Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ShETMEM_1178__1178__1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

СМК ЖМУ Е/ОӘК.09 - 2015

3 басылым

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Оқу-әдістемелік кешені

Ф.4.09-26

28.05.2015 ж

Заң факультеті

Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік және студентттік сұрақтар бойынша проректор

______________М.Ж.Мальтекбасов

«____»_ 2015 ж.

Шетелдердің қылмыстық құқығы пәнінің

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Мамандықтар: 5В030100 - Құқықтану

Оқу формасы: күндізгі

Талдықорған 2015 ж.

Оқу-әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде 5В030100-Құқықтану мамандығына з.ғ.м., аға оқытушы

Д.Т. Нұрбек құрастырған.

___________________________

(оқытушының қолы)

Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды.

«_____» _________2015 ж. №___________ хаттама

Кафедра меңгерушісі _______________ з. ғ.к., доцент Б.А.Сериев

«______» ________ 2015 ж. № ________ хаттама

Заң факультетінің әдістемелік кеңесі мақұлдаған.

Әдістемелік бюроның төрайымы: А.Б.Жүніспаева

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

СМК ЖМУ Е/ОӘК.09 - 2015

3 басылым

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Оқу бағдарламасы

Ф.4.09-36

28.05.2015 ж.

Заң факультеті

Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы

БЕКІТЕМІН

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ

Ғылыми кеңесінің төрағасы

з.ғ.д. профессоры, ҰҒА корреспондент мүшесі А.Е.Бектұрғанов

_____________________________

«____»_ 2015 ж.

Шетелдердің қылмыстық құқығы пәнінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

3 кредит (135)

Мамандықтар: 5В030100-Құқықтану

Оқу формасы: күндізгі

Талдықорған 2015ж.

Оқу бағдарламасын 5В030100-Құқықтану мамандығына з.ғ.м., аға оқытушы Д.Т.Нұрбек құрастырған.

___________________________

(оқытушының қолы)

Рецензент: з.ғ.к. Б.А.Сериев. Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының доценті

Оқу бағдарламасы қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды және 5В030100-Құқықтану мамандығы бойынша оқу үрдісіне енгізілуіне ұсынылды

Хаттама №___________«_____» _________2015 жыл.

Кафедра меңгерушісі _______________ з. ғ.к., доцент Б.А.Сериев

Оқу бағдарламасы заң факультетінің әдістемелік бюросында қарастырылды және бекітілуіне ұсынылды

Хаттама № ________ «______» ________ 2015 жыл.

Әдістемелік бюроның төрайымы: А.Б.Жүніспаева

Бағдарлама І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Ғылыми әдістемелік Кеңесімен басылымға берілуді ұсынылған.

Хаттама №___________«_____» _________2015 жыл.

Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік және

студенттік сұрақтар бойынша проректор М.Ж.Мальтекбасов

Т Ү С І Н І К Х А Т

Қылмыстылық проблемасы бүгінгі таңға дейін әрбір мемлекеттің ішкі ісі деп есептеліп келді. Бірақ ұлттық қылмыстылықпен күресу жағдайы қазіргі уақытта жекелеген мемлекеттерге ғана емес, бүкіл адамзатқа қауіп төндіретін қылмыстардың өсуімен күрделеніп, мемлекеттердің бірлесіп күресуін және күнделікті өзара ынтымақтасуын талап етеді.

Біріншіден, халықаралық қылмыстылықтың тұрақты өсуі, халықаралық терроризм, әуе көлігіндегі қылмыстар, заңсыз есірткі айналымы, қару-жарақ контрабандасы және басқа қылмыстар кеңінен қанат жайып келеді.

Екіншіден, қылмыстар жетік әрі шебер тәсілдермен жасалатындықтан, олардың бір мемлекеттің күшімен ашу қиындық туғызып отыр.

