа мемлекеттерге сәтті түрде қашып, қайшы іс-әрекетін ары қарай дамыту, бұл мемлекеттердің ортақтасып жұмыс істеуіне әкеледі. Бірақ әлемдегі құқық жүйесінің әртүрлігіне сай, мемлекеттер басқа ресми биліктердің шығындарын өтеумеуіне алып келді. Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек екі жақты немесе көп жақты шарттармен жасалғанымен нақты бір нәтижеге алып келген жоқ.

ХХ ғасырда халықаралық мәртебесі бар аса қауіпті қылмыстармен күресте белгілі бір халықаралық механизм қажет болды. Сондықтан мемлекеттердің қылмыстар мен қылмыстылықпен күрестегі бір-біріне жәрдемдесуде арнайы халықаралық орган құру негіз болды.

Алғашқыда халықаралық орган құрушылар түсініктері бойынша, халықаралық масштаптағы қылмыстылықтың мәселелерін шешу мүмкін болған жоқ. Бірақ бұл құрушылардың, яғни мемлекеттердің ғана қолында болды.

2.Мамандандырылған халықаралық ұйымдар немесе ұқсас орган құру тарихында көптеген бөгеттер алдарында кездесті және халықаралық қылмыстылықпен мемлекеттің жеке дара күресуі қиынға соғар еді, дегенмен қазіргі қауымдастықта халықаралық қылмыстылыққа қарсы өз қаруы болды.

Интерпол – бұл халықаралық қылмыстылық пен халықаралық қылмыскерлермен күреске бағытталған жалғыз мамандандырылған халықаралық үкіметаралық ұйым. Көп жылдар бері Интерпол мемлекеттерге өз тиімділігін және нәтижелігін көрсетуде.

Интерпол – жеке адам құқықтарына немесе әлемдегі барлық елдердің қауіпсіздігіне қылмыстық қол сұғылмаушылықпен әртүрлі құралдарды пайдалана отырып күресетін халықаралық мемлекеттер одағы(бірлестігі).

Мемлекетаралық ұйым болып табылғанымен, Интерполдың қазіргі уақытқа дейін ассоциация мен сырлы жерлері бар деп есептейді. Алайда осы 10 жыл ішінде оны толықтай зерттеу көбие түсті, және ол туралы мәлімет интернеттің беттерінен көріне бастады. Интерпол өз қызметі жөнінде құпиясын сақтауда, дегенмен, сырлы сөздерді арнайы журналисттер мен баспашылар сенсация ретінде ойлап табуы мүмкін. Шындыққа негізделсек, оның жұмысында ешқандай жасырынды жерлері жоқ.

Интерпол ұйымы «мемлекетүстінен» емес, мемлекетаралық ұйым болып табылады және оның ұйымдық мәртебесі мемлекеттердің ішіндегі полиция қызметтінің жүйесін қадағалау емес, тек көптеген мемлекеттердің полициялық ведомстволарына көмек беру арқылы өсіп келе жатқан және өз бейнесін өзгертетін қылмыстылықпен күресудегі ынтымақтастығы. Интерполды әр мемлекеттің қылмыстық полиция ведомстволарының халықаралық деңгейдегі ынтымақтасуды көрсетудің түрі мен механизмі деп қаралады. Нақтырақ, ол күнделікті координация мен кооперация қолдануында бірлесіп қылмыскерлерді және күдіктілерді бақылау, ізіне түсу, іздестіру және жеке дара қылмыстық сипаттағы қылмыстармен күресте полиция стратегиясын құру орталығы болып табылады.

Тек осы ұйым аясындағы мемлекеттердің жігерлі ынтымақтастығы, қолайлы ортақ қағидаларын және қызмет нормаларын шығару және әлемдегі масштабты қылмыстылықты болдыртпауға, тоқтатуға негіз болады.

Халықаралық құқықтағы өркениетті елдерді жетілдіру және ары қарай қалыпты дамыту, сөзсіз, бұл халықаралық қылмыстылықпен күресте халықаралық ынтымақтастық мемлекеттер жүйесіне жақсы әсерін тигізуде. Осы жүйеде ең маңызды орынды иеленетін халықаралық қылмыстық полиция ұйымы – Интерпол. Өз қызметі бойынша әрқашан тек халықаралық құқық нормалары мен қағидаларын қатаң түрде ұстануымен байланысты болады.

Интерпол бұл өзінің бірегей құрылымына, құқықтық базасына және техникалық құралдармен жабдықталуына сәйкес, халықаралық ынтымақтастығының қызметін тиімді және рационалды нақтылайтын жетекші халықаралық ұйым. Бұл бірегей ұйым болғандықтан, халықаралық қылмыстылықты басу және алдын–алуда тікелей тәжірибе жүзінде қатысады. Бірақ Интерполдың өздігінен тергеу жұмыстарын жүргізу, қылмысты ашумен айналысу және әр мемлекетте қылмыскерлерді іздестіру шараларын өз күші арқылы жүргізе алмайды. Себебі, оның оперативтілік күші жоқ, және қазіргі халықаралық құқық бойынша ол мүмкін емес. Дегенмен, ол бірнеше елдерде полицияның тәжірибелік операцияларын үйлестіруге, оларды үйлесімді және бір уақытта өткізуге, қылмыскерлерге халықаралық іздестіру жариялау әрекеттеріне тікелей байланысуы мүмкін.

Халықаралық тәжірибеде оның мемлекеттер арасындағы нақты қылмыстарды ашуда орны бар, яғни ол халықаралық мемлекеттер ынтымақтастығында делдал да , механизм да болып табылады.

Интерполдың негізгі мақсаттары: әр түрлі елдердің қылмыстық полициясының барлық органдарының кең әрі өзара тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз ету және дамыту, жалпы қылмыстылықты ескертуге және онымен күресуге көмек беретін мекемелерді құру мен дамыту.

Интерполдың басты органдарына Бас Ассамблея және сессиялар арасындағы кезенде Бас Ассамблеяның қызметкерін атқаратын, Президент жетекшілік ететін атқару комитеті жатады. Тұрақты әрекет ететін жұмыс органдары – Бас Хатшы басшылық ететін Бас Секретариат және Ұлттық орталық бюролар. Олар бір уақытта екі жүйеде: жеке мемлекеттерде және ұйымының өзінде тиісті екіжақты бағыныштылықта әрекет етеді.

Ұлттық орталық бюролар Интерполға мүше мемлекеттерінің әрқайсысының полицейлік қызметі құрылымында қызмет етеді. Олар қылмыспен күресудегі мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының орталықтары және Интерполдың жергілікті жерлердегі тіреуіштері болып табылады. Нақты бір мемлекетте Ұлттық орталық бюро Интерполдың тұрақты әрекет етуші органы болып табылады. Бір уақытта ол осы мемлекеттің қылмыспен күресудегі үлкен өкілеттіктерге ие полицейлік органы болып табыла есептеледі.

Халықаралық полицейлік ынтымақтастықтың тіреуіштері бола отырып, Ұлттық орталық бюролар өз елдерінде соттармен, прокуратурамен, шекара және кеден қызметтерімен іскерлік байланыста, ал халықаралық деңгейде – басқа елдердің ұлттық орталық бюроларымен және Бас Секретариатпен байланыста болады.

Әрбір мемлекеттің Ұлттық орталық бюросы өз сұрауларын «Интерпол» деген грифпен жазып, Бас Секретариатқа және кез келген мүше мемлекеттің Ұлттық орталық бюросына жіберуге құқылы. Осылайша оның өз атына да, Сыртқы істер министірлігі мен басқа да мемлекеттік органдарға соқпастан, Бас Секретариат пен өзге мемлекеттердің Ұлттық орталық бюроларынан тапсырмалар келіп жатады. Ұлттық орталық бюроның басшысы деген бұйрықтық тәртәппен өзіне бағынышты қызметкерлер мен лауазымды тұлғаларға келген тапсырманы белгіленген уақытта орындауды жүктейді. Осылайша Ұлттық орталық бюролар мен Интерпол өз қызметінің жетістігі мен жоғары тиімділігіне қол жеткізеді.