Үшіншіден, шекарамен шектелмейтін ұлтаралық қылмыстық қауымдастықтар пайда болды. Олар өте жақсы ұйымдасқан, әрі әртүрлі елдерде өз «өкілдерін» орнықтырып, қомақты қаржы және техникалық мүмкіндіктерді иеленіп, құқық қорғау ұйымдарымен қылмыстық байланыстар орнатады.

Қылмыстардың жекелеген түрлерімен күресуде мемлекеттердің күштерін үйлестіру тарихта ежелгі уақыттан бері белгілі. Ынтымақтасудың негізгі түрі – халықаралық келісімдер бекіту. Олар: қылмыскерлерді беру туралы екіжақты шарттар, тергеу және сот тапсырмаларын өзара екіжақты орындау, кейбір қылмыстар мен қылмыскерлер туралы өзара мәліметтер алмасу, оларды іздеу және ұстау, қылмыстылықтың өсуіне байланысты ынтымақтасудың жаңа түрлерін іздеу. Арнайы үкіметаралық және үкіметаралық емес халықаралық ұйымдар пайда бола бастады. Мемлекеттер мезгіл-мезгіл халықаралық конгрестер, конференциялар шақырып, онда қылмыстылықпен күресу проблемасын талқылаумен қатар, халықаралық сипаттағы нақты ескерту іс-шараларын жасайтын болды.

Несие-қаржылық және тауар алмасудың өсуі, байланыс және қатынас құралдарының дамуы адамдар арасындағы қатынасу мүмкіндіктерін дамытып жіберді. Сонымен бірге, халықаралық қылмыстылықтың заңға қайшы әрекет етуіне де жағдайлар пайда болып жатыр. Егер қылмыскер өз мемлекеттерінің шекараларын кесіп өтіп кетсе, олардың қайда жүргенін анықтап, қамауға алу қиынға соғады. Өзара мемлекетаралық ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдастықтың құқық қорғау органдары арасында қажетті мәліметтермен алмасу ғана мұндай адамдарды сот төрелігіне жығып беруге кепіл бола алады

Қазіргі әлемдегі қылмыстылықтың өсуі, халықаралық қатынастарды қалыптастыруға кедергі жасайды және мемлекеттің дамуына қауіп төндіреді. Ең қауіпті адамзаттың әлеуметтік зұлымдығы - қылмыстылық әр уақытта өмір сүрді. ХХ ғасырдан бастап ол әлемдегі барлық мемлекеттерге масштабты қатер болып табылды. Осының әсерінен, әлемде « халықаралық қылмыстық» деген жаңа ұғым пайда болды. Халықаралық қылмыстылыққа және халықаралық қылмыстылық элементтеріне қылмыстық заңдар және мемлекеттің ұлттық іс–шаралары іс жүзінде кедергі болмайды. Осыған орай бұл құбылысқа байланысты мемлекеттердің көп бөлігі ұшырады.

Қазіргі таңда халықаралық қылмыстылық мекемелердің табыстылығы және қаржылық жағдайы көп мемлекеттердің экономикалық жағдайын бірнеше есе асып түсуде. Ресей профессоры Лунеев өзінің монографиясында жазғандай: «қылмыстылық, әсіресе, ұйымдасқан қылмыстылық қазіргі таңда кейбір мемлекеттердің іс-әрекетін, өмірін бақылап қана қоймай, сонымен қатар әлемдік қауымдастықтың кейбір іс-шараларын бақылап жатыр». Халықаралық қылмыстылық байланыстарының қалыпты қылмыстылық іс-әрекетінің табысты өсіп кетуі, ұлттық тетіктерінің және құралдарының төмен тиімділігі, құқық қорғау органдарының пара-қорлыққа енуі, жаңашыл халықаралық қылмыскерлерге мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік қатынастарына кедергісіз араласуына жағдай жасайды. Осындай жағдайлардың әсерінен қылмыстық бизнестің одан әрі гүлденуіне және қылмыстылыққа қарсы күресте құқық қорғау органдарында көптеген қиыншылықтарға әкеп соқты. Жеке бастың табыстылық мақсатында қылмыстың дамуы, көбінесе құқық қорғау органдарының заңға қайшы іс-әрекеттерімен байланысты.