Интерпол қызметінің негізгі бағыттары мыналар: арнайы әдістеме және карточкалардың көмегімен қылмыстық тіркеуге алу, қылмыскерлерге, із-түзсіз жоғалып кеткен тұлғалар мен ұрланған құндылықтарғға ххалықаралық іздеу салу. Бұған қоса, Бас Секретариатта әрбір елдегі қылмыстылық туралы статистикалық мәліметтерді жинау мен талдау, мүше мемлекеттерге техникалық көмек көрсету, халықаралық полицейлік көрмелерді ұйымдастыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру.

Интерполдың автономды коммуникация жүйесі, жеке радиосы, телексі, телетайпы, фототелеграф, электрондық пошта, пошта және телеграфтық байланысы бар. Осы құралдар арқылы жыл сайын Интерполдың миллионнан астам ақпараттар хабарлары өтеді. Ақпараттардың басым көпшілігі Интерполдың радиоторабы арқылы өтеді. Ол жедел ақпаратты тез беруді және алуды қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде халықаралық сипаттағы қылмыстарды ашуды шешуші жағдайы болып табылады.

Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың мүшесі ретінде, Интерпол аясындағы қылмыстылықпен күресуде осы халықаралық ынтымақтастыққа толықтай кірді. Қазақстан жас мемлекет болғанымен, күнделікті өсіп жатқан және өз түрін өзгертетін қылмыстылықпен күрес аса қиынға түсуде, дегенмен мемлекеттер өзара біріге отырып бұл зұлымдықты жеңуі тиіс.

2-дәріс. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Интерполдың жұмыс істеу әдістері

Жоспары:

1.Интерполдың мақсаты

2. Интерполдың даму тарихы

Негізғі ұғымдар: халықаралық қылмыс, халықаралық конгресс және т.б.

1.Құрылған уақыттан бастап осы күнге дейінгі Интерполдың мақсаты мемлекеттерге «халықаралық қылмыстың» алдын алып, басуға тікелей көмек көрсету. Мемлекеттер мұндай мақсаттарды қалай ойлап тауып, жүзеге асырғанын түсіну үшін ұйымның құрылу тарихын мұқият қарастыру керек.

Көптеген елдердегі қылмыстың өршуі, «интернационалдануы» қылмыспен бірлесе күш салып күресуді талап етті. 1889 жылдың өзінде қатысушылары «халықаралық қылмыстың» орын алғанын айғақтап, әрбір ел полицейлік қызметтерін оны басуда бірлесе жұмыс істеуге шақырған Халықаралық қылмыстық құқық одағының құрылтайшылық жиналысы болып өтті. Мұнымен қатарлас басқа елдер полициясымен бірлескен тәртіпте тұрақты қызмет атқаратын, ұйымдастырылған, рәсімделген базаны бірінші ұлттық ары қарай халықаралық деңгейде акцияға келтіру ұсыныстары пайда болды.

Сонымен қатар ортақ ұстаным ретінде «жазалануға жататын әрекет, сол сияқты олармен күресте қажетті нәрселерді тек қана құқықтық емес антропологиялық көзқарас тұрғысынан да зерттеу қажет» деген тұжырым қабылданғанын айта кеткен артық болмас.

2.Халықаралық қылмыстық құқық одағының үндеулері әлемдік бірлестіктен қолдау таппады, алайда оның соңғы конгрессі XII копенгагендік конгресс болып, артынша Одақ таралып кеткенмен оның идеялары өз жалғасын тапты. 1905 жылы Гамбург қаласында басқа халықаралық бірлестік – Криминалистикалық қоғамның отырысы болып өтті. Барлық мемлекеттерге өздерінің полицейлік ведомстволарында «халықаралық қылмыспен» күресуге арналған айрықша қызмет құру туралы жолдау тасталды. Қылмыс түрлерінің ерекше өсіп, таралып бара жатқан аса қауіпті жеке түрлерімен күрес бойынша халықаралық полиция орталықтарын құру туралы тілектер де айтылды.