Мемлекеттің ішіндегі қылмыстылықты тоқтату, төтеп беру билік органдарына қиынға соға бастады. Мысалы, көптеген қылмыскерлердің жауапкершілікті өтемеуі және басқа мемлекеттерге сәтті түрде қашып, қайшы іс-әрекетін ары қарай дамыту, бұл мемлекеттердің ортақтасып жұмыс істеуіне әкеледі. Бірақ әлемдегі құқық жүйесінің әртүрлігіне сай, мемлекеттер басқа ресми биліктердің шығындарын өтеумеуіне алып келді. Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек екі жақты немесе көп жақты шарттармен жасалғанымен нақты бір нәтижеге алып келген жоқ.

Курстың мазмұны: «Шетелдердің қылмыстық құқығы» пәні қылмыстық құқықтың теоретикалық сұрақтарын талдаудың ғылыми, жүйеленген жағын зерделейді. Осы курсты зерделеу барысында студенттер құқық қолдану проблемаларымен, оның ерекшеліктерімен, қылмыстық заңнамадағы ақтаңдақтармен танысады.

Курстың мақсаты: Қазақсан Республикасының және әртүрлі құқықтық жүйелергге жататын алдыңғы қатарлы шет елдердің қылмыстық құқығының жағдайымен және дамуымен таныстыру, қажеті тәжірибелік машықтарды жинауға көмектесу болып табылады.

Курстың міндеті: Қазақсан Республикасының, Англия, АҚШ, Франция және Германияның құқықтық жүйелерінің негізгі институттары мен категорияларына сипаттама беру, отандық және шетелдік заңнаманы талдауға үйрету, қылмыстық заңды құқық қолдану тәжірибесінде дұрыс қолдану машықтарын қалыптастыру.

Пән пререквизиттері. Бұл пәнді оқу үшін студенттер мына төмендегі пәндерді меңгерулері тиіс: Конституциялық құқық, Мемлекет және құқық теориясы, Әкімшілік құқық.

Пән постреквизиттері: Бұл пәнді оқып үйрену келесі пәндерді оқу үшін қажет: Криминология, Қылмыстарды саралау, Қылмыстық атқару құқығы.

Осы пәнді оқыту үрдісінде келесі компетенцияларды қалыптастыруға бағытталған:

а) түйіндік құзіреттілік (ТҚ)

- кәсіби қызметінде заман талабына сай білімді болу;

- алған білімі негізінде құқықтың әр саласынан хабары болып, білімін көрсете білуі;

- үнемі ізденісте болу.

б) пәндік құзіреттілік (ПҚ)

- сөйлеу шеберлігі, дауыс мәнері, өзіне қарата білу қабілеті мен мәдениетті болуы, қызметінде ортамен тіл табысуға бейім болуы;

- инновациялық технологияларды қолдану шеберлігінің болуы;

- өзінің жан-жақтылығын арттыруға ұмтылысының болуы;

в) арнайы құзіреттілік (АҚ)

- теориялық алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі;

- біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі;

- нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс;

- кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы.

Пәннің тақырып мазмұны

1. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының түсінігі мен мазмұны. Интерпол құрылу мен даму тарихы. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезең

2. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Интерполдың жұмыс істеу әдістері

3. Қазіргі кезеңдегі Интерполдың құрылымы.

4. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының мақсаттары.Ұйымдасқан қылмыспен күрестегі Интерполдың әрекеті

5. Интерпол жүйесіндегі мемлекеттердің қылмыстың жеке түрлерімен күрестегі бірлескен әрекеті

6. Қазақстан Республикасының Халықаралық қылмыстық полиция ұйымымен (Интерпол) қатынасы. Қазақстан Республикасындағы Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросының қылмыспен күрестегі жұмыс тәсілдері

7. Қазақстан Республикасындағы Интерполдың Ұлттық Орталық Бюрода ақпараттарды өңдеуі

8. Қылмыстық заң

9. Қылмыс

10. Қылмыстық жауаптылықтың негізі және қылмыс құрамы

11. Қылмыс құрамының объективтік белгілері. Қылмыс құрамының субъективтік белгілері

12. Қасақана қылмысты істеу сатылары

13. Қылмысқа қатысу

14. Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар

15. Жазаның түсінігі мен мақсаттары, жазаның жүйесі

Реферат тақырыптары

  1. Халықаралық қылмыстық құқықтың түсінігі мен қайнар көздері

  2. Қылмыспен халықаралық күрес түсінігі мен маңызы

  3. Қылмыспен күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тарихы

  4. Халықаралық қылмыстық құқықтың анықтамасы

  5. Халықаралық қылмыстық құқықтың пәні

  6. Халықаралық қылмыстық құқықтың қайнар көздері

  7. Қылмыспен күрестің халықаралық тетіктері

  8. Қылмыспен күрестің институционалдық және келісім-шарттық нысандары. БҰҰ шеңберінде қылмыспен күрес. Қылмыстың алдын алу мен қылмыстық сот жүргізу жөніндегі БҰҰ Комиссиясы қызметі (Комиссия ООН по предупреждению преступности и уголовному правосудию)

  9. Қылмыстың алдын алу және құқықбұзушылармен айналысу жөніндегі БҰҰ Конгрестері

  10. Қылмыспен күрестің аймақтық тетіктері

  11. Интерполдың құқықтық жағдайы

  12. ҚР Интерпол қызметіне қатысуының құқықтық негіздері

  13. Халықаралық қылмыстардың және халықаралық сипаттағы қылмыстардың түсінігі мен түрлері

  14. Халықаралық қылмыстың анықтамасы, олардың негізгі топтары

  15. Халықаралық қылмыстардың заңды құрамы

  16. Халықаралық сипаттағы қылмыстардың анықтамасы, олардың негізгі топтары

  17. Халықаралық сипаттағы қылмыстардың заңды құрамы

  18. Халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресудің халықаралық құқықтық негіздері

  19. Құлдық және құл саудасымен халықаралық құқықтық күрес

  20. Құлдық және құл саудасы халықаралық сипаттағы қылмыс ретінде

  21. Халықаралық құқықтағы құлдықтың түсінігі.

  22. Құлдыққа ұқсас институттардың (жағдайлардың) және әдеттердің (обычай) түсінігі

  23. Мемлекеттердің құлдық және құл саудасымен күрес саласындағы халықаралық міндеттемелері

Семинарлық сабақ тапсырмалары

1. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының түсінігі мен мазмұны. Интерпол құрылу мен даму тарихы. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезең (1914-1941)

2. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Интерполдың жұмыс істеу әдістері (1946-1989)

3. Қазіргі кезеңдегі Интерполдың құрылымы.

4. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының мақсаттары.Ұйымдасқан қылмыспен күрестегі Интерполдың әрекеті

5. Интерпол жүйесіндегі мемлекеттердің қылмыстың жеке түрлерімен күрестегі бірлескен әрекеті

6. Қазақстан Республикасының Халықаралық қылмыстық полиция ұйымымен (Интерпол) қатынасы. Қазақстан Республикасындағы Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросының қылмыспен күрестегі жұмыс тәсілдері

7. Қазақстан Республикасындағы Интерполдың Ұлттық Орталық Бюрода ақпараттарды өңдеуі

8. Қылмыстық заң

9. Қылмыс

10. Қылмыстық жауаптылықтың негізі және қылмыс құрамы

11. Қылмыс құрамының объективтік белгілері. Қылмыс құрамының субъективтік белгілері

12. Қасақана қылмысты істеу сатылары

13. Қылмысқа қатысу

14. Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар

15. Жаза

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]