Осы жылы Буэнос-Айресте бірнеше латын америкасы мемлекеттерінің полиция ведомстволарының бас қосқан съезді болып өтті. Съезд барысында сот төрелігінен қашып жүрген қылмыскерлерді іздестіру шаралары бойынша қылмыстық істерде өзара көмек көрсетіп, бірлесе әрекет етуді жүзеге асыру туралы келісім-шарт қабылданды.

1914 жылы Монакода өткен криминалдық полицияның бірінші Халықаралық конгресінің өтуі маңызды тарихи оқиға болды. Осындай конгресстерді өткізу мен Бүкіл әлемдік полиция одағын құру туралы ұсыныс 1910 жылдың өзінен бастап-ақ жасалған болатын. Конгресс өткізу туралы бастама көтерген Монакода билік құрушы Гримальди династиясының өкілі герцог Альберт І еді. Сол кездегі конгресс төрағасы, француз профессоры А. Ларноның мәлімдемесі бойынша: «Әртүрлі елдердің сот және полиция билігі арасындағы тікелей байланыс қажеттілігі жыл өткен сайын артуда. Қандай да бір елдің аумағында немесе аумағынан тыс жерде жасырынған қылмыскерлерді қудалау мен қамауға алудағы сан қилы кедергілер жойылуы тиіс».

Осы конгресті шақырудағы мақсат барлық қатысушы өкілдеріне түсінікті болды. Бірақ ешкім бір мәселеге жауап таба алмады – кримонология мәселесінен мүлдем аулақ адамды қылмыстылықпен күрес мәселесінде халықаралық байланыс орнату қажеттігіне көптеген мемлекеттердің назарын аудартуға не себеп болды. Табиғатынан бейбітсүйгіш Альберт І замандастарына Әлемдік мұхитты зерттеуші, дарынды ғалым ретінде жақсы таныс болатын. Соның бастамасымен және қолдауымен 1910 жылы Монакода әлемге танымал Океанографикалық ғылыми-зерттеу институты және Океанографикалық мұражай бой көтерді.

Сонымен қатар ғылыми-публицистикалық әдебиеттерде жазылып жүрген болжамдар бойынша өзі де дәулетті адам болып саналатын герцог Альберт І «гастрольшы» қылмыскерлердің құрбандығына айналып, сарайынан қомақты қаржысын алдырған екен. Қылмыскерлердің Монако жерін тастап шыққандығы туралы ақпарат алған Альберт І Монакоға көршілес мемлекеттен көмек сұраған көрінеді. Бірақ ол уақытта мемлекеттер арасында қылмыскерлерді ұстауда полиция қарым-қатынастары орнай қоймағандықтан герцогтың өтініші қанағаттандырылмады.

Осыған байланысты өздерінің қылмыстық әрекетін бір елде сәтті түрде жүзеге асырып, сот төрелігінен қашып келесі елге жасырынған қылмыскерлердің жазасыз қалуы бастамашысы «жәбірленуші» герцог болған криминалдық полицияның бірінші Халықаралық конгресінің өтуіне ықпал етті деп болжауға болады.

Айтылған конгреске келген әрқилы елдердің полиция қызметкерлері мен заңгерлері 7 күн аралығында (14-20 сәуір) халықаралық криминалдық ақпараттарды есепке тіркеу және қылмыскерлер экстрадициясы процедурасын бірыңғайлау бойынша бөлім құру мәселесін талқылады. Конгресс қатысушылары ұлтаралық ресми қатынас тілі 1887 жылы польша дәрігері ойлап тапқан эсперанто тілі емес француз тілі болуы керек деген келісімге келді.

Бірақ 1914 жылы 1 тамызда басталған Бірінші дүниежүзілік соғыс Конгресс мақсаттарының орындалуына жол бермей полиция күштерін халықаралық консолидациялау процесін үзіп жіберді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан соң бүкіл әлемде қылмыстың күрт өсуі орын алды. Жұмыссыздық, жоқшылық, кедейшілік кесірінен көптеген елдерде ұрылар, алаяқтар саны көбейді, бандиттік топтар, қылмыстық ұйымдар ұйымдастырылды. Сол себепті кейбір елдердің полиция ведомстволары басшылары мақсаты белгілі себептерге байланысты орындалмай қалған жоғарыда айтылған Конгрестің мақсат, мүдделерін еске алды. Қылмыскерлік деңгейін төмендету мәселесін халықаралық деңгейде бірлесе отырып шешу әлдеқайда тиімді екендігі түсінікті болды.

Нәтижесінде 1923 жылы Вена (Австрия) қаласында АҚШ, Египет, Қытай, Жапония тағы да басқа батыс елдердің делегация өкілдері қатысқан криминалдық полицияның екінші Халықаралық конгресі болып өтті. Бұл конгрестің бастамашысы Австрияның полицей-президенті Иоганн Шобер болды. Соның бастамасымен және австриялық үкіметтің қолдауымен Австрияда орналасуға тиісті қылмыстық полиция Халықаралық комиссиясын құру туралы шешім қабылданды.

Веналық конгресс шешімі бойынша қатысушы мемлекеттер ұлттық полиция орталықтарын құруға міндеттелді, келешекте солар арқылы мемлекеттердің полиция ведомстволарының іс жүзінде қылмыстық полиция Халықаралық комиссиясымен бірлесе әрекет ету жүзеге асты.

Комиссияның таза австриялық сипаты оның 1930 жылға дейін толықтай австриялық үкімет тарапынан көрсетілген қаржылық қолдауы арқылы әрекет еткенінен көрінеді. 1930 жылдан бастап ұйымды қаржыландыру мүше елдердің жарналық төлемдері есебінен жүргізіле бастады. Жарна мүше елдің халық санына пропорционалды болды: әрбір 10 мың тұрғынға 1 швейцария франкі.

Комиссия Жарғысының 1 бабына сәйкес ұйым алдында келесі міндеттер қойды:

а) жекелеген елдердің қолданыстағы заңдары негізінде қауіпсіздік органдары арасында өзара қызметтік көмек көрсету практикасын қалыптастыруға ықпал ету;

ә) қылмыспен күрес жүргізу мекемелерінің құрылуына, сәтті әрекет жасауына қамқорлық жасау;

Комиссияның қазіргі Интерполдан айырмашылығы ресми (қатысушы-құрылтайшылар) және бейресми (әйгілі ғалым-заңгерлер) мүшелерінің болуы. Алғашында комиссияда 28 ресми мүшесі жұмыс атқарды, бірақ 1932 жылы олардың саны 57 жетті.

1923 жылғы Конгрестің барлық қатысушылары болып табылатын Комиссияның ресми мүшелері ұйымның шешімдерін қабылдауда дауыс беру құқығына ие болды. Қазіргі Интерполда дауыс беру құқығы ұйымға кірген уақытына қарамай әрбір мүше мемлекетке беріледі.

Соғысқа дейінгі Интерпол қазіргіден құрылымымен де ерекшеленді. Комиссияның жоғарғы органы халықтар өкілдерінің Съезді саналатын. Комиссияға өкілдік етуші және басшылық жасаушы өкілеттік мерзімі алғашқы Жарғыда белгіленбеген Президент болды. Комиссияның бірінші Президенті И. Шобер болды, тек ол қайтыс болған соң ғана комиссия Жарғысына президенттердің 5 жылға ғана сайлануы керектігі жөніндегі толықтырылу енгізілді.

Өзінің қызметтік міндеттемелерін орындауы үшін Президентке көмекке төрт вице-президент және Президент азаматы болып табылатын мемлекеттің полиция органдарынан алынатын бес референт, хатшыдан тұратын айрықша жұмыс аппараты - Әкімшілік комитет жұмыс жасады.

Комиссия Жарғысында сонымен қатар басты міндеті Комиссиямен байланысты ұстап тұру болып саналатын тілшілер (әрбір мемлекеттен бір-бірден) Институтын құру да қарастырылды.

Ұйымдағы ресми тіл француз тілі болып саналды, бірақ неміс, ағылшын, итальян тілдері де қолданылды.

1924 жылы Комиссия құрамында екі қызмет әрекет ете бастады:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]